Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс 1 - Кіріспе. Химиялық технология түсініктері



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«ЖАЛПЫ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ»

5В072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»

мамандығы ушін

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ

Мазмұны

  Беттер
1. Дәріс оқулар 4-46
2. Зертханалық сабақтар 46-57
3. Практикалық сабақтар 58-59
4. Студенттің өздік жұмысы 59-63

Дәріс 1 - Кіріспе. Химиялық технология түсініктері.

Мазмұны:

1. Химиялық технология жайлы түсінік. Химиялық технологияның жіктелуі.

2. Химиялық технологияның дамуы жайында қысқаша мағлұмат

1. Технология – өнеркәсіп өнімдерін табиғи шикізаттан өндірудің нәтижелі әдістері мен процестері жайлы ғылым. Технология механикалық және химиялық деп бөлінеді. Механикалақ технология өнделетін материалдын сыртқы түрі, формасы және физикалық қасиеттері өзгеретін процестерді зерттейді. Химиялық технология заттың қасиеттері, ішкі құрылысы және түгелдей құрамы қалай өзгеретіндігін қарастырады. Бастапқы заттарды қайта өңдеу әдістеріне және өнімдерді пайдалану мақсатына байланысты металлдар технологиясын, машина құрлысын технологиясын, тамақ технологиясын және т.б. ажыратады.

Бейорганикалық және органикалық заттар технологиясы жалпы принциптер мен заңдылықтармен біріктірілсе де, тарихи химиялық технологияны шартты түрде бейорганикалық және органикалық заттар технологиясы деп бөледі.

А.Бейорганикалық заттар технологиясы

1) Негізгі химиялық заттар өндірісін (қышқылдар, сілтілер, тұздар, тыңайтқыштар және т.б.).

2) Нәзік бейорганикалық өнімдер өндірісін (реактивтері, сирек кездесетін элементтер, жартылай өткізгіштер, дәрі – дәрмектер және т.б.).

3) Электрохимиялық өндірісін (хлор, сілтілер, оттегі, сутегі және т.б.)

4) Металлургия (қара, түрлі – түсті, бағалы және сирек кездесетін металдар металлургиясы және т.б.)

5) Силикаттар өндірісін (шыны, цемент, қыш және т.б.)

6) Минералды бояу және пигменттер өндірісін

Б. Органикалық заттар технологиясы:

1) Негізгі (ауыр) органикалық синтезді (спирттер, қышқылдар, эфирлер, метан, СО, этилен және т.б. өңдеу)

2) Жартылай өткізгіштер және бояғыштар өндірісі

3) Нәзік органикалық синтез (дәрі–дәрмектер, реактивтер)

4) Жоғары молекулалық заттар өндірісін (пластикалық масса, жасанды және синтетикалық талшықтар, каучук және т.б.)

5) Жаңғыш материалдар өндеу (мұнай, көмір, сланцтар және т.б.)

6) Тамақ өнімдері өндірісін (қант, майлар және т.б.)

2. Химиялық технология даму тарихи жайлы қысқаша мағлумат.

Химиялық технология даму тарихи өнеркәсіптің даму тарихымен байланысты. Европада мануфактур мен алғашқы химиялық өнімдер алынған кезді XV ғасырға жатқызуға болады, сол кезде қышқылдар, негіздер, тұздар және әр түрлі фармацевтикалық препараттар мен кейбір органикалық заттардың ұсақ өндірістері пайда болады. XVIII ғасырда технология арнайы білім саласы болып бөліне бастады, технология ғылым және оқу пәні ретінде дами бастады. Осы түсінікте «технология» терминін 1772 ж Геттинген университетінің профессоры И.Бекман қолданды, ол химиялық өндірістің көптеген техникасын түсіндіретін алғашқы еңбектерін шығарды және ол химиялық технологиядан алғашқы кітап болды.

XIX ғасырда Батыс Европа елдері мен Ресейде химиялық технологиядан кітаптар, басқармалар және ғылыми зерттеулердің көп болуы химиялық өндіріс пен химиялық технологияның ғылыми негіздерінің тез дамуына үлкен үлес қосты. Ең маңызды жағдайлар:

1748 жылы Бирмингемда (Англия) күкірт қышқылының қалайы камерасында өндіретін ең алғашқы зауыт құрылды. 1787—1789 жылдары Н. Леблан ең алғаш рет соданы өндірістік әдіспен алуды ойлап тапты. Өндірістің көп салаларында содаға деген сураныс жоғарлағандықтан Н. Леблан әдісі кең тарала бастады. 1861 жылы соданы алудың аммиакты әдісі пайда болады (Сольве әдісі).

XIX ғасырдың ортасында К. Либихтің кең таралған агрохимия жұмыстарынан кейін химиялық өнеркәсіпте жаңа саласы — минералды заттар өндірісі пайда болды.

Химиялық технология дамуына, химиялық өнеркәсіптердің құрылуына және химиялық машинақұрылысына және осы салаларға кадрлар дайындауда бірқатар ірі ғалымдар мен инженерлер айтарлықтай үлес қосты. Олар И.А. Каб­луков, Н.Д. Зелинский, Н.Н. Ворожцов, СИ. Вольфкович, И.А. Тищенко, Н.Ф. Юшкевич, А.Г. Касаткин, А.Н. Плановский, П.М. Лукьянов, Н.М. Жа­воронков, Л.А. Костандов, Г.К. Боресков, М.М. Дубинин, Н.М. Эмануэль, В.А. Легасов, В.В. Кафаров, П.Г. Романков және т.б.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Химиялық технология қалай жіктелінеді?

2. Химиялық технология мен техника дамуының негізгі бағыттары.

3. Химиялық өнеркәсіптің техникалық процесс үшін маңызы.

Ұсынылған әдебиеттер:

1. Общая химическая технология: в 2-х ч.,/под ред. И.П. Мухленова. М:1984.

2. Кутепов А.М. и др. Общая химическая технология. М:1990.

3. Основы химической технологии/под ред. И.П. Мухленова М:1991.

4. Вольфкович С.И. Общая химическая технология. М: 1959

5. Соколов Р.С. Химическая технология: в 2-х т. М: 2000.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 4033 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...