Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бүтін ондықты нөмірлеуге оқыту



Оқушыларды бүтін ондықты нөмірлеумен таныстырғанда мұғалім сабақты жай бірліктен және ондықтың құрылуын қайталаудан бастау қажет.Осы мақсатта оқушыларға 10 таяқша санап оны буу ұсынылады, буылған 10 таяқша – бұл бір ондық.Санау 20 дейін жалғасады.Енді бір ондық таяқшаларын қосу арқылы санаймыз.Бір ондық,екі ондық,үш ондық немесе отыз,төрт ондық немесе қырық, 9 ондық немесе тоқсан,осыған тағы бір ондықты қосу арқылы он ондық немесе жүз.

Бір ондық – бұл 10 бірлік,екі ондық бұл – жиырма бірлік.Осындай жаттығулар басқа да пособияда жүргізіледі.(арифметикалық қорап,санау,тиын және т.б.)

Мұғалім әр кез мынаған көңіл аударады,ондықты санау бірлікті санағандай жүргізіледі.Оқушылар сан есімдегі санның мазмұнына көңіл аударады.Оқушыларға таблица көрсетіп санатқан тиімді болады,жұп-жұбымен: 2-20, 3-30, 4-40. Бірінші қатарда бірлік,екінші қатарда ондық санау.

1 2 3 4 5

10 20 30 40 50

Бүтін ондықты жазбаша оқытуда оқушыларға әрдайым бірінші болып ондық кейін бірлік жазылатынын түсіндіру керек.Мысалы: бірінші ондық 2 кейін соның сол жағына бірлік орнына нольді жазуды үйретеміз.

Бірінші ондықты және бүтін ондықты салыстыруда таблица қолдану тиімді болады.Оқушылар қатар бойынша және баған бойынша сандарды салыстыра білу керек.

Оқушылар толық ондықтар арасындағы сандардың көптігін әлі білмейді.Сондықтан келесі сабақта,толық ондық санағын бекіте отырып,оқушыларды 21-99 сандарының құрылымымен таныстыру керек.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 606 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...