Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Пәнді оқудың соңғы нәтижесі



Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелеріның жалпы көлемі:

Білім алу деңгейі Рөлдермен берілген құзіреттіліктер Оқытудың соңғы нәтижелері (бағалау әдісі)
Б1.1 ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ - БІЛІМІН ҚОЛДАНУ Білім (когнитивті) домені: Қолданады: рецепт жазудын жалпы принциптін біледі. Бүл дәрігердің емдеу қызметіндегі бірдеп бір негізгі құжат ретінде, дәрілердің фармакокинетикасы мен фармакодинамикасын; Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: әртүрлідәрілік қалыптарға және адамның өмірсүру тіршілігіне қажетті дәрі қолдану мөлшерлерін және дәрілердің концентрациясын дұрыс есептеу; Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді: дәрігер науқасты емдегенде медициналық этика мен деонтология қағыдыларын сақтайды және науқасқа жақсы ықылас көрсетіп, өз ісінде жоғары жауапкершілік көрсету керек.
Б1.2 ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ – АҚПАРАТТЫ БАСҚАРУ Білім (когнитивті) домені: Қолданады: дәрілік заттардың жіктелуін біледі, медициналық әдебиетердең дәрілік заттарды іздей алады, компьютерді қолдана алады, қажетті дәрілік заттардың халықаралық патенттелінбеген аттарын есте қалдыралады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: дәрілік заттарды ноозологиялық жіктелуінен дәлділік көрсете алады. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді: шағын топта жұмыс жасая алады, әртүрлі әдеби дереккөздердең ақпараттарды жинай алады және сын көзімен баға бералады.
Б2.4   ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ - АЙҒАҚТЫ МЕДИЦИНА Білім (когнитивті) домені: Түсінеді: медициналық ем- дем жүргізгенде дәрігер тек қана дәлелді медицина жүргізген зерттеулердің негізінде, жоғары белсенділік көрсеткен дәрілерді қолдану керек екенты түсінеді; Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: дәрілерге рецептер жазғанда дәрілердің мөлшерлерінде жоғары дәлділік көрсету керек. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді: емдеу процесі кезінде «емдеуші мен ем қабылдаушының» арасындағы арақатынас кезінде науқасқа жақсы ем- дем көрсетіп, оңы қынамаймын, оңы ауруынан тез жазып аламын деген ой қалпыптастыру.

Оқудың соңғы нәтижесін талдау:

Студент білуі тиіс:

· Жүрек-тамыр жүйесі, тыныс алу, асқорыту, несеп бөлу жүйке жүйесі, тірек-қимыл,эндокринді қан түзу жүйелерінің қызметіне әсер ететін дәрілік заттарды

· Тыныс алу мүшелерінің келесі патологиялық синдромдарында қолданылатын дәрілік препараттарды:

- өкпе тінінің тығыздалуы:

- өкпеде қуыстың болуы

- бронхтық өткізгіштің бұзылуы.

- тыныс алу жетіспеушілігі (жедел және созылмалы)

· Ас қорыту мүшелерінің келесі патологиялық синдромдарында қолданылатын дәрілік препараттарды:

- Дисфагия синдромы.

- Асқазан және ішектік диспепсия синдромдары.

- Сіңірілудің бұзылу синдромы.

- Өңеш- асқазан- ішектен қан кету синдромы.

- Бауыр жетіспеушілік синдромы.

- Сарғаю синдромы.

- Ұйқы безінің сыртқы секрециясының жетіспеушілік синдромы.

· Қан түзу жүйелерінің келесі патологиялық синдромдарында қолданылатын дәрілік препараттарды:

- дефицитты анемиялар

- геморрагиялық синдром;

- миело- және лимфопролиферативті синдром.

· Нерв жүйесінің келесі патологиялық синдромдарында қолданылатын дәрілік препараттарды:

- ишемиялық және геморрагиялық инсульт;

- құрысу синдромы;

- ми қабаттарының зақымдалу синдромы (менингит).

· Тірек-қимыл жүйесінің патологиялық синдромдарында қолданылатын дәрілік препараттарды:

· Жүрек-тамыр жүйесінің келесі патологиялық синдромдарында қолданылатын дәрілік препараттарды:

- қосжармалы және қолқа қақпақтарының зақымдалуы

- тәждік жетіспеушілік (жедел және созылмалы)

- эссенциальды артериялық гипертензия және гипотензия

- жедел және созылмалы жүрек жетіспеушілік (сол қарыншалық және оң қарыншалық)

- жедел тамыр жетіспеушілік (талма, коллапс, шок)

· Несеп бөлу жүйесінің келесі патологиялық синдромдарында қолданылатын дәрілік препараттарды:

- нефротикалық,

- нефритикалық,

- зәр өзгерісі,

- бүйректік артериалық гипертензия синдромы,

- бүйрек жетіспеушілік синдромы (жедел және созылмалы),

- жыныстық дамудың бұзылысы.

Студент істей алуы тиіс:

· Жүрек-тамыр жүйесі, тыныс алу, асқорыту, несеп бөлу жүйесі, тірек-қимыл, эндокринді, қан түзу жүйелерінің қызметіне әсер ететін дәрілік препараттарды дұрыс тағайындау және оларға рецепт жазу.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 575 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...