Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

І АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ БИОХИМИЯ-2 ПӘНІНЕН

(Жалпы медицина мамандығы бойынша)

І деңгей

~~ Тағамдағы көмірсулар және олардың маңызы. Көмірсулардың асқорыту жолдарындағы қорытылуы мен сіңірілуі. Көмірсулар алмасуындағы бауырдың ролі. Көмірсулар гидролизінің өнімдерінің тағдыры.

~~ Гликогеногенез, гликогенолиз, процесстерге сипаттама және олардың ролі.

~~ Тканьдердегі глюкозаның ыдырау жолдары, процесстердің айырмашылығы мен ұқсастығы.

~~ Шөрнек механизмдері, цитоплазмалық НАДН2 тотығуындағы олардың ролі. Энергиялық балансы.

~~ Глюконеогенез, түзілуге қатысатын заттар, реакцияларының жүру бағыты. Кори циклы және глюкозо-аланин циклы: физиологиялық маңызы.

2 ~~ Тканьдердегі гликолиз нәтижесінде түзілетін ПЖҚ тағдыры. Пирожүзім қышқылының айналуына қатысушы ферменттер.

~~ Глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы, мәні, маңызы, кездесетін жері.

~~ Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері. Олар қандай реакциялар нәтижесінде түзілетінін жазыңыз. Бөлінуі.

~~ Көмірсу алмасуының бұзылыстары.

~~ Тағам липидтері, биологиялық маңызы, ас-қорыту жолдарындағы олардың қорытылуы мен сіңірілуі. Мицелланың құрамы мен ролі.

3~~ Холестерин, химиялық табиғаты, холестерин туындылары. Холестериннің және оның туындыларының маңызы.

~~ Липидтер алмасуындағы ішек қабырғасы мен май тканінің ролі.

~~ Липидтер алмасуындағы бауырдың ролі.

Липогенез, липолиз, липонеогенезге сипаттама беріңіз және осы процесстердің ролі.

~~ Организмдегі бос май қышқылдарының биосинтезі, реакциялар жүйелігі, физиологиялық маңызы.

~~ Липидтер алмасуының соңғы өнімдері. Олардың түзілетін процесстері. Бөлінуі.

~~ Бауырда, май тканінде және ішек қабырғасында ТАГ биосинтезі.

~~ Тағам белоктары, олардың маңызы, азотты баланс, алмасудың ерекшелігі, ас-қорыту жолдарындағы белоктардың қорытылуы мен сіңірілуі. Белоктар қорытылуындағы асқазан сөлінің құрамының ролі.

~~ Ішек қабырғасында белоктардың шіруі, шіру өнімдерінің химиялық табиғаты, шіру өнімдерінің усыздану жолдары және орны.

~~ Тканьдердегі аминқышқылдарының тағдыры.

~~ Жануарлар организміндегі аминқышқылдарының дезаминденуі, түрлері, процесстің маңызы.

~~ Белоктар алмасуының соңғы өнімдері, олар түзілетін процесстер, химиялық табиғаты. Бөлінуі.

~~ Ішек қуысындағы моносахоридтердің түзілуі. Көмірсулардың сіңірілуі.

~~ Липидтер алмасуындағы ішек қабырғасының ролі.

~~ Ағзадағы хиломикрондардың тағдыры.Липидтер алмасуында өкпенің рөлі.

~~ Бауырдағы холестериннің синтезі және оның метоболиттерінің ролі мен маңызы.

~~ Амин қышқылдарының алмасуындағы негізгі катаболикалық процесстер. Аммиак усыздануының негізгі жолдары.

~~ Белок алмасуындағы бауыр және бүйректің ролі.

~~ Хромопротеидтердің метоболизмдік ерекшеліктері. Гемоглобин ыдырау нәтежесінде пайда болатын өнімдер.

ІІ деңгей

~~ Гликогеннің биосинтезі және ыдырауы, олардың регуляциясы.

~~ Клеткада глюкоза мен гликогеннің тағдыры.

~~ Глюкозаның аэробты жағдайда ыдырауы, реакциялар жүйелігі, физиологиялық маңызы, энергиялық құндылығы.

~~ Анаэробты гликолиз, реакция жүйелігі, физиологиялық маңызы, соңғы өнімінің тағдыры. Қандай патологиялық процестерде өтеді.

~~ Заттар алмасуындағы ЦТК, БТ, ТФ ролі.

2 ~~ Қант диабеті, түрлері, биохимиялық өзгерістер

~~ Холестериннің биосинтезі, мевалон қышқылы түзілуіне дейінгі реакцияларды көрсетіңіз, осы этап жайы туралы тусінік. Холистериннің алмасуында липопротеидтердің ролі.

~~ Өттің химиясы. Жұп өт қышқылдарының және өт пигменттерінің құрылысы. Липидтер алмасуында өт қышқылдарының ролі (қорытылуы, сіңірілуі). Өт тастарының пайда болу биохимиясы.

~~ Липопротеидтер, түрлері, түзілетін орны, липопротеидтер құрамының ерекшелігі мен функциялары. Олардың холестерин және ТАГ алмасуындағы ролі.

~~ Липидтердің тасымалдау формалары, құрамының ерекшелігі, тағдыры.

~~ БМҚ тағдыры, тотығуы, энергиялық құндылығы.

~~ Тканьдердегі глицериннің тағдыры.

~~ Ацетил - КоА түзілуі жолдары мен оның пайдалануы.

~~ Кетон денелерінің биосинтезі, өкілдерінің химиялық табиғаты, тағдыры, организмдегі маңызы, кетоацидоз себептері, кетон денелерін анықтаудағы диагностикалық маңызы.

~~ Атеросклероз дамуы кезінде липопротеидтердің ролі. Атеросклероз дамуы кезінде қазіргі теориясы.

~~ Қалыпты асқазан сөлінің химиялық құрамы, қасиеттері, асқазанда ас қорытылудағы тұз қышқылының маңызы. Асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттері, қышқылдықтың түрлері. Асқазан сөлін зерттеу. Тұз қышқылының дебит-сағатын анықтау.

~~ Патологиялық асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттерінің өзгерістері. Асқазан сөлінің патологиялық құрам бөліктері. Патологиялық құрам бөліктерінің түзілу себептері және сапалық реакциялары.

~~ Белоктар алмасуындағы бауырдың ролі.

~~ Организмдегі креатиннің синтезі мен тағдыры. Креатин фосфат химиялық табиғаты, маңызы. Креатинин. Қан сары суында креатининді анықтаудың принципі және диагностикалық маңызы.

~~ Протеиногенді аминдер, өкілдері, түзілуі, химиялық табиғаты, физиологиялық маңызы, ыдырауы.

~~ Тканда амин қышқылдарының азотты емес заттардың түзілуі.

~~ Организмдегі аммиактың түзілу жолдары және оны пайдалануы.

~~ Организмдегі аммиакты усыздандыру жолдары, мочевинаның түзілуі туралы теория және орны, қан плазмасы мен зәрде мочевинаны анықтау. Диагностикалық маңызы.

~~ «Тікелей және «тікелей емес билирубиннің түзілуі, химиялық табиғаты. Қанда билирубиннің мөлшерін анықтау. Бауыр және қан ауруларында қан сары суында билирубинді анықтаудың диагностикалық маңызы.

~~ Сары ауру түрлері кезінде гемоглобиннің метобализмі, сары ауру (сарғыштану) лабораториялық диагностикасы.

~~ Тағаммен бірге түсетін көмірсулар. Көмірсулардың қорытылуы. Көмірсулар ~~ қорытылуының бұзылысы.

~~ Тіндердегі глюкозаның ауысуы.

~~ Қандағы глюкоза құрамының реттелуі.

~~ Қант диабетінің және инсулин тәуелді синдромының дамуының биохимиялық аспектілері.

~~ Қант диабеті асқынуының негізінде болатын биохимиялық процестер.

~~ Липидтердің қорытылуы мен сіңірілуі, бұзылыстары және медокаментозды коррекция

~~ Липидтердің транспорттық түрлері.

~~ Кетон денелерінің түзілуі және кетоацидоз дамуының себептері.

~~ Гиперлипидемия және атеросклероз. Липид алмасуының бұзылысының диагностикасы.

~~ Липид алмасуы бұзылысын коррекциялаудың биохимиялық аспектілері.

~~ Бауырдағы мочевинаның түзілуі.Диагностикалық критерийлері. Уремия.

~~ Нуклеопротеидтердің алмасуының ерекшеліктері. Подагра және несеп тас ауруының биохимиялық негіздері.

~~ Сарғаюлар. Гемолитикалық, механикалық және паринхиматозды сарғаюлардың дамуының патобиохимиялық механизмдері.

~~ Бауыр ауруларындағы биохимиялық диагностика.

~~ Жедел және созылмалы бүйрек жтіспеушілігін анықтау әдістері.

ІІІ деңгей

~~ Науқас: М., 46 жаста, сыздауық шығуына байланысты хирургия бөлімшесінде жатыр. Анамнезінде: соңғы екі жылда іріңді ауруларға бейімділігі бар, қатты шаршағыштық байқалады. Зерттеулерде: ЖАҚ -өзгеріссіз, ЖЗА - өзгеріссіз, жалпы холестерин – 6,0 ммоль/л, триглицерид -2,4 ммоль/л, мочевина -6,2 ммоль/л, қан креатинині -57 ммоль /л, ашқарынға қандағы глюкоза -7,0 ммоль/л.

Алынған лабораториялық мәлімметтерге қарап қандай нәтиже бере аласыз?

Қосымша зерттеу әдісітері қажет деп ойлайсыз ба?

~~ Науқас Н. 27 жаста. Глюкоза- 5,69 ммоль/л, Креатинин- 85,99 ммоль/л, Холестерин -5,01 ммоль/л, Триглициридтер – 1,12 ммоль/л, АЛТ-22,75, АСТ-12,74. Көрсеткіштерді талдаңыз?

~~ Науқас: С., 53 жаста, Артериальды гипертензия, 3 кезең, жоғары қауіп тобы диагнозымен терапия бөлімшесінде жатыр. Дене салмағы 34,5 кг/м2. гипертониямен 3 жылдай ауырады. Соғы 5 жылдай етеккірі тоқтаған.

Биохимиялық зерттеулері: ашқарынға қандағы глюкоза -6,0 ммоль/л, жалпы холестерин -7,2 ммоль/л, Төменгі тығыздықты липопротеидті холестерин – 5,5 ммоль/л, жоғарғы тығыздықты липопротеинті холестерин -1,0 ммоль/л, үшглицеридтер -1,54ммоль/л.

Дислипидемияның қай түріне жатады? Ашқарынға қандағы глюкоза нәтижесін қалай интерпретациялауға болады? Қосымша зерттеу әдістері қажет деп ойлайсыз ба?

~~ Науқас Р. 52 жаста. Глюкоза 5,68 ммоль/л, мочевина-4,34 ммоль/л, креатинин -65,98 ммоль/л, жалпы белок -70,16 г/л, АЛТ – 21,57, АСТ-15,01. Зерттеулердің нәтеже көрсеткіштерін талдаңыз?

~~ Науқас Б., 63 жаста, оң аяғыны бас бармақ буынының ісініп, қызарумен келді, қатты ауырсыну және буындарының қозғалғыштығы шектелген. Науқас аяғының жарақаттануы мен жырылуын жоқтығын айтады.

Қандай болжамалы диагноз қоя аласыз? Қандай критерилерге сүйене отырып диагнозды нақтылай немесе жоққа шығара аласыз?

~~ Науқас Қ.50 жаста. Глюкоза -6,20 ммоль/л, Креатинин 51,12 ммоль/л, Холестерин 8,40 ммоль/л. Зерттеулердің нәтеже көрсеткіштерін интерпритация жасаңыз?

~~ Науқас Ш., 16 жаста, тізе, шынтақ буындарының ауырсынуына және ісінуіне, тамақтану кезінде қасықты ұстап тамақтанғанда қолда қатты әлсіздікке шағымданады. Қарағанда буындарының ісінуіне қызаруына және бөртпелер байқауға болады.

Қандай болжамалы диагноз қоя аласыз? Қандай критерилерге сүйене отырып диагнозды нақтылай немесе жоққа шығара аласыз?

~~ Науқас Н.31 жаста. Глюкоза 4,54 ммоль/л, Креатинин 60,17, Холестерин 4,49 ммоль/л, Триглицирид -1,24 ммоль/л, ХС ӨЖТЛП – 0,69 ммоль/л, ХС ТТЛП-2,59 ммоль/л. Зерттеулердің нәтеже көрсеткіштерін интерпритация жасаңыз?

~~ Науқас А., 70 жаста, қабылдау бөлімшесіне белбеу тәрізді және эпигастрий аймағының ауырсынуы мен іш өтуімен келіп түсті. Соңғы 2 күн бойы ауырады. Аурудың басталуын майлы тағам жеумен байланыстырады. Қарап тексергенде склерасының сарғыштануы, эпигастр тұсының, оң және сол қабырға астының ауырсынуы анықталды.

Қандай болжамалы диагноз қоюға болады? Қандай қосымша зерттеу әдістері қажет деп ойлайсыз? Ұсынылған зерттеу әдісін неегізденіз?

~~ Науқас Б. 50 жаста. Глюкоза 9,82 ммоль/л, Жалпы билирубин 20,86 ммоль/л, Холестерин -4,25 ммоль/л. Зерттеулердің нәтеже көрсеткіштерін интерпритация жасаңыз?

~~ Науқас В., 37 жаста, 10 жыл шамасындай созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Жоспарлы түрде ем қабылдауға келіп түсті.

Қандай лабораторлы зерттеу әдістерін жүргізу керек? Ұсынылған зерттеу әдісін негіздеңіз?

~~ Науқас Б. 32 жаста. Глюкоза – 6,16 ммоль/л, ХС ЖТЛП – 0,9 ммоль/л, ХС ТТЛП -3,01 ммоль/л. Зерттеулердің нәтеже көрсеткіштерін интерпритация жасаңыз?

~~ Науқас П., 65 жаста, 25 жыл бойы артериальды гипортониямен ауырады. Қарап тексергенде науқастың бойы 160 см, салмағы 90 кг. Артериальды қысымы 180/110 мм с.б.б.

Қанның биохимиялық зерттеуінде креатинин деңгейі 120 мкмоль/л.

Қандай болжамалы диагноз қоясыз және қандай зерттеу жоспарларын жүргізуге болады? ~~ Науқас Н. 27 жаста. Глюкоза- 5,69 ммоль/л, Креатинин- 85,99 ммоль/л, Холестерин -5,01 ммоль/л, Триглициридтер – 1,12 ммоль/л, АЛТ-22,75, АСТ-12,74. Көрсеткіштерді талдаңыз?

~~ Науқас С., 45 жаста, ашқарынға 6 ммоль/л, қантты жүктемеден кейін (нан мен май): 30 мин. кейін – 9,0 ммоль/л,60 мин.кейін - 12 ммоль/л, 120 мин. кейін - 9,0 ммоль/л, 150 мин. кейін – 6,0 ммоль/л. Сіздің болжам диагнозыңыз? Науқасқа беретін ұсыныстар? Ұсыныстарды негіздеңіз?

~~ Науқас Р. 52 жаста. Глюкоза 5,68 ммоль/л, мочевина-4,34 ммоль/л, креатинин -65,98 ммоль/л, жалпы белок -70,16 г/л, АЛТ – 21,57, АСТ-15,01. Зерттеулердің нәтеже көрсеткіштерін талдаңыз?

~~ Науқас М., 51 жаста, дәрігерге лоқсу, селқостық, бас ауруына шағымдармен келді. Қанның биохимиялық анализінде: креатинин – 190 мкмоль/л, мочевина – 15 ммоль/л. Қандай болжам диагноз қоясыз? Қандай қрсымша зерттеу әдістерін тағайындайсыз?

~~ Науқас М. 21 жаста. Глюкоза – 4,79 ммоль/л, Креатинин – 48,90 ммоль/л, холестерин -4,16 ммоль/л, ХС ЛПВП -0,8 ммоль/л. Зерттеулердің нәтеже көрсеткіштерін интерпритация жасаңыз?

~~ Нарестеде туылғаннан кейін 4 апта бойы тері қабатының сарғаюы сақталынады. Бұл жағдай қандай процесске байланысты? Қандай зерттеу әдісі және емдеу әдісі қажет?

~~ Науқас М. 25 жаста. Глюкоза 5,60 ммоль/л, Креатинин -49,73 ммоль/л, Холестерин 5,21 ммоль/л, триглицирид -3,07 ммоль/л, ХС ЖТЛП – 1,41 ммоль/л, АЛТ – 80,31. СКФ -187,95, ХС ӨТТЛП – 1,40 ммоль/л, ХС ТТЛП -2,40 ммоль/л. Зерттеулердің нәтеже көрсеткіштерін интерпритация жасаңыз?

~~ Мектеп жасындағы жасөспірімде оң қабырғаасты ауырсынуына, лоқсу, құсуға, жалпы әлсіздікке шағымданады. Объективті тексеруде тері қабаты сарғайған, зәрі қоңыр тустес, нәжісі түссізденген. Сіздің қоятын болжам диагнозыңыз? Қандай зерттеу әдістері қажет? Ойыңызды негіздеңіз?

~~ Науқас М. 25 жаста. Глюкоза 5,60 ммоль/л, Креатинин -49,73 ммоль/л, Холестерин 5,21 ммоль/л, триглицирид -3,07 ммоль/л, ХС ЖТЛП – 1,41 ммоль/л, АЛТ – 80,31. СКФ -187,95, ХС ӨТТЛП – 1,40 ммоль/л, ХС ТТЛП -2,40 ммоль/л. Зерттеулердің нәтеже көрсеткіштерін интерпритация жасаңыз?

~~ Науқас А., 16 жаста, бас ауруына, шаштарының тусуі, тырнақ сынғыштығы, бас айналуы және етекірінің көп келуіне шағымданады. Объективті қарағанда терісі, кілегей қабаттары және тырнақ беттері бозғылт. Сіздің болжам диагнозыңыз? Қандай зерттеу әдістерін ұсынасыз?

~~ Науқас Қ.50 жаста. Глюкоза -6,20 ммоль/л, Креатинин 51,12 ммоль/л, Холестерин 8,40 ммоль/л. Зерттеулердің нәтеже көрсеткіштерін интерпритация жасаңыз?

Құрастырғандар:


Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1869 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.012 с)...