Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЖИЫНТЫҒЫНЫҢ ПАСПОРТЫ

Бекiтемiн

ТКМ институт директоры

___________ Қ.Б. Рысбеков

«___» _______2014 ж.

5В072400 – металлургиялық машиналар мен жабдықтар

мамандығы студенттеріне Балқытып өндеу жабдықтары пәнi бойынша

адам саны _ 10 _

емтихандық тестiлеуге арналған

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЖИЫНТЫҒЫНЫҢ ПАСПОРТЫ

Институт Тау – кен металлургия _ ________
Кафедра Тау-кен және металлургия машиналары мен жабдықтары
Курс _ 4 _
Семестр _ 7 _
Кредиттер саны _ 3 _
Тест сұрақтарының саны _ 100 _
ОЖ жөніндегі институт директорының орынбасары   ____________ М. Елузах
Кафедра меңгерушiсi ____________ Б.И. Искаков
Құрастырушы ____________ М.Б. Құрманалиев
ТТЖП қабылдауға жауапты адам ____________

Алматы 2014

$$$ 1

Атанақты ірілеткіштер қандай негізгі тораптардан тұрады?

A) Атанақтан, роликтер жүйесінен, жетектен, тазалау пышақтары мен суару жүйелерінен;

B) Отқа төзімді кірпіштермен қорғалған сыртқы қабаттан, атанақты айналдыруға керекті цапфалардан және тіреу сақинасынан;

C) Жылуға төзімді материалдармен қорғалған сыртқы қабаттан, екі жанындағы цапфадан, іргетас және пышақтар мен суару жүйелерінен;

D) Сыртқы қабаттан, сыртқы қабатты суыту және тазалау жүйелерінен;

E) Отқа төзімді кірпіштермен қорғалған цилиндр тәріздес сыртқы қабаттан, құрсау мен роликтерден.

$$$ 2

Тостағанды ірілеткіштер не үшін қолданылады?

A) Көлденең конвертерлерге шихта даярлау үшін;

B) Агломашинаға салынатын ұсақ шихта материалдарын ірілету үшін;

C) Мартен пешіне салынатын ұсақ шихтаны ірілету үшін;

D) Домна пешіне керекті шихтаны ірілету үшін;

E) Қайнау қабатына қажетті шихтаны ірілету үшін;

$$$ 3

Тостағанды ірілеткіштерді қандай негізгі тораптардан тұрады?

A) Эллипс тәріздес сыртқы қабаттан, жетектен және қатқан материалды тазалау құрылғысынан;

B) Диаметрі 5 және 7 м тостағаннан, жетектен, шихтаны дымқылдау жүйесінен және қатқан материалды тазалау құрылғысынан;

C) Атанақтан, жетектен, тазалау құрылғысынан;

D) Сыртқы қабаттан, жетектен, дымқылдау құрылғысынан;

E) Сыртқы қабат пен қатқан материалды тазалау құрылғысынан тұрады.

$$$ 4

Домна пеші не үшін қолданады?

A) Домна пеші болат балқыту үшін;

B) Байытылған мыс кенін балқыту үшін;

C) Темір кенінен шойын балқыту үшін;

D) Мыс балқыту үшін;

E) Қорғасын балқыту үшін.

$$$ 5

Домна пеші қандай негізгі тораптардан тұрады?

A) Цилиндр тәріздес отқа төзімді кірпіштермен қорғалған сыртқы қабат пен шихта салу жүйесінен;

B) Отқа төзімді кірпіштермен қорғалған тік төрт бұрышты сыртқы қабат пен штейн және шлак шығаратын тесіктерден;

C) Колошниктен, шахтадан, жібіткіштен, иықтан, көріктен, табаннан және ірге тастан тұрады;

D) Шихта салу жүйесінен, болат пен шлак шығаратын тесіктерден, отқа төзімді кірпіштермен қорғалған сыртқы қабаттан тұрады;

E) Сумен суытылатын кессондардан жиналған қабырғалардан, ауа беретін жүйеден, металл мен шлак шығаратын тесіктер жүйесінен тұрады.

$$$ 6

Агломашинаның жетегінің қуатын анықтау үшін қандай кедергілер ескерілуі қажет?

A) Жетек және жетекші жұлдызшаларда пайда болатын барлық кедергілер мен агломашинаның бос бөлігіндегі барлық арбаларды қозғалту кедергілері;

B) Жетек жұлдызшасының ІІІ және ІV квадрантындағы арбаларды көтеру және агломашинаның көлденең бөлігіндегі барлық кедергілер;

C) Агломашинаның көлденең бөлігіндегі және жоғарғы жылулықтың әсерінен болатын барлық кедергілері;

D) Агломашинаның арбаларының астындағы вакуум камераларында туғызатын кедергілері;

E) Агломашинаның арбалары мен салынған шихта арасындағы кедергілері.

$$$ 7

Домна пешіне шихта материалдары қалай салынады?

A) Қабылдау шұңқырының бойымен қозғалатын өзі төгілетін арбашалар көмегімен;

B) Өзі төгілетін контейнерлер мен шөміштер көмегімен;

C) Скип-лебедкасының көмегімен көлденең көпір үстімен қозғалатын скиптер арқылы;

D) Көпірлі кран көмегімен көтерілетін өзі төгілетін қауға арқылы;

E) Шихта өзі төгілетін вагоншалар көмегімен салынады.

$$$ 8

Болат балқытуға арналған электрдоғалы пештер қандай негізгі механизмдерден тұрады?

A) Пештің сыртқы қабатын еңкейту және айналдыру, күмбезді көтеру және бұру, электродтарды көтеру және қысу механизмдерден;

B) Пештің сыртқы қабатын еңкейту және күмбезді бұру механизмдерінен;

C) Электродтарды көтеру және қысу механизмдерінен;

D) Пештің сыртқы қабатын еңкейту және айналдыру механизмдерінен;

E) Электропештің сыртқы қабатын еңкейту және электродтарды қысу механизмдерінен.

$$$ 9

Тұрақты миксер қандай негізгі тораптардан тұрады?

A) Отқа төзімді материалмен қорғалған тік цилиндр тәріздес сыртқы қабат пен айналдыру механизмінен;

B) Отқа төзімді кірпіштермен қорғалған тік төртбұрышты сыртқы қабат пен еңкейту механизмінен;

C) Сфера тәріздес қақпақпен шектелген цилиндр тәріздес сыртқы қабаттан, шойын құюға арналған тесік пен тұмсықтан, еңкейту механизмі мен қақпақтарды ашып жабу жетектерінен;

D) Цилиндр тәріздес сыртқы қабат пен айналдыру механизмінен;

E) Сыртқы қабаттан, тұмсықтан және жетектен тұрады.

$$$ 10

Миксер не үшін қолданылады?

A) Электр доғалы пештер мен конвертерде балқытылған болатты сақтау үшін;

B) Конвертер мен мартен пештерінен шыққан шлактағы металды бөліп алу үшін;

C) Болат балқыту агрегаттарын домна пешінің жұмысына тәуелсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін және домна пештерінде балқытылған шойынды орта құрамға келтіріп, 7-9 сағат шамасында сақтау үшін;

D) Балқытылған қара мысты сақтау үшін;

E) Балқытылған қорғасынды сақтау үшін.

$$$ 11

Айналмалы құбырлы пештер не үшін қолданылады?

A) Мырыш қалдықтарын (цинковые кеки), қорғасын өндірісінің шлактарын, боксит кендерін күйдіру үшін және цемент алу өндірісінде қолданады;

B) Мартен және домна пештерінің шлактары мен темір кенін күйдіруге қолданады;

C) Полиметалды кендерді күйдіруде қолданады;

D) Металлургия өндірісінің шлактарын күйдіру үшін қолданады;

E) Шағылысу пештерінің шлактарын тотықтыру үшін қажет.

$$$ 12

Сұйық қорғасын қандай жабдықтарда рафинациялау процесінен өтеді?

A) Мыстан арылатын шағылысу пештері мен рафинациялау қазандарында;

B) Шахта және анод пештерінде;

C) КИВЦЭТ құрылғысы мен сұйық ванналы пештерде;

D) Тұндырғыш миксерлер мен анод пештерінде;

E) Тұрақты және айналмалы анод пештерінде.

$$$ 13

Қара мыс қандай агрегаттарда рафинациялау процесінен өтеді?

A) Шағылысу пештерінде;

B) КИВЦЭТ құрылғысы мен сұйық ванналы пештерде;

C) Рафинациялау қазандары мен тұндырғыш микселерде;

D) Тұрақты және айналмалы анод пештері мен электролиз ванналарында;

E) Кентермиялық пештер мен конвертерде.

$$$ 14

Күйдірілген мырышты сілтілеу қандай агрегаттарда жүргізіледі?

A) Үлкен көлемді араластырғыштар мен пачуктерде;

B) Айналмалы құбырлы сілтілегіштер мен арнайы автоклавтарда;

C) Жоғарғы қысымды сепараторларда, декомпозерлар мен буландыру аппараттарында;

D) Автоклавтарда, декомпозерлар мен буландыру аппараттарында;

E) Декомпозерларда жүргізіледі.

$$$ 15

Тостағанды ірілеткіштің еңкею бұрышы қалай қойылады?

A) Бір сатылы червякті редуктордың червякті дөңгелегіне орнатылған гайка мен винтті көмегімен;

B) Тостағанға жалғанған тісті дөңгелек пен рейка көмегімен;

C) Алғашқы жиналған кезінде қойылып, жұмыс істеу барысында өзгермейді;

D) Материалдың шамасы мен қасиетіне қарай тостағанның еңкею бұрышы өз бетінше өзгеріп отырады;

E) Қуаты N=3 кВт электр қозғағыштан, червякты редуктордан, муфта мен тартпадан тұратын еңкейту механизмі көмегімен.

$$$ 16

Домна пешінің қандай бөлігінде шойын мен шлак жиналады?

A) Домна пешінің иықты бөлігінде жиналып, әртүрлі деңгейде орналасқан шойын және шлак тесіктері арқылы шығады;

B) Фурма белдеушесінде жиналып, жалпы тесік арқылы шығарылады;

C) Домна пешінің көрігінің төменгі жағында жиналып, әртүрлі деңгейде орналасқан шлак және шойын тесіктері арқылы шығарылады;

D) Домна пешінің жібу бөлігінде жиналады;

E) Домна пешінің жібіту және көрік бөлігінің арасында жиналады.

$$$ 17

Айналмалы құбырлы пештің ось бойымен қозғалысы қалай шектеледі?

A) Соңғы сөндіргіштер арқылы;

B) Шамалап бұрылған роликтер көмегімен;

C) Құрсаудың екі жанына орналасқан тіреуіш роликтер арқылы;

D) Пештің бір жанына орнатылған итергіштер арқылы;

E) Ешқандай механизмдермен шектелмейді.

$$$ 18

Шағылысу пештері қандай негізгі тораптардан тұрады?

A) Табаннан, көлденең және екі ұзын қабырғалардан, күмбезден, металл тіреулерінен, іргетас пен газ жүретін жүйеден;

B) Табаннан, тік қабырғалардан, металдан жасалған сыртқы қабаттан және тік газ жүретін жүйеден;

C) Қалыңдығы 25 мм жапрақты металдан жасалған сыртқы және отқа төзімді қорғау қабаттарынан, күмбезден, отқа төзімді кірпіштерден жасалған тік газ жүретін жүйеден;

D) Шихта салуға арналған терезелері бар алдынғы және артқы, көлденең қабырғаларынан, күмбезден және газ жүретін жүйеден;

E) Отқа төзімді кірпіштермен қорғалған сыртқы қабаттан, цилиндр және екі сфера тәріздес қақпақтардан.

$$$ 19

Карусельді қорғасынды қалыптарға құю машиналары қандай тораптардан тұрады?

A) Цилиндр тәріздес негізден, қалыптардан, карусельден және оны айналдыруға арналған жетектен;

B) Тік білікке бекітілген карусельден, жетектен және қалыптарды төңкеретін механизмнен;

C) Үлкен тісті дөңгелегі бар цилиндр тәріздес негізден, цилиндр тәріздес карусельден, кронштейндерден және жетектен;

D) Цилиндр тәріздес карусельден және карусельді айналдыру мен құйманы алу механизмдерінен;

E) Конусты роликтер үстінде орналасқан карусельден, оған ілінген кронштейндерден, қалыптардан, таңба ұрғыштан және қатқан металды шығаруға арналған құрылғыдан және жетектерден.

$$$ 20

Қандай агрегаттарда мыс кені балқытылады?

A) Шахта пештері мен тік конвертерлерде;

B) Тазалау қазандары мен шахта пештерінде;

C) Көлденең конвертерлер мен анод пештерінде;

D) Шағылысу, кентермиялық және сұйық ванналы, қалқымалы оттекті пештер мен КИВЦЭТ құрылғысында;

E) Шахта және индукциялық пештерде.

$$$ 21

Мысты электролиздеуде керекті анод пен катод қандай материалдан жасалады?

A) Анод алюминий тақтайшыларынан, ал катод қалыңдығы 5-6 мм жапрақты мыстан жасалады;

B) Анод пешінде тазартылған мыстан құйылады, ал катод Х18Н9Т болатынан немесе титаннан жасалады;

C) Анод полиуретаннан, ал катод болат 3 тақтайшаларынан жасалады;

D) Анод қызыл мыстан, ал катод тотықпайтын болаттан жасалады;

E) Анод пен катод болат 3-тен жасалады.

$$$ 22

Агломашиналардың күйдіру аудандары қандай?

A) 65; 85; 115; 345 және 625;

B) 43; 62; 120; 340 және 615;

C) 50; 75; 105; 312 және 650;

D) 67; 80; 117; 335 және 615;

E) 65; 70; 90; 240; 320.

$$$ 23

Қандай тиімді көлемді домна пештері қолданылады, м3?

A) 1000; 1250; 1510; 1920; 2200; 2600; 3100; 5100;

B) 950; 1350; 1540; 1950; 2250; 2650; 3150; 5150;

C) 950; 1000; 1510; 2230; 3300; 3700; 5000;

D) 1010; 1310; 1710; 2150; 2310; 2750; 3115; 5175;

E) 1033; 1386; 1719; 2000; 2300; 2700; 3000; 5000.

$$$ 24

Домна пештерінің ауа қыздырғыштарының диаметрі мен биіктіктері қандай болады, м?

A) 13,0; 60,0;

B) 8,0; 40,0;

C) 10,5; 60,0;

D) 12,0; 30,0;

E) 11,0; 70,0.

$$$ 25

Қандай сиымдылықты (тн) миксерлер қолданады?

A) 600; 800; 2500; 3500;

B) 500; 800; 3000; 2500;

C) 800; 900; 2100; 3400;

D) 600; 1300; 2500;

E) 550; 1250; 2600.

$$$ 26

Тік конвертерлердің жетектерінің қандай түрлері қолданылады?

A) Сиымдылығы 130; 250 тн конвертерлерде тұрақты жетек, ал 160; 300-350; 350-400 тн конвертерлерде көп электр қозғағышты ілінбелі жетектер қолданады;

B) 160; 300-350; 350-400 тн конвертерлерде тұрақты жетекті, ал 130; 250 тн конвертерлерде көп электр қозғағышты ілінбелі жетектер қолданады;

C) 160; 350-400 конвертерлерде тұрақты жетекті, ал 130; 250; 300-350 тн пештерде көп электр қозғағышты ілінбелі жетектер қолданады;

D) 160; 250 конвертерлерде тұрақты жетекті, ал 130; 300 тн пештерде ілінбелі жетекте қолданады;

E) 120; 230 тн конвертерлерде тұрақты жетек, ал 260; 330; 420 тн пештерде ілінбелі көп қозғағышты жетектер қолданады.

$$$ 27

Мырыш кенін күйдіруге арналған қайнау қабатындағы пештің табанындағы ауа үрлегіштердің тесіктерінің ауданы жалпы табан ауданының қанша % құрайды?

A) 0,75 ÷ 0,69 % құрайды;

B) 2 ÷ 3 % құрайды;

C) 1,5 ÷ 2 % құрайды;

D) 1,3 ÷ 1,5 % құрайды;

E) Жалпы табанының 3,5 ÷ 4,0 % құрайды.

$$$ 28

Мырыш қалдығын күйдіруге арналған айналмалы құбырлы пештердің диаметрлері мен ұзындықтары қандай?

A) Ø 2,5 х 41 м; Ø 3,6 х 50 м; Ø 5,0 х 70 м;

B) Ø 2,0 х 30 м; Ø 4,0 х 45 м; Ø 6,0 х 100 м;

C) Ø 1,9 х 40 м; Ø 3,2 х 48 м; Ø 5,1 х 90 м;

D) Ø 1,9 х 40 м; Ø 3,2 х 48 м; Ø 5,1 х 90 м;

E) Ø 2,2 х 30 м; Ø 4,2 х 60 м; Ø 6,0 х 40 м;

$$$ 29

Шахта пешінің қабырғалары қандай материалдан жасалған?

A) Шамот кірпіштерінен қаланған;

B) Сумен суытатын кессондардан құралған;

C) Хромомагнезит кірпіштерінен қаланған;

D) Жоғарғы глиноземді кірпіштерден қаланған;

E) Периклазошпинелидті кірпіштерінен қаланған.

$$$ 30

Аэросепараторлар не үшін қолданады?

A) Күйдірілген мырышты араластыру үшін;

B) Күйдірілген мырышты тасмалдау үшін;

C) Күйдірілген мырышты құрғақ күйінде жіктеу үшін;

D) Күйдірілген мырышты араластыру және тасмалдау үшін;

E) Күйдірілген мырышты күкірт қышқылымен араластыру үшін.

$$$ 31

Күйдірілген мырышты сілтілеуге арналған пачуктің орталық құбырына не беріледі?

A) Күйдірілген мырышты құбыр бойымен тасмалдау үшін 250 кПа қысыммен арнайы ертінді;

B) 20-25 н/см2 қысыммен қысылған ауа;

C) 10-15 н/см2 қысыммен ауа мен сұйық ертінді;

D) 5-10 н/см2 қысыммен ауа;

E) Күкірт қышқылының әлсіз ертіндісі.

$$$ 32

Күкірт қышқылын өндіру процесінде жанасу аппараты не үшін қажет?

A) SO2 газын күкірт қышқылына айналдыру үшін қолданады;

B) Кептірілген газды жылыту үшін қолданады;

C) Катализатор көмегімен SO2 газын SO3 газына айналдыру үшін қажет;

D) Кептірілген газды күкірт қышқылына айналдыру үшін қажет;

E) Кептірілген газды 1100С жылыту үшін қолданады.

$$$ 33

Күкірт қышқылын алу цехындағы екінші жуу мұнарасы не үшін қолданылады?

A) Газды 30% күкірт қышқылымен жуу үшін;

B) Бірінші жуу мұнарасынан шыққан газды концентрациясы жоғары күкірт қышқылымен жуу үшін;

C) Газды концентрациясы жоғары күкірт қышқылымен жуып кептіру үшін;

D) Газды концентрациясы 50 % күкірт қышқылымен жуу үшін;

E) Газды шаңнан тазарту және суыту үшін.

$$$ 34

Агломашинаның жетегі не үшін қажет?

A) Жетек жұлдызшаларын айналдыру арқылы арбаларды агломашинаның астынғы жағынан үстіңгі көлденең бөлігіне көтеріп, барлық арбаларды тоқтаусыз жылжытып отыру үшін;

B) Жетекші жұлдызшаны айналдыру арқылы арбаларды баяу, үстінгі бөлігінен астына түсіру үшін;

C) Агломашинаның астындағы тиелмеген арбаларды қозғалту үшін;

D) Жетекші жұлдызшаларды айналдыру және вакуум камераларындағы ауа шамасын реттеу үшін;

E) Агломашинаның арбаларының астында вакуум тудыру үшін.

$$$ 35

Домна пешінің тиімді көлемі қалай анықталады?

A) Домна пешінің барлық ішкі көлемімен;

B) Қабылдау шұңқыры мен фурма белдеушесі аралығындағы көлеммен;

C) Кіші конустың түсіп жағдайындағы аралықтан шойын шығатын тесікке дейінгі аралықтағы көлеммен;

D) Құю аппаратының конусты тығынының түсіріліп тұрған жағдайындағы аралықтан шойын шығатын тесіктің осіне дейінгі аралықтағы көлеммен;

E) Домна пешінің басқы жағы (колошниктен) мен жібу бөлігінің арасындағы көлем.

$$$ 36

Скиптің алдыңғы және артқы дөңгелектерінің қандай айырмашылықтары бар?

A) Екі дөңгелек жұптары бірдей;

B) Алдыңғы дөңгелектердің ребордасы екі айналу беттерінің ортасында орналасқан, ал артқы дөңгелектікі ішкі жағында;

C) Алдыңғы дөңгелектердің ребордасы ішкі жағында, ал артқы дөңгелектердің ребордасы екі айналу беттерінің ортасында;

D) Алдыңғы дөңгелектер ребордасыз, ал артқы дөңгелектердің ребордасы ішкі жағында;

E) Скиптің алдыңғы дөңгелектерінің артқыдан айырмашылығы диаметрлері мен қалыңдықтарында.

$$$ 37

Скип лебедкасының қозғалысын қадалауға және апатты жағдайда тоқтату үшін қандай құрылғылар көзделген?

A) Лебедканың атанағының қозғалысы шектелген жылдамдықтан асып кеткен жағдайын және темір арқанның босауын қадағалайтын өшіргіштер қолданады;

B) Лебедканың атанағының қозғалысы электр қозғағыш арқылы реттелгендіктен қадағалаушы құрылғылар қолданбайды;

C) Лебедканың атанағының қозғалысын оператор қадағалайды;

D) Лебедканың атанағының екі жанында темір арқанның ұзаруын мен жылдамдығын қадағалайтын ортадан тепкіш ртутты өшіргіштер көзделген;

E) Апатты тежеу құрылғысы.

$$$ 38

Миксерді бұру үшін қандай жетек қолданады?

A) Гидравликалық жетек;

B) Пневможетек;

C) Электр жетек пен рейкалы механизм;

D) Электр жетек пен шынжырлы механизм;

E) Белдікті беріліс пен электр жетек.

$$$ 39

Тік конвертердің тіреу сақинасы қалай суытылады?

A) Суытылмайды;

B) Сумен суытылады;

C) Ауамен суытылады;

D) Бумен суытылады;

E) Суды өте көп мөлшерде шашырату арқылы суытылады.

$$$ 40

Тік конвертерлердің тіреулері қалай бекітіледі?

A) Екі тіреу де қозғалмайтын етіп;

B) Екі тіреу де қалқымалы етіп;

C) Екі тіреу де қозғалмайтын етіп;

D) Бір тіреу қалқымалы, ал екіншісі қозғалмайтын етіп;

E) Бір тіреу пештің сыртқы қабатына бекітіледі, ал екіншісі ірге тасқа орнатылады.

$$$ 41

Электр пешінің тіреулері қандай тораптардан тұрады?

A) Екі құрсау мен тіреу роликтерінен;

B) Екі құрсаудағы роликтерге тірелетін құрсаулардан;

C) Іргетас тақтайшасы мен екі сегмент тәріздес тіреулерге жиналған бесіктен;

D) Екі тіреу тақтайшасынан;

E) Екі тіреу сегменттері мен оның үстіндегі көлденең алаңшадан.

$$$ 42

Қайнау қабатындағы пештің табынындағы күйдірілетін материалдардың жылулығы қалай төмендетіледі?

A) Суық ауа беру және су шашырату арқылы сутылады;

B) Су себу арқылы;

C) Пештің ішіндегі ыстық газды тездетіп шығару арқылы;

D) Қайнап жатқан қабатқа суық ауа үрлеу арқылы;

E) Сумен суытылатын құбырлы кессондар орнату арқылы.

$$$ 43

Күйдірілген мырыш кенін не үшін сілтілеу қажет?

A) Мырыш оксидін алу үшін;

B) Пульпа алу үшін;

C) Сұйытылған мырыш ертіндісін алу үшін;

D) Мырыш сульфатының ертіндісін алу үшін;

E) Мырыш оксидін пульпа түрінде алу үшін.

$$$ 44

Мысты электролиздеу ванналарындағы аттас зарядты электродтар бір-бірінен қандай қашықтықта орналасады?

A) 100 ÷ 110;

B) 200 ÷ 210;

C) 180 ÷ 190;

D) 150 ÷ 160;

E) 200 ÷ 250.

$$$ 45

Түсті металлургия саласында қолданылатын агломашиналардың қара металлургия саласындағы машиналардан айырмашылықтары қандай?

A) Ерекшеліктері жоқ;

B) Металлконструкциялары мен жетектерінің орналасуында;

C) Түсті металлургия саласында қолданылатын агломашиналардың пісіру ауданы арнайы қақпақпен жабылады, жану процесі арбаның колосниктеріне салынған жану қабатынан басталып бетіне қарай ығысады, соған сәйкес шихта салу реті де өзгертілген;

D) Арбаларының құрылысының әртүрлілігінде;

E) Вакуум тудыратын камералары болмайды.

$$$ 46

Болат қандай жабдықтарда балқытылады?

A) Домна пештерінде, миксерде, айналмалы құбырлы пештерде, көлденең конвертерлерде;

B) Домна, шағылысу, шахта пештерінде, КИВЦЭТ құрылғысында;

C) Мартен пештерінде, тік оттекті конвертерлерде, электр доғалы пештерде;

D) Шахта және шағылысу пештері мен көлденең конвертерлерде;

E) Анод пештері мен көлденең конвертерлерде.

$$$ 47

Мыс өндіруге қатысатын технологиялық жабдықтар қандай ретпен орналасады?

A) Шихта дайындау жабдықтары, анод пеші, құю машиналары, сұйық ванналы пеш, конвертер, шағылысу пеші;

B) Шихта дайындау жабдықтары, шағылысу немесе кентермиялық электр пеші мен сұйық ванналы пештер, көлденең конвертерлер, тұрақты немесе айналмалы анод пештері, карусельді анодқа құю машиналары, Вайербас құрылғысы;

C) Шихта дайындау жабдықтары, көлденең конвертерлер, кентермиялық электр пештері, шағылысу пеші, карусельді құю машинасы, Вайербас құрылғысы;

D) Шихта дайындау жабдықтары, Вайербас құрылғысы, карусельді құю машинасы, анод пеші, шағылысу пеші немесе кентермиялық пештері;

E) Шағылысу, анод пештері, карусельді құю машинасы және көлденең конвертер.

$$$ 48

Мырыш алуға қатысатын технологиялық жабдықтар қандай ретпен орналасады?

A) Электролиз ванналары, сілтілеуге қатысатын жабдықтар, карусельді құю машиналары, қайнау қабатындағы пеш, шихта дайындау жабдықтары;

B) Шихта дайындауға қатысатын жабдықтар, қайнау қабатындағы пеш, сілтілеуге қатысатын жабдықтар (араластырғыштар мен пачуктер), электролиз ванналары, карусельді құю машиналары;

C) Қайнау қабатындағы пештер, сілтілеу жабдықтары (араластырғыштар мен пачуктер), шихта дайындау жабдықтары, электролиз ванналары;

D) Сілтілеу жабдықтары (араластырғыштар мен пачуктер), шихта дайындау жабдықтары, электролиз ванналары, айналмалы құю машиналары;

E) Қайнау қабатындағы пеш, электролиздеу ванналары, сілтілеу жабдықтары, құю машиналары.

$$$ 49

Қорғасын алуға қатысатын жабдықтар технолгиялық тізбекте қандай ретпен орналасады?

A) Шахта пеші, агломерат машинасы, тазалау қазандары, қорғасындағы мыстан арылуға арналған шағылысу пеші, шихта дайындау жабдықтары, карусельді құю машиналары;

B) Шихта дайындау жабдықтары, қорғасындағы мыстан арылуға арналған шағылысу пеші, тазалау қазандары, шахта пеші, агломерат машинасы, карусельді құю машиналары;

C) Шихта дайындау жабдықтары, шахта пеші, агломерат машинасы, тазалау қазандары, қорғасындағы мыстан арылуға арналған шағылысу пеші;

D) Шихта дайындау жабдықтары, агломашиналар, шахта пеші, қорғасындағы мыстан арылуға арналған шағылысу пеші, тазалау қазандары, айналмалы құю машиналары;

E) Тазалау қазандары, мыстан арылуға арналған шағылысу пеші, агломерат өндіру машинасы, шахта пеші.

$$$ 50

Домна пешінің скип көтергіші не үшін қажет?

A) Скип көтергіші домна пешіне металл сынықтары мен кокс салу үшін;

B) Скип көтергіші домна пешіне қайтқан материалдарды салу үшін;

C) Скип көтергіші домна пешіне керекті шихта материалдарын үздіксіз жеткізіп тұру үшін;

D) Скип көтергіші домна пешіне тек қана кокс пен флюс материалдарын салу үшін;

E) Шихта материалдарын домна пешіне салу үшін.

$$$ 51

Байытылған мырыш кені қандай агрегаттарда күйдіріледі?

A) Агломерат алу машиналарында, атанақты кептіргіштер мен жанасу аппараттарында;

B) Агломерат алу машиналарында, айналмалы күйдіру және кальцинациялау пештерінде;

C) Қайнау қабатындағы, көп табанды және қалқымалы күйдіру пештерде;

D) Агломерат алу машиналары мен айналмалы құбырлы пештерде күйдіріледі;

E) Шлак үрлеу құрылғысы мен құбырлы айналмалы пештерде күйдіріледі.

$$$ 52

Түсті және қара металлургия саласында қандай құю машиналары қолданылады?

A) Үздіксіз және тоқтап жүретін карусельді және таспалы құю машиналары;

B) Тек қана таспалы құю машиналары;

C) Тоқтаусыз жүретін карусельді құю машиналары;

D) Тоқтап жүретін карусельді құю машиналары;

E) Тоқтап жүретін таспалы құю машиналары.

$$$ 53

Карусельді құю машиналарының қалыптарынан қатқан металл қалай шығарылып алынады?

A) Қолмен және арнайы серіппелі итергіштер арқылы;

B) Қалыптарды аудару, анодтарды шығарып алу машиналары көмегімен, айырлы тістеуіктер арқылы;

C) Тістеуіктер арқылы;

D) Қолмен және қалыптарды аудару арқылы;

E) Серіппелі итергіштер көмегімен.

$$$ 54

Түсті және қара металлургия саласының қандай өндірістерінде күкірт қышқылы өндіріледі?

A) Шойын мен болат өндіретін металлургия комбинаттарында;

B) Титан және глинозем өндіретін заводтары;

C) Мырыш, қорғасын, мыс және никель өндіртін комбинаттарда;

D) Болат, глинозем және титан өндіретін заводтарда;

E) Болат және титан өндіретін заводтарда.

$$$ 55

Домна пеші не үшін қажет?

A) Шойын балқыту үшін;

B) Мыс балқыту үшін;

C) Қорғасын балқыту үшін;

D) Болат балқыту үшін;

E) Ферроқорытпаларды балқыту үшін.

$$$ 56

Домна пешіне қандай материалдар салынады?

A) Қорғасын концентраты;

B) Мыс концентраты;

C) Мырыш концентраты;

D) Металл сынықтары;

E) Агломерат пен темір кені, кокс пен известняк.

$$$ 57

Агломашинаның вакуум камералары мен арбалар арасы қалай тығындалады?

A) Вакуум – камералар бойында орналасқан ұяға арнайы резина-металды құбыр орнатылып, оларға қысыммен ауа берілген кезде оның үстіндегі «П» тәріздес тақтайша арба тақтайшасымен жанастыру арқылы;

B) Вакуум-камералардың конструкциясында тығындар көзделген;

C) Арбалардың конструкциясында тығындаушы элементтер көзделген;

D) Екеуінің арасы тығындалмайды;

E) Асбест материалымен тығындалады.

$$$ 58

Агломашинаның арбаларына салынған шихта бойымен ауа өту үшін не көзделген?

A) Арбаның табанында колосниктер орнатылған;

B) Ешнәрсе көздемеген;

C) Арнайы тік төрт бұрышты тесіктер жасалған;

D) Арнайы тесіктер тесілген;

E) Арбаның қабырғасында арнайы тесіктер көзделген.

$$$ 59

Агломашиналардың арбаларына салынған шихтаның қалыңдығы қандай?

A) 300 500 600;

B) 200 250 400;

C) 250 350 450;

D) 400 500 600;

E) 450 430 520.

$$$ 60

Атанақты ірілеткіштердің диаметрлері қандай?

A) 4,5; 6,0; 3,3;

B) 3,0; 4,0; 5,0;

C) 5,0; 6,0; 7,0;

D) 3,3; 4,3; 4,8;

E) 2,8; 3,2; 4,2.

$$$ 61

Домна пешіне шихта салу жүйесіндегі скиптің жылдамдығы қалай қадағаланады?

A) Қадағаланбайды;

B) Шеткі өшіргіштер көмегімен;

C) Скиптің жылдамдығы ортадан тепкіш ртутты өшіргіш көмегімен;

D)Жылдамдық арнайы өшіргіштер көмегімен;

E) Арнайы конструкциялы тежегіштермен.

$$$ 62

Тостағанды ірілеткіштер не үшін қажет?

A) Конвертерге салынатын шихтаны ірілету үшін.

B) Агломерат машинасының арбасына салынатын шихтаны ірілету үшін;

C) Мартен пешіне салынатын шихтаны ірілету үшін;

D) Шағылысу пешіне салынатын шихтаны ірілету үшін;

E) Қайнау қабатындағы пешке салынатын шихтаны ірілету үшін.

$$$ 63

Көлденең конвертер не үшін қажет?

A) Штейнен қара мыс алу үшін;

B) Балқытылған болатты сақтау үшін;

C) Сұйық шойынды сақтау үшін;

D) Болаттағы қажетсіз қоспаларды шығару үшін;

E) Қажетсіз қоспаларды шығару үшін.

$$$ 64

Қайнау қабатындағы пеш не үшін қажет?

A) Қорғасын концентратын күйдіру үшін;

B) Мыс концентратын күйдіру үшін;

C) Мырыш концентратын күйдіру үшін;

D) Темір кенін күйдіру үшін;

E) Агломерат алу үшін.

$$$ 65

Шағылысу пеші не үшін қажет?

A) Мырыш концентратын балқыту үшін қажет;

B) Шойын балқыту үшін;

C) Болат балқыту үшін;

D) Мыс концентратын балқыту үшін;

E) Қорғасын концентратын балқыту үшін қажет;

$$$ 66

Шахта пеші не үшін қолданылады?

A) Шойын балқыту үшін;

B) Қорғасын концентратын балқыту үшін;

C) Болат балқыту үшін;

D) Мырыш концентратын балқыту үшін;

E) Мыс концентратын балқыту үшін қажет.

$$$ 67

Оттекті қалқымалы пеш не үшін қолданылады?

A) Пиритті және жартылай пиритті концентраттарды балқыту үшін;

B) Қорғасын өндірісінің қалдықтарын балқыту үшін;

C) Мыс өндірісінің қалдықтарын балқыту үшін;

D) Мырыш концентратын балқыту үшін;

E) Агломератты балқыту үшін қажет.

$$$ 68

Сұйық ванналы пеш не үшін қолданылады?

A) Катодты мысты балқыту үшін;

B) Қорғасынды тазалау үшін;

C) Мыс концентратын балқыту үшін;

D) Катодты мырышты балқыту үшін;

E) Домна пешінен шығатын шлакты балқыту үшін.

$$$ 69

Оттекті конвертерге фурма қалай енгізіледі?

A) Конвертердің осінің бойымен;

B) Конвертердің бүйір жағындағы терезе арқылы;

C) Конвертердің бүйір жағында орналасқан бірнеше тесік арқылы;

D) Конвертердің түбінде орналасқан тесік арқылы;

E) Конвертердің түбі мен жанында орналасқан тесіктер арқылы.

$$$ 70

Кентермиялық пеш не үшін қажет?

A) Шойын балқыту үшін;

B) Қорғасын концентратын балқыту үшін қажет;

C) Мыс концентратын күйдіру үшін;

D) Болат балқыту үшін;

E) Мыс концентратын балқыту үшін.

$$$ 71

Анод пештерінде тазартылған мыс қандай машиналар көмегімен қалыптарға құйылады?

A) Тоқтан жүретін карусельді құю машиналары көмегімен;

B) Таспалы құю машиналары көмегімен;

C) Тұрақты орналасқан қалыптарға құйылады;

D) Арнайы тұрақты изложницаларға;

E) Тоқтамай жүретін карусельді құю машиналары көмегімен.

$$$ 72

Рафинациялау процесінен өткен қорғасын қалыптарға қалай құйылады?

A) Тұрақты қалыптарға құйылады;

B) Үздіксіз қозғалатын карусельді машинаның қалыптарына;

C) Таспалы құю машиналарының қалыптарына;

D) Тоқтап жүретін карусельді құю машиналарының қалыптарына;

E) Тұрақты орнатылған сиымдылығы 1 тн қалыптарға.

$$$ 73

Сулы шаңұстағыштарға қандай агрегаттар жатады?

A) Шаң камерасы, инерциялы шаңұстағыштар және циклондар;

B) Жеңді шаңұстағыштар, батареялы циклондар мен қалқанды шаңұстағыштар;

C) Бос скрубберлер, насадкалы скрубберлер, турбулентті қозғалысты шаңұстағыштар;

D) Циклондар, батареялы циклондар, инерциялы шанұстағыштар;

E) Жеңді шаңсорғыштар мен циклондар.

$$$ 74

Аэросепараторлар не үшін қолданады?

A) Күйдірілген мырышты құрғақ күйіне жіктеу үшін;

B) Күйдірілген мырышты тасмалдау үшін;

C) Күйдірілген мырышты араластыру үшін;

D) Күйдірілген мырышты араластыру және тасымалдау үшін;

E) Күйдірілген мырышты күкірт қышқылымен араластыру үшін.

$$$ 75

Мырышты электролиздеу ванналарындағы катодтар қандай материалдан жасалады?

A) Алюминийден;

B) Мыстан;

C) Жапырақты болаттан;

D) Жапырақты мырыштан;

E) Қызыл мыстан.

$$$ 76

Мырышты электролиздеу ванналарындағы анодтар қандай материалдан жасалады?

A) Шойыннан;

B) Таза мыстан;

C) Күміс қосылған қорғасын қорытпасынан;

D) Мырыш қорытпасынан;

E) Қызыл мыстан.

$$$ 77

Циклондарда шаң ұстау қандай физикалық қасиетке негізделген?

A) Ауырлық күшінің әсеріне;

B) Ортадан тепкіш күш әсеріне;

C) Шаңның жылдамдығының өзгеруіне;

D) Шаң бөлшектерінің зарядтарының өзгеруіне;

E) Шаңның қозғалу бағытын өзгертуге.

$$$ 78

Шаң камерасында шаң ұстау оның қандай қасиеттерге негізделген?

A) Ортадан тепкіш күш әсеріне;

B) Шаңның ауырлық күшінің әсеріне;

C) Дымқылдану қасиетіне;

D) Қышқылмен әрекеттесу қасиетіне;

E) Электрмен зарядталу қасиетіне.

$$$ 79

Түсті металлургия өнеркәсіптерінің қандай агрегаттарынан шыққан газ күкірт қышқылын алу үшін қолданылады?

A) Шағылысу пештерінен кейінгі;

B) Көлденең конвертерлерден, агломашиналар мен қайнау қабатындағы пештерден кейінгі газдар;

C) Кентермиялық пештерден кейінгі;

D) Айналмалы құбырлы пештерден кейінгі;

E) Шахта пешінен кейінгі.

$$$ 80

SO2 газын SO3 газына дейін тотықтыру қандай жабдықта жүргізіледі?

A) Электр сүзгіштерде;

B) Кептіру мұнараларында;

C) Суландыру мұнараларында;

D) Жанасу аппараттарында;

E) Абсорбция мұнараларында.

$$$ 81

Жеңді сүзгіш не үшін қолданылады?

A) Суландыру арқылы шаңдалған газ ағынын тазалау үшін;

B) Шаңдалған газ ағынындағы ұсақ шаңдарды ұстау үшін;

C) Газ ағынындағы барлық шаңдарды ұстау үшін;

D) Газ ағынының бағытын өзгерту үшін;

E) Газ ағынын балқыту пешіне қарай бағыттау үшін.

$$$ 82

Электр сүзгіштері не үшін қолданылады?

A) Сұйықтарды қалдықтардан тазалау үшін;

B) Күкірт қышқылын тазалау үшін;

C) Газ ағынындағы шаңды тазалау үшін;

D) Шаңданған газ ағынындағы өлшемдері ірі шаңды ұстау үшін;

E) Тұзды ертіндідегі қалдықтарды тазалау үшін.

$$$ 83

Балқытылған мырыш қандай машиналарының қалыптарына құйылады?

A) Таспалы құю машиналарының;

B) Тоқтамай жүретін карусельді құю машиналардың;

C) Тоқтап жүретін карусельді құю машиналарының;

D) Тұрақты орнатылған қалыптарға құйылады;

E) Тоқтап жүретін таспалы құю машиналардың;

$$$ 84

Пачуктер қайда қолданылады?

A) Күйдірілген мырышты сілтілеу үшін;

B) Күйдірілген мысты қышқылмен араластыру үшін;

C) Күкірт қышқыл алу үшін;

D) Күкірт қышқылының әлсіз ертіндісін алу үшін;

E) Мыс купоросын алу үшін.

$$$ 85

Қара мыс қандай агрегаттарда тазаланады?

A) Шағылысу пештерінде;

B) КИВЦЭТ құрылғысы мен сұйық ванналы пештерде;

C) Тазалау қазандары мен тұндырғыш миксерде;

D) Тұрақты және айналмалы анод пештері мен электролиз ванналарында;

E) Кентермиялық пештер мен конвертерлерде.

$$$ 86

Күйдірілген мырышты сілтілеу қандай агрегаттарда жүргізіледі?

A) Үлкен көлемді араластырғыштар мен пачуктарда;

B) Айналмалы құбырлы сілтілегіштер мен арнайы автоклавтарда;

C) Жоғарғы қысымды сепараторларда, декомпозерлар мен буландыру аппараттарында;

D) Автоклавтарда, декомпозерлар мен буландыру аппараттарында;

E) Декомпозерларда.

$$$ 87

Скрубберлер, инерциялық шаңұстағыштар мен шаң камералы не үшін қолданады?

A) Газ құрамындағы ұсақ шаңды ұстау үшін;

B) Газ құрамындағы үлкен өлшемді шаңды ұстау үшін;

C) Газдағы шаңды сулау арқылы ұстау үшін;

D) Электрлеу арқылы газдағы шаңды ұстау үшін;

E) Шаң камералары, циклондар мен скрубберлер газдағы ұсақ шаңды, ал инерциялы шаң ұстағыштар газды сулау арқылы шаң ұстау үшін.

$$$ 88

Күкірт қышқылын алу үшін қандай жабдықтар қолданылады?

A) Жуу, сулау, кептіру, абсорбциялау мұнаралары мен жанасу аппараттары;

B) Насадкасыз скрубберлер, құрғақ электр сорғыштар, циклондар, жеңді шаң ұстағыштар;

C) Тамшы ұстағыштар, батарейлы циклондар мен көбік аппараттары;

D) Скрубберлер, сулы циклондар, көбікті аппараттары;

E) Циклондар, электрлі шаң сорғыштар және көбікті аппараттар.

$$$ 89

Домна пешінде балқытылған шойын өңделетін және товарлы деп неге бөлінеді?

A) Өңделетін шойын болат балқыту процесінің шикізаты, ал таспалы құю машинасының қалыптарына құйылған шойын машина жасау өндірісінің шикізаты ретінде қолданылады;

B) Шойын товарлы және өңделетін деп бөлінбейді;

C) Балқытылған шойын түгелдей болат балқыту үшін қолданылады;

D) Барлық балқытылған шойын таспалы құю машинасының қалыптарына құйылған соң ғана қолданылады;

E) Балқытылған шойынның 50%қалыптарға құйылады, қалғаны болат балқыту үшін қолданылады.

$$$ 90

Екі таспалы құю машинасының жетегі мен тарту механизмдері қалай орналасқан?

A) Жетек төменгі, ал тарту механизмі машинасының жоғарғы жағында;

B) Жетек пен тарту механизмі машинаның төменгі жағында;

C) Жетек пен тарту механизмі машинаның жоғарғы жағында

D) Жетек жоғарғы жағында, ал тарту механизмі машинаның ортасында;

E) Жетек машинаның жоғарғы жағында, ал тарту механизмі төменгі жағында.

$$$ 91

Карусельды сұйық қорғасынды қалыптарға құю машинасы қалай айналады?

A) Карусель электр қозғалтқыштан, червякты редуктордан және тісті берілістерден туратын тұратын жетек арқылы;

B) Карусель гидрожетек пен тартпа көмегімен айналады;

C) Карусель пневможетек көмегімен айналады;

D) Карусель электр қозғалтқыш пен тісті беріліс көмегімен айналады;

E) Карусель редуктор мен тісті берілістер көмегімен айналады.

$$$ 92

Қорғасынды қалыптарға құю машинасының қанша ұясы бар?

A) 5;

B) 8;

C) 4;

D) 3;

E) 6.

$$$ 93

Мысты анодқа құю машинасының жетегінің құрамы қандай?

A) Тұрақты тоқты қуаты 11 квт электр қозғалтқыш, редуктор, кіші және үлкен тісті дөңгелектер кіреді;

B) Тұрақты тоқты қуаты 5 квт электр қозғалтқыш, редуктор, үлкен тісті дөңгелек кіреді;

C) Айнымалы тоқты қуаты 15 квт электр қозғалтқыш пен редуктор кіреді;

D) Айнымалы тоқты қуаты 10 квт электр қозғалтқыш пен редуктор кіреді;

E) Тұрақты тоқты электр қозғалтқыш пен редуктор кіреді.

$$$ 94

Мысты анодқа құю машинасының қалыптарына құйылған құйманың салмағы (кг) қандай?

A) 160 ÷ 180;

B) 150 ÷ 200;

C) 170 ÷ 180;

D) 190 ÷ 195;

E) 240 ÷ 250.

$$$ 95

Сұйық металы бар оттекті конвертерді бұрған кездегі жалпы кезең қандай қосындылардан тұрады?

A) Бос конвертер мен сұйық металл салмақтарынан және конвертердің тіреулеріндегі үйкелістен туатын кезеңдер қосындысынан;

B) Сұйық металл салмағы мен тіреулердегі үйкелістен туатын кезеңінің қосындыларынан;

C) Бос конвертердің салмағы мен тіреулердегі үйкелістен туатын кезеңдерінің қосындыларынан;

D) Бос конвертер мен сұйық металл салмақтарынан туатын кезеңдер қосындыларынан;

E) Бос конвертер мен тіреу сақиналарының салмақтарынан туатын кезеңдер қосындыларынан.

$$$ 96

Болат балқытуға арналған электр доғалы пештерінің сиымдылықтары қандай?

A) 3; 5; 10; 12; 25; 50; 100; 200;

B) 5; 8; 10; 60; 70;

C) 10; 15; 20; 50; 100;

D) 15; 25; 45; 100;

E) 65; 75; 100; 150; 200.

$$$ 97

Түсті металлургия саласында кенді күйдіруге арналған қандай агрегаттар қолданылады?

A) Қайнау қабатындағы және айналмалы құбырлы пештер;

B) Қайнау қабатындағы пеш;

C) Айналмалы құбырлы пеш;

D) Шағылысу және кен термиялы пештер;

E) Қайнау қабатындағы және шағылысу пештері.

$$$ 98

Шағылысу пешіне шихта қалай салынады?

A) Пештің күмбезінің екі жағында орналасқан құбырлар арқылы;

B) Пештің бас жағында орналасқан көлденең құбыр арқылы;

C) Пештің күмбезіндегі арнайы жасалған тесік арқылы;

D) Пештің қабырғасында орналасқан тесіктер арқылы;

E) Пештің күмбезін көтеріп, бұру арқылы.

$$$ 99

Көлденең конвертердің сыртқы қабаты жоғарғы жылулық әсерінен қалай қорғалады?

A) Отқа төзімді кірпіштермен;

B) Арнайы жасалған кессондар көмегімен;

C) Отқа төзімді кірпіштер мен кессондар көмегімен;

D) Асбозурит қабаты қорғайды;

E) Сыртқы қабатты отқа төзімді болаттан жасау арқылы.

$$$ 100

Қорғасынды рафинациялауға арналған қазандар қалай қыздырылады?

A) Ошаққа жанамалатып берілетін мазут пен табиғи газ көмегімен немесе Х15М60 маркалы болаттан жасалған тіліктер көмегімен;

B) Жанамалатын берілетін домна немесе кокс газдары көмегімен;

C) Жанамалатын берілетін кокс газы көмегімен;

D) Арнайы ұяға орнатылған Х15М60 маркалы болат тіліктері көмегімен;

E) Жанамалатын берілген көмір ұнтағы көмегімен.


Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 636 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.15 с)...