Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Пәннің мақсаты мен міндеті, оның оқу үрдісіндегі орны



Жұмыс оқу бағдарламасы

КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ

6М050700 «МЕНЕДЖМЕНТ» мамандығы бойынша «Аграрлық менеджмент» атты оқыту бағдарламасының кәсіби пәндер циклының элективтік компоненті

Барлығы 90 сағат

оның ішінде:

Дәріс -

Машықтану 30 сағат

МОӨЖ 15 сағат

МӨЖ 45 сағат

Бақылау нысаны:

Емтихан 1 семестр

Астана – 2015

«Кәсіпорын қызметін бақылау және талдау» пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасы экономика факультетінің 6М050700 «Менеджмент» мамандығы бойынша оқитын магистранттар үшін элективтік пәндер каталогінің және «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» АҚ Ғылыми кеңесінің отырысында 03.06.2015ж. №20 хаттамамен бекітілген осы пәннің жұмыс бағдарламасы мен оқу жоспары негізінде құрастырылған.

Бағдарлама «Есеп және аудит» кафедрасы отырысында қаралды

Хаттама № __, «____»_______ 2015 ж.

Кафедра меңгерушісі _____________ Байдаков А.Қ.

Бағдарлама экономика факультетінің Оқу-әдістемелік кеңесі ұсынды.

Хаттама № __, «____»_______ 2015 ж.

Оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы ______ Асилов Б.У.

20__- 20__оқу жылдарда бағдарламаға қосымшалар мен өзгерістер

Бағдарламаға келесі өзгерістер еңгізілді:

Бағдарлама «Есеп және аудит» кафедрасының отырысында қайта қаралды

хаттама № __ «____»_______ 20 ж.

Кафедра меңгерушісі _____________ Байдаков А.Қ.

Пәннің мақсаты мен міндеті, оның оқу үрдісіндегі орны

1.1. Пәнді оқытудың мақсаты: Магистранттарға кәсіпорын қызметінің нәтижесіне экономикалық баға беріп, шаруашылық субъектілер іс-әрекеті мен қаржылық жағдайын талдау жұргізуді және соның нәтижесі бойынша басқарушылық шешімдер қабылдауды үйрету.

1.2. Пәнді оқытудың міндеттері: Магистранттарға кәсіпорын қызметін талдау барысында:

-қолданылатын экономикалық әдістер мен тәсілдердің жиынтығын меңгерту;

-әдістерді басқару шешімдерін қабылдау үшін ұтымды пайдалана алуды үйрету;

-кәсіпорын қызметінің қаржылық тиімділігін анықтап, бағалауды үйрету;

-кәсіпорында өндірістік ресурстарды пайдалану деңгейін бағалауды меңгерту;

-тиімділікті жоғарылату бойынша негізделген басқарушылық шешімдерін дайындауды меңгерту.

1.3. Пәнді игеру үшін қажетті пәндердің тізімі: экономикалық теория, статистика, экономика, қаржы, басқарушылық және қаржылық есеп, менеджмент.

1.4. Курсты меңгергеннен кейін магистрант ғылыми-зерттеуді теориялық және методологиялық тұрғыдан оқып біліп, қажетті әдістері мен әдістемелерін қолдануын меңгеруі тиіс. Сонымен бірге, олар:

-біліп түсінуі керек: бақылау мен талдаудың мазмұны мен олардың кәсіпорынды басқарудағы орнын, талдаудың негізгі әдіс-тәсілдерін, талдауды ақпараттық қамтамасыз етуі мен қаржылық талдаудың әдіснемесін.

- меңгеруі керек: кәсіпорын қызметіне жан-жақтан талдау жұргізуді, өндірістік потенциал мен қаржылық жағдайды бағалауды және олардың даму тенденцияларын анықтауды.

- игеруі керек: аналитикалық есептемелерді орындауды.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 288 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...