Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бағдарлама



2.1.Кіріспе. Генитальды хирургия – бұл жыныс ағзаларына әр-түрлі хирургиялық араласуларды өткізетін, қазіргі таңдағы пластико-реконструктивті хирургия мен урологиядағы өзінше бағыт. Генитальды хирургия, жалпы урологиядан ерлер туралы ғылым - андрология сияқты бағыттың бөлінуінен кейін, жақында ғана дами бастады. Генитальды хирургияның қарамағына жыныс мүшеге, ұмаға, атабездерге және зәр шығару каналына (уретра) жасалатын хирургиялық араласулар кіреді. Жыныс мүшеге және уретраға жасалатын операциялар артықшылықты және ең белсенді дамып келе жатқан бағыт боп табылады. Генитальды хирургияның жаңа концепциясы оперативті андрологияда бірін-бірі толықтыратын және байланысқан үш бағыттың бөлінуінің қажеттілігін туындатты – реконструктивті, имплантационды және эстетикалық.

2.2. Мақсаты ерлердің жыныс жүйесінің туа және жүре пайда болған ауруларының емі мен диагностикасының білімі мен біліктілігін қалыптастыру.

2.3. Оқыту мақсаты:

· таныстыру студенттерді ерлер жыныс жүйесінің туа пайда болған және жүре пайда болған ауруларының этиологиясы, патогенезі және клиникалық симптоматикасымен;

· оқыту ерлер жыныс жүйесінің туа пайда болған және жүре пайда болған ауруларын диагностикалау және емдеудің принциптерін;

· үйрету ерлер жыныс жүйесінің туа пайда болған және жүре пайда болған ауруларын алдын алудың негізгі принциптеріне;

· Жеке адам аралық қатынас дағдыларын жетілдіру;

· Ерлер жыныс жүйесі ауруларының этиологиясын, патогенезін және клиникалық симптоматика білімін қалыптастыру.

· Ерлердегі туа пайда болған және жүре пайда болған аурулары бар науқастарды тексеру бағдарламасын құру және негіздеу дағдысын қалыптастыру.

· Зәрдің зертханалық көрсеткіші, простата шырынын интерпретациялау дағдысын қалыптастыру;

· Цистографияны жүргізу және нәтижелерін интерпретациялау дағдысын қалыптастыру;

· Жыныс мүшесінің кавернонограммасын оқыту дағдысын қалыптастыру;

· Эректильді дисфункцияны бағалау дағдысын қалыптастыру

· Ерлер жыныс жүйесінің туа пайда болған және жүре пайда болған ауруларының дифференциальды диагностикасы кезіндегі аналитикалық қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту;

· Жыныс жүйесі ағзалары ауруларын алдын алу дағдысын жүргізуін қалыптастыгу

· Науқастармен және олардың ата анасымен сөйлесу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;

2.4.Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білуі тиіс:

· урологиялық науқастарды диагностикалау ерекшеліктерін (балаларды диагностикалау ерекшеліктерін);

· зертханалық;

· рентгенологиялық (экскреторлы және инфузионды урография, ретроградты пиелография, антеградты пиелография, әр түрлі модификацидағы цистография, простатография, уретрография, везикулография, эпидидимография, лимфография.);

· эндоурологиялық;

· радиоизотопты;

· тамырларды тексеру (бүйректік ангиография, венокавография, жамбастық флебография, артериография);

· уротомография, урокимография, урокинемотография;

· ересектер мен балалардағы негізгі урологиялық аурулардың дифференциальды диагностикасын;

Студент дағдылануы тиіс:

· клиника зертханалық зерттеу мәліметтерін интерпретациялау;

· УДЗ, УДДГ интерпретациялау;

· урологиялық патологиясы бар науқастарды рентгенологиялық әдістермен тексеріп мәліметтерді интерпретациялау (экскреторлы урограмма, цистограмма, уретрограмма)

Студент дағдыларды жасау тиіс:

1. Медициналық құжаттарды толтыру
2. Жұмсақ катетермен ерлер қуығын катетеризациялау;
3. Цистографияны орындау;
4. Уретрографияны орындау;
5. Уретрадан жағынды алу
6. Кавернографияны орындау

Студент дағдыларды жасау тиіс:

· анализ жасау және атқарған жұмысы бойынша есеп беруін құрастыру;

· арнайы зерттеу әдісін қолдану қажеттілігін анықтау;

· дифференциальды диагностиканы, клиникалық диагнозды негіздеу;

· хаттамаға сай адекватты терапияны тағайындау, реанимациялық шаралардың көлемін және тізбектілігін анықтау.

· ерлердің жыныс жүйесінің ауруы кезінде операциялық араласуға көрсеткішін және қарсы көрсеткішін анықтай білу.

2.5. Пререквизиттер: Жалпы хирургия, дәлелді медицина, коммуникативті дағдылар.

2.6. Постреквизиттер: Хирургиялық аурулар, акушерство және гинекология және жалпы дәрігерлік тәжірибе бойынша интернатура

2.7. Пәннің мазмұны: Урогенитальды хирургия бұл қазіргі таңдағы пластико-реконструктивті хирургия мен урологиядағы өзекті бағыт. Нақтырақ айтқанда жыныс ағзаларына жасалатын әр түрлі хирургиялық араласуларды білдіреді. Жалпы урологиядан андрология сияқты, яғни ерлер ғылымы бағытының бөлінуінен кейін, генитальды хирургия өзінің дамуын жаңадан ғана бастады. Генитальды хирургиядағы жаңа тұжырым оперативті андрологияның үшке бөлінуіне алып келді, олар өзара байланысқан және бірін бірі толықтыратын - реконструктивті, имплантационды және эстетикалық бағыт боп табылады





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 398 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...