Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ыптылық пен үнемділік



Әр адамның тірлігі, шаруашылығы керемет нәрсеге негізделеді. Ол ұқыптылық және үнемділік. Бұл екі ұғым экономиканың жаны. Бұл кереметтердің тағы бір туысы бар. Ол – гүлдену. Гүлдену дегеніміз -экономикалық табыс пен бақыт.

Адамның жеке шаруашылығы тек оның ақша жұмсау қабілетімен шектелмейді, сондай-ақ адам өз уақыты мен қуатын дұрыс жұмсай білу керек.

Егер сен өзіңнің үнемділігің тек қана ақшаға қатысты деп ойласаң, онда қателесесің. Өз өміріңді сенің мүлкің (имущество) емес, сенің өзің айқындайсың. Сенің адал, табанды болуың керек. Өз денсаулығыңды ойлауың керек, білім-білігіңді толықтыруың керек. Өзіңнің әрбір іс-әрекетіңді ойланып барып істеп, әрбір сөзің мен ісіңе жауап беретіндей болуың керек.

Осы қасиеттердің бәрін бойыңа қалыптастыра білу керек, өйткені бұл қасиеттер сенің үнемшіл болуыңа көмектеседі. Үнемшіл болу дегеніміз – сараң болу деген сөз емес. Сараң (скупой) адамдар табысын ешқашан біреумен бөліспейді. Олар тіпті өздерінің үлестерін (доля) төлеуден де жалтарады. Өзгелерді ешқашан мақтамайды. Сараңдық дегеніміз өзіңде бар нәрсені қызғыштай қорып, оны шашпауға тырысу, болашаққа кең өріс ашудың орнына, қолыңда бар нәрсені достарыңнан да жоғары қойып, тәуекелге бел буа алмау.

Үнемділік ұғымына тәуекелшілік те байланысты болады. Үнемшіл болу дегеніміз – қуанышсыз сұрқай өмір сүру деген сөз емес. Теледидар алдынан аулақ кетіп, болашақта саған көп пайда әкелетін іспен айналысу үшін өз еркіңді бағындыра білу де – тәуекелділік.

Сонда үнемділік дегеніміздің өзі әрбір адамның өз уақытын дұрыс ұйымдастыра біліп, ойға алғанының барлығы болмаса да, көпшілігін тындырып тастауға үлгеру үшін өз күшіңді шақтап жұмсай білу деген сөз.

2-тапсырма. Мәтінді абзацтарға бөліп, сөз немесе сөз тіркестерімен ат қойыңыз.

3-тапсырма. Мәтінді жоспар бойынша айтып беріңіз.

4-тапсырма. Мәтіннен мына сұрақтарға жауап іздеңіз.

1. Әр адамның тірлігі неге негізделеді?

2. Қандай ұғымдарды «экономиканың жаны» деп атаймыз?

3. «Ұқыптылық пен үнемділік – «экономиканың жаны» деген оймен келісесіз бе?

4. Үнемшіл адамды сараң деп айтуға болады ма?

5. Сараң адам қандай болады?

5-тапсырма. Үнемділік пен сараңдықты бір ұғым деп қарастыруға болады ма? Осы тақырыпта диалог құрыңыз.

6-тапсырма. «Үнемшіл болу дегеніміз - өз уақытыңды дұрыс ұйымдастыра білу» деген тақырыпта досыңызбен әңгімелесіңіз.

7-тапсырма. Керекті жалғауларды жалғаңыз.

1. Ұқыптылық пен үнемділік – экономика... жан....

2. Сен өзің.... үнемділігің тек қана ақша... қатысты деп ойласаң, онда қателесе.....

3. Сараң адамдар табыс... ешқашан біреумен бөліспей....

4. Адам... жеке шаруашылығы тек оның ақша жұмсау қабілеті.... шектелмейді.

8-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.

1. Өз өміріңді сенің (имущество) емес, сенің өзің (определяешь).

2. (Экономичный) болу дегеніміз – қуанышсыз (жить серой жизнью) деген сөз емес.

3. Әр адамның тірлігі, шаруашылығы (великолепный) нәрсеге (основывается).

4. Үнемділік дегеніміз - әрбір адамның өз уақытын дұрыс (организовать).

9 – тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

10–тапсырма. Мына фразеологизмдерді есте сақтаңыз. Мысал келтіріңіз.

1. Ақ жүрек – душа на распашку.

2. Екі жүзді – двуличный.

3. Дүние қоңыз – скупой.

4. Қурайдың басын сындырмау – сидеть сложа руки.

5. Ала жібін аттамау – быть честным и скромным.

12-сабақ

Лексикалық тақырып: Ұлттық экономика.

1-тапсырма. Мәтінге қатысты тірек сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз.Есте сақтаңыз.

Тірек сөздер мен сөз тіркестері

(қандай?) (кімнің?)
  ұлттық     экономикалық   экономика мүдде   аумақ   халықтың     елдің       тұрмысы өмірі   дәстүрі психологиясы
       

Ұлттық экономика

Кез-келген мемлекеттің экономикасы сол елдің ұлттық ерекшеліктеріне, салт-дәстүріне, шаруашылықты жүргізу тарихына сүйенетіні белгілі.

Ұлттық экономиканың қызметіне елдің экономикалық аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық бірліктердің жиынтығы жатады. Ұлттық экономиканың қызметін Үкімет, жеке тұлғалар, кәсіпорындар, фирмалар, компаниялар құрайды.

Ұлттық экономика төмендегідей салалардан тұрады: өнеркәсіп өндіріс, ауыл шаруашылығы, көлік, құрылыс және сауда.

2-тапсырма. Мәтінде не туралы айтылғаны жөнінде бір сөзбен жауап беріңіз.

3-тапсырма. Тағы бір рет мәтінді оқып, әр абзацқа сөз немесе сөз тіркесімен ат қойыңыз.

4-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз.

Ұлттық экономиканың қызметіне....

Ұлттық экономиканың қызметін....

Ұлттық экономика мынадай салалардан..................

5-тапсырма. Орыс тілінен қазақшаға аударыңыз.

Сектора экономики.

Состав национальной экономики.

Особенности национальной экономики.

Территория национальной экономики.

6-тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрып, мағыналарын анықтаңыз.

1......... экономика...

2........ тұрмыс...

3........ өмір...

4........ салт-дәстүр...

5........ шаруашылық...

6......... үкімет...

7......... айналыс...

7-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестері арқылы сөйлемдер құраңыздар.

8-тапсырма. Өз ойыңызды білдіру үшін жоғарыда құрылған сөйлемдерді біріктіріп қолданыңыз.

9-тапсырма. Мәтіннен –лық, -лік, -тық, -тік жұрнақтарымен сөздерді теріп жазыңыздар, оларға сұрақ қойыңыздар.

10-тапсырма. Мәтіндегі “ұлттық экономика” деген ұғымды ашатын сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді теріп жазыңыз, есте сақтаңыз.

13-сабақ

Нарықтық экономика

Нарықтық экономиканың өзінің ерекше заңдары бар. Бірінші заңы: тауарды сатуда, сатып алуда, өндіруде ұсыныс пен сұранысты ескеру керек. Нарықтың екінші заңы: сапалы тауар өндіру арқылы нарықтағы бәсеке шартына жауап бере алатындай болу керек.

Бір-бірімен бәсекелесуші фирмалар мен кәсіпорындар баға белгілеу үрдісін басқара алмаса, олар тауарларын өткізе алмауы мүмкін.

Егер нарықтық шаруашылық пен баға белгілеу тетіктерін толық алып тастап, оның орнына экономиканы толық басқару әкімшілік және саяси шешімдер арқылы жүзеге асырылса, онда “таза” жоспарлы экономика дейтін пайда болады.

Лексика – грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, мазмұны бойынша абзацқа бөліңіз, ат қойыңыз.

2-тапсырма. Негізгі мазмұнын білдіретін сөздерді теріп жазып алыңыздар.

3-тапсырма. Жазбаша мазмұндаңыз.

4-тапсырма. Берілген сөздермен етістік тіркестерін құраңыз.

Тауар................, ұсыныс..............., сұраныс..............., бәсеке............, баға................., экономика....................

5-тапсырма. Сөздерге анықтама беріңіз.

.............. экономика,............ тауар,............фирма,........... баға,............ басқару,................ саясат.

6-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз.

Тірек сөздер мен сөз тіркестері

(қандай?) (не істеу?)
  қалтарыстағы ресми қылмыстық мемлекеттік ұлттық отбасылық   экономика     өндіру айырбастау тұтыну   орындау көрсету
       

14-сабақ

Лексикалық тақырып: Кәсіпкерлік

Кәсіпкерлік

Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі (активность) және іскерлігі (деловитость). Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез-құлқымен байланысты болатын шығар. Өзіңіз ойлаңызшы: халерик пе, сангвиник пе, флегматик пе әлде меланхолик пе? Адамдардың белсенділігі әртүрлі болады: саяси, әлеуметтік, экономикалық, әскери, тарихи т.б.

«Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал, оның дамуы орта ғасырдан басталды: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше дарындылығы.

Кәсіпкер – бұл тәуекелге (риск) баратын адам. Тәуекелге бару үшін істелетін істі айқын талдап, қорытындысында не болатынын білген жөн.

Кәсіпкерлікпен айналысу үшін:

1. Экономикалық жағдай.

2. Әлеуметтік жағдай. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру үшін тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы керек. Олардың тауарға, қызметке деген талғамы, сұранысы болуы шарт. Әлеуметтік (социальное) жағдай әрбір адамның еңбекақы (зарплата) мөлшерімен байланысты.

3. Құқықтық жағдай. Ең бастысы, кәсіпкерлік істерді реттейтін заңдар болуы шарт. Оған мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, салық туралы заңдар, шағын орта бизнесті қолдайтын органдар т.б.

(Кәсіпкерлік негіздері, оқу құралы)

1-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Кәсіпкерлік дегеніміз не?

2. Кәсіпкерлік қай кезден бастап дами бастады?

3. Кәсіпкер адам қандай болуы керек?

4. «Тәуекелге бару» дегенді қалай түсінесіз?

2-тапсырма. Берілген сөздерді сөз тіркестеріне айналдырыңыз.

............... кәсіпкер, белсенді..............., тәуекелге баратын................, іскер............., тұтынушы...........................

Ойтүрткі.

1. Кәсіпкерлікпен айналысатын адам белсенді болуы керек.

Сіздің ойыңыз: __________________________________________

2. Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше дарындылығы.

Сіздің ойыңыз: __________________________________________

3-тапсырма. Екі бағанадағы сөздерді сәйкестендіріп, төмендегі үлгі бойынша толтырыңыз.

1. Кәсіпкерліктің ерекшелігі А) белгілі бір істі істей білу
2. Пайда Ә) дербестік және тәуелсіздік
3. Кәсіпкерлік дегеніміз Б) кәсіпорынның басты мақсаты
4. Кәсіпкерлік қабібілеттілік В) бұл тәуекелге баратын кісі
5. Кәсіпкерлікпен айналысу үшін Г) адамдардың ерекше дарындылығы
6. Кәсіпкер Ғ) экономикалық жағдай керек
           
А          

4-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударып, өз ойыңызбен толықтырыңыз.

1. Елдің болашақ тағдырын (квалифицированные) кәсіпкерлер (решают).

Сіздің ойыңыз:....................................................................

2. Кәсіпкер өз елінің (на процветание) аянбай жұмыс істейтін, өзінің де (выгоду) табатын, іскер азаматтар болуы керек.

3. Аш-жалаңаш (у народа) (предприниматель) де, халық та байымайды.

5-тапсырма. Тиісті жалғауларды қойыңыз.

1. Кәсіпкер өз ісі [-нің, -нде, -не] шын берілген және одан қанағат алу [-да, -ы, -ға] парыз.

2. Кәсіпкерлік [-тің, -пен, -ке] айналысу үшін бизнес-жоспар [-ы, -мен, -ды] болуы шарт.

3. Кәсіпкер пайда табу үшін қоғам [-ның, -ға, -мен] керекті тауарлар мен қызметтерді өндіру керек.

4. Кәсіпкер[-дің, -ге, -мен] басты мақсаты жұмсаған қаржысы [-мен, -на, -н] қосымша өсім алу.

6-тапсырма. Тіркестерді қазақ тіліне аударыңыз, сөйлем құрастырыңыз.

Малое предприятие, до понедельника, с бизнес-планом, от пользы, крупному предпринимателю, идти на риск, активность человека, особенности предприятия.

7-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.

1. Бұл, баратын, тәуекелге, кәсіпкер, кісі.

2. Кәсіпкер, істейтін, жұмыс, кісі, аянбай.

3. Тек қана, өз, уақытын, тәуекелге, іс қабілеттілігін, сонымен бірге қаржыларын, акционерлердің, салады, кәсіпкер, салмайды, тәуекелге.

4. Елде, кәсіпкер де, аш-жалаңаш, болмайды, халық та, байымайды.

5. Адамдардың, кәсіпкерлік, ерекше, қабілеттілік, таланттылығы.

8-тапсырма. Мына сөйлемдердегі ойды кеңейтіңіз.

Үлгі: Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу.

1. Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі ерекше ынталылықпен, жауапкершілікпен істей білу.

2. Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі ерекше ынталылықпен, жауапкершілікпен істей білу және сол істен мол пайда табу.

1. Елдің тағдырын кәсіпкерлер шешеді.

2. Өз елінің гүлденуіне жұмыс істейтін азамат болуы керек.

3. Кәсіпкерлікпен айналысу үшін жағдай керек.

9-тапсырма. Сөйлемді толықтырыңыз.

1. Кәсіпкер........................................................кісі.

2. Кәсіпкер........................................................адам.

3. Кәсіпкерлікпен айналысу үшін..........................................

4. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалыптастыру үшін.................................... болуы шарт.

5. Кәсіпкер.............................................................................. қанағат алуы парыз.

10-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақ кәсіпкері қандай болуы керек?

2. Кәсіпкер (неге?) белсенді араласып, жағдай жасауы керек.

3. Кәсіпкерлікті дамыту үшін (нені?) дамыту керек және (неге?) көңіл бөлу қажет.

4. Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан (кімнің?) белсенділігі және іскерлігі.

5. кәсіпкерлік қабілеті бар қоғам құру үшін бірінші, (не?), екінші, (не?) қажет.

11-тапсырма. «Егер де мен кәсіпкер болсам....» тақырыбына шығарма жазып келіңіз.

15-сабақ

Лексикалық тақырып: Әлемнің ең бай адамдары

Әлемдегі ең бай адам – Билл Гейтс – кәсіпкер

Байлық..... Иә, ол кімдерді қызықтырмаған дейсіз. Адамзат тарихында соғыстың үлкені осының жолында болған. Кешегі әлемнің жартысын жаулап алған Шыңғыс хан мен Напалеонның көкірек көздерінде байлықтың жалқын сәулесі жатпады дегенге ешкім сене қоймас.

Қазір әлемдегі ең бай адамдар кімдер? Олар мұндай дәрежелерге қалай, қайтіп қол жеткізді? Осы сұрақтарға жауап бермес бұрын миллиардерлердің бірі Билл Гейтстің өмір жолына қысқаша тоқтала кетейік.

Сонымен, әлемнің ең бай адамы Билл Гейтс АҚШ-тың Сиэтл қаласында 1955 жылы дүниеге келген. Жастайынан математика ғылымының білгір маманы болуды армандаған ол, небәрі 15 жасынан бастап кәсіпкерлікпен айналысқан. Гейтс ең алғашқы еңбек жолын «көше қозғалысын қадағалау» қызметінен бастапты. Одан кейін бизнестегі бастамасы сәтті болып, оған 20 000 доллар пайда әкелді. Содан соң жас кәсіпкер өзі ашқан технологиялық еңбектерін жарыққа шығару үшін «ТрофоДэита» деп аталатын компания құрды.

1975 жылы Гарвардта оқып жүрген Гейтс пен оның досы Алленге «МІТS» компаниясының әуесқойлары компьютер бағдарламаларын жасауға ұсыныс білдіреді. Олар бағдарламаны жасап шығару жолында тәулік бойы 18 сағат үздіксіз жұмыс істеді. «Майкрософт» жөніндегі идеяның іргетасы дәл осы кезден бастап қаланады. Ерен еңбектің арқасында небәрі 7-8 жылдың ішінде «Майкрософт» операциялық жүйелер мен компьютерлер технологиясының дара көшбасшысына айналып үлгерді.

Билл Гейтс қандай бәсекеде болсын қарсыластарын жеңіп, көздеген мақсатына жетпей, тоқтамайтын жан. Мәселен, «Майкрософт» бағдарламасының алғашқы кезеңінде сол кездегі басты бәсекелесі болып саналатын DOS-ты құрған «АйБиЭм-ді» (IBM) басып озу үшін 21 сағат бойы үздіксіз қызмет істеп, небәрі 3-ақ сағат ұйықтаған. Сөйтіп, таңнан таңға жұмыс жасаудың нәтижесінде «Майкрософттың» 1992 жылғы жеке қорындағы қаржысы 7,4 миллиард долларға бір-ақ көтерілген.

Компьютер ХХ ғасырдың ғаламат жетістігі. Ол адамзат баласының жұмысын 70% (пайызға) жеңілдетті. Содан болса керек, кез-келген қызметкер онымен жұмыс жасауға мүдделі болып отыр.

«Менің бар арманым жердің әр тұрғыны үшін жеке компьютер жасап шығару»,- дейді бірінші миллиардер.

(«Астана» журналы, шілде-тамыз 2006)

Лексика – грамматикалық тапсырмалар

1 – тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз.

2-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Билл Гейтс қандай адам?

2. Ол қашан, қай жерде дүниеге келді?

3. Билл өз мақсатына жету үшін не істеді?

4. Билл Гейтс жастайынан кім болуды армандады?

5. Билл Гейтстің арманы не?

16-сабақ

Лексикалық тақырып: Бәсекеге қабілетті тауар өндіру

Ойтүрткі.

1. Бәсекеге қабілетті тауар шығару үшін кәсіпорынға не қажет?

Сіздің ойыңыз: 1. ______________________________________

2. ______________________________________

3. ______________________________________

Мемлекетімізде тиімді нарықтық экономика құруда, бәсекелестік ортаның қалыптасуында шағын және орта бизнестің маңызы өте зор.

Әлеуметтік тәжірибенің көрсетуінше, шағын және орта бизнес нарықтық экономикаға тез және тиімді әсер етеді. Өндірістік өнімнің өсу қарқыны халықтың жалпы сұранысымен тығыз байланысты. Тауардың белгілі бір нарықта қарқынды өтуі үшін ол бәсекелестікке қабілеті жоғары тауар болып, сапасы бекітілген стандартқа сәйкес келуі керек.

Бәсекелестікті жеңіп, басып озу үшін, осы заманға сай, бәсекелестік қабілеті жоғары тауар (өнім) шығару керек.

Бәсекелестікке қабілеті жоғары тауар шығару мыналардан тұрады:

- қосымша пайда түсіретін тауар жасау идеясын қалай, қайдан алу, іздеу;

- ол үшін нарықты зерттеу (ерекшелігін, қаншалықты қажеттілігін, ассортиментін, қасиетін, пайдасын);

- өндіру (аз шығынды қолайлы өндіріс);

- тиімді баға белгілеу;

- жарнама (тауар жөнінде ақпарат, тұтынушыны ынталандыру, сатып алуды жеңілдету, сыйлықтар, конкурстар, т.б.);

Бәсекелестік қабілеті жоғары тауар жасау тиімділігі тұрақты пайда мен тұрақты сұранысты қамтамасыз етеді.

Бәсекелестікке қабілеті жоғары тауар құру   → Идея жасау
  →
Нарықты зерттеу

↑ қанағаттанарлықсыз ↓

Жоспарланған табыс деңгейі   → Қосымша табыс табу   → өндіру

↑ қанағаттанарлық ↓

Өткізу   ← Жарнама   ← Баға белгілеу

1-тапсырма. Көрсетілген сурет бойынша кәсіпорынның мақсат-міндетін әңгімелеп беріңіз.

2-тапсырма. Белгілі бір өнім шығаратын кәсіпорын менеджері ретінде өз идеяларыңызды ортаға салыңыз (суреттегі көрсетілген тәртіппен).

3-тапсырма. Мәтінді бірнеше абзацқа бөліп, ат қойыңыз.

4-тапсырма. Керекті жалғауларды жалғаңыз.

1. Шағын және орта бизнес нарықтық экономика... тез және тиімді әсер етеді.

2. Тауар.... белгілі бір нарықта қарқынды өту.. үшін ол бәсекелестік... қабілеті жоғары тауар болуы керек.

3. Өндірістік өнім... өсу қарқыны халық.... жалпы сұранысы.... тығыз байланысты.

4. Бәсекелестік... жеңу үшін, бәсекелестік қабілет... жоғары тауар шығару керек.

5-тапсырма. Екі қатардағы сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

1) Кәсіпорынның қосымша пайда табуы үшін   А) халықтың жалпы сұранысымен тығыз байланысты.
2) Бәсекелестік қабілеті жоғары тауар жасау тиімділігі   Ә) жаңа бәсекелестікке қабілеті жоғары тауар шығару керек.
3) Тауардың белгілі бір нарықта қарқынды өтуі үшін     Б) осы заманға сай, бәсекелестік қабілеті жоғары тауар шығару керек.
) Өндірістік өнімнің өсу қарқыны В) ол бәсекелестікке қабілеті жоғары тауар болып, сапасы бекітілген стандартқа сәйкес келуі керек.
5) Бәсекелестікті жеңіп, басып озу үшін,   Г) тұрақты пайда мен тұрақты сұранысты қамтамасыз етеді.

6-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.

1. Әлеуметтік тәжірибенің (по показаниям). шағын және орта бизнес (рыночной экономике) тез және тиімді әсер етеді.

2. Бәсекелестерді (опередить) үшін, осы заманға сай тауар шығару керек.

3. Өнімнің (интенсивный) өсуі халықтың (спросом) тығыз байланысты.

7-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

17 - сабақ

Лексикалық тақырып: Жарнама.

1-тапсырма. Тақырыпқа қатысты тірек сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз, мысал келтіріңіз. Кестені толықтырыңыз.

Тірек сөздер мен сөз тіркестері

(қандай?) (ненің?)
  маңызды (важный) қызықты (интересный)   психологиялық эмоционалдық   кәсіптік деңгейде (на профессио-нальном уровне) орындалған     мәлімет, ақрапат (информация)     әсер (влияние)     жарнама     тауардың   жарнаманың     бәсекенің   тұтынушылардың   баға(сы) сапа(сы) (качество) .................   идеясы сәтті сценариі   пайда болуы   талғамы
(не істеу?) (қалай әсер ету?)  
  мәліметтерді жарнаманы жарнаманы   талғамын (вкус, предпочтение)   жеткізу жасау көрсету   қалыптастыру   психологиялық эмоциялық ...................     әсер ету  
(неге әсер етеді?)
бәекенің пайда болуына   сұраныс пен ұсыныс жасауға     әсер етеді

2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Жарнама дегеніміз – белгілі бір тауардың сапасы, бағасы, қызметі, қасиеті туралы ақпарат. Жарнама сатып алушылардың санасы мен назарына тауарлар мен қызметтер туралы маңызды мәліметтерді жеткізу үшін көркем көрсетілген нысанда қысқа және нұсқа түрінде ұсынылады. Жарнама сұраныс пен ұсыныс жасауға, бәсекенің пайда болуына әсерін тигізеді. Қазіргі қоғам экономикасындағы жарнаманың маңызы өте зор. Себебі ол – бюджетті толтырудың бір түрі. Сонымен қатар, жарнама мәдениет пен өнердің бір бөлігі болып табылады. Жоғары кәсіптік деңгейде орындалған жарнама туындылары адамдардың жақсы талғамын қалыптастырады, рухани және сезім әлеміне әсерін тигізеді. Идеясы, көркемдігі, сәтті сценариі, стилі тұрғысынан үйлесімді жарнама адамға ерекше психологиялық және эмоциялық әсер етеді.

Жарнаманы жарнама агенттігіндегі суретшілер, редакторлар, дизайнерлер, психологтар, операторлар сияқты шығармашылық топ жасайды.

3-тапсырма. Мәтінді абзацтарға бөліңіз, ат қойыңыз.

4-тапсырма. Мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап іздеңіз.

1. Жарнама дегеніміз не?

2. Жарнама не үшін қажет?

3. Жарнама неге әсер етеді?

4. Қазіргі қоғам экономикасында жарнаманың маңызы қандай?

5. Жарнама агенттігінде кімдер жұмыс істейді?

5-тапсырма. Керекті жалғауларды қойыңыз.

1. Жарнама дегеніміз – белгілі бір тауар...... сапа...., баға...., қызмет..., қасиет.. туралы ақпарат.

2. Жарнама мәдениет пен өнер....... бір бөлі.... болып табылады.

3. Жарнама бәсеке..... пайда болу.... әсерін тигізеді.

4. Жарнама..... жарнама агенттігі..... шығармашылық топ жасайды.

5. Жарнама адамдар.... жақсы талғам.... қалыптастырады.

6-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.

1. Жарнама дегеніміз -....................... сапасы, бағасы, қасиеті туралы............

2............... жарнама адамға ерекше...................... әсер етеді.

3. Қазіргі қоғам экономикасындағы................. маңызы...............

4. Жарнама сатып алушылардың................. тауарлар мен қызметтер туралы маңызды мәліметтерді жеткізу үшін керек.

7-тапсырма. Мәтінді жоспарлы түрде мазмұндаңыз.

18-сабақ

Лексикалық тақырып: Жарнаманың тарихи кезеңдері

1-тапсырма. Тақырыпқа қатысты тірек сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз, мысал келтіріңіз. Кестені толықтырыңыз.

Тірек сөздер мен сөз тіркестері

(қандай?) (кімнің? ненің?)
  жарнамалық ................ тарихи ............   әртүрлі оқиғалар жазылған   ежелгі .............. қолөнер ................     тәжірибе (опыт)   құжат (документ)     маңдайша     тұрғын (житель)   шебері     қолөнер шеберлерінің   жарнаманың жарнаманың жарнаманың   тауар ..................       даңқ (ы) ............   даму орталығы түрі көркеюі (процветание)     белгілері
(нені?) (не істеген?)
  .............. .............. .............. ............. .............   ................ ............... ............... .................. ....................     маңдайшалар (ды) құлақтандырулар () тауарлар (ды) ..................... шың-құздарды .........................   тапқан   ілген   мадақтаған () әшекейлеген ()

19-сабақ

Лексикалық тақырып: Жарнаманың тарихи кезеңдері

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Жарнаманың тарихи кезеңдері

Жарнамалық тәжірибе туралы ең алғаш рет жазба тарихи құжаттарда айтылған. Жерорта теңізі елдерінде жүргізілген қазба жұмыстарында археологтар әртүрлі оқиғалар және хабарландырулар жазылған маңдайшаларды тапқан. Римляндар гладиатор сайыстары жөнінде қабырғаларға құлақтандырулар ілген, ал финикийстер әртүрлі салтанатты шерулер кезінде шың-құздарды суреттермен әшекейлеп, онда өз тауарларын мадақтаған. Помпейдің жарына жазылған суреттемелерде бір саясаткерді мадақтап, соған дауыс беруге шақырған. Афинаның ежелгі тұрғындарына арналған «жарнама өлеңінде» былай делінген: «көзіңіз жарқырасын, бетіңіз қызғылттансын, әдемілігіңіз ұзақ сақталсын, есті әйел косметиканы дұрыс бағамен сатып алады».

Ертеректегі жарнаманың тағы бір түрі қолөнер шеберлерінің өз тауарларына (қыш ыдыстары, т.б.) салған таңбалары. Қолөнер шеберінің атағы тараған сайын, сатып алушылар оның таңбасы салынған тауарды іздейтін болған. Қазіргі кездері осы мақсаттарда тауар белгілері және маркалары пайдаланылады.

Бірінші баспа түріндегі жарнама 1478 жылы ағылшын тілінде жарық көрді. Осы кезеңнен бастап жарнаманың даму орталығы Ұлыбритания болды. Кейіннен жарнаманың жоғары сатылы көркеюі АҚШ-қа ауысты. Американдықтар жарнаманың әкесі ретінде Бенжамин Франклинді атайды. Оның 1729 жылы шығарған «Газет» газеті жарнамаларды басу көлемі мен таралымы жөнінен жоғары көрсеткішке жеткен. Нью-Йорктің орталық көшелерінің бірі Медисон – авенюде ірі жарнама агенттіктерінің штаб-пәтерлері орналасқан. Ол жерде 30 мыңға жуық адам жұмыс істейді. АҚШ-та жарнама агенттігі жоқ қала кездеспейді.

(Ф. Котлер «Маркетинг негіздері» кітабынан)

3-тапсырма. Мәтінді абзацтарға бөліңіз, ат қойыңыз.

4-тапсырма. Мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап іздеңіз.

1. Ең алғашқы жарнамалық тәжірибелер қай жерден табылды?

2. Жерорта теңізі елдерін зерттеген археологтар не тапты?

3. Жарнама баспа түрінде қай мемлекетте пайда болды?

4. Американдықтар «жарнаманың әкесі» деп кімді атайды?

5- тапсырма. Керекті жалғауларды қойыңыз.

1. Римляндар гладиатор сайыстар.... жөнінде қабырғалар... құлақтандырулар ілген.

2. Медисон – авеню..... ірі жарнама агенттіктер......... штаб-пәтерлері орналасқан.

3. Жарнама.... жоғары сатылы көркею.. АҚШ...... ауысты.

4. Жерорта теңізі елдері... жүргізілген қазба жұмыстар.... археологтар әртүрлі хабарландырулар жазылған маңдайшалар.... тапқан.

6-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.

1............................. ең алғаш рет жазба тарихи құжаттарда айтылған.

2. Жерорта теңізі елдерінде жүргізілген қазба жұмыстарында археологтар............... тапқан.

3. Бірінші баспа түріндегі жарнама.................. ағылшын тілінде жарық көрді.

4. Американдықтар жарнаманың әкесі ретінде........................ атайды.

5.......................... 30 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

7 – тапсырма. Асқармен сұхбаттасыңыз.

Асқар: – жарнама дегеніміз не?

Сіз: –.......................................................................

Асқар: – жарнаманың тарихи қай кезеңнен басталады?

Сіз: -....................................................................................

Асқар: Ең алғашқы баспа түріндегі жарнама қайжерде пайда болды?

Сіз:.......................................................................................

8-тапсырма. Мәтінді жоспарлы түрде мазмұндаңыз.

20-сабақ

Лексикалық тақырып: Жарнама, оның түрлері

1-тапсырма. Тақырыпқа қатысты тірек сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз, мысал келтіріңіз. Кестені толықтырыңыз.

(қандай?) (кімнің? ненің?)
радио теле баспасөздегі   жарнамалық   жарнама   кәдесыйлықтар (сувениры)     аудиторияның   көлемі (объем) құрамы (состав) көзқарасы (взгляд)
(нені?) (не істеу?)
  жарнаманы       жариялау     тұтынушыға ....................   жеткізу ......................  

2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Тұтынушыға жарнама әртүрлі құралдар арқылы жетеді. Олар: баспасөздегі жарнама, радиожарнама, тележарнама, көліктегі жарнама, жарнамалық кәдесыйлықтар.

Жарнама маманы жарнама құралының ең тиімдісін таңдап алуы қажет. Жарнама құралдарын таңдауға аудиторияның көлемі мен құрамы, тауардың түрі және жарнама бағасы әсер етеді.

Мысалы, сән киімдерін журнал беттерінде, ал жасөспірімдерге арналған жарнаманы теледидар мен радио арқылы берген дұрыс болады. Мысалы, «Крестьянка» журналында жарияланған әртүрлі хабарландырудың бір беті 5000 АҚШ доллары болса, ол журнал оқырмандарының саны 500 мың адамнан тұрады, сонда мың адамға шаққандағы жарналық бағасы 10 АҚШ доллары болады. Республикалық радио мен теледидарда жарнама бағасын есептеуде секундтар қолданылады. Теледидар жарнамасы үшін ең тиімді уақыт – көрсетілген хабардың басы мен ортасы болып табылады. Сондықтан жарнама берушілер оны бағдарлама көрсетілген уақыт аралығында орналастыруға ұмтылады.

«ОРТ Еуразия» арнасына тек қана ірі фирмалар ғана жарнама бере алады. Өйткені 1 минуттық роликтің құны 1000-нан 35000-ға $ дейін жетеді. «Қазақстан-1», «Хабар», «Рахат» т.б. арналарда – 500-ден 1100 доларға дейін болады.

3-тапсырма. Мәтіннен мына сұрақтарға жауап іздеңіз.

1. Жарнаманың қандай түрлерін білесің?

2. Жарнама маманы нені ескеруі қажет?

3. Жарнама құралын таңдауға не әсер етеді?

4-тапсырма. Керекті жалғауларды қойыңыз.

1. «ОРТ Еуразия» арнасы... тек қана ірі фирмалар ғана жарнама бере алады.

2. Сән киімдерін журнал беттері.... жарнамалаған дұрыс.

3. Жарнама құралдар..... таңдау... аудиторияның көлем... мен құрам..., тауар... түр... және жарнама баға.... әсер етеді.

5-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.

1. (Потребителю) жарнама әртүрлі құралдар арқылы жетеді.

2. Жарнама маманы жарнама құралының (самую выгодную) таңдап алуы қажет.

3. «Крестьянка» журналында (опубликованные) әртүрлі хабарландырулар.

4. Теледидар мен радио арқылы (для подростков) жарнаманы берген дұрыс болады.

5. Жарнама құралдарын таңдауға тауардың түрі және жарнама бағасы (влияет).

6-тапсырма. Жарнама агенті ретінде мақал-мәтелдердің бірін таңдап алып, белгілі бір нәрсені жарнамалауға пайдаланыңыз.

1. Компьютерлік техника 1. Елу жылда ел жаңа

2. Тұрмыстық техника 2. Темірді қызған кезде соқ

3. Тағам түрлері 3. Өз үйім - өлең төсегім

4. Үй немесе пәтер 4. Ас – адамның арқауы

5. Көлік түрлері 5. Өнерлі өрге жүзер

6. Қызмет түрлері 6.

7. Әр түрлі. 7.

7-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Жарнамаға сіздің көзқарасыңыз қандай?

2. Астана қаласының көшелеріндегі жарнамалар туралы не айта аласыз?

3. Жарнама не үшін қажет?

8-тапсырма. Өзіңізге ұнайтын белгілі бір тауарды жарнамалаңыз.

20-сабақ





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2412 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.054 с)...