Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәрістердің тақырыптық жоспары



Бекітемін

ОТЖ ісі жөніндегі проректор

профессор Тулебаев К.А.

_______________

«___» «______» 2015 ж.

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Базалық пән – «Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері»

Мамандығы – 5В110300- «Фармация»

Оқу сағатының көлемі (кредит) – 135 сағат/3 кредит

Курс –3 (күндізгі бөлім) Семестр – 4

Бақылау түрі – емтихан (ТО тестілеу, практикалық дағды бойынша қабылдау)

Алматы, 2015 ж.

Жұмыс бағдарламасы «Фармация» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес құрастырылған.

Жұмыс бағдарламасы «Фармацевт-менеджер» модулінің мәжілісінде «__» _________ 2015 ж., хаттама №___ қаралды және бекітілді.

Модуль жетекшісі фарм.ғ..к., доцент ____________ А. Р. Шопабаева

Жұмыс бағдарламасы «Фармация» ОБК мәжілісінде «__» _________ 2015 ж., хаттама №____ талқыланды.

ББК төрайымы, доцент _____________ Г.М. Саякова

Жұмыс бағдарламасы Әдістемелік кеңестің мәжілісінде бекітілді.

«__» _________ 2015 ж., хаттама №

Кеңестің төрағасы, профессор ____________ К.А. Тулебаев

Жалпы мәліметтер

ЖОО-ның аты - С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық

медицина университеті

Модуль - Фармацевт - менеджер

Пән - Фармацевтикалық қызметті ұйымдастырудың негіздері

Мамандық - 5В110300- «Фармация»

Оқу сағатының көлемі - 3 кредит (135 сағат)

Оқыту курсы және семестрі - 3 курс, 4 семестр

Бағдарлама

Кіріспе

Мамандыққа кіріспе және ҚР денсаулық сақтауды дәрімен қамтамасыз етудегі сұрақтар

- «Фармация» мамандығының қалыптасқан кезеңінен қазіргі күндерге дейінгі даму этаптарын, мамандықтың зерттейтін мәселелерін, дәріхана ұйымдарының жұмысын ұйымдастыруды және болашақтағы мамандықтықтың даму мүмкіндіктерін қарастырады.

Қазіргі кезеңдегі фармацияның дамуының ерекшелігі отандық экономиканың нарықтық қатынастарға өтуімен, меншік формаларының өзгеруімен және капиталистік экономика жағдайында фармацевтикалық нарықтың жұмыс істеуінің нормативті-құқықтық базасын жасаумен байланысты.

Әрбір адамның денсаулығы, бүкіл халықтың денсаулығын құраушы ретінде, тек оның толық бағалы өмір сүруін ғана емес, сонымен бірге оның мүмкіндіктерінің потенциалын анықтайтын факторға айналды. Медициналық көмек көрсетудің жетімділігін, қз уақытында болуын, сапасын қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай дамыған, әлеуметтік бағытталған жүйе болып табылатын денсаулық сақтау саласы республикадағы негізгі приоритеттердің бірі болып табылады. Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жағдайларына бейімдеу үшін фармацевтикалық саланы қайта құру процесі басталды. Қазақстан Республикасының «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін жүзеге асыру үшін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысын реттейтін нормативті құқықтық актілер жасалды. Мемлекеттік қолдау іс-шаралары номенклатура мен өндіріс көлемінің жыл сайын отандық өндірушілердің сапалы фармацевтикалық өнімдерімен қамтамасыз етіп отыруға бағытталған.

2.2 Пәннің мақсаты:

- студенттерде фармацияның заманауи даму этапында медициналық және фармацевтикалық көмекті ұйымдастырудың негізгі принциптерін білу үшін қажетті теориялық білімдерді, практикалық дағдыларды қалыптастыру.

- мамандықтың қалыптасуын, денсаулық сақтау жүйесіндегі «Фармация» мамандығының алатын орнын және оған тигізетін әсерін, халыққа негізгі дәрілік көмекті көрсететін дәріхана ұйымдарының түрлері мен олардың жұмысын ұйымдастыру принциптерін зерттеу.

- дәрілік заттар айналысы сферасындағы көтерме сауда кәсіпорындары және дәріханалық мекемелердің, соның ішінде дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада босату, дәрілік заттарды дайындау қызметтерінің заңдылықтарын түсіндіру.

2.3 Пәнді оқытудың міндеттері:

Студенттерде:

-тұрғындарға медициналық және фармацевтикалық көмек көрсетудің негізгі принциптері туралы

білім қалыптастыру;

- фармацевтикалық қызметті нормативті-құқықтық қамтамасыз ету туралы көзқарасты

қалыптастыру;

- тұрғындарға медициналық және фармацевтикалық көмек көрсетуді ұйымдастыру жүйесі туралы

білім қалыптастыру;

- медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің міндеттері, құқығы, жауапкершілігі

туралы жүйелі білім және дағды қалыптастыру

- дәрілік заттардың айналым сферасындағы азаматтардың құқы және міндеттері бойынша білімді

беру.

2.4 Пәнді оқытудың қорытынды нәтижелері:

Когнитивті (білім) дағдыны қалыптастыру:

· фармацевтикалық ұйымдар жүзеге асыратын қызметтің жалпы заңдылықтарын;

· фармация мамандығының қарастыратын мәселелерін;

· фармацияның денсаулық сақтау жүйесіндегі ролі мен алатын орнын;

· фармация саласындағы жетістіктерді;

· дәріхана ұйымдарының номенклатурасын және түрлерін;

· дәріхана ұйымдарындағы қызмет түрлерін;

· дәріхана ұйымдарындағы жүргізілетін құжаттарды.

· фармацевтикалық ұйымдар жүзеге асыратын қызметтің жалпы заңдылықтарын;

· дәрілік заттардың айналымының негізгі принциптерін.

· тұрғындарға көрсетілетін медициналық және фармацевтикалық көмекті ұйымдастырудың ұйымдастыру-құқықтық, заңды және әдістемелік негіздерін;

· ҚР фармацевтикалық қызметінің негізгі нормативті-құқықтық құжаттарын;

· тұрғындарға медициналық және фармацевтикалық көмекті ұйымдастыру жүйесін;

· дәрілік заттардың айналым сферасындағы азаматтардың құқы мен міндеттерін.

Операциональды дағдыны қалыптастыру:

· мамандық ретіндегі фармацияның негізгі міндеттерін анықтауды;

· әрбір кезеңдегі фармация саласындағы жетістіктерін ашуды;

· халыққа фармацевтикалық қызметті көрсетудегі негізгі функциясын анықтауды;

· денсаулық сақтау жүйесіндегі ролін анықтай білуді;

· дәріхана ұйымдарының түрлерін анықтауды;

· дәріхана ұйымдарындағы қызметкерлердің міндеттерін анықтауды;

· фармацевтикалық нарық қызметінің негізгі принциптерін анықтауды;

· фармацевтикалық көтерме және бөлшек ұйымдардың қызметінің негізгі белгілерін анықтауды;

· дәріхана ұйымының өндірістік қызметінің функцияларын тұжырымдауды.

Коммуникативтік дағдылар:

· дәріхана ұйымдарының қызметкерлеріне қойылатын талаптарды анықтау бойынша;

· фармацевтикалық нарықты дифференциялауды;

· фармацевтикалық бөлшек және көтерме кәсіпорындардың қызметін дифференциялауды.

Құқықтық дағдылар:

· фармацевтикалық қызмет бойынша нормативті құжаттарды пайдалануды;

· фармацевтикалық қызметті нормативті-құқықтық қамтамасыз етуді негіздеуді;

· дәріхана ұйымдарында құжаттарды жүргізуді (құжатайналымын).

Өзін-өзі дамыту және үздіксіз оқу дағдысы:

· ақпараттарды өздігінен іздену (оқулық, анықтамалық оқулық, нормативтік құжаттар, ғылыми әдебиет, интернет- ресурстаручебная);

2.5 Пәннің пререквизиттері:неорганикалық және аналитикалық химия, «Фармацияны ұйымдастыру және экономикасы» пәні бойынша оқу-таныстыру практикасы..

2.6 Пәннің постреквизиттері: Фармация тарихы, фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері, медициналық және фармацевтикалық тауартану, фамрмацияның ұйымдастырылуы және экономикасы, фармацевтикалық химия, дәрілік қалыптар технологиясы, фармакогнозия.

2.7. Тақырыптық жоспар: тақырыптар, әр сабақты өткізу және ұзақтығы (дәрістер, семинарлар, практикалық, оқытушының басқаруымен өз бетімен зертханалық*, өзіндік жұмыстар).

Дәрістердің тақырыптық жоспары





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1351 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...