Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тәрбиеші :Иманғалиева Р. Йымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта



Йымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта.

Тәрбиеші:Иманғалиева Р

Білім саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Әдепті балдырған

Тақырыбы: Әдепті бала деп кімді айтамыз?

Мақсаты: Балаларға әдептілік, инабаттылық туралы т.сінік беру. Балаларды ізеттілікке, мейрімділікке тәрбиелеп, адал болу жомарттық сөздердің мағналарын түсіндіру. Жағымды мінез- құлық мәдениетіне тәрбиелеу.

Қостілділік құрам:

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлел деу – ояту Шаттық шеңбері: Біздер бұрын көрмеген, Салт – дәстүрін білмеген. Үйренеміз дәріптеп, Заманымда өрлеген. «Жылы сөздер»   Балалар шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне жылы сөздер айтады  
Ұйымдас тыру – іздену   . Сыйлап үлкен ағаны Сәлем берген баланы Кім дейміз? Әдепті екен бұл дейміз. Кітап, дәптер, қаламы Кір шалмаған баланы Кім дейміз? Ұқыпты екен бұл дейміз. Таудай биік талабы Жақсы оқитын баланы Кім дейміз? Үлгілі екен бұл дейміз. Д/О: «Не істеуге болмайды?» тәрбиеші айтады, балалар әрі қарай өздері жалғастырады. 1. Үлкендердің алдын- 2. Кішкене баланы- 3. Құстарды- 4. Қыз баланы- 6. Үйге жүгіріп- 7. Үлкен кісіні- 8.Құстың ұясын-     Д/О: Не істеу керек?     Өлеңді тыңдап, әдепті бала – деп кімді айтамыз әңгімелейді. Өлеңді диалогты түрде айтады.   Кеспеу керек Сыйлау, көмектесу керек Құстарды атпау Сыйлау керек Кірмеу керек . - Үлкендерді сыйлау керек Бұзбау керек. - Ата- аналардың тілін алу керек - Тәртіпті болу керек - Кітапты күтіп, таза ұстау керек  
Рефлек сивті -түзету Мақал- мәтелдер: Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен, Үйренеміз жақсы мінез әдептен. Әдептілік жайлы мақал- мәтелдер айту. Әдепті бала- арлы бала, Әдепсіз бала- сорлы бала. Әдептілік белгісі, Иіліп сәлем бергені. Сіз деген- әдеп, Біз деген- көмек.   Әдепті бала ата- анасын мақтатар, Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар.     Мақал- мәтелдерді қайталап айтып жаттап алу.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Балаларға әдептілік, инабаттылық туралы түсінік беру.

Қандай түсініктерді игереді: Балаларды ізеттілікке, мейрімділікке тәрбиелеп, адал болу жомарттық сөздердің мағналарын түсіндіру

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері :Жағымды мінез- құлық мәдениетіне тәрбиелеу





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 433 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...