Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Syllabus



Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Syllabus

Түркі халықтарының тарихы пәні (3 кредит)

Сабақ өткізу уақыты мен орыны ОСӨЖ-ның өткізу уақыты мен орыны Оқытушының аты-жөні Байланыс, тел, email
Дәріс-сейсенбі сағат 10.30-12.30, №304     Еспенбетова А.М. [email protected]
Семинар- жұма сағат 8.30-8.20, №304   Жұма сағат 14.40-16.30 Төремұратова Ә.М.  
       

Түркі халықтарының тарихы пәнінің сипаты: «Түркі халықтарының тарихы» курсы 5В011400– «Тарих» мамандығы бойынша кәсіби біліктілікке дайындайтын міндетті пән.

Түркі халықтарының тарихы мақсат-міндеттері:

Пәнді оқытудың мақсаты:

Еуразия аумағына тараған түркі халықтарының ерте заманнан бастап қазіргі кезеңге дейінгі бай тарихы мен мәдениетінен мағлұмат беру;

Пәнді оқытудың міндеттері:

- түркі халқының этногенезі мен этникалық тарихының негізгі

кезеңдерін анықтау:

- Еуразия аумағындағы түркі тілдес халықтардағы мемлекеттің

пайда болуы жэне оның өркендеуі, шаруашылығы,

мәдениеті жөнінде білім беру;

- түркі халқының әлем халықтар ортасында орны, олардың

дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесін көрсету;

- түркі қауымдастығының бірлігін жан-жақты ашу өткені

және бүгінгісімен органикалық байланысын көрсету;

- Отан тарихы ғылымындағы түркітану бағытындағы соңғы

ғылыми жетістіктер мен таласты пікірлерге назар аудару;

Түркі халықтарының тарихы пәнінің қысқаша мазмұны. Қазақстан Республикасы педагогтік жоғары оқу орындары тарих факультеттерінің оқу жоспарларына «Түркі халықтарының тарихын» міндетті пән ретінде енгізу, Кеңестер Одағы тарағаннан кейін тәуелсіз түркі тілдес мемлекеттердің пайда болуына байланысты саяси конъюнктура үшін емес ал керісінше пісіп жетілген ғылыми – қоғамдық сұранысты қамтамасыз ету үшін дер кезінде жүзеге асырылған Бағдарламаны құрастыру барысында біз материалды баяндауда ішінде түркі халықтарының өмірі өтіп жатқан конфессионалды-мәдени, мемлекеттік-саяси құрылымдардың өзіндік сипаты, мен ерекшеліктерінің мағыналық мәтініне сай дәстүрлі елтанулық негізді сақталдық

Түркі халықтарының тарихы пәні курсын сәтті аяқтағанннан кейін студент келесідей қабілеттерді меңгереді:

-Түркі халықтарының тарихы туралы арнайы әдебиеттер мен деректердің көмегімен тарихи үрдістер туралы;

-кәсіби қызметінде әлеуметтік,гуманитарлық ғылыми әдістер туралы;

-Әлем тарихының құрамдас бөлігі ретінде түркі тайпалары мен халықтарының тарихының басты құндылықтары туралы мағлұматы болуы керек;

Түркі халықтарының тарихы курсы бойынша студенттер:

-Әлем тарихы мен түркі халықтарының тарихы бойынша дерек көздерін, деректану теориясы мен методологиясының негіздерін;

-қазіргі заманғы жаңа білім технологиясын меңгере отырып,түркі халықтарының тарихы бойынша басты мәселелерін білу керек;

-Түркі халықтарының түп тамырын;

-Ерте орта ғасырлық түрік мемлекеттерінің саяси,экокномикалық құрылымы мен ондағы этно-мәдени ұдерістер туралы негізгі базалық түсініктерді;

-Орталық Азия аумағындағы түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін оқып-үйренудің біртұтас тұжырымдамалық тәсілдерін білуі тиіс;

Түркі халықтарының тарихы пәні курсы бойынша студенттер:

-дүниетанымдық сипаттағы жүйелі білімге;

-түркі халықтарының тарихы жөнініде әдебиеттер және деректермен жұмыс істеуге;

-деректермен-жазба,ауызша,этнографиялық, лингвистикалық, археологиялық соның ішінде түркілердің өзіндік жазба ескерткіштеріне көңіл аудара отырып, жұмыс істеуге дағдысы болуы керек.

- өзіндік талдау жасай алу дағдысын қалыптастыру;

- ізденгіш, еңбекқорлық дағдыларын жетілдіру.

Пререквизиттер: пән мазмұны және мақсатына сәйкес төмендегі пәндерді білуі тиіс:

-Ежелгі Қазақстан тарихы.

-Ежелгі дүние тарихы;

-Орта ғасырлар тарихы

-Археология

-Этнология

-Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы

Постреквизиттер: «Түркі халықтарының тарихы» курсынан меңгерген білім мен икемділіктер мына мамандықтарды игеруге мүмкіндік береді:

-Жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы

-Жаңа және қазіргі замандағы Азия, Африка тарихы

Жаңа және қазіргі замандағы Европа мен Америка тарихы;

-Деректану;

-Тарихнама;

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясы ретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: дәріс конспектісін құру, жазбаша бақылау жұмыстары, семинар сабақтарының тапсырмаларына ауызша жауабы, тест тапсырмалары, мәнжазба, эссе және т.б.

Аралық бақылау (бақылау жұмысы): бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық тапсырмаларды қамтиды.

Жеке өзіндік жұмысқа: курс тақырыптары бойынша семинар сабақтарының тапсырмаларын орындауы, хабарламалар дайындау, тарихи құжаттарды, монографияларды оқуы және талдауы, қосымша деректерді пайдалануы жатады.

Үй тапсырмасы: үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.

Коллоквиум: өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.

Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе, презентация, графикалық-есеп жұмысы: нақты тақырып бойынша тапсырылады, кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тесттері: өткен материалдар бойынша 20 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.

Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төмен баға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.

Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатын емтихан тапсырады.

Түркі халықтарының тарихы пәнінің тақырыптық жоспары





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 694 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...