Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

айта қалпына келтірудің әр түрлі функционалды және ортопедиялық қолдану заттарын қолдану алгоритмі

Допингтік бақылау.

Допинг- бақылау спортсмендерде тыйым салынған препараттардың зәрде бар не жоғын тексеруге арналған бықылау тест. Спортсменге допинг-бақылау жүргізілетіні хабарланады, кейін спортсмен құжатнамаға қол қояды. Спортсмен допинг-бақылау пунктіне 1 сағ. ішінде келуі тиіс, болмаса спортсмен тыйым салынған препарат қабылдайды деп есептелінеді және сәйкес санкция қолданылып, жарысқа қатысуға тыйым салынады.

Антидопигтік сот және басқа әкімшілік тұлға спортсменді допинг-бақылау пуктіне апарады сондай-ақ сынама алынғанға дейін дәретханаға бармауын қадағалайды. Сынама аларда спортсменнен жеке басын куәландыратын құжат алынады. Спортсмен сынама алатын бөлмеге официалды тұлғамен бірге барады (бір жынысты болуы тиіс). Алынған сынаманы спортсменнің көзінше екі флаконға бөледі оған А және Б белгісін қояды. Флакондарды аққыштыққа тексеріп, арнайы күзетпен лабораторияға жіберіледі. Егер спортсмен сынама алынғанда немесе құжатнамада қателік көрсе протоколға жазылады. Допиг бақылауды халықаралық жарыстарда өткізетін лобаратория арнайы сертифицирленген. Егер А сынама оң болып шықса Б сынаманы тексереді егер ол сынамада оң болса шартты бұзған спорсмен және оның тренері, дәрігері егер команда болса командамен шақырылып, комитет құрылады және санкциялар қарастырылады. Ал егер Б сынма теріс болса допинг –тест теріс деп саналады, спортсмен жарысқа қатыса береді.

№ 11билет

1. Қайта қалпына келтірудің әртүрлі кезеңінде функционалды және ортопедиялық қолдау заттарын қолдану алгоритмі.

2. Жаттығулық үрдістің әртүрлі кезеңінде жеке диета құрау қағидалары.

3. Спорттық психология және психотерапия.

айта қалпына келтірудің әр түрлі функционалды және ортопедиялық қолдану заттарын қолдану алгоритмі

Реабилитация

1.Медициналық реабилитация

2.Спортивтік реабилитация

3.Спортивтік тренировка

Медициналық реабилитаця бұл сүйектің бүтіндігін қалпына келтіру сүйектің қабынуын орнына келтіру анатомиялық қалпына келтіру және регенерациялық қайта қалпына келтіру кейін жалпы организмнің жұмысқа жарамдылығын қалпына келтіру

Спортивтік реабилитация бұл адаптация жәймендеп күніне салмақ қосады

Спортивтік тренировка бұл бұрынғы қалпындағыспортпен айналысу керек трентровкаға қатысып отыру

Жаттығу физиотерапия массаж.

2. Жаттығулық үрдістің әр түрлі кезеңінде жеке диета құрау қағидалары

Тамақтану жөнінде спортшыларда туындайтын ең бірінші сұрақ – бұл, тамақтанудың сандық мөлшері. Тамақтанудың сандық мөлшері ағзаның қуаттық шығынымен тығыз байланысты болып келеді.Қуат адам бойынан үнемі шығындалады, ақуыз, май, көмірсу қуаттық заттар үнемі шығындалып отырады. Қуат неғұрлым шығындалса, соғұрлым адам салмағын жоғалтады. Тамақтану шығынға ұшыраған заттардың орнын толтыру арқылы, шығын болған қуатты қалпына келтіреді. Қоректік заттардың сандық мөлшері шығын болған заттар мен қуаттардың мөлшеріне дәлме-дәл сәйкес келуі керек. Бұлшықет жұмысы кезінде қуаттың шығыны орындалған жұмыстың көлеміне сай өсіп отырады. Әр түрлі жаттығулар кезінде жұмсалған қуаттың мөлшерін анықтау үшін қуаттық шығындарды өлшейді, яғни, бұл тәсілді қолданған оттегінің мөлшерін есептеу арқылы анықтайды. Неғұрлым бұлшықет массасы көп болып, бұлшықет неғұрлым үлкен амплитуда және жиілікпен жиырылатын болса, соғұрлым, қуаттың шығыны көп болады. Қабылданған тағамның қуаттық мәнін есептеу үшін маңызды қуаттық заттардың калориясын білу қажет. Әрбір қуаттық заттың мәні көп жақты және дұрыс тамақтанған спортшының рационында барлық қуаттық заттар болуы қажет. Егер тағамдық рационды, құрамы (ақуыз, май, көмірсу) бойынша емес, тағамның калорийі тұрғысында есептейтін болсақ, онда қуаттық заттар тағам массасына тең келмейтінін ескеруіміз қажет. Тағамның салмақтық тұрғыда едәуір бөлігін су, тұздар және сіңірілмейтін заттар құрайды. Спортшының су ішетін тәртібі мен тұзды пайдалану тәртібі бөлек қарастырылмайды. Бұл жағдайда су-тұз алмасу тәртібін айтқан жөн. Бұл дегеніміз, ағзадағы қанда және ұлпа сұйықтықтарында су мен тұздың қатынасы қатаң түрде сақталады. Қандағы тұздың концентрациясы орташа 0,95%-ға тең. Бұл тұздың мөлшері тұрақты болып келеді. Егер бұл тұрақтылық бұзылса, қанның осмотикалық қысымы өзгеріп, қанмен жуылатын жасушалардың қызметі бұзылады. Егер де ағзаға көп мөлшерде тұз түссе, онда судың пайдалануы жоғарылайды. Су ағзада жиналып, ұлпалар ісінеді. Ағзада тұз аз болған жағдайда судың ағзада жиналуы нашарлайды. Қалыпты дене салмағының сақталуы үшін, бұл жағдайды спортшылар ескеру қажет. Спортта үлкен нәтижелерге қол жеткізу үшін, дененің саулығы және ағзадағы болып жатқан барлық үдерістердің кемшіліксіз өтуі шарт. Сондықтан спортшыларға тағамдағы дәрумендердің құрамын сақтау маңызды болып табылады. Субьективті сезілмейтін, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуін тудыратын гиповитаминоздардың әлсіз түрлері - дистанциядағы секундтық үлесін, секіру мен лақтырудағы сантиметрлердің, ауыр көтергендегі килограмдардың жоғалуына, гимнастикадағы ұпайлардың төмендеуіне, спорт ойындары мен күрес түрлерінде жеңіліске алып келеді. Спортшы өзінің қалыпты тамақтану рационы құрамына маңызды дәрумендердің және олардың қажетті мөлшеріне аса мән беру керек. Өйткені, бұлшықеттің белсенді жұмысы барысында ағзадағы аталмыш дәрумендердің шығыны жоғары болғандықтан, олардың қажеттілігі де арта түседі. Спортшының тамақтануы жайында сұрақ, тағамның сандық мөлшерін ғана қамтымай, оның құрамын қарастырады. Тағамның жақсы қорытылуы мен сіңірілуі үшін тамақтанудың белгілі бір тәртібін ұстану қажет. Тағамды қашан қабылдауды және тағамды қабылдау мен жарыстар мерзімдерінің арасындағы қатынасын білу керек.

3.Спорттық психология және психиотерапия. Спорт психологиясының негізгі міндеттері – спортшылардың спорттық жоғары нәтижелерге жетуіне жағдай жасау ғана емес. Сонымен қатар, спортшы тұлғасын жан-жақты дамыту, оның жалпы және психологиялық мәдениетін көтеру болып табылады. Спорттық жарыстардың алдында спортшылардың психикасын сол үрдіске бейімдеп жаттықтыру және бәсекелестік мәселесінен жеңімпаз ететіндей нұсқалармен қаруландыру. Жарыс барысында өзін-өзі басқара алатын дәрежеге жеткізу. Сондықтан жарыс алдындағы дайындықта әр түрлі психикалық процесстер мен қалыптар үлкен мәнге ие болды. Сондай-ақ психологиялық факторлар мен жарысқа қатысу үшін спортшыларды психологиялық дайындаудың рөлі өсуде. Мұндай дайындықтың әдіс тәсілдері өңдеу – спорт психологиясының негізгі қызметінің бірі.

Бұл қызметті жүзеге асыру үшін мыналарды іске асыру қажет:

а) жарыс жағдайында психика қызметінің заңдылықтарын зерттеу және жарыстық әрекеттің тұрақтылығы мен сенімділігін арттыратын әдістерді өндеу;

б) жарыс алдындағы және жарыс жағдайында пайда болатын психикалық қалыпты зерттеу;

в) психопрофилактиканы дамыту, спортшыларды шынықтырудың психологиялық жолдарын, әдістерін және тәсілдерін қалыптастыру және психологиялық жарақатқа төзімділігін арттыру.

Спорт психологиясының пәні – қазіргі заманғы қоғамда спорт үлкен орын алады. Ол адамның жан-жақты физикалық дамуын ғана қамтамасыз етпейді, сонымен қатар, онда моральді-еріктік қасиеттерді тәрбиелейді.

Спорттық жаттығулардың тиімді әдістерін өңдеу үшін біріншіден – спорттық әрекетке тән заңдылықтар мен ерекшеліктерді, екіншіден – осы әрекеттің субъектісі ретінде спортшы тұлғасын зерттеу керек. Басқа ғылымдар сияқты спорт психологиясы спорттық әрекеттің маңызды жақтарына талдау береді және көптеген мәселелерін шешуге көмектеседі. Спортшыға жарыс кезінде, жарыс жаттығуларын орындау кезінде кездесетін психологиялық қиындықтарды жеңуге тәрбиелейтін педагогикалық үрдісті психологиялық дайындық дейміз.

Психологиялық дайындық процесі екі бөлімнен тұрады:

1. Жалпы психологиялық дайындық. Ол спортшыны спортпен жүйелі түрде айналысуға, қиыншылықтарды жеңуге, еңбек сүйгіш азамат ретінде тәрбиелеуге бағытталған.

2. Арнайы психологиялық дайындық. Жарысқа қатысуға дайындайтын бұл арнайы дайындық жарыс болар алдындағы кезеңде спортшының спорттық күреске психикалық дайын күйге түсуіне бағытталған.

Психикалық дайындыққа батылдық, қайсарлық, ынталылық, табандылық, тәуекелшілік, ұстамдылық секілді жігер, қайрат дайындығы кіреді.Психологиялық дайындық әр түрлі әдістермен іске асады.

Тиянақты жаттығу әдісі – дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен спортшыларды жаттығуға керек психикалық күйге түсіру.Психикалық реттеу жаттығуларының әдісі – көңіл күйді көтеру, көңілдену, қиын­шылықтарды жеңуге ойша дайындалу, тактикалық ойлауды дамыту, сыртқы қоршаған ортаны тез сезіну келешек істелетін жұмыстарға дайындалу, жинақталу және т.б. әдіс-тәсілдер. Идеомоторлық жаттығулар әдісі –жаттығуларды ойша қайталау арқылы негізгі қимылдарға бар ықылас зейініңді аудару.

Психологияда спортшыға айтылу қажет сөздер: Мен СЕНІМДІМІН, Мен БАҚЫЛАЙМЫН, Мен БАТЫЛМЫН және тағы басқа да өзін өзі жігерлендіретін сөздер бар. Ал қажетсіз сөздер ҚОРЫҚ-паймын, ТОЛҚЫ-маймын деген сөздерді айтқан кезде, спортшы оны ҚОРҚУ, ТОЛҚУ деп қабылдау мұмкін.

№ 12 билет

1. Дене шынықтыру және спортпен шұғылдану кезінде жарақат алу профилактикасы.

2. Спорттық тағамтануда ББҚ қолданудың құқықтық және кәсіби қырлары.

3. Спорт медицинасы клиникалық тәжірибиесінде негізгі аурулар.

Дене шынықтыру және спортпен шұғылдану кезінде жарақат алу профилактикасы.

1. Қарқынды дене шынықтыру жүктемелерінен кейін қалпына келтіру іс-шараларының мақсаты жаттығу үдерісінің кезеңіне және спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес спортшының спорттық формасын қолдау және функционалдық жағдайын жетілдіру болып табылады.
2. Қарқынды дене жүктемелерінен кейін қалпына келтіру шараларының бағдарламасын жасауға жаттықтырушы, команданың спорттық дәрігері және көрсетулері бойынша бейіндік бейіндік мамандар қатысады.
3. Қарқынды дене жүктемелерінен кейін қалпына келтіру іс-шараларын өткізу үшін спорт объектісіндегі медициналық пункттің, дәрігерлік дене шынықтыру диспансерінің, спорттық медицина және оңалту орталығының мүмкіндіктері қолданылады.
4. Қарқынды дене жүктемелерінен, спортшылардың науқастануы мен жарақаттануынан кейін қалпына келтіру іс-шараларын өткізу кезінде медициналық қамтамасыз ету мен медициналық көмек көрсету диагностикалық және қалпына келтіру іс-шараларының көлемі мен сипатын анықтауды ескере отырып және зақымданудың көлемі мен сипатына, ауыру мерзіміне және спорттық дайындықтың кезеңіне қарай қолданылады.
5. Спортшылардың зақымдану және ауыруы салдарын диагностикалауда клиникалық, аспаптық және зертханалық әдістермен қатар, зақымданған ағза немесе жүйе қызметінің бұзылуын, соның ішінде функционалдық диагностиканың аспаптық әдістерін қолдана отырып, спорттық қызметті жүзеге асыру үшін маңызды ауыру немесе жарақаттану нәтижесінде зардап шеккен спортшы қызметінің өзгеруін бағалаудан тұрады.
6. Спортшының ауыруы мен зақымдануы кезінде қалпына келтірудің қажетті шарты, спорт түрінің функционалдық мәні мен ерекшелігін ескере отырып, қалпына келтірудің барлық кезеңдерінде қозғалу режімі мен дене жүктемелерінің өзге де түрлерін қолдану болып табылады.
7. Спортшыны қалпына келтіруді іске асыру үшін спортшыны оңалтудың жеке бағдарламасы жасалады (бұдан әрі - жеке бағдарлама), онда зақымданулар мен ауырудың клиникалық ағымы спорттың түрі мен фунционалды ерекшелігі ескеріледі.
Спортшының жеке бағдарламасын (аурудың сипатын ескере отырып) спорттық медицина, емдік дене шынықтыру мамандары, функционалдық диагностика дәрігері, физиотерапевт дәрігермен бірлесе отырып, маман дәрегерлер жасайды.
Медициналық көрсеткіштері бойынша қалпына келтіру бағдарламасына мануалды терапевт, рефлексотерапевт, психотерапевт, травматолог-ортопед, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, зертханалық диагностика, сәулелі және ультрадыбыстық диагностика бойынша бейіндік мамандар қатысады.

2.Спорттық тағамтануда ББҚ қолданудың құқықтық және кәсіби қырлары.

Мемлекеттік ББҚ реестрының тарихында 45 мемлекеттен 478 компаниялардан 2768 саудалық атаулар (торговые наименования) тіркелген. Қазіріг таңда тіркеулік уақыты сақталып турған саудалық атаулардың саны 1039. ББҚ 36 мемлекеттен әкелініп 261 компаниядан өңдіріледі. Олар дәруменді-минералды қосындылар, пробиотиктер, эубиотиктер, аминоқышқылды препараттар, негізінде табиғи шикізатты ББҚ-лар оның ішінде биологиялық белсенді бастауы бар емдік шөптер, жануар текті өнімдер. Қазіргі кезде ҚР заң шығару мекемесі ББҚ қауіпсіз қолданудың тиімді жүйесін жасап отыр. 01.07.2013 жылдан бастап Жаңа Техникалық Регламент ТР ТС 021/2011 «Тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі» күшіне енді. Осы регламентке сәйкес мемлекетке енетің ББҚ тексерістен және тіркеуден өтеді. ББҚ нормативті құжаттарға және органолептикалық, физико-химиялық, микробиологиялық, радиологиялық және т.б. көрсеткіштерге сонымен қатар, адам ағзасына зиян тигізетін заттардың, қосындылардың, химиялық қосылыстардың мөлшері рұқсатнамаға жауап беруі тиіс.

3.Спорт медицинасы клиникалық тәжірибесінде негізгі аурулар.

Спорттық медицинадағы негізгі клиникасында кездесетиін ауру ретінде біз:белгілі бір жүйеге байланысты ауру түрін болмаса кандайда бір жарақат нәтижесінде яғни жаттығу алаңында болған жарақаттан болуы мүкін. Жүрек қан тамыр жүйесі бойынша кездесетін ауруларға:физиологиялық спорттық жүрек, патологиялық спорттық жүрек,тонзиллокардиялды синдром, артериялдық қан қысымының өзгерісі, гипотензивті жағдай, гипертензивті жағдай, жүрек ритімінің бұзылысы, миокард дистрофиясы, ишемиялық ауру жүректегі. Тыныс алу жүйесіндегі ауруға:жедел респираторлы-вирустық ауру, жедел бронхит, жедел пневмония, бронхиялды демікпе. сонымен қатар көп кездесетін ауруларға созылмалы холецистит. Әйелдерде көбінесе кездесетін аурулар олар гинекологиялық жағынан болып табылады.. Спортмедицинасында кейінгі уақыттарда жүрек қан тамыр системасы аурулардың алдын алу, организмдердің жайсыз факторларға мықты болу кәртею процесстерін кешіктіруде дене шынықтыру мен спроттың маңызы көптеген дәлелдерде келтіріледі. Спортсмендер спортпен шұғылданбайтын замандастарына қарағанда ауруға шЫдамдырақ болады. Мысалы, спортпен шұғылданатын студенттердің 6% жалпы аурулармен ауырады. Спортпен шұғылданбайтын студенттердің 23,6%ауруға шалдағар екен. Соған қарамастан спортсмендерде сыртқы орталардың әсерінен белгілі бір ауруларға шалдығады. А.Г. Дрембо классификацичсы бойынша спортсмендердің ауруға шалдығу себебі 2 үлкен топқа бөлінеді. Бірінші топқа негізінен физкультура және спортпен шұғылдануға байланысты болмаған себептер (сыртқы ортаның әсерлері иефекция). Екінші топтағы аурулар спортшылардың меншікті негізгі аурулары деп есептелінеді. Спортшылардың ауруға шалынуы негізінен спорт трекировкасының дұрыс ұйымдастырылмауынан келіп шығады. Сонымен қатар спорт трекировкасы дұрыс ұйымдастырылғандада кейбір аурулар келіп шығады. Мұндай жағжайда аурулардың негізгі себебі тренер мен врачтардың спортсмендерге дұрыс болмаған қарым-қатынасынан болады. Тренер мен физкультура оқытушыларының дұрыс болмаған әрекеттері төмендегіше: спортшылардың саулығына есепке алмастан, жоғарғы спорт, нәтижелеріне жету үшін, медицина бақылауынан өтпеген спортсмендерді ойнаса аурудан енді тұрған спортсмендерді врач рұқсатына қарамастан тренировкаға жарыстарға қатысуына рұқсат беруі Дәрігердің дұрыс болмаған жұмыстары. Саулығы нормально болмаған спортсмендерді тренировка наргузкаларын асып баруы нәтижесінде өте саулығы мықты деп спортсмендер жарыстарға қатынасуы керек. Кейбір жағдайларда саулығы нормаль жағдайларда болмаған спортсмендерді дене-шынықтыру спорт жаттығуларына дәрігерлердің рұқсат бермеуі мүмкін емес. Оларды әрбір жаттығулар немесе жарыстардан алдын толық дәрігерлік көріетен өтуі шарт.


Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 699 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...