Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ж-дің күнтізбелік - тақырыптық жоспары



Тапсырмалардың мазмұны Сағат саны Тапсыру мезгілі Бақылау түрі
  ӨЖ №1. 1. Экономикалық теорияның қалыптасуының негізгі кезеңдері. 2. ҚР жекешелендіру, меншік объектілерін заңдастырудың әлеуметтік және экономикалық мәні, маңызы, нәтижелері 3. Натуралды және тауарлы шаруашылықтың пайда болуы мен дамуының негізгі факторлары   4 апта   Реферат, эссе, глоссарии құру, Красворд шешу  
  ӨЖ №2 1.Кәсіпкерлік түсінігі, оның сипаттық белгілері, түрлері. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік: қалыптасуы және дамуы. 2.Өндіріс факторлар нарығындағы баға белгілеу. Еңбек ақы мәні және нысандары. Капитал нарығы және пайыздық табыс. Кәсіпкерлік табыс және пайда.   7 апта   Реферат, эссе, тақырып бойынша слайд жасау  
  ӨЖ №3 1. ҚР шағын, орта және ірі кәсіпкерлік: артықшылықтары мен кемшіліктері, мемлекетік қолдаудың бағыттары 2. Шекті өнімділіктің кему заңы. Капитал және инвестиция теориясы 3. Трансакциялық шығындардың түрлері және фирма теориясы.   11 апта Реферат, Презентация   Эссе   глоссарии
  ӨЖ №4 1. ҚР еңбек және қаржы нарықтарының жағдайына сандық және сапалық талдау жүргізу 2. ҚР-дағы инфляция және жұмыссыздықтың көрсеткіштері, оларды төмендетудің жолдары 3. Мемлекеттің қызметтері, мемлекеттің нарықтық экономикаға араласуының қажетті. 4. ҚР 2008-2009 жж. макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасы, оларға әсер етуші негізгі факторлар   14 апта Презентация   Вариант бойынша бақылау тапсырмалары    
  Барлығы      

ӨЖ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ:

Студенттердің өздік жұмысы әрбір студенттің қажетті ақпаратты талдауына, өзбетінше даярлануға, қажетті тапсырманы өз уақтысында тиімді қолдануға көмектеседі.Өздік оқудың мақсаты студенттердің өзбетінше оқып білім жүйесін кеңейту болып табылады. Ол олардың білім деңгейіне байланысты орын алады.

1. Аудиторияда алған білімді кеңейту, тереңірек бекіту.

2. Жаңа білімді белсене қабылдау.

3. Проблемалардың шешімін табу.

4. Студенттің жеке өзіндік ой-пікірін қалыптастыру.

5. Ситуациялық жағдайда практикалық тәсілдерді қалыптастыру.

Өздік жұмыс арнайы оқулықтармен жұмыс істеуді, сөздіктерді қолдануды, периодикалық баспаларды, газет-журнал мақалаларымен жұмыс істеуді дамытады. Сонымен қатар интернетпен жұмысты, ұйымдастыруды, белсенділікті мәселенің шешімін табуды қарастырады.

ӨЖ тапсырмасын орындауда міндетті түрде әдебиеттерге сілтемелер жасалыну керек.ӨЖ тапсырмаларын 4,7,11,14 апталарда тапсыру керек. Әр СӨЖ 3 тапсырма. Тақырыптар бойынша презентация жасау, тест сұрақтарын құрастыру және глоссарий.

Презентацияны Power Point Presentation бағдарламасын қолданып жасайсыздар. Көлемі 20-25 слайдтан кем емес. Бағаланады – презентация мазмұны, көлемі және рәсімделуі.

Тест сұрақтары – сол тақырыптың, слайдтардың мазмұны бойынша жасалынады. Тест сұрағында бір сұрақ дұрыс және 5 варианттан құралуы тиіс. Тест саны шексіз. Бағаланады – тест мазмұны және көлемі.

Глоссарий – сөздік әзірлеу. Сөздік сол тақырыптың, слайдтардың мазмұны бойынша жасалынады. Саны шексіз. Бағаланады –мазмұны және көлемі.

Ақпарат көздері оқулықтар, газет, журнал мақалалары болуы керек және сол көрсетілген деректерге студенттің көз қарасы, пікірі көрсетілуі тиіс. Сонымен қоса, қолданылған әдебиеттерге сілтеме жасалыну керек.

Әр ӨЖ балдары кестеде берілген. Уақытысында өткізілмеген жұмыстар тексерілмейді және балл қойылмайды.

Ұсынылған тақырыптарға эссе жазу. Эссені жазу барысында студенттер ғалымдардың еңбектерін оқып, негізгі идеяларын түсінуі қажет. Авторлардың теорияларына терең талдау жасап қазіргі көзқарастармен танысу керек. Осыларға сүйеніп өздерінің пікірлерін, көзқарастарын көрсетуі абзал. Авторлардың экономикалық теорияларын өзара салыстырып ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету керек.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 961 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...