Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ақпараттың өлшем бірліктері



Қазіргі заманғы компьютерлер сандық, мәтіндік, сызбалық, дыбыстық және бейнеақпаратпен жұмыс істей алады. Ақпараттың осы бес түрі бір сөзбен мультимедиа деп, осы бес түрлі ақпаратпен жұмыс істеуге қабілетті компьютер мультимедиалық деп аталады. Компьютер кез келген ақпарат түрін сандық пішімге ауыстырады. Компьютерге енгізу кезінде әрбір әріп белгілі санмен таңбаланады, ал сыртқы құрылғыларға (басып шығарғыш немесе бейне бетке) шығару кезінде адам қабылдай алу үшін осы сандар бойынша әріптер кескінделеді. Әріптер жиынтығы мен сандар арасындағы сәйкестік нышандарды кодтау деп аталады.

Дербес компьютер интерфейстері. Енгізу – шығару интерфейстері.

Интерфейс – программалаушының кәсіптік тілінде компьютерді пайдаланушымен ЭЕМ-мен өзара әрекеттесу «жазықтығы», яғни екі жүйенің, адам мен машинаның арасында мәлімет алмасуды орындайтын ақпараттық-программалық құралдар жиынтығы. Олар құрылғылар мен программалардың логикалық немесе физикалық әрекеттестігін атқаратын тәсілдер мен ережелерден тұрады. Ақпараттық интерфейске компьютерге белгілі бір құрылғыны жалғайтын сымдарды, контеллерлерді жатқызуға болады, ал программалар интерфейсіне онымен әрекеттесу барысында мәлімет алмасуға арналған меню командалары мен әртүрлі амалдарды атқаратын батырмалар тобы, сұхбаттасу терезелері элементтері кіреді.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 611 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...