Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІ МЕҢГЕРУ



Ф КГМА 1-8-21/02

МУ «Организация методической работы в соответствии с ГОСО 2006 года» от 04.07.2007 г

Арағанды мемлекеттік медицина академиясы

Физиология кафедрасы

Д Ә Р І С

Тақырып: «Физиологиялық қызметтердің қалыптасуы мен реттелуінің негізгі принциптері»

«Физиология-1» пәні

051301 «Жалпы медицина» мамандығы

2 курс

Уақыты 1 сағат

Қарағанды 2008 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

Хаттама _____________ 2008 ж.

Кафедра меңгерушісі ______________ Ф.А. Миндубаева

Дәрістің тақырыбы: Физиологиялық қызметтердің қалыптасуы мен реттелуінің негізгі принциптері

Дәрістің мақсаты: Рефлекторлық теорияның дамуын көрсету, классикалық рефлекторлық доғаның негізгі құрылымдық бөлімдерін және оған қосымша қарама-қарсы байланысты түсіндіру.

Дәрістің жоспары:

1. Әртүрлі әсерлерге жүйке жүйесі қатысуымен рефлекс түрінде ағзаның жауапты реакциясы.

2. Рефлекторлық теория дамуының негізгі кезеңдері: Декарт, Сеченов, Павлов, Анохин.

3. Рефлекторлық теорияның негізгі принциптері.

4. Рефлекторлық доға, оның бөлімдері.

5. Рефлекторлық актының сақина тәрізді құрылым туралы түсінік (кері афферентация).

6. Рефлекс және П.К.Анохин бойынша функциялық жүйе.

7. Соңғы бейімделу нәтиже - әртүрлі рефлекторлық әрекеттің негізі.

8. ФЖ-ң орталық құрылысының кезеңдері:

- афференттік синтез;

- шешім қабылдау;

- әрекет нәтижелердің акцепторы.

ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІ МЕҢГЕРУ

Организм мен қоршаған орта қатынасы кезіндегі физиологиялық тірліктерді меңгеретін әрекеттік реттеу жүйесі болады. Меңгеру ағзалар мен жүйелердің өзара әрекеттесуі арқылы пайдалы тіршіліктік икемделуді қамтамасыз етеді.

Физиологиялық әрекеттерді меңгеру үш түрлі жолмен атқарады: 1) іске қосу; 2) түзету; 3) үйлестіру. Іске цосу - ағзалардың тыныш жағдайын белсенді әрекетке көшіреді. Тузету - ағзалардың ісәре-кетін өздігінен атқарылу режимінде уйымдастыруға мүмкіндік береді. Үйлестіру - бірнеше ағзалар мен жүйелерді бірлестіру арқылы пайдалы икемделу нәтижесіне жеткізеді.

Органинизмнің тіршіліктік әсерленістері бірнеше сатылы және әртекті реттелу жүйелері арқылы меңгеріледі. Н. М. Амосов реттелуші жүйенің төрт түрін жіктейді.

1. Химиялъщ, бейарнамалы жуйе - зат алмасуы өнімдері арқылы
ағзалардың өзара әрекетІн қамтамасыз етеді.

2. Эндокриндік жуйе - әртүрлі ағзаларды ерекше сөлініс заттары -
гормондары арқылы белсендіреді.

3. Вегетативтік жуйке - бір орталықтан бірнеше нысандарды:
ағза, тін, тірліктік жүйені бір мезгілде қамтып қашықтықтан, пәрменді
меңгереді.

4. Орталъщ жуйке жуйесі - бір жағынан организмнің ішкі орта-сының түрақтылығын (гомеостаз) реттейді, екіншіден, біртүтас орга-низмді сыртқы ортамен теңестіреді.

Жүйелердің өздігінен реттелісі Қандай да болмасын әрекеттік меңгеруші жүйелердің қызметі реттеліс және өзін-өзі реттеуге негізделген.

Реттеліс деп организмнің белгілі бір қажеттігін және ішкі орта түрақтылығын қамтамасыз етуші әрекеттік жүйелердің қызметін айтады. Организмнің ішкі ортасын түрақты құрамды қан, лимфа, тін сүйықтықтары құрады. Физиологиялық әрекеттердің өзін-өзі реттеуі деп төменгі даму сатысындағы жануарлар әлемінде кездесетін реттелудің қарапайым түрін айтады.

Өздігінен реттеліс - тіршілік үшін маңызды үрдісті белгілі бір тұрақты жағдайда сақтау қабілеті. Гомеостазис, изотермия, изоосмия, изоволемия, изогидрия т.б. өзін-өзі реттеу арқылы сақталады. Таби-ғатга мүндай реттеу арқылы өзгертуші және қалпына келтіруші жағ-дайлар автоматты түрде белгілі деңгейде атқарылады.

Түрлі организмнің еркін тіршілігі ішкі ортаның тұрақтылығы екендігін алғашқы дәлелдеген француз ғалымы К. Бернар (1813-1878). Кейін Кеннон гомеостаз туралы ілімінің негізін қалады. Гомеостаз - организмнің ішкі ортасының және физиологиялық әрекетінің салыстырмалы түрақтылығы. Гомеостазды қолданушы негізгі тетіктер өздігінен реттеледі.

Ішкі ортаның тірліктік түрақты көрсеткіштері қатаң және икемді болып екіге бөлінеді. Қатаң түрақты көрсеткіштер: осмостык қысым, сутек көрсеткішінің шамасы (рН), глюкоза, газдардың мөлшері, т.б. Икемді түрақты көрсеткіштерге қанның құрамы, көлемі, қысымы, қоректік заттардың мөлшері т.б. Тірліктік көрсеткіштер белгілі бір мөлшердің деңгейінде тербеліп түрады, сондықтан гомеокинез деп аталады.

Организмнің бейімделіс және өтеміс әсерленістерін қамтамасыз ететін гомеокинез көрсеткіштері жас кезендеріне сәйкес капыптасады. Мұны гомеорезис дейді. Гомеорезис - өздігінен реттелетін жүйелерде жасқа байланысты туатын өзгерістерінің дамуы.

Меңгеру орталық жүйке жүйесі және қан арқылы камтамасыз етіледі. Бүлар нейрогуморалдық реттеу жүйесін құрады. Соңғы кезде бүған иммундық реттеу жүйесі қосылды Әрекеттердің жүйкелік және гуморалдық (һитог - сүйықтық) реттелісін, бірлестігін, физиологтар ашқан жүйке аралық байланыс - синапстар (түйіспелер) қызметі дәлелдейді. Жүйке жүйесінің қозуынан синапста химиялық дәнекерші зат - медиатор пайда болып, ол козуды бір нейроннан екінші нейронға өткізеді. Сөйтіп, жүйелердің түрлі кызметтерінің бейімделісі жалпы организм қызметінің жуйкелік-гуморалдъщ реттелуі арқылы іске асады, организмнің қорғаныш қасиетін иммундық жүйе қамтамасыз етеді..

Жүйкелік-гуморалдық қатынаспен катар жасушалар арасында креаторлъщ (грек. сгеаіе - көшірме) өзара байланыс та бар (Г.И. Косицкий). Жаңа және ескі жасушалардың құрылымында ұқсастық болуы үшін олардың арасындағы маңызды ақпараттарды ірі молекулалар жеткізеді. Оларды қан да тасмалдауы мүмкін. Макромолекулалар бір жасушадан екіншісіне олардьщ түйіскен жеріндегі саңылаулар арқы-лы немесе пиноцитоз (рІпео - ішу) жолымен өтеді.

Жаңа медицинаның дәлелдеуі бойынша, организмнің әрбір жасушалары кванттық (фотон) байланысы арқылы өзара әрекетттестік қаты-наста болады. Мүндай өзара қарым-қатынас электромагниттік өрістер мен, шығыс медицинасы қолданатын, дененің белсенді нүктелері және меридиандары арасында өтеді.

Бүгінде тіршілік ісәрекетін ретгеуші тек нейроиммуноэндокриндік кешен деп ұғыну жеткіліксіз. Өйткені, бұл жүйелерді организм дамуының белгілі кезеңінде карапайым және әмбебап реттеу жүйесі әржақты қалыптастырады. Соңғы жүйе ретінде электрлік реттеу жүйесі қаралады. Оның негізін организм тірлігінде кездесетін жасушаның мембраналық шамасының электромагниттік өрісі жасайды.

Реггеліс және өзін-өзі реттеу аса қозғыш, тітіркендіргіштщ өте аз күшіне әсерленетін жүйке жүйесінің қызметі арқылы орындалады. Тірі тіндердің көбінде цозгыштьщ қасиет бар, олар тітіркендіргІш әсер еткенде туатын, электр құбылысына негізделген қозу деп аталатын белгілі

бір жағдайда болады. Қозғыштық жоғары сатыдағы жануарларда болатын, ал тітіркену - төменгі сатыдағы организмдерге тән қасиет.

Түрлі жуйке бөлшектері - қабыддағыш құрылымдар, нейрондар, олардың талшықтары өте қозғыш тіндерге жатады. Нейрондар орталық жүйке жүйесінде, арнайы қызмет атқаруға бейімделіп, тұрақты орында орналасады. Әрбір жүйке орталықтары организмнің белгілі бір қызметін реттеуге бейімделген. Мәселен, тынысты реттейтін жүйке орталықтары сопақша мидың, жұлынның, ми бағанының, ми қыртысының белгілі бір жерінде орналасқан.

Жүйкелік реттелістің гуморалдық әсерге қарағанда артықшылығы болады:

1. Жүйкелік байланыс белгілі бір мүшеге, жасушалар тобына дәл
бағытталады. Гуморалдық реттеуде химиялық белсенді заттар қан не-
месе лимфа арқылы бірнеше мүшеге, тінге бірдей әсер етеді. Сондық-
тан ол заттарға организмнің жалпы әсерленісі байқалады.

2. Жүйкелік байланыс әрекеттерді жылдам реттейдІ. Жүйке серпі-
ністерінің өрістеу жылдамдығы қан қозғалысынан жүз еседей тез.

3. Жүйке жүйесі әрекетті тек қана тудырып қоймай, қажет болмаса
оны мүлде тоқтатып тастайды. Ал, химиялық заттың әсері ол зат әбден
ыдырағанша жалғасады.

Адам мен жануарлар организмінде қызмет біртұтас нейрогуморал-дық жолмен реттеледі. Оның ішінде жүйкелік реттеу басты, қан арқылы реттеу қосымша тетіктер болып саналады.

Меңгеру түрлері: гуморалдық және жүйелік тетіктер меңгерудің бІрнеше түрін қолданады. Гуморалды меңгеру: аутокриндік, паракриндік және телекриндік түрінде өтеді. Аутокршді меңгеру кезінде белсенді заттар, құрылымның өзінде бөлініп, басқаларына тікелей әсер етеді. Паракриндік меңгеруші заттар маңындағы тінаралық сүйықтыққа бөлінеді. Телекриндік меңгеруде биологиялық активті заттар тікелей қанға шығады, сөйтіп басқа ағзаларға және тіңдерге алыстан жайылады

Жүйелік меңгерудің негізін рефлекс (геііехіо-тойтару) қүрайды. Рефлекс - ішкі және сыртқы ортаның өзгерісіне организмнің ОЖЖ арқылы беретін жауабы. Меңгеру жергІлікті, орталық және шартты рефлекстер түрінде атқарылады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1871 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...