Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік. Экономикалық глоссарий жазып келу:



Тапсырма – 1

Экономикалық глоссарий жазып келу:

Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), жеке табыс, қолда бар табыс, Тұтыну (С), инвестиция (I), амортизация, ЖҮӨ-ді табыс бойынша есептеу, ЖҰӨ-ді шығын бойынша есептеу, ЖҰӨ-ді қосымша құн бойынша есептеу, қор жинағы (S), ласпейрес индексі, Пааше индексі, Фишер индексі.

Тапсырма 2

Дәрістегі формуланы пайдаланып есеп шығарып келіңіз:

1-есеп. Экономикада келесі мәліметтер берілген (млрд.тенге)

Трансферттік төлемдер 6,0

Жалпы ішкі инвестициялар 18,4

Бизнеске салынатын жанама салық 9,0

Таза экспорт 2,2

Корпорацияның бөлінбеген пайдасы 4,9

Амортизация 8,9

Жеке тұтыну шығындары 88,2

Корпорацияның пайдасына салынатын салық 2,6

Әлеуметтік сақтандыру салымдары 0,5

Қызметтер мен тауарларды мемлекеттік сатып алу 9,8

Жеке табыс салығы 4,8

а) ЖҰӨ көрсеткіштерін және жеке қолда бар табыстың көрсеткіштерін есептеңдер.

ә) Жеке жинақтардың көлемі қанша?

б) Экономикадағы капитал қорының көлемі қаншаға өсті?

2-есеп. Экономика жағдайы келесі көрсеткіштермен берілген:

¾ Тұтыну шығындары (С) = 4600

¾ Инвестициялар (I) = 1400

¾ Мемлекеттік шығындар (G 1600)

¾ Мемлекеттік трансферттер (TR) = 200

¾ Мемлекеттік қарыз бойынша %-ды төлеу (N) = 200

¾ Салықтар (Т) = 1900

Есептеңдер:

a) Жеке жинақтар;

b) Мемлекеттік жинақтар;

c) Мемлекеттік облигациялардың бағасын (құнын) және мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін шығарылған қосымша ақша көлемін.

Мына жағдай анық: тапшылық 50%-ға облигация шығарумен қаржылынырылады





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1120 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...