Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Зерттеу жҰмыс жорналын жҮргізудіҢ Әдістемесі

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық - техникалық университеті

Политехникалық факультет

Энергетика кафедрасы

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫС ЖОРНАЛЫ

Магистранттың аты-жөні:

Мамандығы:

Білім беру бағдарламасы (мамандыру):

Дайындау бағыты:

Магистратурада оқу мерзімі: 2015 - 2017 жж.

Ғылыми жетекші: Иванов И.И., т.ғ.к., мұнай-газ ісі және машина жасау

технологиясы кафедрасының доценті, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ

Магистрлік диссертация тақырыбы:

Магистрлік диссертацияны аяқтау мерзімі: маусым 2017 ж.

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫС ЖОРНАЛЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

1. Жалпы ережелер

1. Зерттеу жұмыс жорналы - бекілтілген ғылыми зерттеу жұмыстарының күнтізбелік жоспарымен қатар магистранттың біріншілік құжаты болып табылып, ғылыми жетекшінің жетекшілігімен магистрантпен жүргізіліп отырады.

Магистрант уақытылы оқу мерзімі аралығында нақты күндерін көрсете отырып, қажетті мәліметтерді ғылыми жетекшісімен орындаған жұмыстарын толығымен толтырып отырады.

2. Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізгенде магистрант кафедраның материалды - техникалық базасы мен университеттің ҒЗИ - да тығыз байланыста жүргізу керек.

Магистрант экперименталды тәжірибелеріің дәлелі ретінде зерттеу жұмыс жорналында фото, GPS координаттарын, тәжірибе хаттамаларын, актілер, зерттеу қорытындыларын, т.б. салып отыру керек.

3. Магистрант міндетті түрде зерттеудің күнтізбелік жоспары мен зерттеу жұмыс жорналын (ғылыми жетекшінің пікірімен), шығарушы кафедра отырысында ЖЖЖ бекіткенде, МҒЗЖ/МЭЗЖ орындау есептерін, зерттеу практикасының есебін қорғау кезінде, диссертацияны алдын ала қорғау кезінде, сонымен қатар МАК отырысында диссертацияны қорғау кезінде көрсету қажет.

Жоғарыда аталған құжаттар мен ғылыми жетекшінің пікірі болмаған жағдайда магистрант есептер мен диссертацияны қорғауға жіберілмейді.

2. Зерттеу жұмыс жорналын шынымен тексеру барысын бағалау

1. Магистранттың ағымдағы бақылауы, зерттеудің күнтізбелік жоспарына сәйкес жұмыстарының жүргізілуін, сонымен қатар қажетті кеңесті ғылыми жетекшімен бірге жүргізіледі.

Ғылыми жетекші жазбаша түрде, магистранттың жүргізген жұмыстарына бағасын, тәжірибе жүргізу барысын және әдістерін, ескертулерін беріп отырады. Сонымен қатар, зерттеу жұмыс жорналын уақытылы жән едұрыс толтырылуын қадағалап отырады.

Барлық кафедра отырысы алдында магистранттардың МҒЗЖ/МЭЗЖ, зерттеу/өндірістік тәжірибелерінің есептерін, сонымен қатар диссертацияны алдын ала қорғау кезінде ғылыми жетекші міндетті түрде ғылыми зерттеу жорналында толық жазбаша түрде магистранттың зерттеу жұмыстары жөнінде пікірін жазып, кафедра алдында есептерін қорғауға ұсыныс береді.

Барлығ ғылыми жетекшінің ғылыми зерттеу жорналындағы жазбалары - қол қойылып, күнін көрсетіп дәлелденеді.

2. Аралық бақылау (семестріне бір рет), қорытынды бақылау (алдын ала қорғау алдында), кафедра меңгерушісінің магистранттың есепті қорғаны көрсетілген кафедра хаттамасында (№, кафедра отырысының күні, қолы) жазылып отырады.

3. Зерттеу жұмысы жоналының құрылымы

1. Зерттеу жұмыс жорналына:

1.Зерттеудің күнтізбелік жоспары (жыл сайын магистранттың бекітілгін ғылыми зерттеу күнтізбелік жоспары) зерттеу жұмыс жорналына жапсырылады;

2.Зерттеу барысы мен әдістері;

3. Зерттеу жұмыстарын дәлелдейтін құжаттар (фото, GPS координаты, тәжірибе хаттамаларын, актілер, зерттеу қорытындыларын, т.б.);

4. Бақылау және сараптама нәтижелері (үлгі көрсетілгін)

2. Зерттеу барысы мен әдістері, бақылау және сараптама нәтижелері формалары ғылыми жетекшінің ұсынысымен зерттеу жұмыс жорналына сәйкес жазбалармен толтырылып отырады.

Зерттеу барысының мәліметтері магистранттың қорытынды кестелерде көрсетіліп отырады.

3. Зерттеу жұмыс жорналының беттері нөмірлерініп, тігілу қажет.

Жорналдың бетін жыртуға немесе орнына басқа бет жапсыруға рұқсат етілмейді. Қажет болған жағдайда нөмірлерініп, тігілген қосымша беттер жалғастырылады. Енгізілген өзгертулер магистрант пен ғылыми жетекшінің қолымен, күні қойылып, себебін жазып расталынады.

Зерттеу жұмыс жорналы каф.меңгерушісінің қолымен, деканаттың мөрімен, бет саны көрсетіліп бекітіледі.


Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 469 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...