Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азық-түлік өнімдерінің биохимиясы» пәнінен тест тапсырмалары

1.рН орта дегеніміз:

!) Сутегі иондарының концентрациясының теріс ондық логарифмі.

?) Сутегі иондарының концентрациясы.

?) Гидроксил иондарының концентрациясы.

?) Гидрооксони иондарының концентрациясы.

?) Гидроксил иондарының нағыз логарифмі.

2. рН-тың қандай мәнін бейтарап орта дейміз?

!) рН=7,0.

?) рН=3,3.

?) рН=6,5.

?) рН=1,0.

?) рН=10,0.

3. Сірке қышқылынан және сірке қышқылының натрий тұзынан тұратын буферлік жүйе қалай аталады?

!) Ацетаттық.

?) Бораттық.

?) Фосфаттық.

?) Нитраттық.

?) Сульфаттық.

4. Гипотоникалық ерітінді дегеніміз:

!) Осмостық қысым торшаныкінен төмен ерітінді.

?) Осмостық қысым торшаныкінен жоғары ерітінді.

?) Осмостық қысым торшаныкімен тең ерітінді.

?) Концентрациясы бірдей ерітінді.

?) Белоктың тұзды ерітіндісі.

5. Гипертоникалық ерітінді дегеніміз:

!) Осмостық қысым торшаныкінен жоғары ерітінді.

?) Осмостық қысым торшаныкінен төмен ерітінді.

?) Осмостық қысым торшаныкімен тең ерітінді.

?) Белоктық тұзды ерітіндісі.

?) Концентрациясы бірдей ерітінді.

6. Диффузия дегеніміз:

!) Бір заттың екінші затқа өздігінен өтіп олардың концентрацияларының теңелуі.

?) Төменгі молекулалы бөлшектердің жартылай өткізгіш арқылы өтуі.

?) Бөлшектердің бірігіп ірі дисперсті жүйеге айналуы.

?) Бір заттың екінші зат бетінде жиналуы.

?) Ірі бөлшектердің ұсақтануы.

7. Келтірілген ерітінділер жүйелерінің қайсысы буферлік қасиет көрсетпейді:

!) NаОН + NаCl.

?) ΝН4ОН + ΝН4Cl.

?) СН3-СООН + СН3-СООNа.

?) NaH2PO4 + Na2HPO4.

?) H2CO3 + NaHCO3.

8. Осмос деген:

!) Еріткіш молекуларының жартылай өткізгіш арқылы сұйытылған ерітіндіден концентрлі ерітіндіге бір жақты өтуі.

?) Төменгі молекулы бөлшектердің жартылай өткізгіш арқылы өтуі.

?) Бөлшектердің бірігіп ірі дисперсті жүйеге айналуы.

?) Концентрациялары теңелу арқылы бір заттың екінші затқа өздігімен өтуі.

?) Бөлшектердің жартылай өткізгіш арқылы сұйытылған ерітіндіге өтуі.

9. Қандай ерітінді изотоникалық ерітінді:

!) Бірдей жағдайда осмос қысымы тең ерітінділер.

?) Торшаға қарағанда осмостық қысымы төмен ерітінділер.

?) Сұйытылған ерітінділер.

?) Торшаға қарағанда осмос қысымы жоғары ерітінділер.

?) Концентрлі ерітінділер.

10. Диализ дегеніміз:

!) Ұсақ бөлшектердің жартылай өткізгіш арқылы су қабатынан өтуі.

?) Еріткіш молекуласының жартылай өткізгіш арқылы өтуі.

?) Ерітінділердің жартылай өткізгіш арқылы өтуі арқылы концентрациялардың теңелуі.

?) Коллоидтық бөлшектердің жартылай өткізгіш арқылы өтуі.

?) Ірі бөлшектердің ұсақтануы.

11. Адсорбция дегеніміз:

!) Бір заттың басқа затқа шоғырлануы.

?) Бөлшектердің бірігіп ірі агрегатқа айналуы.

?) Бөлшектердің ұсақталуы.

?) Бөлшектердің мембрана арқылы өтуі.

?) Бір заттың екінші затқа терең өтуі.

12. Белоктардың изоэлектр нүктесі дегеніміз:

!) Белок электробейтарап ортаның рН көрсеткіші.

?) Қышқылдық ортаның рН көрсеткіші.

?) Белок оң зарядты ортаның рН көрсеткіші.

?) Бейтарап ортаның рН көрсеткіші.

?) Белок теріс зарядты ортаның рН көрсеткіші.

13. Қышқылдық ортадағы сутегі иондарының концентрациясын көрсетіңіз:

!) [Н+] >10-7.

?) [Н+] = 10-7.

?) [Н+] = [ОН-].

?) [Н+] < 10-7.

?) [Н+] = 10-8.

14. Электрофорез дегеніміз:

!) Зарядталған коллоидтық бөлшектердің электр өрісінде жылжуы.

?) Дисперстік жүйелердің электр өрісінде ұсақталуы.

?) Коллоидтық бөлшектердің электр өрісінде іріленуі.

?) Коллоидтық бөлшектердің ұсақталуы.

?) Ұсақ бөлектердің электр өрісінде жартылай өткізгіш арқылы өтуі.

15. рН-тың қандай мәнін сілтілік орта дейміз:

!) рН=10,0.

?) рН=3,0.

?) рН=6,5.

?) рН=7,0.

?) рН=4,3.

16. Организмде А витамині қандай заттан түзіледі:

!) Каротиназа ферментінің әсерінен (каротиндерден).

?) 7 - дегидрохолестеролдан.

?) Эргостеролдан.

?) Ацетил - СоА-дан.

?) Өт қышқылдарынан.

17. Келтірілген коректік өнімдердің қайсысы F витаминіне бай:

!) Ет.

?) Күріш.

?) Картоп.

?) Жеміс.

?) Өсімдік майлары.

18. В2 витамині қайсы коферменттің құрамына кіреді?

!) Флавинадениндинуклеотидтің (ФАД).

?) А коферментінің.

?) Тиаминпирофосфаттың (ТПФ).

?) Никотинамидадениндинуклеотидтің (НАД).

?) Липой қышқылының.

19. Келтірілген заттардың қайсысы А витаминінің провитамині:

!) Каротин.

?) 7 - дегидрохолестерол.

?) Эргостерол.

?) Ацетил - СоА.

?) Стеарин қышқылы.

20. С витамині көп өсімдікті атаңыз:

!) Итмұрын жемісі.

?) Бұршақ.

?) Арпа.

?) Бидай.

?) Жүгері.

21. Д2 және Д3 витаминдері синтезделу үшін қандай фактор қажет:

!) Ультра күлгін сәуле.

?) Na.

?) НСІ.

?) Қыздыру.

?) Fe иондары.

22. Еріткіштерде еруі бойынша В1 витамині қай топқа жатады:

!) Суда еритін.

?) Бензолда.

?) Майда.

?) Эфирде.

?) Бензинде.

23. Қай зат алмасу процесінің бұзылуы Д витаминдерінің жетіспеуінен болады:!

!) Са мен Р алмасуы.

?) Na мен K алмасуы.

?) Майлардың алмасуы.

?) Белоктардың алмасуы.

?) Көмірсулардың алмасуы.

24. Мына келтірілген витаминдердің қайсысы каротиноидтарға жатады:

!) А.

?) РР.

?) С.

?) D2.

?) D3.

25. Мына келтірілген витаминдердің қайсысысының құрамында пиридин сақинасы бар:

!) РР.

?) D2.

?) D3.

?) А.

?) С.

26. Мына өнімдердің қайсысы В1 витаминіне бай:

!) Бидай.

?) Картоп.

?) Ет.

?) Өсімдік майлары.

?) Жемістер.

27. В6 витаминінің авитаминозының белгілері қандай:

!) Симметриялы дерматит.

?) Остеопороз.

?) Полиневрит.

?) Остеомаляция.

?) Анемия.

28. D витамині қандай еріткіште ериді:

!) Майда.

?) Суда.

?) Бензолда.

?) Бензинде.

?) Эфирде.

29. С витамині қандай реакцияға қатысады:

!) Тотығу-тотықсыздану реакциясында.

?) Гликогеннің синтезінде.

?) Декарбоксильдену реакциясында.

?) Метил тобын тасымалдауда.

?) Майларды синтездеуде.

30. D2 витаминінің провитамині не:

!) Ацетил - СоА.

?) Каротин.

?) Эргостерол.

?) 7 - дегидрохолестерол.

?) Өт қышқылдары.

31. Мына өнімдердің қайсысы В12 витаминіне бай:

!) Ет.

?) Күріш.

?) Картоп.

?) Жеміс.

?) Сұйық май.

32. Д3 витаминінің провитамині не?

!) 7 - дегидрохолестерол.

?) Каротин.

?) Ацетил - СоА.

?) Холестерол.

?) Эргостерол.

33. А витаминінің химиялық аталуы қалай:

!) Ретинол.

?) Эргостерол.

?) Родопсин.

?) Каротин.

?) Биотин.

34. В7 витаминінің химиялық аталуы:

!) Биотин.

?) Эргостерол.

?) Родопсин.

?) Каротин.

?) Ретинол.

35. D2 витаминінің химиялық аталуы:

!) Эргокальцоферрол.

?) Ретинол.

?) Родопсин.

?) Каротин.

?) Биотин.

36. В2 витаминінің химиялық аталуы:

!) Рибофлавин.

?) Ретинол.

?) Никотинамид.

?) Тиамин.

?) Каротин.

37. В5 витаминінің химиялық аталуы:

!) Никотинамид.

?) Рибофлавин.

?) Ретинол.

?) Каротин.

?) Биотин.

38. В1 витаминінің химиялық аталуы:

!) Тиамин.

?) Эргостерол.

?) Родопсин.

?) Ретинол.

?) Катротин.

39. Ферменттердің өзіндік қасиеті дегеніміз:

!) Ферменттердің белгілі бір субстратқа әсері.

?) Активтілігіне тәуелділігі.

?) Жай жүретін реакцияларды тездету.

?) Активаторлар әсерінің фермент активтілігіне тәуелділігі.

?) Фермент әсерінің температураға тәуелділігі.

40. Холестеридтерді қандай фермент гидролиздейді:

!) Гидролаза.

?) Фосфатаза.

?) Пепсин.

?) Амилаза.

?) Трипсин.

41. Фосфофруктомутаза ферменті қай класқа жатады:

!) Изомераза.

?) Оксидоредуктаза.

?) Трансфераза.

?) Лиаза.

?) Гидролаза.

42. Қызылша қанты қандай фермент әсерінен ыдырайды:

!) Сахараза.

?) Целлобиаза.

?) Мальтаза.

?) Лактаза.

?) Амилаза.

43. Анаэробтық дегидрогеназа ферментінің құрамына қайсысы жатады:

!) НАД.

?) ФАД.

?) Кофермент Q.

?) Кофермент А.

?) Кофермент ТПФ (тиаминпирофосфат).

44. Келтірілген процестердің қайсысына липаза ферменті қатысады:

!) Майлардың гидролизденуінде.

?) Майлардың сіңуінде.

?) Майлардың эмульгирлендіруінде.

?) Майларды гидрогендеуде.

?) Крахмалдың гидролизденуінде.

45. Ферменттердің трансфераза класы қандай реакцияны катализдейді:

!) Бір субстраттан екіншіге атом немесе атом топтарын тасымалдау.

?) Гидролиз реакцияларын.

?) Тотығу-тотықсыздану реакцияларын.

?) Күрделі эфирлік байланыстар үзу.

?) Қарапайым заттардың синтезделуі.

46. Келтірілген ферменттердің қайсысы оксидоредуктаза класына жатады:

!) Каталаза.

?) Фосфорилаза.

?) Липаза.

?) Пепсин.

?) Амилаза.

47. Келтірілген реакциялардың қайсысын каталаза ферметі катализдейді:

!) Н2О2 ыдырауы.

?) Күрделі эфир гидролизін.

?) Сахароза гидролизі.

?) Дезаминдену реакциясы.

?) Декарбоксилдену реакциясы.

48. Ферменттердің лигаза класы қандай реакцияларды катализдейді:

!) Күрделі заттар биосинтезін.

?) Май қышқылдарының a-тотығуын.

?) Крахмалдың ыдырауын.

?) Глицериннің тотығуын.

?) Липидтердің гидролизденуін.

49. Аэробты дегидрогеназалардың коферменті қайсысы:

!) ФАД.

?) НАД.

?) НАДФ.

?) ТПФ.

?) Липой қышқылы.

50. Крахмалдың ыдырауын қандай фермент катализдейді:

!) Амилаза.

?) Липаза.

?) Целлюлаза.

?) Мальтаза.

?) Сахараза.

51. В2 витамині қай коферменттің құрамына кіреді:

!) Флавинадениндинуклеотид (ФАД).

?) Тиаминпирофосфат (ТПФ).

?) Кофермент А.

?) Никотинамидадениндинуклеотид (НАД).

?) Никотинамидадениндинуклеотидфосфат (НАДФ).

52. Пепсин ферментінің әсер етуіне қандай рН қолайлы:

!) 1,5-2,5.

?) 5,2.

?) 6,8.

?) 4,6.

?) 3,0.

53. Келтірілген ферменттердің қайсысы гидролаза класыныкі:

!) Амилаза.

?) Каталаза.

?) Гексокиназа.

?) Фосфорилаза.

?) Аминотрансфераза.

54. Тотыға фосфорлану процесін қандай фермент катализдейді:

!) АТФ-синтетаза.

?) Фосфогексоизомераза.

?) Фосфорилаза.

?) Цитохромдар.

?) Фосфатаза.

55. Гидролаза ферменттері қандай реакцияны катализдейді:

!) Гидролиздеу.

?) Нитрлеу.

?) Гидрлеу.

?) Аминдеу.

?) Күрделі заттарды биосинтездеу.

56. Гликозидтік байланыстар қай ферменттің әсерінен гидролизденеді:

!) Мальтаза.

?) Пепсин.

?) Гексокиназа.

?) Пероксидаза.

?) Трипсин.

57. Лактатдегидрогеназа ферменті қай реакцияны катализдейді:

!) Пируваттың тотықсыздануын.

?) Пируваттың тотыға карбоксилденуін.

?) Лактоза гидролизін.

?) Ацетилкофермент А түзілуін.

?) Цитраттың түзілуін.

58. Апофермент дегеніміз:

!) Күрделі ферменттердің белоктық бөлігі.

?) Күрделі ферменттердің белоктық емес бөлігі.

?) Күрделі ферменттердің простетикалық тобы.

?) Ферменттердің активті түрі.

?) Ферменттердің активсіз бөлігі.

59. Эстераза ферментімен қандай реакциялар катализденеді:

!) Күрделі эфирлік байланыстардың гидролизін..

?) Липидтік байланыстардың гидролизін.

?) Дисульфидтік байланыстардың үзілуін

?) Гликозидтік байланыстардың гидролизін.

?) Н2О2-ның ыдырауын.

60. Фосфолипидтер ыдырауын қай фермент катализдейді:

!) Фосфолипаза.

?) Целлюлаза.

?) Амилаза.

?) Хемотрипсин.

?) Сахараза.

61. Кофактор деген:

!) Күрделі ферменттің белоктық емес бөлігі.

?) Күрделі ферменттердің белоктық бөлігі.

?) Изофермент.

?) Профермент.

?) Сахараза.

62. Гликозидаза ферменті қандай реакцияны катализдейді:

!) Гликозидтік байланыстардың гидролизін.

?) Липидтік байланыстардың гидролизін.

?) Күрделі эфирлік байланыстардың гидролизін.

?) Дисульфидтік байланыстардың үзілуін.

?) Н2О2-ның ыдырауын.

63. Алкагольдегидрогеназа ферменті қандай реакцияны катализдейді:

!) Спирттің тотығуы

?) Липидтік байланыстардың гидролизін.

?) Дисульфидтік байланыстардың үзілуін.

?) Гликозидтік байланыстардың гидролизін.

?) Н2О2-ның ыдырауын.

64. Келтірілген гормондардың қайсысы белоктық гормондар:

!) Инсулин.

?) Тестостерон.

?) Адреналин.

?) Тироксин.

?) Норадреналин.

65. Инсулин гормоны органикалық қосылыстардың қай тобы:

!) Қарапайым белок.

?) Күрделі белок.

?) Полисахарид.

?) Тетрапептид.

?) Фосфолипид.

66. Тироксин гормонының химиялық табиғаты:

!) Амин қышқылының туындысы.

?) Күрделі белок.

?) Қарапайым белок.

?) Гликопротеид.

?) Фосфолипид.

67. Көрсетілген гормондардың қайсысы стероидтарға жатады:

!) Тестостерон.

?) Паратгормон.

?) Инсулин.

?) Тироксин.

?) Адреналин.

68. Инсулин гормонын еккенде қандағы қанттың мөлшері қалай өзгереді:

!) Мөлшері тұрақтанады.

?) Мөлшері өзгермейді.

?) Мөлшері көбейеді.

?) Мөлшері азаяды.

?) Мөлшері кенеттен өзгереді.

69. Эстрадиол гормоны қай безде синтезделеді:

!) Әйелдер жыныс безінде.

?) Бүйрек үсті безінің ми қабатында.

?) Гипоталамуста.

?) Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатында.

?) Аталық безде.

70. Келтірілген гормондардың қайсысы стероидтарға жатады:

!) Тестостерон.

?) Тироксин.

?) Адреналин.

?) Окситоцин.

?) Инсулин.

71. Инсулин молекуласындағы екі полипептидтік тізбектер қандай байланыс арқылы байланысады:

!) Дисульфидтік байланыспен.

?) Сутектік байланыспен.

?) Коваленттік байланыспен.

?) Иондық байланыспен.

?) Пептидтік байланыспен.

72. Зат алмасу процесіне адреналин гормонының әсері:

!) Глюкозаның мөлшерін көбейтеді.

?) Глюкозаның мөлшерін азайтады.

?) Минералды заттардың алмасуына әсер етеді.

?) Су алмасуына әсер етеді.

?) Белоктар алмасуына әсер етеді.

73. Стероидты гормондар қандай қослыстардың туындылары болады:

!) Полициклді спирттер.

?) Көп атомды спирттер.

?) Амин қышқылдары.

?) Көмірсулар.

?) Белоктар.

74. Глюкагон гормонының химиялық табиғаты:

!) Пептид.

?) Спирт.

?) Ароматты спирт.

?) Көмірсу.

?) Протеид.

75. Энзимология бөлімінде қарастырылатын зат:

!) Ферменттер

?) Гормондар

?) Витаминдер

?) Активаторлар

?) Ингибиторлар

76. Талғампыздық тән заттар:

!) Активаторлар

?) Гормондар

?) Ферменттер

?) Витаминдер

?) Ингибиторлар

77. Амилаза, липаза жататын класс:

!) Гидролаза

?) Оксидоредуктаза

?) Изомераза

?) Лигаза

?) Трансфераза

78. Пероксидаза, каталаза, дегидрогеназа жататын класс:

!) Оксидоредуктаза

?) Гидролаза

?) Изомераза

?) Лигаза

?) Трансфераза

79. С-С, С-О, С-N байланыстағы органикалық қосылыстарды судың қатысынсыз ыдырауын катализдейтін ферменттер:

!) Лиазалар

?) Гидролазалар

?) Изомеразалар

?) Лигазалар

?) Трансферазалар

80. Михаэлис пен Ментен механизмін зерттеген зат:

!) Ферменттер

?) Витаминдер

?) Гормондар

?) Активаторлар

?) Ингибиторлар

81. Суда еритін витаминдер:

!) С, В1, В5

?) А, D

?) К, Е

?) F, Е

?) D, К

82. Майда еритін витаминдер:

!) К, А, D, Е

?) В1, В5

?) В2, В3

?) Н, В5

?) В6

83. Ағзаның қан қызметін стимулдейтін витамин:

!) В12

?) К

?) В1

?) Е

?) С

84. Микроағзалардың өсуіне әсер ететін заттар:

!) Параминобензой қышқылы

?) Пангам қышқылы

?) Орото қышқылы

?) Пантотен қышқылы

?) Аскорбин қышқылы

85. Құрамына пиридоксальфосфат коферменті кіретін витамин:

!) В6

?) В1

?) В2

?) В5

?) D

86. Негізі қанықпаған май қышқылы болатын витамин:

!) F

?) Е

?) С

?) К

?) А

87. Қызметіне адренокортикотропин әсер ететін без:

!) Бүйрек үсті безі қабығы

?) Қалқанша безі

?) Қалқанша маңы безі

?) Ұйқы безі

?) Сүт безі

88. Қызметіне пролактин әсер ететін без:

!) Қалқанша маңы безі

?) Қалқанша безі

?) Ұйқы безі

?) Бүйрек үсті безі қабығы

?) Сүт безі

89. Көмірсулар алмасуының қай түрі организмге тиімді:

!) Тыныс алу (дихотомикалық).

?) Ашу.

?) Гликолиз.

?) Гликогенез.

?) Тыныс алу (апотомикалық).

90. Аденил қышқылының қалдығы:

!) Аденилат.

?) Аскорбат.

?) Аконитат.

?) Аспартат.

?) Ацетат.

91. Аскорбин қышқылының қалдығы:

!) Аскорбат.

?) Аспартат.

?) Аконитат.

?) Аденилат.

?) Ацетат.

92. Алма қышқылының қалдығы:

!) Малат.

?) Глутамат.

?) Аконитат.

?) Малонат.

?) Итаконат.

93. Сүт қышқылының қалдығы:

!) Лактат.

?) Глутамат.

?) Фумарат.

?) Гликолат.

?) Малат.

94. Қымыздық қышқылының қалдығы:

!) Оксалат.

?) Сукцинат.

?) Оксальацетат.

?) Гликолат.

?) Малат.

95. Лимон қышқылының қалдығы:

!) Цитрат.

?) Сукцинат.

?) Татрат.

?) Пируат.

?) Форминат.

96. Катаболизм процесі:

!) Ыдырау.

?) Синтез.

?) Тотықсыздану.

?) Энергия шығыны.

?) Орын басу.

97. Сахароза дисахариді қандай моносахаридтерге ыдырайды?

!) α,D-глюкозаға және β,D-фруктозаға.

?) 2 молекула α,D-глюкозаға.

?) 2 молекула α,D-фруктозаға.

?) 2 молекула α,D-маннозаға.

?) 2 молекула α,D-рибозаға.

98. Сүт қантын қандай фермент ыдыратады?

!) Лактаза.

?) Целлюбиаза.

?) Целлюлаза.

?) Амилаза.

?) Мальтаза.

99. Фелинг сұйығын тотықсыздандырмайтын көмірсуды көрсетіңіз:

!) Сахароза.

?) Глюкоза.

?) Лактоза.

?) Рибоза.

?) Дезоксирибоза.

100. Көмірсуларға тән функциональдық топтар:

!) Карбонильді және спирттік

?) Пептидті және карбонильді

?) Пептидті және карбоксильді

?) Карбонильді және карбоксильді

?) Пептидті, аминотоп және карбоксильді

101. Өсімдіктер құрамында болатын гомополисахаридтер:

!) Крахмал

?) Лактоза

?) Гликоген

?) Хитин

?) Декстран

102. Ашытқыда, бактерияларда болатын гомополисахарид:

!) Декстран

?) Лактоза

?) Гликоген

?) Хитин

?) Крахмал

103. Майларды эмульгирлеуге қатысады:!

!) Өт қышқылдары.

?) Қарын сөлі.

?) Липаза.

?) Тұз қышқылы.

?) Сілекей.

104. Өсімдік майларының құрамында қандай май қышқылдары көп:

!) Қанықпаған май қышқылдары.

?) Қаныққан май қышқылдары.

?) Оксиқышқылдары.

?) Амин қышқылдары.

?) Аромат қышқылдары.

105. Мына келтірілген затардың қайсысы триглицеридтер құрамына кіреді?

!) Линол қышқылы.

?) Этаноламин.

?) Холин.

?) Глюкоза.

?) Холестерол.

106. Мына май қышқылы СН3-(СН2)7-СН=СН-(СН2)7-СООН қалай аталады?

!) Олеин қышықылы.

?) Стеарин қышқылы.

?) Линол қышқылы.

?) Линолен қышқылы.

?) Арахидон қышқылы.

107. Мына С15Н31СООН май қышқылы қалай аталады?

!) Пальмитин қышқылы.

?) Стеарин қышқылы.

?) Сірке қышқылы.

?) Линолен қышқылы.

?) Май қышқылы.

108. Мына С19Н31СООН май қышқылы қалай аталады?

!) Арахидон қышқылы.

?) Стеарин қышқылы.

?) Пальмитин қышқылы.

?) Олеин қышқылы.

?) Сірке қышқылы.

109. Қандай майларда линол және линолен қышқылдарының концентрациясы жоғары?

!) Шемішке, зығыр майында.

?) Жер жаңғағында.

?) Сояда.

?) Рапс майында.

?) Кокоста.

110. Майдағы «йод саны» қандай қасиет көрсетеді?

!) Қанықпағандық дәрежесін бағалайды.

?) Бос және байланысқан май қышқылдарының құрамын бағалайды.

?) Бос май қышқылдарының құрамын бағалайды.

?) Байланысқан май қышқылдарын бағалайды.

?) Күрделі эфирлік байланыспен байланысқан май қышқылдарының қалдығын бағалайды.

111. Химиялық табиғатына қарай май дегеніміз:

!) Күрделі эфирлер

?) Жай эфирлер

?) Альдегидоспирттер

?) Гликозидтер

?) Пептидтер

112. Фосфолипидтерге жататын заттар:

!) Лецитин, коламин, кефалин

?) Холестерин, сфинголипидтер

?) Стериндер және стеридтер

?) Цереброзидтер

?) Сфингомиелиндер

113. Құрамына винилді топ (-О-СН=СН-) кіретін зат:

!) Плазмалагендерге

?) Стеридтерге

?) Стериндерге

?) Бейтарап майларға

?) Фосфолипидтерге

114. Майлар молекуласындағы химиялық байланыс:

!) Күрделі эфирлі

?) Сутекті

?) Жәй эфирлі

?) Пептидті

?) Гликозидті

115. 1 г майдың сілтілік гидролизденуі анықтайды:

!) Сабындану саны

?) Йод саны

?) Қышқылдық саны

?) Рейхард-Мейсл саны

?) Сілтілік саны


Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1608 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.095 с)...