Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Курстың қысқаша сипаттамасы



Кредит саны – 2

Дәріс – 15 сағат

Зертханалық сабақтар – 15 сағат

СӨЖО – 15 сағат

СӨЖ – 45 сағат

Бақылау түрі – емтихан

Барлығы – 90 сағат

«___»___________2015 ж кафедра отырысында талқыланды, №___ хаттама

Кафедра меңгерушісі ___________________________ Б.Г.Искакова

1. Оқытушы туралы мағлұмат:

Тулеугалиева Жазира Калеловна - «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы

2. Өтетін уақыты және орны:

Өтетін уақыты: 2015-2016 оқу жылының 3 семестрі

Өтетін орны: Орал қаласы, Ыхсанов көшесі 44/1үй, уақыты: сабақ және СӨЖ кестесі бойынша.

Пререквизиттер және постреквизиттер

Пререквизиттер: талап етілмейді.

Постреквизиттер: «Микроэкономика».

Курстың қысқаша сипаттамасы

«Экономикалық теория негіздері» курсы барлық мамандықтар мен бағыттарында оқытылатын міндетті компонент болып табылады. Бұл пән студенттерге жүйе түріндегі экономика туралы, негізгі түсініктер береді және келесі сұрақтарды қарастырады: экономикалық теорияның пәні және әдістері. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі. Қоғамдық өндірістің негіздері. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны. Қоғамдық өндірістің түрлері. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясының негіздері. Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және толық айналымы. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Макроэкономикалық тепе-теңдік. Экономикалық дамудың ауытқымалы болуы макроэкономика заңдылығы ретінде. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде. Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары, экономикалық өсу.

Курстың негізгі мақсаты экономиканың кез-келген саласында талдау құралдары мен әдістерін қалыптастыруда студенттерге жеке қолдану тәсілдерін меңгеруді, экономикалық ойлауды, экономикалық үдерістерді үйрету болып табылады.

Міндеттері:

- экономикалық теорияның жалпы ережелерін, экономикалық заңдарын, нарықтық экономика жұмысының принциптерін білу;

- мемлекеттің ақша-несие, салық, инвестициялық және әлеуметтік саясатын оқып меңгеру;

- негізгі макроэкономикалық категориялары мен көрсеткіштерін оқып меңгеру;

- макроэкономикалық көрсеткіштерін есептеу, экономикалық өсу қарқынын, инфляция және жұмыссыздық деңгейін білу;

- нарық экономикасының маңызды заңдары мен механизмдерін меңгеру;

- мемлекеттік реттеу тіртібін оқып меңгеру

Пәнді оқу үрдісінде білуі тиіс:

- экономикалық заңдар мен функцияларын;

- қоғамдық өндіріс факторларын, өндірістік мүмкіншіліктер қисығын;

- иелену түрлері мен формалары, меншік формалары және түрлерін;

- экономикалық жүйелер түрлері және оның элементтер сипаттамасын;

- нарық механизмінің элементтерін, түрлерін, принциптерін, және құрылымын;

- өндірістік функция, ауыспалы және тұрақты функция және олардың бір-бірімен алмасуын.

Істей білу керек:

- алған білімді тәжірибеде қолдану;

- экономикалық жүйелердің салыстырмалы талдауын жасау;

- натуралды және тауарлық өндірісті салыстыра білу;

- сұраныс және ұсыныс қисықтарын құрастыру;

- икемді сұранысты икемсіз сұраныстан айыра білу;

- жалпы және шекті пайдалылықты анықтау,

- жиынтық және шекті өнімді анықтау;

- өндіруші тепе-теңдігі, жалпы альтернативтік, тұрақты, ауыспалы шығындарды анықтай білу,

- фирма кірісін анықтау, графикалық талдау жасау.

Студенттің экономикалық теорияда алынған білімдерін, өзіндік бағалау мүмкіндігін ажыратып тәжірибелік жұмысқа дағдысы болуы керек.

Құзыретті болу:

- нарықтық экономика жағдайларындағы өмірдегі мәселелерді шеше білу қабілеттілігі, ғылыми мәселелерді ойлау;

- алынған экономикалық білімдерін болашақта тәжірибеде қолдана білу;

- рационалдық шаруашылықтың әдістері мен ұсынымдарын анықтау.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 489 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...