Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ішкі секреция бездері мүшелерінің жалпы сипаттамасы. Ішкі секреция бездерінің функциональді анатомиясы



ДӘРІС №17

Тақырыбы: Ішкі секреция бездерінің

Функциональдық анатомиясы мен дамуы. Даму ақаулары.

Жоспары:

Ішкі секреция бездері мүшелерінің жалпы сипаттамасы.

Ішкі секреция бездерінің жіктелуі.

Ішкі секреция бездері.

· Қалқанша безі

· Қалқанша маңы безі

· Айырша безі

· Гипофиз

· Эпифиз

· Ұйқы безі-инкреторлы бөлігі

· Простатаның эндокринді бөлігі

Ішкі секреция бездері мүшелерінің жалпы сипаттамасы. Ішкі секреция бездерінің функциональді анатомиясы.

Ғасырдың басында бірнеше мүшелер жүйесі белгілі болды. Ол мүшелер қанға және лимфаға гормондар бөледі, мүшелердің шығару жолдары жоқ, сондықтан осы мүшелер жиынтығын эндокринді, ішкі секреция бездері деп атайды. (эндо-ішкі, крино-бөлу).

Грек тілінде гормон-қозу, қозғалу деген мағынаны білдіреді.

Гормон –ол белсенді биологиялық заттар, біздің көңіл-күйімізді, алмасу процестерін, тәртібімізді қадағалайды.

1980 жылы Юдаев гормондар әсерінің жұмыс формуласын ұсынды.

Гормон клеткаға түсіп, күрделі құралған байланыс рецептормен қосылып, гомон рецептор комплексін түзеді, комплекс ядроға өтіп, хроматиннің белгілі бір бөлігімен және белгілі бір генмен байланысады. Соның нәтижесінде аналық РНК пайда болады, аналық РНК специфиялық белок немесе ферменттің синтезін қадағалайды.

Қысқаша былай көрсетуге болады:

Гормон ------клеткаға+рецептор=гормон рецептор комплексі------ядро+хроматиннің белгілі бір бөлігі +белгілі бір ген=аналық РНК ----ферментттің немесе белоктың синтезін реттейді, нәтижесінде жауапты реакция пайда болады.

Гормондардың белсенділігі өте үлкен, әсер ету уақыты қысқа

Табиғаты жағынан гормондар жатады:

· Белоктар.

· Белоктардың ыдырау затына.

· Стероидтарға жатады.

Қазіргі уақытта 80 гормонға жуық белгілі. Гормондар жалпы зат алмасу процесіне, сонымен қатар жекелеген процестерге де әсер етеді. Мысалы жалпы процесс-тотығу, немесе тек кальций немесе фосфор алмауларына қатысады.

Гормондар клеткалардан басқа нерв орталықтарына және нерв талшықтарына да әсер етеді.

Нерв жүйесі жылдам және дәл әсер етеді, бірақ қысқа уақыты.

Эндокринді жүйе ұзақ уақыты, бірақ өте баяу қабілеті. Нерв жүйесі мен эндокринді жүйеніңі бір-бірін толықтырып отыруын нейроэндокринді мүшелер деп атайды.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1099 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...