Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

СИЛЛАБУС. Мұнай және газ институты



Мұнай және газ институты

Энергетика» кафедрасы

СИЛЛАБУС

«Электротехниканың теориялық негіздері» бірінші бөлім

Мамандық 5В 071800 – Электр энергетикасы

Оқыту формасы: - күндізгі, күндізгі қысқартылған арнайы орта білім негізінде

Барлығы 3 кредит

Курс 2(1) Семестр 3(1)

Дәрістер 15 сағат

Тәжірибелік сабақтар 15 сағат

Зертханалық сабақтар 15 сағат

Барлығы аудиториялык сагат 45

СОӨЖ 23 сағат Барлық сағат 135 сағат

СӨЖ 67 сағат

Емтихан 3(1) семестр

АКТАУ – 2012 ж.

Силлабусты, 2006 жылдың 22 маусымында ҚР БҒМ бұйрығымен бекітіліп енгізілген типтік оқу бағдарламасы және осы мамандықтың мемлекеттік стандарты негізінде аға оқытушы Баймуханова А.К. құрастырған

«Энергетика» кафедрасының отырысында қарастырылған

28 тамыз 2012 ж Хаттама № 1

Кафедра менгерушісі _______________ Тергемес К.Т.

Мұнай және газ институтының оқу-әдістемелік кеңесінде қарастырылып бекітілген.

03 қыркүйек 2011 ж Хаттама № 1

Мұнай және газ институтының ОӘК-тің

төрағасы _______________ Жолбасарова А.Т.

1. Оқытушы туралы мәліметтер:

Баймуханова Айгуль Карашевна, аға оқытушы

«Энергетика» кафедрасы

Толық адрес: 24 мкр. мұнай және газ институты корпусы

Тел.: 8 (3292) 41-76-90

2. Пән туралы мәліметтер:

Кредит саны –3

Өткізу орны –МГИ корпусы (24 мкр)

Пәннің коды Пән Курс Семестр Кред. Дәріс Тәжірибе саб. Зертхана СОӨЖ СӨЖ Барлығы
ETN(І) 2205 Электротехниканың теориялық негіздері 1   2(1) 3(1)              

3. Пререквизиттер: «Электротехниканың теориялық негіздері» курсын менгеру үшін студент«Физика», «Жоғары математика» пәндерінен алған білімдерін пайдаланады. Әдебиетпен жұмыс жасап, ақпаратты анализ жасау негіздерін және компьютерді пайдалана білуі керек.

4. Постреквизиттер: «Электротехниканың теориялық негіздері» пәні бойынша аынған білім келесі «Электр энергетикасы», «Электр энергиясымен қамтамасыз ету», «Электр машиналары», «Электр жүйелері және торлары» профильдік пәндерді оқуға қажет болады.

5. Пәннің сипаттамасы: Бағдарлама 3(1) семестрде міндетті түрде оқу курсына есептелген, аптасына 3 кредит сағаттан. Емтихан – 3(1) семестр

Пәннің мақсаты: «Электротехниканың теориялық негіздері» профильдік пән болып есептеледі. Бұл пән мамандық бойынша басқа пәндердің оқытылуының негізіболып табылады Пәннің мақсаты студенттерге электр тізбектері теориясы бойынша терең білім беру. Бұл келесіде мамандық бойынша оқытылатын әдейі курстарды өткенде және өндірісте маман болғанда пайдалы болады.

Курстың міндеттері: Студенттерге керекті базалық білім беру,электротехникалық есептерді шығаруда өз бетімен анализ жасап, шешімін табуды үйрету.

Студенттер «Электротехниканың теориялық негіздері» пәнін оқу барысында нені білу және игеруі қажет: Студент электр тізбектерінің әр түрлі режимдердегі жұмысын анализ жасау және есептеу әдістерін білу керек. Өз бетімен Тәжірибелік есептердің шешімін табуы керек.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 747 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...