Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Түсінік хат



1. Тақырыптық-күнтізбелік жоспар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасына, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылым кеңесінің 2015 жылы 18 мамыр №4 хаттамасына сәйкес ұсынылған 2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатына, «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі №400 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы №515 бұйрығымен, ал 1,7 және 8 сыныптарға арналған оқу басылымдарының тізбесі ҚР Білім және ғылым министрінің 213 жылғы 18 қарашадағы №460 бұйрығымен анықталған 2014 жылғы 28 сәуірдегі №127 бұйрығына сәйкес әзірленген.

2.Бастауыш сыныптардағы (1- 4 – сыныптар) математика пәні – «Математика» білім саласындағы кіріктірілген оқу пәні.Оны игеруде 1000000 – ға дейінгі натурал сандар және нөл санының арифметикасы, негізі шамалар, алгебра мен геометрия элементтерін негізгі орта мектепте білімді жалғастыру үшін құрылған.

3. Оқуыт мақсаты – ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған математиканың базистік негізін сапалы игеруді қамтамасыз ету; көрнекі – бейнелі, логикалық және абстрактты ойлауды қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игеруге практикалық негіз жасау.

4. Оқытудың міндеттеріне:

1) тұлғаның зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау, ауызша және жазбаша, сонымен қатар математика тілінде сөйлеу, психомоторика тәрізді функциональдық қасиеттерін дамыту; көрнекі – бейнелі және логикалық ойлауын дамыту;

2) бастауыш сынып оқушыларының оқу – танымдық қызметін (жоспарлау, жоспар бойынша әртүрлі іс – әрекеттер жасау, оның ішінде ойлау қызметін талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т.б), өзін – өзі бақылау және өзін – өзі бағалауды жүргізу біліктілігін қалыптастыру;

3) оқытуды білімнің келесі деңгейлерінде жалғастыру үшін оқушыға қажетті математикалық білім мен білікті, есептеу, өлшеу және графикалық дағдыны қалыптастыру; алгебра мен геометрияны игеруге алдын – ала мақсатты дайындықты жүргізу;

4) оқуға деген ынтасын, математикаға деген оң көзқарасы мен қызығушылығын, танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару дағдысын қалыптастыру;

5) стандартты емес және қызықтылық сипаттағы тапсырмалар негізінде жобалау қызметі және өмірлік жағдайлардарғы

(құзыреттілік) мәселелерді шешу арқылы математикалық және шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту;

6) баланың тұлғалық қасиеттерін, яғни жауапкершілік, белсенділік, мақсатқа талпынушылық, жауапкершілік тәріз

ді қасиеттерін тәрбиелеу;

7) қарым – қатынас мәдениетін, үлкендерге құрмет көрсету мен кішілерге қамқор болуды, қоршаған ортаны қорғауда өзінің белсенділігін көрсетуді, патриоттық сезімді тәрбилеу, қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан этностардың тарихына, мадениетіне, әдет – ғұрпына және басқа байлықтарына құрмет көрсетуді, математика ғылыының дамуы барысында жинақталған құндылықтарға қатыстыру кіреді.

5. Математиканы оқыту процесінде пәнаралық байланыс:

1) ана тілі пәнімен. Математикалық мазмұны бар тұжырымдарды, сөйлемдерді, қорытындылар мен жалпылауларды құру кезінде тілінің ережелерін қолдану, оқулық пен, дидактикалық материалдармен және т.б. жұмыс жасау кезінде оқушының оқу дағдысын мен сапасының қалыптасқан деңгейін ескеру;

2) дүниетану пәнімен. Математикалық мазмұны бар тапсырмаларды орындау барысында қоршаған ортадағы құбылыстар туралы білімдерін қолдану;

3) еңбекке баулу пәнімен. Математикадан жазбаша жұмыстарды орындау кезінде қол бармақтарының ұсақ бұлшық еттерінің даму деңгейін ескеру;

4) бейнелеу өнері пәнімен. Қағаз бетінде бейнелеу біліктігін қолдану, қағаз бетінде (жазықтықта) және кеңістікте заттардың орналасуын қабылдай білу біліктілігін қолдану;

5) дене шынықтыру пәнімен. Кеңістікте бейімделу (солға, оңға және т.б сөздердің мағынасын түсіну) біліктігін қолдану арқылы жүргізіледі.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1680 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...