Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Плазма Формалы элементтер



ДӘРІС

Тақырыбы: Қан жүйесі және оның жасқа байланысты ерекшеліктері

Жоспар:

1. Қанның маңызы және мөлшері

2. Қанның құрамы

3. Қан топтары

1. Қан – бұл организмнің ішкі ортасы.

Қан:

1. оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын бөледі, әғни тыныс алу қызметін атқарады;

2. ас қорыту мүшелерінен қоректік заттарды клеткаларға, ұлпаларға тасмалдап, қалдық заттарды бөліп шығарады, әғни транспорттық қызмет атқарады;

3. әр түрлі бөгде заттар мен микроорганизмдерді жояды, әғни қорғаныс функциясын атқарады;

4. жылудың реттелу процесіне (терморегуляция) қатысады.

Ересек адамда қанның жалпы мөлшері 4,5-6 л, дене салмағының 6-8% алады, ал жаңа туған нәрестелерде дене салмағының 10-15% алады. Бұл бала организмінде зат алмасу процесінің белсенді жүруіне байланысты.

Негізі организмдегі барлық қан тамырлар бойымен айналмайды. Қанның белгілі бір мөлшері қан деполарында сақталады. Қан деполарына: бауыр, көк бауыр, өкпе, тері жатады. Белсенді жұмыс кезінде, көп мөлшерде қан кеткенде, хирургиялық операцияларда қор болып сақталған қан қан тамырларына түседі. Қан деполары айналатын қан мөлшерінің тұрақтылығын сақтауға қатысады.

Қан клеткалары сүйек кемігінде, лимфа түйіндерінде, көк бауырда түзіледі.

Ан

Плазма Формалы элементтер

55-60 % 40-45%

90-92% су, 8-10% органикалық заттар эритроцит-р, лейкоцит-р

ж/е бейорганикалық тромбоциттер

заттар

Эритроциттер – қанның ызыл клеткалары. Ересек адамның 1 мм3 қанында 4,5-5 млн эритроциттер болады, ал жаңа туған нәрестелерде 6-7 млн –дай болады.

Эритроциттердің негізгі қызметі – тыныс алу. Эритроциттердің тыныс алу қызметі ондағы гемоглобин деген белокты заттың болуына байланысты. Гемоглобиннің құрамында ІІ валентті темір атомы бар. Гемоглобин әр түрлі газдармен әрекеттесуге қабілетті.

1. Hb + O2 = Hb O2 оксигемоглобин

2. Hb + СO2 = Hb СO2 карбогемоглобин

3. Hb + СO = Hb СO карбоксигемоглобин

Ересек адамның 5-6 л қанында 700-800гр гемоглобин бар. Жаңа туған нәрестелерде гемоглобин мөлшері көп болады. 5-6 –ші күнінде гемоглобин төмендейді. Содан 3-4 жасында гемолобин жоғарлайды

6-7 жасында төмендейді

8 жасында қайта жоғарлайды.

Ер адамның 1 л қанында 130-160 гр, әйел адамдарда 120-140 гр. гемоглобин болады.

Лейкоциттер – қанның ақ клеткалары. Негізгі қызметі – қанға түскен микроорганизмдер мен токсиндерді жою.

Лейкоциттердің пішіні – амебаға ұқсас. Олар жалған аяқтары арқылы бөгде затқа жақындап, қоршап алып, ерітіп, жойып тастайды. Лейкоциттердің микроорганизмдерді жұтып, жою құбылысын фагацитоз деп атайды.

Лейкоциттердің пішініне, құрлысына және қызметіне байланысты бірнеше түрлері бар. Олардың ең негізгілері: лимфоциттер, нейтрофильдер және моноциттер.

1. Лимфоциттер – лимфа түйіндерінде түзіледі. Антидене бөліп, иммунитетті қалыптастырады.

2. Нейтрофилдер - сүйек кемігінде түзіледі. Олар арнайы ферменттер арқылы микроорганизмдерді жояды.

3. Моноциттер – көк бауырда және бауырда түзіледі. Өлі клеткаларды жойып, жаңа клеткаларға орын дайындайды.

Ересек адамның 1мм3 қанында 4-9 мың лейкоциттер болады, ал жаңа туған нәрестелерде 20 мыңдай. 7-12-ші күнінде 10-12 мыңға дейін төмендейді, 13-15 жасында ересек адамдікіндей болады.

Тромбоциттер – қан пластинкалары. Ересек адамның 1 мм3 қанында 200-400 мыңдай тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйек кемігінде және көк бауырда түзіледі. Негізгі қызметі – қанның ұюына қатысады.

3. Бір адамнан басқа адамға қан құйған кезде қан топтарын ескеру керек. Бұл эритроцитте – ерекше зат – агглютиногеннің және плазмада – агглютининнің болуына байланысты. Эритроцитте А және В агглютиногендері, ал плазмада α және β агглютининдері бар.

Агглютинация жүреді егер бір текті агглютинин мен агглютиноген кездессе, әғни А + α

В + β

Агглютинация дегеніміз – бұл эритроциттердің бір-бірімен жабысып, желімденуі. Агглютинацияның әсерінен адам өліп кетуі мүмкін.

Адамдарда агглютинин мен агглютиногеннің 4 комбинациясы бар, соған сәйкес қанның 4 тобын ажыратады.

Ан топтары





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1458 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...