Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Студентке арналған тапсырма



Сіздерге дәрілік өсімдік үлгісі ұсынылады.

Ұсынылған тапсырмаларға жауап беріңіздер:

1. Дәрілік өсімдік шикізатының құрамындағы белсенді заттарға сараптама жасаңыз.

2. Дәрілік өсімдік шикізатындағы әсер етуші заттарды анықтау әдісі жөнінде баяндаңыз.

Кезең бойынша жоғарғы балл - 20

Тапсырмаға берілген уақыт - 20 мин

4 КЕЗЕҢ

(Нұсқа –«К» кәдімгі шайқурай шөбі)

Дұрыс жауап эталоны:

1. Сапалық талдау. Шайқурай шөбінен алынған бөліндіден 2 мл өлшейді

Флаваноидтарды анықтау реактивтерді тандап алады

Бөліндіге реакциялар жасайды:МФ ХІ басылымы бойынша:

  • 1мл бөліндіге 2мл 2% алюминий хлоридінің 95% спирттегі ерітіндісін және 7мл 95% спирт қосады. Ерітінді жасыл-сары түске боялады.
  • Цианидин реакциясы.1мл сығынды 2-3тамшы концентрленген хлорсутек қышқылын және 1-2түйір металды магний қосады.
  • Сілтімен реакция. 1мл сығындыға 1-2тамшы 10% калий немесе натрий гидроксиді
    • спиртті ерітіндісін қосады. Қанық сары түс пайда болады.
  • Темір 111 хлоридімен реакция.1мл сығындыға 1-3 тамшы 1% темір хлоридінің спиртті ерітіндісін қосады.Шайқағанда негізгі әсер етуші заттардың бар екенін айқындайтын қоныр түс береді.

2. Сандық талдау. Қажетті лабораториялық құралдар (өлшеуіш колба, воронка, келі мен келсап,кері тоңазытқыш, сүзгіш қағаздар, таразылар, өлшегіш тастар, пробиркалар, елеуіш, пробиркалар, елеуіш, реактивтер, су моншасы, тазартылған су) таңдап алынады.

Шай қурай, тесіктерінің диаметрі 1 мм елеуіш арқылы елейді.

Шай қурай 1 г нақты өлшемін алып, көлемі 150 мл шлифті колбаға салады.

Шикізатқа 30 мл 50% спирт қосады. Колбаны кері тоңазытқышқа қосады,қайнап тұрған су моншасында 30минут қыздырады арасында қабырғасында заттар шайылсын деп шайқап тұрады. Ыстық сығындыны шикізат бөлшектері фильтрға тиіп кетпеу үшін мақтамен сыйымдылығы 100мл өлшеуіш колбаға фильтрлейді. Экстракция кезінде колбаға мақтаны енгізеді және 30мл 50% спирт қосады. Осы процесті тағы 2 рет жүргізеді. 1 мл ерітіндіге 1мл алюминий хлоридін, 7мл 95% спирт ерітіндісін қосып, 95% спиртпен белгіге дейін жеткізеді. 40минут өткен соң 415нм толқын ұзындығында спектрофотометрде оптикалық тығыздығын өлшейді, қабат қалыңдығы10мм болуы керек.Салыстырмалы ерітінді ретінде 1мл бөлінді, 1тамшы сұйытылған сірке қышқылы, 95% спиртпен 25мл колбада белгіге дейін жеткізілген болуы керек.

Рутинге және абсолютті құрғақ затқа есептегендегі флаваноидтардың пайыздағы мөлшері келесі формула бойынша анықталады (X):

X = D×m0×100×100×100/D0×m×100×(100 - W)

Мұндағы:D – зерттелетін ерітінді оптикалық тығыздығы; D0 – рутиннің МСҮ оптикалық тығыздығы; m – шикізат массасы; m0 – рутиннің МСҮ шикізат массасы; W – шикізатты кептіргендегі пайыздағы салмағын жоғалтуы..

Кезең бойынша жоғарғы балл - 20

Тапсырмаға берілген уақыт - 20 мин


5 КЕЗЕҢ

(Нұсқа –«К» кәдімгі шайқурай шөбі)





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 420 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...