Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жүректің химиялық және физикалық дефибрилляциясы



Тапсырма: ересек пациентте электрлі дефибриллятор көмегімен жүрек дефибрилляциясын жүргізу

Кезеңдері Іс-әрекет кезектілігі
  Науқасты дайындау 1. Науқас жағдайын бағалау – айқайлау, иығынан қағу, екі жақтағы ұйқы артериясында пульс тексеру, кеуде экскурсиясының тыныс алуға қатысуын бағалаймыз. Қарашық көлемін бағалау(бір уақытта). 2. Науқасты тегіс қатты беткейге жатқызу.
  1. Кеуде торын киімнен босату.
  Дефибрилляторды дайындау 1. Дефибрилляторды қосу 2. Электродты арнайы гельмен өңдеу немесе пациент терісіне су немесе физ.ерітіндімен суланған дәке салу. 3. Дефибриллятор электродтарын біреуін жүрек ұшына, екіншісін оң жақ бұғана астына салу.  
  1-разрядтың жүргізілуі   1. Дефибриллятор мониторында жүрек ырғағын бақылау. 2. Пульссіз қарыншалық тахикардия және қарыншалар фибрилляциясы дефибрилляцияға көрсеткіш болып табылады. Қалыпты синусты ритм және асистолия дефибрилляцияға қарсы көрсеткіш болып табылады. 3. Көрсеткіштер болса дефибрилляторда 200 Дж разрядын таңдау. 4. Зарядты күту. Қуатталып біткен кезде дыбыстық сигнал басылады және жарық индикаторы қосылады. 5. Айналадағыларды пациенттен алшақтауын сұрау 6. Заряд алынғалы жайлы дыбыстық белгіден кейін электродтарды пациент терісіне тығыз орналастырып, екі электродта да «Разряд» тетігін басу. 7. Осыдан кейін ритмнің анализі дефибриллятор электродтары арқылы немесе кардиомонитор арқылы жүргізіледі.
  2-разрядтың жүргізілуі 1. Егер ҚФ немесе ҚТ типі арқылы бұзылыс табылса, жүрек- өкпелік реанимациясын 2 минут ішінде жүргіземіз. 2. Қайтадан ритмді тексереміз, егер қайталамалы аритмия болса, жоғарыдағы алгоритм бойынша дефибрилляция жүргіземіз. 3. Қайтадан жүректің ритмін қадағалаймыз.
  3-разрядтың жүргізілуі 1. Егер ҚФ немесе ҚТ типі арқылы бұзылыс табылса, жүрек- өкпелік реанимациясын 2 минут ішінде жүргіземіз. 2. Қайтадан ритмді тексереміз, егер қайталамалы аритмия болса, жоғарыдағы алгоритм бойынша дефибрилляция жүргіземіз. 3. Жүргізілген разрядтан кейін көктамыр ішіне 0,18%-1 мл адреналин, 5 % -10 мл глюкозаға ерітілген 300 мг амиодарон енгіземіз. 4. Дефибриллятор электродтарымен немесе кардиомонитор көмегімен жүрек ритмінің анализін жасаймыз.  
  4-разрядтың жүргізілуі 1. Егер ҚФ немесе ҚТ типі арқылы бұзылыс табылса, жүрек- өкпелік реанимациясын 2 минут ішінде жүргіземіз. 2. Ритмді қайта бағалаймыз, егер аритмия болса, көктамырға 5 % -10 мл глюкозаға ерітілген 300 мг амиодарон енгіземіз. 3. Дефибрилляция жүргіземіз. 4. Жүректің ритмін бақылаймыз. 5. Егер ҚФ немесе ҚТ типі арқылы бұзылыс табылса, жүрек- өкпелік реанимациясын 2 минут ішінде жүргіземіз.  
  Әрі қарайғы іс-әрекет 1. Егер жалғаспалы ритмнің ҚФ немесе ҚТ типі бойынша бұзылыс болса, 2 минуттік жүрек-өкпе реанимациясын және дефибрилляцияны 30 минут жалғастырамыз. 2. Дефибрилляцияны жүрек ритмі қалпына келгенше жалғастырамыз. 3. Егер науқаста синусты ритм қалпына келсе, көктамырға 5%- 400 мл глюкозаға 900 мг амиодарон инфузиясын енгіземіз.Инфузия жүрек жиырылу жиілігі және артериялық қысымның бақылануымен бір күн жалғасады. 4. Егер асистолия болса жүрек-өкпе реанимациясын байтау керек.  
  Реанимациялық шаралардың нәтижесі 1. Дефибрилляцияны өткізгеннен кейін жасалынған шаралар туралы қорытынды жасауымыз керек: а. «Дефибрилляция жақсы жасалды» б. «Дефибрилляция нәтижесіз өтті»



Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1326 | Нарушение авторского права страницы



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...