Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Р қылмыстық құқығы



Қылмыстық құқық — қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң нормаларының жиынтығынан тұратын құқық саласы. Сондай-ақ құқықтың тиісті саласын зерделейтін ғылым мен оқу пәні де Қылмыстық құқық болып табылады. ҚР Қылмыстық құқықының негізгі қағидаттары: заңдылық, ізгілік, жеке бастың жауаптылығы, жазадан құтылмайтыны, әділеттілік, айыптылық қағидаты. Қылмыстық құқықҚылмыстық құқық қоғамдағы конституциялық, азаматтық, еңбек, әкімшіліктік, қаржы салаларымен реттелетін қатынастарды қорғайды. Мысалы, меншік, ең алдымен, азаматтық құқық нормаларымен реттеліп, қорғалады, бірақ меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан (ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық) қорғау Қылмыстық құқықтың міндетіне жатады. Қылмыстық-құқықтық нормалар тек қана тыйымдардан құралады. Осыған орай қылмыстық-құқықтық қатынастар бір жақты сипатта болады: қылмыскер жазаға тартылуға тиіс, ал мемлекет сот органдары арқылы оны жазалауға құқылы.[1]

Қылмыстық құқықта қоғамдық қатынастарды қорғаудың ерекше әдістері де қолданылады. Олар: қылмыстық-құқықтық санкциялар, яғни қылмыстық жазаның алуан түрлерін қолдану; қылмыстық жауаптылықтан босату; мед. сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану.

Қылмыстық құқық жүйесі екі бөлімнен тұрады: жалпы бөлім және ерекше бөлім. Жалпы бөлім жалпы қағидаттарды, қылмыстық жауаптылықтың негіздемесін, негізгі ережелер мен ұғымдарды, сондай-ақ жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату тәртібін тиянақтайтын нормалардан құралады. Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімі объектінің белгілері бойынша жіктелген қылмыстардың тізбесінен тұрады. ҚР Қылмыстық кодексінде ерекше бөлім ішкі бөлімдерге, ал ішкі бөлімдер тарауларға бөлінген.

Қылмыстық құқық субъектілері (қылмыстық-құқықтық қатынастарға қатысушылар) — мемлекет органдары және азаматтар. Мұнда мемлекет белсенді рөл атқарады: ол қылмыстық-құқықтық санкцияларды белгілейді және қолданады. Азаматтар мен басқа да жеке тұлғалар қылмыс субъектісінің, сондай-ақ қажетті қорғаныс, аса қажетті жағдайда және қылмыстық жауаптылықты жоққа шығаратын басқа да жағдайларда әрекет ететін тұлғалар рөлін атқаруы мүмкін. ҚР Қылмыстық құқық-ында заңды тұлға қылмыс субъектісі бола алмайды, ол қылмыстық-құқықтық қатынастарға тек жәбірленуші ретінде ғана қатысады. Қазақстанда Қылмыстық құқықтың бірден бір көзі — 1997 ж. қабылданған ҚР Қылмыстық кодексі. Қылмыстық жауаптылықты белгілейтін, өзгертетін немесе оның күшін жоятын басқа заңдардың бәрі ҚР Қылмыстық кодексінің мәтініне енгізілуге тиіс. Сондай-ақ ҚР Конституциясы, ҚР Конституц. Кеңесінің (кей елдерде Конституциялық сот) шешімдері және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар (мысалы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықараралық пакт, 1966) да Қылмыстық құқық көздері болып табылады. Кейбір елдерде қылмыстық кодекспен қатар қылмыстық жауаптылықты белгілейтін өзге де заңдар Қылмыстық құқық көзі болып табылады. Ағылшын-саксон елдерінің Қылмыстық құқық жүйесінде соттың айрықша шешімдері де Қылмыстық құқық көздері деп танылады. Бірқатар мұсылман елдерінде шариат нормалары Қылмыстық құқықтың аса маңызды көзі болып саналады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 585 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...