Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Студентке арналған тапсырма. Сіздерге дәрілік өсімдік үлгісі ұсынылады



Сіздерге дәрілік өсімдік үлгісі ұсынылады.

Ұсынылған тапсырмаларға жауап беріңіздер:

1.шашыранқы ақбасқұрай шөбі – дәрілік өсімдік шикізатындағы әсер етуші заттарға сапалы реакциялар жүргізу әдісін көрсетіңіз.

2.шашыранқы ақбасқұрай шөбіндегі негізгі әсер етуші заттарды сандық анықтау әдісі жөнінде баяндаңыз.

Кезең бойынша жоғарғы балл - 20

Тапсырмаға берілген уақыт - 20 мин

4
КЕЗЕҢ  
КЕЗЕҢ

(Нұсқа –«О» шашыранқы ақбасқұрай шөбі)

Дұрыс жауап эталоны:

1. Жүрек гликозидтерін сапалық анықтау.

- кардиогликозидтердің стероидті бөлігіне реакция:

1. Либерман-Бурхард реакциясы- кардиогликозидтердің құрғақ қалдығын 1мл сірке ангидридінде ерітеді, құрғақ пробиркаға ауыстырады да ақырын ыдыстың қабырғасымен 2-3 тамшы құкірт қышқылын қосады. Көкшілтім-жасыл түске боялады

- лактон сақинасына реакциялар:

1. Кедде реакциясы – 3,5 динитробензой қышқылы карденолидтер көгілдір-қызыл түсті құрайды.

2. Легаль реакциясы - натрий нитропруссидті карденолидтер қызыл түсті құрайды.

3.Раймонда реакциясы– динитробензол қышқылы карденолидтерді көгілдір түске бояйды.

4. пикрин қышқылымен реакция – карденолидтер сары түс береді

- жүрек гликозидтерінің қант бөлігіне реакциясы:

1. Келлер-Килиани реакциясы (дезоксиқанттарға) – мұзды сірке және құкірт қышқылдарының қоспасы темір иондарының қатысымен карденолидтерді ашық – көк түске бояйды.

2. Сандық анықтау шашыранқы ақбасқұрай шөбіндегі жүрек гликозидтерінің саны биологиялық әдіспеншашыранқы ақбасқұрай шөбі экстрактының стандартты үлгісімен салыстырмалы түрде - бақаларда анықталады.Тәжірибе шөптесін бақаларға жүргізіледі, олардың жүрегіне, немесе жамбас қалташалары мен күре тамырына ерітінді құю арқылы жасалады. Көптеген бақалардың жүрегінің тоқтауына әкеп соқтыратын стандартты және тәжірибелік үлгілерінің ең аз мөлшерін (дозасын) анықтап, 1 г шикізатта қанша БӘБ барын есептеп шығарады.

Кезең бойынша жоғарғы балл - 10

Тапсырмаға берілген уақыт - 20 мин

5
КЕЗЕҢ  
КЕЗЕҢ

(Нұсқа –«О» шашыранқы ақбасқұрай шөбі)





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 406 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...