Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Факультеттің әдістемелік кеңесінде қарастырылды

Л-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БЕКІТІЛДІ

Факультеттің Ғылыми Кеңесінің отырысында

Хаттама «___» _______________ 2014 ж.

Декан __________________ Давлетов А.Е.

«____» ____________ 2014 ж.

БАКАЛАВРИАТ «5B011000 - ФИЗИКА» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША

МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН БОЙЫНША БАҒДАРЛАМА

АЛМАТЫ 2014 ж.

«5B011000 ­– Физика» мамандығы бойынша бағдарлама ҚР Мемлекеттік Жалпы Білім беру стандартына сәйкес профессор д.ф.-м.н., Архипов Ю.В., к.ф.-м.н. Габдуллина Г.Л., оқытушы Еримбетова Е.Л., аға оқытушы Таирова Н.Н. құрастырған.

Бағдарлама плазма физикасы және компьютерлік физика кафедрасының мәжілісінде қарастырылды

Хаттама № ___ «___» _________________ 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі __________________ Архипов Ю.В.

Факультеттің әдістемелік Кеңесінде қарастырылды

Хаттама № ___ «___» _________________ 2014 ж.

Әдістеме бөлімнің төрайымы ______________ Габдуллина Г.Л.

Казақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес «5B011000 – Физика» мамандығы бойынша бакалавриаттың бiлiм беретiн бағдарламасын игеру мемлекеттік емтиханның өткiзілуi және дипломдық жұмысын қорғауы енетін қорытынды мемлекеттiк сараптаумен аяқталады Қорытынды мемлекеттiк сараптауға бакалавриаттың оқу жұмыс жоспары мен бiлiм беру бағдарламасының талаптарына сәйкес білім беру процесін аяқтаған студенттер жіберіледі.

Мемлекеттік емтихан мамандық бойынша академиялық күнтізбеде және оқу жұмыс жоспарында көрсетілген мерзімде, дипломдық жұмысын қорғаудан 1 ай бұрын өткізіледі.

Мемлекеттік емтихан бакалавриатураның білім беру бағдарламасының базалық циклдің міндетті компонент пәндері мен элективті пәндерді қосады.

Мемлекетік емтиханды сәтті тапсырған студент дипломдық жұмысын қорғауға жіберіледі.

Қанағаттанарлықсыз баға алған студент мемлекеттік емтиханды тек келесі қорытынды аттестация уақытында қайта тапсыра алады.

1. Негiзгi пәннiң мазмұнына негiзгi талаптар:

Студент білу керек:

– вакуумдағы, өткізгіштерге және диэлектриктерге электромагниттік әсерлесулері туралы білу керек, осы орталар үшін электр және магнит өрістері бойынша есептерді шығаруға білу керек;

– молекула-кинетикалық теория негіздері және жылу процесстерді негіздері бойынша түсінігі болу керек;

– дене және денелер топтары қозғалып зерттеу үшін гамильтонды формализм әдістерін тәжірибеде қолдана білу керек.

2 Кәсіби пәннiң мазмұнына негiзгi талаптар:

Студент білу керек:

– ғылыми зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеу әдістерімен дағдылану;

– физиканы оқыту барысында студенттерге қазіргі заманғы педагогикалық

технологияларды қолдану арқылы материалдарды көрсете білу;

– техникалық қауіпсіздік мәселелері бойынша компетентті болу.

3. Міндетті пән бойынша емтихан сұрақтары:

«Электр және магнетизм»

1. Элементар заряд және оның инварианттылығы.

2. Зарядтың сақталу заңы.

3. Тұрақты электр өрісі. Кулон заңы.Кулон заңының өрістік интерпретациясы. Гаусс теоремасы. Кулон заңының дифференциалдық түрде тұжырымдалуы.

4. Электростатикалық өрістің потенциалдығы. Электрстатикалық өрістегі жұмыс. Скалярлық потенциал.

5. Лаплас және Пуассон теңдеулері. Зарядталған цилиндрдің ішіндегі және сыртындағы электр өрісінің кернеулігін есептеу.

6. Өткізгіштердегі электрстатикалық өріс. Өткізгіш маңындағы электр өрісінің пайда болу механизмі.

7. Электстатикалық өріс. Диполдің өрісі.

8. Диэлектриктердегі электрстатикалық өріс. Диэлектриктердің поляризациялануының молекулалық бейнесі. Поляризацияның электр өрісіне әсері. Байланыстағы зарядтар.

9. Диэлектриктердегі электрстатикалық өріс үшін Гаусс теоремасы.

10. Шекаралық шарттар. Ығысу векторы, диэлектриктік өтімділік.

11. Электрстатикалық өріс энергиясы. Дискретті зарядтар жүйесінің өзара әсерлесу энергиясы.

12. Электр өрісі энергиясының тығыздығы.

13. Сызықты тізбектер. Кирхгоф ережелері. Тұтас ортадағы токтар.

14. Электрөткізгіштік. Металдардағы ток тасымалдаушылардың табиғаты. Толмен және Стюарт тәжрибелері.

15. Жартылай өткізгіштердің электрөткізгіштігі. Жартылай өткізгіштер жапсарының түзеткіштік әсері.

16. Жартылай өткізгішті диод және транзистор.

17. Ампер заңы. Лоренц күштері.

18. Магнит өрісі күш сызықтарының тұйықтық шарты. Магнит өрісі индукция векторы туралы теорема. Ток заңы, оның дифференциалдық түрі. Магнит өрісінің құйындылығы.

19. Магнетиктердегі өріс. Магнит өрісі векторлары үшін шекаралық шарттар.

20. Электрмагниттік индукция құбылысы. Фарадейдің электрмагниттік индукция заңы, оның интегралдық және дифференциалдық түрлері.

Негізгі пән бойынша пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Бәйімбетов Ф.Б., Рамазанов Т.С. Электр және магнетизм. – Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 199 б.

2. Ахметов Е.А. Жалпы физикалық практикум. Электр және магнетизм: оқу құралы / Е.Ахметов, Ф.Б.Бәйімбетов,.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2006.- 181, [1] б.

3. Матвеев А.Н. Электричество и магнетизм. - М.: Высшая школа, 1993 (1989). – 463 с.

4. Сивухин Д.В. Общий курс физики, Т.3 Электричество и магнетизм. - М.: Высшая

5. школа, 1983 (1985). – 687 с.

6. Парселл Э. Берклеевский курс физики, Т.2. Электричество. - М.: Наука, 2005. – 439 с.

7. Иродов И.Е. Основные законы электромагнетизма. - М.: Высшая школа, 1991.,2006 – 203 с.

Қосымша әдебиет:

1. Фейнман Р., Лейтон Р., Сэндс М. Фейнмановские лекции по физике. Т.5, Т.6 –М.: Мир, 1976.

2. Калашников С.Г. Электричество. –М.: Наука, 1985. – 592 с.

3. Ақылбаев Ж.С., Ермағанбетов Қ.Т. Электр және магнетизм. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2003. – 480 б.

4. Абдуллаев Ж. Физика курсы. – Алматы: Кітап, 1994.

5. Савельев И.В. Жалпы физика курсы. Т.2. Электр және магнетизм. –Алматы: Мектеп, 1977.

6. Трофимова Т.И. Курс физики. – М.: Высшая школа, 2002.

7. Бәйімбетов Ф.Б., Аймауытов Д., Құрманбеков А. Физика есептері (Электр және магнетизм). – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 216 б.

4. Кәсіби пән бойынша емтихан сұрақтары:

«Физиканы оқыту әдістемесі»

1. Физиканы оқыту теориясы мен әдiстемесiнiң пәнi. Педагогика және дидактика. Оқыту функциялары.

2. Физика және астрономия пәні. Физика және астрономия пәнi мазмұнының құрылымы.

3. Әдiстеменiң негізгі мiндеттерi. Физика және астрономияны оқыту әдiстемесiнiң интегралдық сипаты.

4. Физика және астрономияны оқыту әдiстерi. Оқыту әдiстерiнің түрлері.

5. Физика және астрономияны оқытудың дидактикалық принциптерi.

6. Педагогикалық заңдылықтардың статистикалық мәні.

7. Физика және астрономияны оқытудың қарқындату әдістері. Физиканы оқыту кезіндегі тiрек белгiлер, қайшылық кезеңдер, құрылымдық-логикалық жүйелер.

8. Оқыту әдiстерiнiң ғылыми негiздерi. Әр әдіске мысалдар келтіріңіз.

9. Физика сабақтарын жоспарлау. Оқу жоспарлары. Оның негізгі баптары.

10. Күнтізбелік жоспарды құрастыру жолдары.

11. Жаңа материал сабағының мақсаты мен ерекшелігі. Жаңа материалды түсіндіру сабақ жоспарының жолдары.

12. Физикалық оқу экспериментiнiң түрлерi. Физика кабинетiне қойылатын талаптар.

13. Физика пәні бойынша жаттығу сабағы. Физикалық есептердің топтары және шығару әдістері.

14. Физика есептерін алгоритмдік амалмен және компьютердің жәрдемімен шығару.

15. Факультатив сабақтарының түрлері.

16. Физика және астрономия бойынша бiлiмдi, бiлiктiлiктi, дағдыны бақылау және тексеру. Баға мен рейтинг баллдарының мәні. Білімді бағалаудың иерархиялық сүлбесі.

17. Бiлiмдi бағалайтын көп сатылы сүлбенiң негiзгi қағидалары. Конкурстық тестілердің нәтижесін информациялық энтропиясын есептеу арқылы өңдеу.

18. Физикалық ұғымдардың әдістемелік тұрғыда талдау сатылары. Мысал ретінде қандай да бір физикалық ұғымды талдаудан өткізіңіз.

19. Кинематиканың негiзгi ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі.

20. Механика курсының негiзгi ұғымдарын қалыптастыру әдiстемесi. Масса, күш түсініктері.

21. Ньютонның қозғалыс заңдарын түсіндіру әдістемесі.

22. Механикада сақталу заңдарын оқыту әдістемесі, олардың кеңістік және уақыттың қасиеттерімен байланысы.

23. Молекулалық физика курсының әдiстемелiк мәселелерi. Моль, температура түсініктерін қалыптастыру әдістемесі.

24. Дедукция және индукция әдісімен идеал газ күйінің теңдеуін қорыту.

25. Ішкі энергия, жылу мөлшері, жұмыс – термодинамикалық ұғымдарды әдістемелік талдау.

26. «Электр өрісі» тақырбындағы негізгі ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі. Электр заряды, электр өрiсi, кернеулiк, потенциал түсiнiктерiн қалыптастыру әдістемесі.

27. «Электрдинамика» курсының түсініктерін қалыптастыру сұрақтары. Электрлік өріс, магниттік өріс, индукциялық ток түсініктері.

28. «Әр түрлі ортадағы электр тоғы» тақырыбын түсіндірудің әдістемелік ерекшеліктері. Металл, шала өткізгіш, вакуум, сұйық және газдардағы электр тоғы.

29. Оптика бөлімінің негізгі тараулары. Интерференция және дифракция кұбылыстары. Арнайы тәжірибелер.

30. Геометриялық оптиканың кейбір қиын ұғымдарын түсіндірудің әдістемесі. Жарық сәулесі, жорамал кескін, оптикалық құралдар.

31. Тербеліс пен толқындар теориясының әдістемелік сұрақтары. Табиғаты әр түрлі тербелістер мен толқындард біріктіріп оқытудың тиімді тәсілдері.

32. Еркін механикалық тербелістер түсінігін қалыптастыру. Математикалық маятник.

33. Еріксіз механикалық тербелістер түсініктерін қалыптастыру. Резонанс құбылысы.

34. Электромагниттік толқын ұғымын қалыптастыру әдістемесі. Тербелмелі контур.

35. Кванттық физика курсының түсініктерін қалыптастыру сұрақтары. Жарықтың толқындық қасиеті. Жарықтың кванттық қасиеті.

36. "Атомдық ядро" бөлімінің түсініктерін қалыптастыру ерекшеліктері.

37. Атом ядросы бөлiмiнiң мазмұнына әдiстемелiк талдау. Байланыс энергиясы.

38. Элементар бөлшектер физикасының ұғымдарын қалыптастыру. Орнықты элементар бөлшектер, антибөлшектер, кварктар.

39. Астрономияның негізгі бөлемдерін оқыту ерекшіліктері. Сфералық астрономия, астрофизиа, космогония және космология.

40. Астрономдық заңдар мен теориялар. Кеплер заңдары.

Әдебиеттер:

Негiзгi әдебиет:

  1. Жаңабаев З.Ж., Тынтаева Ш.Б., Жолдасова Х.Б. Физиканы оқыту әдiстемесi, Алматы, 2002, 119 б.
  2. Кудайкулов М., Жанабергенов К. Орта мектепте физиканы оқыту әдiстемесi, Алматы, 1998, 310 б.
  3. V11 - X1 сыныпқа арналған физика және астрономия бойынша мектеп оқулықтар мен оқу құралдары.
  4. Орта мектептің 6-7 кластарында физикадан жасалатын демонстрациялық тәжірибелер / А. А. Покровский (ред. басқ.) ж/е т. б., Ауд. У. Уақасова ж/е т. б.- Орыс тілінде өңд., толықт. 2-ші бас.- Алматы: Мектеп, 1979.- 272 б.
  5. Физический эксперимент в средней школе. И.П. Шахмаев, Н.И. Павлов, В.И. Тыщук.–М. Просвещение,1991.
  6. Обьядков Е.С. Ученический эксперимент на уроках физики..–М. Просвещение,1996.

Қосымша әдебиет:

  1. Журналдар: «Квант», «Информатика, физика, математика»

2. Жанабаев З.Ж., Мукушев Б.А. Синергетика в педагогике, Алматы, 2002, 127 с.

3. Демонстрационные опыты по физике в 6–7 классах / ред. А.А. Покровского / –М., 1970.

4. Учебное оборудование по физике в средней школе / ред. А.А.Покровского / –М., Просвещение, 1973.

5. Кәсіби пән бойынша емтихан сұрақтары:

«Плазманың электродинамикалық негіздері»

1. Ортадағы өріс теңдеулері.

2. Зарядтың сақталу заңы.

3. Өріс бойынша сызықтық жуығында алынған материалдық теңдеу.

4. Сыртқы көздер бар кездегі ортадағы Максвелл теңдеулер жүйесі

5. Диэлектрлік өтілімділік пен өткізгіш арасындағы байланыс.

6. Қума жəне көлденең толқындардың пайда болу шарттары.

7. Бастапқы мəселе.

8. Шекаралық мəселе.

9. Аралық фазалық жылдамдықтар аймағындағы қума тербелістерінің спектрі және декременті.

10. Корреляциалық жүйе ретіндегі плазма.

11. Кеңістік бойынша біртекті изотроптық плазмадағы диэлектрлік өтімділіктің тензоры.

12. Бастапқы жəне шекаралық мəселелердің өзара байланысы.

13. Ортадағы электромагнит өрісінің энергиясы.

14. Ландау өшуі.

15. Тығыз плазманың ленгмюрлік толқындардың спектрі мен өшу

декременті.

16. Иондық дыбыстық толқындардың спектрі мен өшу декременті.

17. Магнитактивті плазмадағы толқындардың спектрі.

18. Идеалды емес плазманың диэлектрик өтілімділігі.

19. Бөлшектердің өзара əсерлесудің псевдопотенциалдары.

20. Локальды өрістер мен олардың тығыз плазмада болатын толқындардың

спектріне əсері.

Əдебиеттер:

1. Александров А.Ф., Богданкевич Л.С, Рухадзе А.А. Основы электродинамики плазмы. М.: Высш.шк., 1988г. 424с.

2. Архипов Ю.В., Баимбетов Ф.Б., Давлетов А.Е., Стариков К.В. Псевдопотенциальная теория плотной высокотемпературной плазмы.Алматы «Қазақ университеті» баспасы, 2002, 113с.

3. Ichimaru S., Mitake S., Tanaka S., Yan X.-Z. Theory of interparticle correlations in dense, high-temperature plasmas. I. General formalism // Phys. Rev. A, 1985, v.32, p.1768.

4. Kelbg G. Einige Methoden der statistischen Thermodynamik hochionisierter Plasmen. – Ergebnisse der Plasma Physik und Gaselektronik. Berlin, Akademie-verlag. 1972, Band 3. s.3-364.

5. Ишимару С. Основные принципы физики плазмы. М.: Атомиздат,1975, 288с.

6. Hansen J.P., McDonald I.R. Microscopic simulation of a strongly coupled hydrogen plasma // Phys. Rev. A, 1981, v.23, p.2041.

7. Arkhipov Yu. V., Baimbetov F.B., Davletov A.E., Starikov K.V., Voronkov V.V., Theoretical investigation of parametrical instability in semiclassical plasmas // Abstract of Internatinal conference on «Strongly Coupled Coulomb Systems». – Greifswald, Germany, 2002.

6. Кәсіби пән бойынша емтихан сұрақтары:

«Ғылым мен білім берудегі ақпараттық жүйелер»

1. Қоғамды ақпараттау, ақпараттық қоғам.

2. Ақпараттық жүйе туралы түсінік. Ақпараттық жүйенің даму сатылары.

3. Ақпараттық жүйе туралы түсінік. Ақпараттық жүйенің құрылымы.

4. Ақпараттық жүйеде болатын үрдістер. Ақпараттық жүйені еңгізудің нәтижесі.

5. Ақпараттық жүйе туралы түсінік.АЖ-ні техникалық құралдармен қамтамасыз ету.

6. Ақпараттық жүйе туралы түсінік.АЖ-ні математикалық-программалық қамтамасыз ету.

7. Дүниежүзілік желі (WWW) –мүмкіндігі, құралдары, талаптары.

8. Интернет желісіндегі іздеу жүйелері. Олардың білім мен ғылымдағы алатын орны.

9. Интернет желісіндегі іздеу жүйелері. Ақпаратты іздеудің жолдары.

10. Білім беруде информациялық технологияларды қолдану. Оның ерекшелігі.

11. Қашықтықтан оқытудағы ақпараттық жүйе.

12. Қашықтықтан оқыту. Оның ұйымдастыру- әдістемелік моделі.

13. Қашықтықтан оқыту.Оның ұйымдастыру- технологиялық моделі.

14. Электрондық оқулықты оқу үрдісінде қолдану. Оның маңызы мен мақсты.

15. Электрондық оқулықтарды жасаудың жолдары және оған қойылатын талаптар.

16. Электрондық оқулыққа графикалық файлдарды дайындау.

17. Мультимедиа- ақпараттық оқыту жүйесі. Оның мүмкіндігі.

18. Шет елде білім алу мүмкіндіктері. Виртуальды университеттер.

19. Ғылыми ақпаратты іздеу. Оның мақсаты мен маңызы.

20. Математикалық пакеттерді оқу үрдісінде қолдану. Олардың ерекшеліктері.

Әдебиеттер:

1. Балапанов Е.Қ. жəне т.б. Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ. Тəжірибелік оқулық. Алматы, 2001.- 438 б.

2. Бөрібаев Б. Web-технологиялар пəнінен лабораториялық практикум, Алматы «Қазақ университеті», 2009

3. Попов В. Практикум по Интернет-технологиям. Учебный курс.- СПб.: Питер, 2002.– 408 с.

4. Аванесов В.С. Научные проблемы тестового контроля знаний. – М., 1994. – 135 с.

5. Информатика. Базовый курс: учебник для вузов / под ред. С.В. Симоновича. – СПб: Питер, 2000. – 640 с.

6. Компьютерные технологии обработки информации / под ред. С.В. Назарова. – М.: Финансы и статистика, 1995. – 248 с.

7. Лаврентьев Г.В. Инновационные обучающие технологии в профессиональной подготовке специалистов / Г.В. Лаврентьев, Н.Б. Лаврентьева. – Барнаул: Изд-во Алт. Ун-та, 2002. – 156 с.

8. Машбиц Е.И. Психолого-педагогические проблемы компьютеризации обучения. –М.: Педагогика, 1988.


Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 794 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.024 с)...