Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Популяциялардың статистикалық сипаттамалары



1. Саны және тығыздығы. Популяцияның саны және тығыздығы деп орта есеппен аудан немесе көлем бірлігіне келетін дарақтардың санын түсінеді. Сыртқы және ішкі факторларға байланысты популяциялардың саны және тығыздығы уақытта ауытқиды – жыныстар бойынша, маусымдар бойынша, ұрпақтан ұрпаққа. Табиғи популяциялардың дәл саны тек жақсы оқшауланған жағдайларда ғана анықталуы мүмкін. Өсімдіктер мен жануарлардың әр түрлі популяцияларында бірнеше ондаған және миллиондаған дарақтар болуы мүмкін; олар бірнеше квадрат метр және көптеген мың квадрат километр аумақты иеленуі мүмкін.

2. Биомасса. Популяция биомассасы деп белгілі аумақты мекендейтін тірі заттың мөлшерін түсінеді. Биомасса г/м2 немесе г/м3 өрнектеледі. Биомасса биологиялық өнімділікке – организмдермен уақыт бірлігінде өндірілетін органикалық заттың мөлшеріне байланысты болады.

Құрлықтың биомассасы – 6,5*1012 т, мұхиттың биомассасы 2,9*109 т құрайды. Құрлықта өсімдіктер массасы – 98%, жануарлар массасы 2% құрайды.

3. Жас және жыныс құрамы. Популяцияның жыныстық құрылымы – бұл ондағы әр текті дарақтардың ара қатысы. Оның жыныстық бисексуалды-лығы анық көрсетілген түрлер үшін елеулі маңызы бар – басым көпшілігінде бунақ аяқтылар және омыртқалы жануарлар үшін. Мұндай жануарлардың көпшілігінде жыныстардың ара қатысы ерлер және әйелдер дарақтары хромо-сомалары жұптарының бірінде айырмашылық пайда болғанда анықталады. Жыныстың мұндай екі факторлы хромосомалық анықталуы жыныстардың тең санын қамтамасыз етеді (жыныстардың бірінші реттік ара қатысы). Бірқатар жағдайларда жыныстардың ара қатысы ортаның генетикалық емес, ұрықтану-дан кейін әрекет ететін физиологиялық, гормоналдық факторларымен және шарттарымен анықталады (жыныстардың екінші реттік ара қатысы). Мысалы, көптеген рептилияларда, сондай-ақ құмырсқалар мен термиттерде жыныстың қалыптасуы эмбриондық даму температурасына едәуір байланысты болады. Экологиялық жағдайлардың өзгеруі ұрғашылар мен еркектердің өліміне әр түрлі әсер ететін мысалдар белгілі. Бұл олардың ара қатысының жылдан жылға ауытқуына әкеледі; бір түрдегі әр түрлі популяцияларда ұрғашылар мен еркектердің ара қатысы әр түрлі болуы мүмкін (жыныстардың үшінші ара қатысы).

Популяциялардың жас құрылымы – популяция құрамындағы бір немесе бірнеше ұрпақтың бір немесе әр түрлі төлін білдіретін, әр түрлі жастағы дарақтардың ара қатысы. Популяциялардың жас құрылымы көбею қарқынды-лығын, өлім деңгейін, ұрпақтар ауысымының жылдамдығын көрсетеді. Кез келген популяцияның жас құрамы көптеген факторларға: жыныстық жетілуге жету уақытына, жалпы өмір ұзақтығына, көбею кезеңінің ұзақтығына, ұрпақтардың жалғастығына, әр түрлі жыныстық жасты топтардағы өлімнің сипатына, сан динамикасының типіне байланысты болады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1886 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...