Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Интеллетуалдық меншік құқық қатынастары түрлері, объектілері, субектілері мен мазмұнын ашыныз



Интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерi Интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерiне: 1) интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi; 2) азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдары жатады. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiне: 1) ғылым, әдебиет және өнер туындылары; 2) эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының орындаушылығы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарлары; 3) өнертабыс, пайдалы үлгiлер, өндiрiстiк үлгiлер; 4) селекциялық жетiстiктер; 5) интегралдық микросызба топологиялары; 6) ашылмаған ақпарат, оның iшiнде өндiрiс құпиялары (ноу-хау); Азаматтық айналымға қатысушыларды,тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдарына: 1) фирмалық атаулар; 2) тауарлық белгiлер (қызмет көрсету белгiлерi); 3) тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары (шығатын жерін көрсету);

Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтар. Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелерінің авторлары осы нәтижелерге қатысты жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтарға ие болады. Жеке мүлiктiк емес құқықтар, оның мүлiктiк құқығына қарамастан, авторға тиесiлi болады және оның мүлiктiк құқығы басқа тұлғаның интеллектуалдық шығармашылық қызметiнiң нәтижелерiне ауысқан жағдайда өзiнде сақталып қалады. Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдарына (бұдан әрi - дараландыру құралдары) арналған құқық иелерi осы құралдарға қатысты мүлiктiк құқықтарға ие болады. Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижесiнiң авторы болып танылу құқығы (авторлық құқық) жеке мүлiктiк емес құқық болып табылады және оған шығармашылық еңбегiмен интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiн жасаған адам ғана ие бола алады. Авторлық құқықты иелiктен айыруға және басқа адамға беруге болмайды. Егер нәтиже екi немесе одан да көп адамның бiрлескен авторлығымен жасалса, олар тең авторлар болып танылады. Тұтастай алғанда туындының тең авторлары болып танылатын адамдар тобы интеллектуалдық меншiктiң жекелеген объектiлерiне қатысты заң актiлерiмен шектелуi мүмкiн. Объектілерді интеллектуалдык шығармашылык қызметтің нәтижесі және азаматтық айналымға қатысушылардың даралану кұралы деп екіге бөліп карастырут болады. Жоғарыда көрсетілген интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелері, біріншіден, адамның ой еңбегінің, қиялының, идеясының жетістігі, яғни шығарма- шылықтың нәтижесі. Сонымен қатар ол тек идея күйінде ғана емес, нақты өмірде материалдық сипатқа ие болуы керек. Мысалы, кітапта, киноөнерде, көркемсуретте және т. б. көрініс табуы қажет.Интеллектуалдық меншік құқығы объектілерінің екінші тобы азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру ұралдарының түрлері: фирмалық атаулар коммерциялық «сипаттағы заңды тұлғалардың ресми атаулары болып тибылады. Мысалы, «Эйр Казахстан» өуе компаниясы; Бахус» АҚ-ы; «Глотур» фирмасы, т.б., тауарлық белгілер пір шаруашылық субъектілерінің тауарлары мен кызметтерін екіншілерінен ажырату үшін қолданылады.

4.Интеллектуалдық мешік құқығының халықаралық шартттар қайнар көз ретінде қолданылуын көрсетіңіз. Халықаралық құқықтық тәртіп саласында интеллектуалды меншік құқығын ретке келтіру, басқаша айтсақ, интеллектуалды меншікке халықаралық құқық барлық келісімдердің жиынтығы болып табылады. Бүгінгі таңдағы осындай құқықтық пайда болуы, біріншіден, сауданың күрт өсуі, интеллектуалды құқық меншігінің жалпы тауар құнына әсері, әсіресе жоғары технологиялы фармацевтік және химиялық тауарлар өсіиіне байланысты. Жалпы әлемдік тауар айналымының 15-20% интеллектуалды меншікке, қорғалатын патенттер, сауда маркалары және т.б. сай келеді. Тағы да бір негізгі фактор – халықаралық интеллектуалды меншік құқығын дамыту – жоғары технологиялық өнім шығарушыларды (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция және басқа) қысқарту, өйткені ғылыми-техникалықжетістіктер, арзан жұмыс күші арқылы бәсекеге қабілеттілік жойылып, контрафактік (қарсы) өндіріс (Оңтүстік-Шығыс Азия елді-мекендерінде) орын алуда. Жоғарыда айтылып өткендей, интеллектуалды материалдық құқық ұлттық деңгейде қарастырылады. Халықаралық деңгейде материалдық құқық тар аймақта қарастырылады, негізінен ұлттық заңдылық басқа елдердің пайдаланушысына ғана қатысты болады. Авторлық және патенттік құқық отандық ғылым аясында қарастырылып, дәстүрлі халықаралық келісім негізінде шешіледі., ал интеллектуалды меншік иесі-жеке тұлғалар. Халықаралық келісім-шарттар ашық түрде жасалып, ешқандай күмән тудырмайды. Халықаралық интеллектуалды меншік құқығы қарапайым негізде қарастырылады, себебі, халықаралық келісім-шартқа қатысушылар мемлекетке қарайды. Осындай келісім-шарттардан міндеттер мен құқықтар туындайды, күмәнсіз – халықаралық құқық келісімі, нақтырақ – экономикалық, мүліктік – интеллектуалды меншіктің халықаралық құқығы. Интеллектуалды меншік құқығы мемлекетаралық конвенциялық нормаларда сақталуы керек, сақтауға мемлекет тікелей міндетті. Париж және Берн келісімдерінен сақталып келе жатқан дәстүрдің негізгі блогы бар. Алайда, айырмашылық шартты түрде ғана: патенттік құқық және авторлық құқық. Бүгінгі таңдағы сауды экономикасында Қазақстан меншік объектілерінде маңызды элементі болып: фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі және тауар шығару орындарының атауы саналады. әртүрлі типті тауар иеленушілерге бәсекеге қабілетті, өз ісіне жауапкершілікте негіз болатын мүмкіндіктер тудыру, сауда айналымындағы тауарлар мен қызмет көрсету деңгейі интеллектуалды меншік құқығында өзіндік бағалауда негіз болады.Патенттік құқық өндіріс меншігімен тығыз байланысты, яғни өндірістік өткізімге тікелей сай, онымен қоса қызмет көрсету, сауда қатынасы енеді, бірақ кәсіпкерлердің қаражаты және олардың өнімдерінің сапасын қарастырмайды. Интеллектуалды меншік құқығын қорғауда негізгі функция жеке өндірушілер, олардың тауарлары, жұмысы және қызметі негізге алынады.

Автордың мүліктік құқықтарының түсінігі, қолдану аясын көрсетіңіз.Авторға туындыны кез келген нысанда және кез келген әдiспен пайдалануға айрықша құқықтар берiледi. Автор туындыны пайдалану кезiнде үшiншi тұлғалардың мынадай iс-әрекеттердi жүзеге асыруына: 1) туындыны қайта жаңғыртуына (қайта жаңғырту құқығы); 2) туындының түпнұсқасын немесе даналарын кез келген әдiспен таратуына: сатуына, айырбастауына, прокатқа (жалға) беруiне, өзге де операциялар, оның ішінде ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде операциялар жасауына (тарату құқығы);3) туындыны көпшiлiк алдында көрсетуiне (көпшiлiкке көрсету құқығы); 4) туындыны көпшiлiк алдында орындауына (көпшiлiк алдында атқару құқығы); 5) жалпыға бiрдей мәлiмдеу үшiн эфирге немесе кабель арқылы хабарлауды қоса алғанда туындыны көпшiлiкке хабарлауына (көпшiлiкке хабарлау құқығы); 6) туындыны эфирге беруiне (радио және теледидар арқылы тарату), оның iшiнде туындыны кабель немесе спутниктiк байланыс арқылы таратуына (эфирге хабарлау құқығы); 7) туындыны аударуына (аудару құқығы); 8) туындыны қайтадан жасауына, аранжировкалауына немесе басқаша түрде өңдеуiне (өңдеу құқығы); 9) қала құрылысы, сәулет, безендiру жобасын iс жүзiне асыруына; 10) заң актiлерiне қайшы келмейтiн өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруына рұқсат етуге немесе тыйым салуға құқылы. Туындыға түпнұсқасындағыдай объективтi нысанда қайталап беру (туындыны басып шығару, дыбыс немесе бейне жазулар таралымы және т.б.) қайта жаңғырту болып табылады. Егер заңды түрде жарияланған туындының даналары оларды сату арқылы азаматтық айналымға енгiзiлсе, онда Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды одан әрi таратуға автордың келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төленбестен жол берiледі. Туынды кiрiс келтiру мақсатымен сатылғандығына не оны сату бұған бағытталмағандығына қарамастан, пайдаланылған деп саналады. Туындының (өнертабыстардың, өзге де техникалық, экономикалық, ұйымдастырушылық және т.б. шешiмдердiң) мазмұнын құрайтын ережелердi iс жүзiнде қолдану туындыны авторлық құқық мағынасында пайдалану болмайды.Туындыға авторлық құқық оның жариялануына қарамастан туындыға үшiншi тұлғалардың қабылдауына қолайлы объективтi нысан берiлген кезден бастап қолданыла бастайды. Ауызша туындыға авторлық құқық оны үшiншi тұлғаға хабарлаған кезден бастап қолданылады.Колданылу мерзими: Авторлық құқық автордың бүкiл өмiрi бойына және ол қайтыс болғаннан кейiн, автор қайтыс болғаннан кейiнгі келесi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде, жетпiс жыл бойы күшiнде болады. Бiрлесiп шығарылған туындыға авторлық құқық серiктес авторлардың бүкiл өмiрi бойына және басқа да серiктес авторлардың ең соңғысы қайтыс болғаннан кейін жетпiс жыл бойы күшінде болады. Бүркеншiк атпен немесе жасырын атпен алғаш рет жарыққа шыққан туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде жетпiс жыл бойы күшiнде болады. Автор қайтыс болғаннан кейін отыз жылдың ішінде алғаш рет жарыққа шыққан туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде ол жарыққа шыққаннан кейiнгi жетпіс жыл бойы күшiнде болады. Авторлық, автордың есiмi және туындыға қол сұқпаушылық мерзiмсiз қорғалады. 6.Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау, ерекшеліктері қандай

Авторлық құқықты қорғау белгiсi: 1. Айрықша авторлық құқық иесi өз құқықтары туралы мәлiмдеу үшiн туындының әрбiр данасына салынған және үш элементтен: 1) қоршауға алынған латынша "С" әрпiнен; 2) айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмiнен (атауынан); 3) туындының бiрiншi жарияланған жылынан тұратын авторлық құқықты қорғау белгісін пайдалануы мүмкін. Егер өзге дәлел болмаса, қорғау белгiсiнде көрсетiлген адам айрықша авторлық құқықтың иесi болып саналады. Авторлық құқық шығармашылық қызмет нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына олардың бағытына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ оларды білдіру әдісі мен нысанына қарамастан қолданылады. Авторлық құқық халыққа таратылған (жарияланған, жарыққа шыққан, басып шығарылған, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiкке көрсетiлген), сондай-ақ халыққа таратылмаған туындыларға қандай да бiр объективтi нысанда:1) жазбаша (қолжазба, машинаға басылған, нота жазбасы және т.б.); 2) ауызша (көпшiлiк алдында айту, көпшiлiк алдында орындау және т.б.); 3) дыбыс немесе бейне жазу (механикалық, цифрлық, магнитті, оптикалық және т.б.); 4) бейнелеу (сурет, эскиз, картина, жоспар, сызба, кино, теле, бейне немесе фото кадр және т.б.); 5) көлемдiк-кеңiстiктi (мүсiндеме, модель, макет, құрылыс және т.б.) 6) өзге де нысандарда қолданылады. Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылыққа, фонограммаларға, эфирлiк және кабельдiк хабар таратушы ұйымдардың хабарларына, олардың мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ олардың көрсетiлу әдiстерi мен нысандарына қарамастан қолданылады. Орындаушылар, фонограмма жасаушылар мен эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдары сабақтас құқық субъектiлерi болып табылады. Фонограмма жасаушы, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдары осы тарауда көзделген құқықтарды фонограмма жазылған не эфирге немесе кабель арқылы берiлетiн туындының орындаушысымен және оның авторымен жасалған шарт бойынша алынған құқықтар шегінде жүзеге асырады. Орындалған туынды авторларының құқықтары сақталған жағдайда орындаушы осы тарауда көзделген құқықтарды жүзеге асырады.. Сабақтас құқықтардың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшiн туындыны тiркеу немесе қандай да бiр басқа формалды талаптарды сақтау талап етiлмейдi. Фонограмма шығарушы және (немесе) орындаушы өз құқықтары туралы жариялау үшiн орындау жазбасының, фонограмманың әрбiр данасында және (немесе) ол сақталатын әрбiр қорапта орналасатын және үш элементтен: 1) қоршауға алынған латынша "Р" әрпiнен; 2) айрықша сабақтас құқықтар иесiнiң есiмiнен (атауыннан) 3) орындау жазбасының, фонограмманың бiрiншi жарияланған жылынан тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгісін пайдалануға құқылы.. Егер өзгеше дәлелденбесе, фонограммада және (немесе) оның қорабында есiмi немесе атауы көрсетiлген жеке немесе заңды тұлға фонограмма шығарушы болып танылады.

7. Авторлық құқық объектiлерi болмайтын туындыларды атаңыз. Авторлық құқық объектiлерi болып табылмайтын туындылар Мыналар авторлық құқық объектiлерi болып табылмайды: 1) ресми құжаттар (заңдар, сот шешiмдерi, заң шығару, әкiмшiлiк, сот және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтiндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары; 2) мемлекеттiк рәмiздер мен белгiлер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгiлерi және өзге де мемлекеттiк рәмiздер мен белгiлер); 3) халық шығармашылығының туындылары; 4) ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактiлер туралы хабарлар

8.Авторлық құқық объектiлерi болып табылатын туындыларды көрсетіңіз. Авторлық құқық шығармашылық қызмет нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына олардың бағытына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ оларды білдіру әдісі мен нысанына қарамастан қолданылады. Авторлық құқық объектiлерiнiң түрлерi: 1. Авторлық құқық объектiлерi мыналар болып табылады: 1) әдеби туындылар; 2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар; 3) сценарийлiк туындылар; 4) хореография және пантомима туындылары; 5) мәтiндi немесе мәтiнсiз музыкалық туындылар; 6) аудио-бейне туындылар, радио туындылар; 7) кескiндеме, мүсiн, графика туындылары мен басқа да бейнелеу өнерiнiң туындылары; 8) қолданбалы өнер туындылары; 9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнерi туындылары; 10) фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас әдiстермен алынған туындылар; 11) географияға, топографияға және басқа ғылымдарға қатысты карталар, жоспарлар, эскиздер, безендiрмелер мен үш өлшемдi туындылар; 12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар; 13) өзге де туындылар. ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау кез келген тiлде және кез келген нысанда көрсетiле алатын, оларға негiзгi мәтiнді және объектiлiк кодты қоса алғанда, ЭЕМ (оның iшiнде операциялық жүйелер) бағдарламаларының барлық түрлерiне қолданылады. 3. Авторлық құқық объектiлерiне, сондай-ақ: 1) туынды шығармалар (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар, түйiндеулер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық аранжировкалар және ғылым, әдебиет пен өнер туындыларының басқа да қайта өңделiмдерi); 2) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және басқа да iрiктелу және (немесе) материалдардың орналасуы бойынша шығармашылық еңбек нәтижесі болып саналатын құрастырылған туындылар жатады. Туынды және құрастырылған шығармалар оларға негiз болған немесе олар қамтыған шығармалардың авторлық құқық объектiлерi болу-болмауына қарамастан авторлық құқықпен қорғалады.

9. Авторлық құқық объектiсінің түсінігі, белгілерін көрсетіңіз. Авторлық құқық шығармашылық қызмет нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына олардың бағытына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ оларды білдіру әдісі мен нысанына қарамастан қолданылады. Авторлық құқық халыққа таратылған (жарияланған, жарыққа шыққан, басып шығарылған, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiкке көрсетiлген), сондай-ақ халыққа таратылмаған туындыларға қандай да бiр объективтi нысанда: 1) жазбаша (қолжазба, машинаға басылған, нота жазбасы және т.б.)2) ауызша (көпшiлiк алдында айту, көпшiлiк алдында орындау және т.б.); 3) дыбыс немесе бейне жазу (механикалық, цифрлық, магнитті, оптикалық және т.б.); 4) бейнелеу (сурет, эскиз, картина, жоспар, сызба, кино, теле, бейне немесе фото кадр және т.б.); 5) көлемдiк-кеңiстiктi (мүсiндеме, модель, макет, құрылыс және т.б.); 6) өзге де нысандарда қолданылады. вторлық құқық объектiлерi мыналар болып табылады: 1) әдеби туындылар;2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар; 3) сценарийлiк туындылар; 4) хореография және пантомима туындылары;5) мәтiндi немесе мәтiнсiз музыкалық туындылар; 6) аудио-бейне туындылар, радио туындылар 7) кескiндеме, мүсiн, графика туындылары мен басқа да бейнелеу өнерiнiң туындылары; 8) қолданбалы өнер туындылары; 9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнерi туындылары 10) фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас әдiстермен алынған туындылар; 11) географияға, топографияға және басқа ғылымдарға қатысты карталар, жоспарлар, эскиздер, безендiрмелер мен үш өлшемдi туындылар;12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар; 13) өзге де туындылар.ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау кез келген тiлде және кез келген нысанда көрсетiле алатын, оларға негiзгi мәтiнді және объектiлiк кодты қоса алғанда, ЭЕМ (оның iшiнде операциялық жүйелер) бағдарламаларының барлық түрлерiне қолданылады.Авторлық құқық объектiлерiне, сондай-ақ: 1) туынды шығармалар (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар, түйiндеулер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық аранжировкалар және ғылым, әдебиет пен өнер туындыларының басқа да қайта өңделiмдерi); 2) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және басқа да iрiктелу және (немесе) материалдардың орналасуы бойынша шығармашылық еңбек нәтижесі болып саналатын құрастырылған туындылар жатады. Туынды және құрастырылған шығармалар оларға негiз болған немесе олар қамтыған шығармалардың авторлық құқық объектiлерi болу-болмауына қарамастан колданылады. 10.Авторлық құқық саласындағы мүлiктiк құқықтың берiлу тәртібі қандай. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет жарияланған немесе жарияланбаған, бiрақ түпнұсқасы қандай болса да объективтi нысанда оның аумағында болған туындыға авторлық құқық Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады. Бұл жағдайда автор және (немесе) оның мұрагерлерi, сондай-ақ автордың басқа да құқықтық мирасқорлары өздерiнiң азаматтығына қарамастан авторлық құқық иесi болып танылады. Туындысы шет мемлекет аумағында алғаш рет жарияланған немесе қандай болса да объективті нысанда болған Қазақстан Республикасы азаматтарының да, сондай-ақ олардың құқықтық мирасқорларының да авторлық құқығы танылады. Халықаралық шарттарға сәйкес авторлық құқықты қорғау құқық иесіне берiлген жағдайда туындының шет мемлекет аумағында жариялану фактiсi тиiстi халықаралық шарттардың ережелерiне сай анықталады. Қазақстан Республикасының аумағында туындыны қорғау мақсатында туындының авторы туынды алғаш рет аумағында қорғауға алынған мемлекеттiң заңы бойынша анықталады. Туындыға авторлық құқық оның жариялануына қарамастан туындыға үшiншi тұлғалардың қабылдауына қолайлы объективтi нысан берiлген кезден бастап қолданыла бастайды. Ауызша туындыға авторлық құқық оны үшiншi тұлғаға хабарлаған кезден бастап қолданылады. Құқық иеленушi өзiне тиiстi құқықтарды өз қалауы бойынша жеке жүзеге асыруға құқылы. Өзге адамдар авторлық құқықтарды тек құқық иеленушiнiң келiсiмi бойынша және, өкiлдiктi заңды өкiл жүзеге асыратын осы Кодекстiң 977-бабында көзделген құқықтарды қоспағанда, оларға берiлген өкiлеттiк шегiнде ғана басқара алады. Авторлық және сабақтас құқықтарды иеленушiлер заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен авторлық және сабақтас құқықтарды басқару жүктелетiн ұйымдар құра алады.

11.Авторлық құқық саласындағы мүлiктiк емес жеке құқықтардың ерекшеліктерін атаңыз. Туынды авторының мынадай жеке мүлiктiк емес құқықтары болады:1) туынды авторы ретiнде танылу және оны пайдалану кезiнде осы туындыға басқа адамдардың авторлығын тануды болғызбайтын нақ осындай тануды талап ету құқығы (авторлық құқық); 2) туындыны өз атынан, бүркеншiк атпен немесе жасырын атпен пайдалану құқығы (авторлық атқа құқық); 3) өз туындысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге және оның атауын қоса алғанда, туынды жарық көргенде, көпшiлiк алдында орындалғанда немесе өзге түрде пайдаланылғанда автордың келiсiмiнсiз кiмнiң болса да өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуiнен туындыны қорғау құқығы (туындыға қол сұқпаушылық құқығы). Автордың келiсiмiнсiз оның туындысын шығарғанда безендiрулер, алғысөздер, соңғысөздер, түсiнiктемелер немесе қандай да болсын түсiндiрмелер беруге тыйым салынады.Автор қайтыс болғаннан кейiн оның туындысын қол сұғушылықтан қорғауды өсиетте көрсетiлген адам, ал мұндай нұсқау болмаған жағдайда - автордың мұрагерлерi, сондай-ақ заң актілеріне сәйкес авторлық құқықтарды қорғау жүктелген тұлғалар жүзеге асырады. Кызметтік міндеттерін немесе жұмыс берушінің қызметтік тапсырмасын орындау тәртібімен жасалған, туындыларды қоспағанда, туындыға белгiсiз адамдар тобының қол жеткiзуiне жол ашу құқығы (халыққа жария ету құқығы). 2. Автор туындыны халыққа тарату туралы бұрын қабылдаған шешiмiнен бас тартуға құқылы (керi қайтарып алу құқығы), бұл жағдайда жоғалтылған пайдасын қоса алғанда, пайдаланушыға осындай шешiм арқылы келтiрiлген залал өтелуi керек. Егер туынды халыққа жария болып кетсе, автор оны керi қайтарып алатыны туралы көпшiлiкке хабарлауға мiндеттi. Бұл орайда ол туындының бұрын әзiрленген даналарын өз есебiнен айналыстан алып тастауға құқылы. 3. Автордың бiреумен келiсiмi немесе автордың жеке мүлiктiк емес құқықтарын жүзеге асырудан бас тартуы туралы арызы жарамсыз болады..

12. Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу. Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді (бұдан әрі – мемлекеттік тіркеу) уәкілетті орган автордың (авторлардың) немесе құқық иеленушінің өтінішін алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде жүргізеді. Мемлекеттік тіркеу автордың (авторлардың) өтініші негізінде немесе құқық иеленушінің өтініші негізінде жүзеге асырылады. Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды тіркеуге берілетін өтініштің нысандарын уәкілетті орган бекітеді.Мемлекеттік тіркеуге берілетін өтініште автордың (авторлардың) деректері, өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты толығымен, тұратын жері, байланыс телефондары, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері көрсетіледі. Егер өтінішті құқық иеленуші берсе, онда оның заңды мекенжайы көрсетіледі. Егер туынды төл туындыдан жасалса, пайдаланылған туынды авторының (авторларының) тегін, атын, әкесінің атын көрсету қажет.Әдеби, ғылыми, драмалық, сценарийлік туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар: 1) өтініш;2) туындының бір данасы;3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;4) мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады. Мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындыларға және музыкалық-драмалық туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар 1) өтініш; 2) туындының жазбасы бар жеткізгіш, мәтін, партитура немесе клавира түріндегі ноталар 3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 4) мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады. Бөлек тең авторлықпен шығарылған музыкалық туындыларға құқықтар тең авторлық құқықтары сақталған жағдайда бөлек те, бірлескен түрде де тіркелуі мүмкін.Хореография, пантомима туындыларына, дыбыстау-бейнелеу туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар: 1) өтініш;2) туындының жазбасы бар жеткізгіш; 3) туындының сипаттамасы;4) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;5) мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады 6. Сәулет, қала құрылысы, бақша-парк өнері туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:1) өтініш;2) эскиздер, сызбалар, суреттер;3) туындының толық сипаттамасы;4) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;5) мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.7. Сурет өнері, мүсін, графика, бейнелеу және қолданбалы өнер туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:1) өтініш2) туындының бір данасы немесе туындының фотосурет түріндегі бейнеленуі;3) туындының толық сипаттамасы;4) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі 5) мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.ЭЕМ-ге немесе дерекқорларға арналған бағдарламасы және бастапқы коды (бастапқы мәтіні) бар жеткізгіш (дискета немесе басқа да электрондық жеткізгіштер)ЭЕМ-ге немесе дерекқорларға арналған бағдарламаның атауын, өтініш берушінің атауын (тегін, атын, әкесінің атын), жасалған күнін, қолдану саласын, мақсатын, функционалдық мүмкіндіктерін, негізгі техникалық сипаттамаларын, бағдарламалау тілін, іске асырушы ЭЕМ-нің типін қамтитын ЭЕМ-ге немесе дерекқорларға арналған бағдарламаның рефераты;өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.Егер туындыға құқықтардың құқық иеленушісі заңды тұлға болса, тіркеу үшін ұсынылатын құжаттардан басқа, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы ұсыну қажет.Құрамдас немесе төл туындыдан жасалған туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде төл туындының авторымен (авторларымен) немесе құқық иеленушісімен жасалған авторлық шарттың көшірмесі ұсынылады.Мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру үшін уәкілетті органға ұсынылатын туындылар олардың жеткізгіштерде объективті нысанда болуын тексеру үшін қарап көруге жатады.Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеудің расталуы болып табылады. Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын уәкілетті орган бекітеді.Автордың (авторлардың) немесе құқық иеленушінің өтініші бойынша уәкілетті орган мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда он жұмыс күні ішінде оның телнұсқасын береді.Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу, авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтардың тіркелуін куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алым алынады.

13.Авторлық құқықтың ауысу тәртібі қандай? Авторлық құқық шарт бойынша және мұра ретiнде берiледi.Авторлық құқық мұрагерлiк тәртiбiмен заң бойынша немесе өсиет бойынша ауысады.Автордың осы Заңның 15-бабында көзделген мүлiктiк емес жеке құқықтары мұрагерлiк бойынша ауыспайды. Автордың мұрагерлерi мүлiктiк емес жеке құқықтарын қорғауды жүзеге асыруға құқылы. Мұрагерлердiң аталған заңды құқықтарының мерзiмi шектелмейдi.Өсиет орындаушыны тағайындайтын тәртiп бойынша автор өзiнiң мүлiктiк емес жеке құқықтарын қорғауды жүктейтiн адамды көрсетуге құқылы. Мұндай адам өз өкiлеттiгiн өмiр бойы атқарады. Автордың мұндай нұсқауы болмаған жағдайда автор қайтыс болғаннан кейiн оның мүлiктiк емес жеке құқықтарын қорғауды оның мұрагерлерi, егер мұрагерлерi болмаса немесе олардың авторлық құқығы тоқтатылған болса, Қазақстан Республикасының мұндай қорғауды жүзеге асыратын уәкiлдiк берiлген органы атқарады. Автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң сол туындыны кез келген нысанда және кез келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк (айрықша) құқығы бap. Автордың туындыны пайдалануға айрықша құқықтары төмендегi әрекеттердi жүзеге асыру, рұқсат ету немесе жүзеге асыруға тыйым салу құқығын бiлдiредi: 1) туындыны қайта шығару (қайта шығару құқығы); 2) туындының түпнұсқасын немесе даналарын кез келген әдiспен таратуына: сатуына, айырбастауына, прокатқа (жалға) беруiне, өзге де операциялар, оның ішінде ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде операциялар жасауына (тарату құқығы); 3) тарату мақсатында туынды даналары, соның iшiнде автордың немесе авторлық құқықтардың өзге иесiнiң рұқсатымен дайындалған даналарын импорттау (импортқа әкелу құқығы);4) туындыны жария көрсету (жария көрсету құқығы);5) туындыны жария орындау (жария орындау құқығы)6) туындыны жария хабарлау (туындыны жалпы жұрттың назарына арнап хабарлау), соның iшiнде эфирде немесе кабель арқылы хабарлау (жария хабарлау құқығы);7) жалпы жұрттың назарына арнап эфирде алғашқы және (немесе) кейiнгi хабарлауды қоса алғанда туындыны эфирде хабарлау (эфирде жариялау құқығы); 8) жалпы жұрттың назарына арнап кабель арқылы алғашқы және (немесе) кейiнгi хабарлауды қоса алғанда туындыны кабель арқылы хабарлау (кабель арқылы хабарлау құқығы 9) туындыны аудару (аудару құқығы);10) туындыны қайта жасау, музыкалық әуендеу немесе басқаша түрде қайта өңдеу (өңдеу құқығы);10-1) туындыны жалпы жұрттың назарына жеткізу (жалпы жұрттың назарына жеткізу құқығы) 11) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн өзге де әркеттердi жүзеге асыру құқықтарын бiлдiредi.

14.Авторлық шарт тусінігі және мазмұны ашыныз. А йрықша құқықтарды беру туралы авторлық шарт бойынша немесе айрықша емес құқықтарды беру туралы авторлық шарт бойынша пайдалану үшiн берiлуi мүмкiн. Мүлiктiк құқықтарды қалай да болсын басқаға беру автордың және мүлiктiк құқықтар берiлетiн адамның қолы қойылатын жазбаша шартпен ресiмделуге тиiс. Айрықша құқықтарды беру туралы авторлық шарт осы құқықтар берiлген адамға ғана туындыны белгiлi бiр әдiспен және шартта белгiленген шекте пайдалануға рұқсат етедi және мұндай адамға басқа адамдардың туындыны осылайша пайдалануына тыйым салу құқығын бередi. Егер айрықша құқықтар берiлген адам бұл құқықты қорғауды жүзеге асырмаса, басқа адамдарға туындыны пайдалануға тыйым салу құқығын туындының авторы жүзеге асыра алады.Айрықша емес құқықтарды беру туралы авторлық шарт пайдаланушыға осындай құқықты берген айрықша құқық иесiмен және (немесе) осы туындыны сондай әдiспен пайдалануға рұқсат алған басқа адамдармен туындыны тең жағдайда пайдалануға рұқсат етедi. Авторлық шарт бойынша берiлген құқықтар, егер шартта тiкелей өзгеше көзделмесе, айрықша емес құқықтар деп есептеледi. 1. Авторлық шартта: 1) туындыны пайдалану әдiстерi (осы шарт бойынша берiлетiн нақты құқықтар); 2) құқық берiлетiн мерзiм мен аумақ;3) сыйақы мөлшерi және (немесе) туындыны пайдаланудың әрбiр әдiсi үшiн сыйақы мөлшерiн белгiлеу тәртiбi, оны төлеудiң тәртiбi мен мерзiмi, сондай-ақ тараптар осы шарт үшiн маңызды деп есептейтiн басқа да жағдайлар көзделуге тиiс. 2. Авторлық шартта құқықтың берiлу мерзiмi туралы ереже болмаған жағдайда, егер пайдаланушыға бұл жөнiнде шарттың бұзылуына дейiн үш ай бұрын жазбаша хабарланған болса, автор шартты ол жасалған күннен бастап бiр жыл өткен соң бұза алады. 3. Авторлық шартта құқық берiлетiн аумақ туралы ереже болмаған жағдайда шарт бойынша берiлетiн құқықтың қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледi.4. Туындыны пайдалануға авторлық шарт бойынша тiкелей берiлмеген құқықтар берiлмедi деп саналады.5. Шарт жасалған кезде белгiсiз болған туындыны пайдалану құқықтары авторлық шарт мәселесi бола алмайды. 6. Сыйақы туындыны тиiсiнше пайдалану әдiсiне сәйкес түсетiн табыс процентi түрiнде авторлық шартта немесе, егер мұны туындының сипатынан немесе оны пайдалану ерекшелiктерiне байланысты жүзеге асыру мүмкiн болмаса, шартта көрсетiлген сома түрiнде не басқаша түрде белгiленедi.7. Авторлық шарт бойынша берiлген құқықтар, егер ол тек шартта тiкелей көзделген болса, басқа адамдарға түгелдей немесе iшiнара берiлуi мүмкiн. 8. Осы Заңның 14 және 33-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, автордың болашақта жасайтын туындыларын пайдалану құқықтары авторлық шарт мәселесi бола алмайды. 9. Автордың болашақта белгiлi бiр тақырыпта немесе белгiлi бiр салада туынды жасауына шек қоятын авторлық шарт ережесi жарамсыз болып табылады. 10. Осы Заң ережелерiне қайшы келетiн авторлық шарт ережелерi жарамсыз болып табылады.11. Авторлық шарт жазбаша түрде жасалуға тиiс. Туындыны мерзiмдi баспасөзде пайдалану туралы авторлық шарт ауызша түрде жасалуы мүмкiн. 12. Электрондық нысанда жасалған туындылардың, соның iшiнде ЭЕМ-ге және деректер базасына арналған бағдарламаның даналарын сату кезiнде, сондай-ақ көпшiлiк пайдаланушыларға оны пайдалануға рұқсат беру кезiнде оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де шарт нысандары мен оларды жасасу тәртiбiн қолдануға болады. 13. Авторлық шартта көрсетiлген мiндеттердi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған тарап екiншi тарапқа келтiрiлген залалды, соның iшiнде алынбаған пайдасын өтеуге мiндеттi. Тапсырыстың авторлық шарты: 1. Тапсырыстың авторлық шарты бойынша автор шарт ережелерiне сәйкес туынды жасап, оны тапсырысшыға беруге мiндеттенедi. 2. Тапсырыс берушi шартта келiсiлген сыйақы есебiнен авторға аванс төлеуге мiндеттi. Аванстың мөлшерi, төлеу тәртiбi мен мерзiмi тараптардың келiсуiмен шартта белгiленедi. 3. Тапсырыс шартының ережелерiне тапсырыс туындысын табыс етпеген автор тапсырыс берушiге келтiрген нақты зиянды өтеуге мiндеттi.

15.Айрықша құқық және интеллектуалдық меншік құқығын атаңыз. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiне немесе дараландыру құралына, мұндай нәтиже немесе дараландыру құралы көрсетiлген материалдық объектiге меншiк құқығына қарамастан, айрықша құқық қолданылады. Айрықша құқықтарды қорғау. 1) пайдалану арқылы айрықша құқықты бұзған материалдық объектiлердi және осындай бұзушылық нәтижесiнде жасалған материалдық объектiлердi алып қою; 2) жiберiлген кемшiлiктер туралы, оған бұзылған құқықтың кiмге қатысты екендiгi туралы мәлiметтердi қоса отырып, мiндеттi жариялау жолымен; 3) заң актiлерiнде көзделген өзге әдiстермен де жүзеге асырылуы мүмкiн. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi мен дараландыру құралдарын пайдалану туралы шарттар бұзылған жағдайда мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершілiк туралы жалпы ережелер қолданылады. Айрықша құқықтардың қолданылу мерзiмi. Интеллектуалдық меншiк объектiсiне айрықша құқық осы Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде көзделген мерзiм iшiнде қолданылады. Заң актiлерiнде мұндай мерзiмдi ұзартудың мүмкiндiгi көзделуі мүмкін. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне жеке мүліктік емес құқық мерзімсіз қолданылады. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда айрықша құқықтың қолданылуы оны белгiлi бiр уақыт iшiнде қолданбаудың салдарынан тоқтатылуы мүмкiн. 16.Айрықша құқықтардың басқа адамға ауысу тәртібін көрсетіңіз Егер AК-да немесе өзге де заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, интеллектуалдық меншiк объектісіне айрықша құқықтарды олардың құқық иелерi шарт бойынша толық немесе iшiнара басқа адамға беруi мүмкiн, сондай-ақ мұрагерлiк бойынша әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен және заңды тұлғаның - құқық иесiнiң қайта ұйымдастырылуы нәтижесiнде ауысады. Айрықша құқықтардың берiлуi авторлық құқық пен өзге мүлiктiк емес құқықтардың жүзеге асуын шектемеуге тиiс. Мұндай құқықтарды беру немесе шектеу туралы шарттың талаптары жарамсыз болады. Басқа адамға оның қолданылуы кезеңiнде шектеулi уақытқа айрықша құқық беруді көздейтін шартқа лицензиялық шарт туралы ережелер қолданылады. Айрықша құқықтарды қорғау: 1) пайдалану арқылы айрықша құқықты бұзған материалдық объектiлердi және осындай бұзушылық нәтижесiнде жасалған материалдық объектiлердi алып қою; 2) жiберiлген кемшiлiктер туралы, оған бұзылған құқықтың кiмге қатысты екендiгi туралы мәлiметтердi қоса отырып, мiндеттi жариялау жолымен; Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi мен дараландыру құралдарын пайдалану туралы шарттар бұзылған жағдайда мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершілiк туралы жалпы ережелер қолданылады.

17.Айрықша құқықтардың басқа адамға ауысу тәртібін көрсетіңіз Егер AК-да немесе өзге де заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, интеллектуалдық меншiк объектісіне айрықша құқықтарды олардың құқық иелерi шарт бойынша толық немесе iшiнара басқа адамға беруi мүмкiн, сондай-ақ мұрагерлiк бойынша әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен және заңды тұлғаның - құқық иесiнiң қайта ұйымдастырылуы нәтижесiнде ауысады. Айрықша құқықтардың берiлуi авторлық құқық пен өзге мүлiктiк емес құқықтардың жүзеге асуын шектемеуге тиiс. Мұндай құқықтарды беру немесе шектеу туралы шарттың талаптары жарамсыз болады. Басқа адамға оның қолданылуы кезеңiнде шектеулi уақытқа айрықша құқық беруді көздейтін шартқа лицензиялық шарт туралы ережелер қолданылады. Айрықша құқықтарды қорғау: 1) пайдалану арқылы айрықша құқықты бұзған материалдық объектiлердi және осындай бұзушылық нәтижесiнде жасалған материалдық объектiлердi алып қою; 2) жiберiлген кемшiлiктер туралы, оған бұзылған құқықтың кiмге қатысты екендiгi туралы мәлiметтердi қоса отырып, мiндеттi жариялау жолымен; Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi мен дараландыру құралдарын пайдалану туралы шарттар бұзылған жағдайда мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершілiк туралы жалпы ережелер қолданылады.

18 Айрықша құқықтардың қолданылу мерзімін көрсетіңіз. Патент құқығы обьектілеріне айрықшы құқтар мерзімі:пайдалы модельге 5жыл оны одан әрі ұзартуға ары кетсе 3 жыл. Өнертабысқа 3 жыл ары ұзартуға 2 жыл, өнеркәсіптік үлгіге 10 жыл ал ары ұзарту үшін 5 жыл.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 3928 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...