Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Жоғары жастағы АІЖ ауруымен диспансерлік бақылаудың ерекшелігі



Тақырып. Жоғары жастағы АІЖ ауруымен диспансерлік бақылаудың ерекшелігі.

Асқазан және ішек диспепсиясы синдромы. Ұйқы безінің, өт шығару жолдарының зақымдану синдромы.

ВАРИАНТ

1. Асқазанның ойық жарасының жедел асқынуы не болып табылады?

1.+Перфорация

2. Пенетрация

3. Перивисцерит

4. Малигинизация

5. Тыртықты стеноз

2. Қан сарысуындағы амилазаның қалыпты белсенділігі құрайды:

1. 2-8 мг/чмл

2.+12-32 мг/чмл

3. 3-9мг/чмл

4. 10-15 мг/чмл

5. 5-17 мг/чмл

3. Өт тас ауруымен ауыратын науқаста приоритетті мәселе қандай?

1. жеңілдік әкелмейтін құсу

2.+бауырлық колика

3. терінің сарғаюы

4. терілік қышыма

5. қыжыл

4. Әйел С., 63 жаста қыжылға, қышқылмен кекіру, аш қарында немесе тамақ қабылдаған соң 1 сағаттан кейін эпигастрий аймағында ауру сезімі. Палпацияда эпигастрий аймағының ауру сезімі. ЭФГДС: дөңгелек, асқазанның шырышты қабатының терең дефектісі, ақ жабындымен жабылған фибрин, қабыну жиектерімен қоршалған.

1.+Асқазанның ойық жарасы,өршу фазасы, I жаңа жара, асқынусыз

2. Асқазанның ойық жарасы,өршу фазасы, I жаңа жара, перевисцерит

3. Асқазанның ойық жарасы,өршу фазасы, эпителизацияның басталуы, стеноз

4. Асқазанның ойық жарасы,асқынудың басеңдеу фазасы, жараның жазылуы, асқынусыз

5. Асқазанның ойық жарасы, ремиссия фазасы, асқынусыз

5. Ер кісі 60 жаста, таксист. Эпигастрии аймағындағы ауыру сезіміне, тәбетінің төмендеуіне, лоқсу, құсу, ауамен кекіруге шағымданады. ЭФГДС өткізу кезінде асқазанның шырышты қабатының атрофия белгілері анықталды. Уреазды тест оң мәнді. Аталған ауруға неғұрлым сәйкес диагнозды көрсетініз?

1.+Созылмалы атрофиялық гастрит, H.pylori ассоциирленген

2. Созылмалы аутоиммунды пангастрит, H.pylori ассоциирленбеген

3. Созылмалы атрофилық емес гастрит, H.pylori ассоциирленген

4. Созылмалы рефлюкс-гастрит, С типті

5. Созылмалы гипертрофиялық гастрит, H.pylori ассоциирленген

6. Ер кісі 61 жаста. Тамақтан соң 2-3 сағаттан кейін эпигастрии аймағындағы қатты ауру сезіміне, тамақ қабылдағаннан кейін басылатын сирек “аштық” және түнгі ауру сезіміне, кекіру, қышқылды кекіру, кейде жеңілдік әкелетін құсуға, іш қатуға шағымданады. Объективті: оң жақ эпигастрии аймағының пальпациясында ауру сезімі. Нәжістің жасырын қанға тексеру оң мәнді. Болжамды диагноздардың қайсысы сәйкес?

1. Асқазанның субкардиальді бөлігінің ойық жарасы

2. Асқазанның үлкен иінінің ойық жарасы

3. Гастроэзофагеальді-рефлюксті ауру

4. Привратник стенозы

5.+Он екі елі ішек пиязшығының ойық жарасы

7. Әйел кісі С. 68 жаста, іштің жоғарғы бөлігіндегі белдемелі ауру сезіміне, жеңілдік әкелмейтін құсуға шағымданады. Анамнезінен аталған ұстама жылына бірнеше реет және емдәмнің бұзылуымен байланысты. Обьективті: жағдайы ауыр, тілі ақ жабындымен қапталған, іші кернелген, палпацияда эпигастрии аймағында ауыру сезімі. УДЗ: ұйқы безі қалыпты орналасқан, көлемі қалыпты, контуры тегіс емес, анық емес, құрылымы бәрыңғай емес, протоктардың кеңеюі анықталады. Қанның лабаротоиялық зерттеуінде: ЭТЖ 29 мм/ч, қандағы қант -3,5 ммоль/л. Қандай диагноз неғұрлым сәйкес келеді?

1.+созылмалы рецидивирлеуші панкреатит асқыну сатысы

2. созылмалы псевдотуморозды панкреатит асқыну сатысы

3. созылмалы панкреатит ішкі және сыртқы секреция жетіспеушілігімен, асқыну сатысы

4. жедел панкреатит панкреонекроз ошағының белгілерімен

5. ұйқы безінің рагы

8. Ер кісі К. 75 жаста, тамақ қабылдағаннан кейінгі ауырлық сезіміне және эпигастрии толу сезіміне, тамақпен кекіру, жүрек айнуға, ауыздағы жағымсыз дәмге, метеоризм, іштегі құйылу және шұрылдауына шағымданады. Объективті: тері жабындылары бозарған, тілдің емізікшелері атрофияланған, ауыз қуысында заеды. Пальпацияда эпигастрии аймағында диффузды ауру сезімі. ФГДС: асқазан денесі мен антральді бөлігінің бозаруы мен нүктелі дақ, катпарларының тегістелуі, шырышты қабат асты қантамырлық сурет көрінеді. Аталған диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

1. созылмалы атрофиялық емес гастрит, активті

2. созылмалы гипертрофиялық гастрит

3. созылмалы атрофиялық емес гастрит, активті емес

4. жаралы емес асқазан диспепсиясы

5.+созылмалы диффузды атрофиялық гастрит, активті

9. Ер кісі 75 жаста асқазанның жаралы ауруымен әлсіздікке, кофе тәрізді құсыққа, дегтеобразды нәжіске шағымданады. Обьективті: бозарған, жүрек тондары тұйықталған, пульс - 110 cоққы минутына, әлсіз толу. АҚҚ 80/60 мм сб.б. Іші жұмсақ, қабырға асты аймағының ауру сезімі. Қанның лабароторлық зерттеуінде: эритроциттер - 2,71х1012/л, гемоглобин – 80 г/л. Осы науқаста қандай асқыну дамыды?

1. пенетрация

2. перфорация

3. стеноз

4.+қан кету

5. малигнизация

10. Ер кісі Р., 68 жаста. Шағымы: семсер тәрізді өсінді аймағында қысып ауру сезімі, қолға таралады, жатқан кезде пайда болады және вертикальді жағдайда әлсірейді немесе жойылады. Ауру сезімі тамақ қабылдағаннан кейін физикалық жүктемеге байланыссыз дамиды. Электрокардиограммада ерекше өзгерістер жоқ. Диагнозы нақтылау үшін қандай әдіс тиімді болып саналады?

1. Электрокардиография

2. Эхокардиография допплерографиямен

3. Тәуліктік асқазан рН-метриясы

4. Холтерлік ЭКГ мониторингі

5.+ФГДС прицельдік биопсиямен

11. Әйел кісі П., 60 жаста,жалпы тәжірибелік дәрігерге жиі сұйық қан мен шырыш аралас нәжіске,тоқ ішек бойымен іштегі қатты ауру сезіміне шағымданады. Температура 37-38оC. Осы шағымдар 2 аптадан бері мазалайды, күйеуінің өлімінің қайғысымен байланыстырады. Антибактериальді терапия – нәтижесіз. Осы ауруда қай топ препараттары адекватты болып саналады?

1.+сульфасалазиндер

2. кортикостероидтар

3. спазмолитиктер

4. прокинетиктер

5. антацидтер

12. Ер кісі Л., 65 жаста. 5жылдан бері 12 елі ішектің ойық жара ауруы жиі рецидивімен зардап шегеді. Бұрын Н2гистаминоблокатораммен емдеуде оң әсер берді. Жарадан қан кетумен түсті. 4 апта ранитидинмен терапиядан соң жара тыртықталды. Осы жағдайда қай ем тактикасы тиәмді болып табылады?

1. Н2 гистаминоблокаторлармен үзілмелі

2.+Н2гистаминоблокатораммен сүйемелдеуші терапия

3. Хирургиялық ем

4. Сукральфатпен терапия

5. Омепразолмен курстық терапия

13. Ер адам, 66 жаста. Жалпы тәжірибелік дәрігерге науқас жедел күйдіріп ауру сезіміне, тамақты қабылдағаннан кейін пайда болатын, кекіру, жүрек айну, аздап құсу, әлсіздік және арықтау. Өмір анамнезінен: 3апта остеохандроздан емделген, СЕҚҚП қабылдаған. Объективті: эпигастрий аймағында ауру сезімі. ЭФГДС: азқазан түбінің жарасы. Науқасқа қандай ем тиімдірек:

1.+Пантопразол

2. Роксатидин

3. Омепразол

4. Ранитидин

5. Алмагель

14. Ер адам Ж., 66 жаста. Жалпы тәжірибелік дәрігерге науқас периодты түрде қышқылмен құсуына,тамақтан кейінгі кекіру, эпигастрий аймағындағы жайсыздық, ішінің үлкеюіне. Пальпация кезінде іштің ауру сезімі. Қандай зерттеу анализі тиімдірек?

1. Нәжісті жасырын қанға тексеру

2. Баримен контрастты рентгеноскопия

3. УДЗ

4.+ФГДС

5. Асқазан сөлін тексеру

15. Әйел, 60 жас. Эпигастрий аймағында тұрақты түрде ауруына, сол жақ қабырғаға иррадияцияланады, тәбетінің төмендеуі, кекіру, жүрек айну, іш қату. Бір жыл бұрын науқас өт – тас ауруына байланысты ота жасалынған, жарты жылдан кейін ұстама пайда болып, әлсіз сарғаюлар көрініп, несебінде амилазаның ұлғаюымен қайтадан қаралып тексерілгенде тастар анықталмады. ЖҚА: лейк – 7,1, ЭТЖ – 20мм/сағ. Қай зерттеу әдісі нақтырақ:

1.+Секритин – панкреодиминдік тест

2. Дуоденальды сұйықтықты тексеру

3. Аминотрансферазаның белсенділігін анықтау

4. Нәжістегі майды анықтау

5. Сілтілі фосфатазаны анықтау


Амбулаторлық жағдайдағы туа біткен және хроникалық патологиясы бар науқастарды диспансерлік бақылау ерекшеліктері (жастық ерекшеліктері)

БІР ҒАНА ДҰРЫС ЖАУАППЕН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ (MCQ)

тақырып. Жоғары жастағы АІЖ ауруымен диспансерлік бақылаудың ерекшелігі.

Асқазан және ішек диспепсиясы синдромы. Ұйқы безінің, өт шығару жолдарының зақымдану синдромы.

ВАРИАНТ

1. Жедел панкреатитте құсудың сипаты?

1.+тоқтаусыз жеңілдік әкелмейтін құсу

2. тамақ қабылдаған соң пайда болады

3. тамаққа байланыссыз

4. өтпен құсу

5. жеңілдік әкелетін құсу

2.Өршіген асқазанның ойық жарасы бар науқасқа рұқсат етіледі:

1.+буға піскен тағам

2. көкөністер

3. жемістер

4. сұйық тағам

5. майлы сорпа

3. Ойық жара ауруының дамуында негізгі маңызы

1. +Helicobacter pylori

2. E. Coli

3. Lactobacilles

4. Bacterium bifida

5. Candida

4. Ер кісі П. 66 жаста, эпигастрии аймағындағы тамақ қабылдағанда басылатын аштық ауыру сезіміне, қыжылға шағымданады. Объективті: пальпацияда айқын ауыру сезімі, эпигастрии аймағының алдыңғы қабырғасының күштемесі; Мендель симптомы оң. ФГДС - пилороспазм, 12 елі ішек пиязшық шырышты қабатының алдыңғы қабырғасында дөңгелек пішінді дефект, диаметрі 1,1 см, түбі фибринмен қапталған. Төменде аталған диагноздардың қайсысы сәйкес?

1. Созылмалы дуоденит, асқыну сатысы

2. 12 елі ішек пиязшығының ойық жарасы, ремиссия сатысы

3.+12 елі ішек пиязшығының ойық жарасы, асқыну сатысы

4. Созылмалы бульбит, асқыну сатысы

5. 12 елі ішек пиязшығының ойық жарасы, перфорациямен асқынған

5. Ер кісі Д. 62 жаста, алкоголь қабылдағаннан кейін оң қабырға астында кенеттен ауру сезіміне, оң жаққа таралуымен, жүрек айнуға, кекіру, көп реттік құсуға шағымданады. Объективті: тамақ қабылдаудың жоғарлауы, тілі ақ жабындымен қапталған. Іші кернелген, пальпацияда оң қабырға астындағы ауру сезімі, айқын емес бұлшықеттік қарсыластық байқалады. Ортнер симптомы оң, оң жақты френикус симптомы. Төменде аталған диагноздардың қайсысы сәйкес?

1. Дивертикулит

2.+Өт-тас ауруы

3. Созылмалы панкреатит

4. Созылмалы гастрит

5. жедел аппендицит

6. Ер кісі 62 жаста, көлік жүргізуші. Эпигастрии аймағындағы тамақтан кейін 30 минуттан кейін тұйық, сыздатып ауру сезіміне шағымданады. Маалокс қабылдағаннан кейін ауру сезімі басылады. Анамнезінен: жоғарыда аталған шағымдар 7-8 жылдан бері мазалайды, диспансерлік бақылауда тұрады, 17 жылдан бері темекі шегеді. Объективті: дене бітімі – астениялық, тілі ақ жабындымен жабылған, пальпацияда іші жұмсақ, эпигастрии аймағында ауру сезімі. Нәжіс тұрақты емес, периодты іш қату. Асқазанның рентгенологиялық зерттеуінде: «ниша» симптомы; асқазанның антральді бөлігінде барий массасының іркілуі (контрастты дақ). Төменде аталған диагноздардың қайсысы сәйкес?

1. Созылмалы панкреатит

2.Созылмалы гастрит

3.+Асқазан ойық жарасы

4. Созылсалы дуоденит

5. Жаралы колит

7. Әйел Р. 62 жаста. Қыжылға, кеудедегі тамақ қабылдау кезіндегі күйдіру сезіміне, семсер тәрізді өсіндіден жоғары қарай таралатын, кекіру, тамақ жұтудың қиындауына шағымданады. Анамнезінен: темекі шегеді, ащы және майлы тағамдар,кофе қолданады. Қанның жалпы анализінде: гемоглобин – 110 г/л; эритроциттер – 4.5х1012/л; лейкоциттер – 8.0х109/л; лимфоциттер – 38%; ЭТЖ – 2 мм/сағ. Эзофагоманометрия – жұтқыншақ сфинктерінің төменгі аймағында қысымы – 7 мм.рт.ст. Төменде аталған диагноздардың қайсысы сәйкес?

1. Асқазан ойық жарасы

2. Онекіелі ішек ойық жарасы

3. Созылмалы панкреатит

4. Созылмалы гастрит

5.+Гастроэзофагорефлюксті ауру

8. Әйел кісі Ж. 60 жаста, токсикалық өндірісте жұмыс істейді. Іштегі тұйық ауру сезіміне, ауырлық сезіміне, тамақ қабылдағаннан кейінгі қабырға астының керілу сезіміне, ауыздағы жағымсыз дәмге, тамақпен және ауамен кекіруге, тұрақсыз нәжіске, көбінесе сұйық болуына шағымданады. Объективті: тамақ қабылдаудың төмендеуі, тері жабындылары бозарған, тілі жылтыраған, көз склерасының сарғаюы. Эндоскопияда – шырышты қабат бозаруы, асқазан түбі және денесі аймағындағы қантамырлар просвечивание. Қан сарысуында – гастриннің мөлшері жоғарылаған. Төменде аталған диагноздардың қайсысы сәйкес?

1.+Созылмалы аутоиммунды гастрит (тип А)

2. Созылмалы антральді гастрит (тип В)

3. Созылмалы рефлюкс-гастрит (тип С)

4. Ригидті антрум-гастрит

5. Полипозды гастрит

9. Ер кісі Ф. 60 жаста. Шағымы: тамақ қабылдағаннан кейінгі іштегі ауру сезімі, жүрек айну, кейде тамақтан кейін құсу, тәбеті төмендеген,тұрақсыз нәжіс. Анамнезінен: жоғарыда атаоған шағымдар бірнеше жылдан бері мазалайды. Объективті: тері жамылғысы бозарған,таза; тілі күңгірт жамылғымен қапталған, тәстерінде кариоздар анықталды. Іші жұмсақ, пальпацияда эпигастрии аймағында ауыру сезімі, оң және сол қабырға астында. Эпигастрии аймағын соққылау кезінде жағымсфыз сезім, жүрек айну. Асқазанның фракционды зондтау кезінде: көлемі – 30 мл, жалпы қышқылдығы – 40 ммоль/л, тұз қышқылы -25 ммоль/л. Төменде аталған диагноздардың қайсысы сәйкес?

1. Созылмалы гастрит

2.+Асқазан ойық жара ауруы

3. Гастроэзофагеальді рефлюксті ауру

4. Созылмалы панкреатит

5. Созылмалы холецистит

10. Ер адам М, 62 жаста. ЖТДне жатқан кезде пайда болатын қою қақырықпен жөтелге, тамақты қабылдағаннан кейін, дене қалпын өзгерткенде қақырықтың азаюы. Дифференциалды диагностика жүргізу үшін қандай диагностика нақтырақ:

1. Қақырықты бактериологиялық тексеру

2. Бронхография

3. Спирометрия

4. Кеуде қуысының рентгенографиясы

5.+Фиброэзофагогастродуоденоскопия

11. Ер адам К. 60 жаста. Жүргізуші, темекі шегеді. Шағымдары: кекіруге, тамақты қабылдаған соң, Жатқан кезде және еңкейген кезде аузына қышқыл дәмінің келуіне. Түнде ұстама тәрізді жөтел мазалайды. Эндоскопиямен тексергенде – шырышты қабаттары ақшыл қызыл түстес,тегіс,жылтыр, дефект жоқ. Мотилиумды күніне 4рет қабылдайды 10мг.нан. Қай зерттеу әдісі емге жоғары сезімталдық әсер береді:

1. Манометрия

2. Эндоскопиялық зерттеу

3. Ультрадыбыспен зерттеу

4. Рентгендік тексеру

5.+Тәуліктік мониторинг асқазан рНы

12. Ер кісі Р., 65 жаста. Шағымы: темекі шеккеннен кейінгі қыжылға, тамақ қабылдағаннан кейінгі кекіру, жатқан кезде пайда болатын, ауыздағы ашщы сезімі, тамақ қабылдағанан кейінгі ауыру сезімі. Анамнезінен: бір аптадан бері ауырады. Амбулаторлы емделді, натижесіз; 40 жылдан бері темекі шегеді, алкоголь қолданады. Объективті:жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғылары бозарған; көзге көрінетін шырышты қабаттары таза, тілі жабындымен қапталған. Іші жұмсақ, пальпацияда эпигастрии аймағында ауру сезімді. Дұрыс диагноз қою үшін қай диагностика әдісі мақсатты болып табылады?

1. Іш қуыс ағзаларының УДЗ

2. Рентгеноскопия

3. Өңеш манометриясы

4. Тәуліктік мониторирг рН

5.+Эзофагогастродуоденоскопия

13. Әйел кісі П. 64 жаста. Қатты тағамдарды жұтынуға, кеуденің төменгі үштен бір бөлігінің ауру сезіміне, алға қарай еңкею кезінде тағам шырышы мен сілекей аралас кері кету, түнгі уақыттағы региргутация, түнгі жөтел, жұдеуге шағымданады. Төменде аталған аспаптық зерттеу әдістерінің қайсысы негізгі болып саналады?

1. Кеуде клеткасының жалпы рентгенографиясы

2. Эзофагогастродуоденоскопия

3. Өңеш манометриясы

4.+Рентгеноконтрастты эзофагография

5. Бернштейн тесті

14. Эрозивті гастрит емінде төменде аталған препараттардың қайсысы негізгі болып табылады?

1.+Париет

2. Омепразол

3. Мотилиум

4. Координакс

5. Гавискон

15. Ер кісі Г. 65 жаста, көлік жүргізуші. Шағымы: тамақтан кейінгі 1-1,5 сағаттан соң қыжылға, қышқылды кекіру, іш қату, эпигастрии аймағындағы жайсыздық тамақ қабылдағаннан кейін аздаған уақыттан соң басылады. Күніне 1қорап темекі шегеді. Объективті: іші жұмсақ. Қабырға асты аймағы сезімтал. Қан анализінде: эритроциттер 4,3х1012/л, гемоглобин 145 г/л, лейкоциттер 5,2х109/л, таяқша ядорлы 10 %, сегментоядорлы 62%, лимфоциттер 23%, моноциттер 5%, ЭТЖ 8 мм/сағ. Төменде аталған препараттардың қайсысы мақсатты болып табылады?

1. Дротаверин

2. Пепсинмен тұз қышқылы

3. Домперидон

4. Панкреатин

5.+Омепрозол


Амбулаторлық жағдайдағы туа біткен және хроникалық патологиясы бар науқастарды диспансерлік бақылау ерекшеліктері (жастық ерекшеліктері)

БІР ҒАНА ДҰРЫС ЖАУАППЕН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ (MCQ)





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 747 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.021 с)...