Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тест тапсырмалары



1. Жедел кәсіптік ауру даму пайда болады:

а) гигиеналық нормативтерден аспайтын концентрациядағы немесе деңгейдегі зиянды фактордың бір рет әсер етуі;

б) гигиеналық нормативтерден біршама артық концентрациядағы немесе деңгейдегі зиянды фактордың бір рет әсер етуі;

в) гигиеналық нормативтерден жоғары концентрациядағы немесе деңгейдегі зиянды фактордың қайталап әсер етуі;

г) гигиеналық нормативтерден жоғары концентрациядағы немесе деңгейдегі зиянды фактордың бірнеше рет және ұзақ уақыт әсер етуі

д) гигиеналық нормативтерден аспайтын концентрациядағы немесе деңгейдегі зиянды фактордың бірнеше рет және ұзақ уақыт әсер етуі

2. Функционалды куммуляция –бұл:

а) удың әсерінен пайда болатын өзгерістердің жиынтығы;

б) ағзада удың жиналуы;

в) жедел улануды тудыру қабілеті;

г) химиялық заттарды өндіру жағдайындағы қауіпті эффектілердің пайда болу мүмкіндігі;

2 Май ерігіш заттар көбінесе жиналады:

а) сүйекте

б) бұлшықетте

в) өтте

г) мишықта

д) қалқанша безде

3. Қорғасын қорға жиналады:

а) өтте

б) сүйекте

в) ішекте

г) бұлшықетте

д) бүйрек үсті безінде

4. Жедел токсинді бронхиолит төмендегі улардың әсерінен пайда болады:

а) нейротропты әсері бар

б) қанның уы

в) тітіркендіргіш әсері бар

г) канцерогенді әсері бар

д) сенсибилизациялаушы әсері бар

5. Удың тәуелсіз әсері, бұл:

а) бұл кезде улардың аралас әсерінің жке әсерінен айырмашылығы жоқ

б) бұл кезде улардың аралас әсер салдары жай жиынтық әсері кезінде гікүтілетін нәтижеден аздау

в) бұл кезде әсер салдарының күшеюі байқалады

г) бұл кезде қоспалардың жиынтық әсер салдары әсер ететін құрам бөліктерінің әсер салдарының қосындыларына тең

д) табиғаты әртүрлі факторлардың ағзаға әсері;

6. Антогонистік әсер, бұл:

а) бұл кезде улардың аралас әсерінің жке әсерінен айырмашылығы жоқ

б) бұл кезде улардың аралас әсер салдары жай жиынтық әсері кезінде гікүтілетін нәтижеден аздау

в) бұл кезде әсер салдарының күшеюі байқалады

г) бұл кезде қоспалардың жиынтық әсер салдары әсер ететін құрам бөліктерінің әсер салдарының қосындыларына тең

д) табиғаты әртүрлі факторлардың ағзаға әсері;

7. Синергизм немесе потенциялық әсер, бұл:

а) бұл кезде улардың аралас әсерінің жке әсерінен айырмашылығы жоқ

б) бұл кезде улардың аралас әсер салдары жай жиынтық әсері кезінде гікүтілетін нәтижеден аздау

в) бұл кезде әсер салдарының күшеюі байқалады

г) бұл кезде қоспалардың жиынтық әсер салдары әсер ететін құрам бөліктерінің әсер салдарының қосындыларына тең

д) табиғаты әртүрлі факторлардың ағзаға әсері;

8. Удың ағзаға әсерінен біраз уақыт өткеннен кейінгі салдарына жататыны:

а) тітіркендіргіш әсер

б) тері-резорбтивті әсер

в) канцерогенді әсер

г) гемолитикалық әсер

д) нефротоксикалық әсер

9. Аз концентрацияда бір рет әсер еткеннен кейін кәсіптік аурулардың дамуына төмендегі улардың қайсысы әкеп соғуы мүмкін:

а) қорғасын

б) бериллий

в) мырыш

г) сынап

д) ДЦТ

10. Улардың куммуляция дәрежесін сипаттайды:

а) созылмалы интоксикацияның даму қауіптілігі

б) жедел интоксикацияның даму қауіптілігі

в) ауа арқылы удың даму қауіптілігі

г) уға ағзаның бейімделу мүмкіндігі

д) ағзада удың химиялық айналу мүмкіндігі

11. Терінің ластану дәрежесіне мүмкін болатын шек қандай улар үшін қойылады:

а) ағзаға ауа арқылы түсетін

б) асқазан –ішек арқылы түсетін

в) көздің шырышты қабаты арқылы түсетін

г) тері-резорбтивті әсері бар

д) ағзаға ауа арқылы түсетін, асқазан –ішек арқылы түсетін

13.Жұмысшылардың ағзасына қорғасыннның түсуінің негізгі жолы:

а) тыныс алу мүшелері

б) асқазан іщек жолдары

в) көздің шырышты қабаты

г) тері арқылы

д) ауыз арқылы

14. Өндірістік улардың ағзаға түсуінің ең жылдам жолдары:

а) зақымданбаған тері

б) көздің шырышты қабаты

в) асқазан іщек жолдары

г) өкпе

д) зақымданған терісанының жоғарлауы

15.Қорғасын интоксикациясындағы гематологиялық бұзылыстар:

а) анемия, ретикулоцитоз, базофильнозернисты эритроциттердің

б) нейтрофилді лейкоцитоз

в) компенсаторный эритроцитоз

г) лейкопения

д) гипохромды анемия

16. Қорғасын әсер етуімен байланысты зат алмасуының өзгерістері:

а) порфиринзат алмасуынфң өзгерістері

б) биллирубин деңгейінің жоғарлауы

в) сілітілік фосфатаза белсенділігінің төмендеуі

г) аминотрансфера белсенділігінің жоғарлауы

д) билирубин деңгейінің төмендеуі

17. Демеркуризация – бұл:

1. Бөлмені сынаптан тазарту

2. Қорғасыннан бөлмені тазарту

3. Металлды сынапты айдау

4. Бөлмеде сынап буының концентрациясының төмендеуі

5. Сұйық сынапты алу үрдісі

18. Созылмалы кәсіби аурулар пайда болады:

а) гигиеналық нормативтерден аспайтын концентрациядағы немесе деңгейдегі зиянды фактордың бір рет әсер етуі;

б) гигиеналық нормативтерден біршама артық концентрациядағы немесе деңгейдегі зиянды фактордың бір рет әсер етуі;

в) гигиеналық нормативтерден жоғары концентрациядағы немесе деңгейдегі зиянды фактордың қайталап әсер етуі;

г) гигиеналық нормативтерден жоғары концентрациядағы немесе деңгейдегі зиянды фактордың бірнеше рет және ұзақ уақыт әсер етуі

д) гигиеналық нормативтерден аспайтын концентрациядағы немесе деңгейдегі зиянды фактордың бірнеше рет және ұзақ уақыт әсер етуі

7. Әдебиет:

1. Кенесариев У.И., Балмахаева Р.М.,. Бекмагамбетова Ж.Д., Жакашов Н.Ж., Тогузбаева К.К. Гигиена: ЖОО арналған оқулық/ У.И. Кенесариев баспасынан.- Алматы: «Самара-Принт», 2009.-688 б. 494-бет.

2.Гурова А.И, Горлова О.Е. Практикум по общей гигиене- М.: Изд-во Университета дружбы народов, 1991-С. 162-167

3.Пивоваров Ю.П., Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека. –Ростов н/Дону: «Феникс»,2002.- Б.305-317.

4.Пивоваров Ю.П. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и основам экологии человека. – М.:ГРУ ВУНМЦ МЗ РФ,2001. –С.214-226.

5.ҚР ДСМ № 243 бұйрығы «О порядке проведения предварительных и периодических медицинских осмотров работников, подвергающихся воздействию вредных, опасных и неблагоприятных производственных факторов и определения профессиональной пригодности»

6. Пивоваров Ю.П. и др. Руководство к лабораторным занятиям по общей гигиене. М.: Медицина, 1983 –.161-171б.

8. Бақылау: ауызша сұрақтары (білім құзіреттілігі)

1. Еңбек физиологиясы дайындайтын негізгі сұрақтар. Еңбек іс-әрекетінің түрлері және факторлары.

2. Физикалық және ақыл-ой жұмысы кезінде әр түрлі мүшелер мен жүйелердің функционалдық өзгерістері.

3. Еңбек іс-әрекетіндегі динамикалық стереотиптің рөлі.

4. Жұмыс күні және аптасы бойынша жұмысқа қабілеттілік және оның динамикасы. Қажу мен зорығу.

5. Жұмысқа қабілеттілікті физиологиялық зерттеу әдістері.

6. Еңбектің ауырлығы мен қауырыттылығы туралы түсінік. Еңбектің ауырлығы мен қауырыттылығы, эргометриялық және физиологиялық критерийлері. Еңбек ауырлығы мен қауырыттылығын бағалау.

7. Өндірістік қажудың алдын алу бойынша шаралар: жүктемені нормалау, өндірістік ортаны қолайлы ету, еңбек үрдістерін автоматизациялау мен механизациялау, жұмыс орындарын, жұмыс тұрыстары мен қимылдарын, жабдықтарды, еңбек пен демалыстың ұтымды тәртібін, шеберлігі мен дағдыларды жетілдіру, өндірістік дене шынықтыру, психофизиологиялық жүктемені жеңілдетуін ұйымдастыру.

8. Еңбек үрдісінің факторларының әсерінен пайда болған аурулар: бұлшық еттің статикалық және динамикалық зорлану жүктемелері, жүйке-психикаға шамадан артық жүктеме түсу, жекелеген мүшелер мен жүйелердің және анализаторлардың шамадан тыс зорлануы, гиподинамия және еңбектің бір салымдығы. Алдын алу.

9. Өндірістік жарақат алу, негізгі себептері. Ескерту шаралары.

10. Өндірістік улар, әсер ету сипаты.

11. Өндірістік улар, жіктелуі.

12. Улардың ағзаға түсу жолдары және айналымы.

13. Жедел және созылмалы кәсіптік интоксикациялар. Улардың ағзаға түсуінің салдары.

14. Өндірістік улардан пайда болған кәсіби уланулар, олардың алдын алу.

15. Өндірістік улардың қолайсыз әсерінің алдын алу бойынша шаралар жүйесі.

16. Кәсіби интоксикациялардың алдын алудағы шаралар кешені

1. Тақырыбы. Рубеждік бақылау Тамақтану гигиенасы, ЕАБ гигиенасы және еңбек гигиенасы бойынша білімдерін меңгеру.

2. Мақсаты: Тамақтану гигиенасы, ЕПМ гигиенасы, бойынша теориялық білімді меңгеру.

3.Оқыту мақсаты:

· Тамақтану гигиенасы, ЕПМ гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы және еңбек гигиенасы тараулары бойынша білімдерін қалыптастыру.

· Нормативтік-құқықтық құжаттармен өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыру.

4. Өткізу түрі: офистік кеңес беру

5. Тақырып бойынша тапсырма: сұрақтарға жауап беру.

6. Таратылатын материал: тақырыптар бойынша сұрақтар

7. Әдебиет:

1. Гигиена под ред. Акад. РАМН Румянцева Г.И..- М.:ГЭОТАР:Медицина, 2005. 608. 272-281 бет

2. Большаков А.М., И.М.Новикова И.М.»Общая гигиена», М.: Медицина,2002., 120-131 бет.

3. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., и др. Гигиена и основы экологии человека. 4е изд., испр. И доп. – Ростов на Дону «Феникс». 2008. 512 б., 156-164 бет.

4. Гурова А.И., Горлова О.Е. Практикум по общей гигиене, М. Медицина, Издательство Университета дружбы народов, 1991., 177.,бет 80-84

5. Кенесариев У.И., Балмахаева Р.М.,. Бекмагамбетова Ж.Д., Жакашов Н.Ж.,Тогузбаева К.К. Гигиена: Учебник для вузов/ Под ред. У.И. Кенесариева.- Алматы: «Самара-Принт», 2009.-688. 330-350 бет.

8. Бақылау: ауызша сұрақтар (білім беру құзіреттілігі)

1. Тамақтану гигиенасының мақсаты мен міндеті.

2. Энергетикалық баланс, түрлері.

3. Тәуліктік энергия шығын (реттелетін, реттелмейтін)

4. Рационалды тамақтану, принциптері.

5. Жеке адам мен ұжымдық тамақтанудың құндылығын бағалау әдістері.

6. Алиментарлық аурулар, жіктелуі.

7. Тамақтануды ұйымдастыруда және бақылаужүргізу барысында, оның гигиеналық және эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі санитарлық дәрігердің жұмысы.

8. Тағам өнімдерін санитарлық сараптау.

9. Тағам өнімдерінің сапа категориялары.

10. Сүт пен сүт өнімдерін органолептикалық және физикалық-химиялық зерттеу. Сүт құрамы бұзылмағандығының, жаңалығының және фальсификаттануының, химиялық, биологиялық және радиациялық қауіпсіздігінің көрсеткіштері.

11. Консервілердің эпидемиологиялық қауіпсіздігі. Консервілерді органолептикалық зерттеу әдістері. Шынайы және жалған бомбаж. Ыдысының сапасын бағалау.

12. Тамақтан уланулар, түсінігі, жіктелуі.

13. Этиологиясы бактериялық тамақтан уланулар-токсикоинфекциялар және токсикоздар, көздері, қоздырғыштардың берілу механизмдері мен факторлары, симптоматикасы, алдын алу шаралары.

14. Тағам микотоксикоздары этиологиясы, симптоматикасы, алдын алу шаралары.

15. Табиғаты микробтық емес тамақтан уланулар:

2.1.Улы өсімдіктерден және жануарлардың тіндерінен уланулар және олардын алу.

2.2.Белгілі бір жағдайларда улы азықтардан (тағамнан) болатын тамақтан уланулар және олардын алу.

3.3.Азықтардағы химиялық заттардың қоспаларынан уланулар:

16. Тағамдық азықтарды ластаушы көздері және ластанатын жолдары

17. Тамақтан улану жағдайындағы емдеу қызметкерінің тактикасы және оның міндетті түрде жүргізетін шаралары

18. Тағам инфециялары мен, гельминтоздарының дамуындағы әртүрлі азықтардың эпидемиологиялық маңызы.

19. Ауруханаларды жоспарлау, құрылысының принциптері.

20. Жалпы соматикалық, мамандандырылған ауруханалардың орналастырылуына қойлытаын гигиеналық талаптар.

21. Жер учаскесін таңдау.

22. Елді мекен аймағында аурухананың дұрыс орналасқандығын бағалау үшін аурухананың жағдайлық жоспарын гигиеналық бағалау.

23. Аурухана құрылысының жүйелері олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.

24. Аурухананың алаңын аумақтарға бөлу, оның гигиеналық маңызы.

25. ЕПМ мекмелерінің құрылымдық бөлімшелері, олардың орналастырылуына, жабдықталуына қойылатын гигиеналық талаптар.

26. Ас блоктарының орналастырылуына, ішкі жоспарлануына және жабдықталуына қойылатын гигиеналық талаптар.

27. Хирургиялық бөлімдердің орналастырылуына және жоспарлануының прициптері.

28. Ауруханалардың жұқпалы бөлімшелерінің жоспарлануы мен орналастыруының принциптері. Қабылдау-қарау бокстары, жабдықталуы.

29. Акушерлік бөлімшелер мен перзентхана үйлерінің жоспарлануының принциптері.

30. Балалар бөлімшесінің жоспарлануы мен орналастыру прнициптері.

31. Емханалық бөлімшелердің орналастырылуы мен жоспарлану ерекшеліктері.

32. Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуда санитарлық дәрігердің жұмыс тәртібі.

33. АІИ алдын алу бойынша шаралар: арнайы емес (архитектуралық-жоспарлау, санитарлық- техникалық, санитарлық- эпидемияға қарсы, дезинфекциялық-стерилизациялық) және арнайы емес (жоспарлау және жедел).

34. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының мақсаты мен міндеті, санитарлық дәрігердің жұмыс тактикасы.

35. «Денсаулық» анықтамасы. Денсаулық жағдайын бағалайтын көрсеткіштер.

36. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық топтары.

37. Физикалық даму-денсаулықтың негізгі көрсеткіші ретінде.

38. Балалар мен жасөспірімдердің дамуының негізгі заңдылықтары, олардың гигиеналық маңызы.

39. Балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуының көрсеткіштері, анықтау әдістері.

40. Физикалық дамуды зерттеу әдістері: жекелендірілген және жалпылама.

41. Физикалық дамуды зерттеудің кешенді әдісі.

42. Биологиялық дамудың көрсеткіштері.

43. Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі, дене тәрбиесінің топтары.

44. Шынығу, принциптері. Шынығу түрлері мен заттары.

45. Күн тәртібінің физиологиялық негіздері. Оның құрамдас бөліктері.

46. Мектептерде балаларды оқытуды ұйымдастырудың гигиеналық қағидалары.

47. Оқу үрдісін құру негізі ретінде оқушылардың жұмысқа қабілеттілікі динамикасы.

48. Техникалық оқу құралдарымен, компьютерді қолданып оқу үрдісін ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар.

49. Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі денсаулық жағдайын әсер ететін негізгі факторлар.

50. Компьютерлік сыныптарда жұмыс бөлмелерінің, жұмыс орындарындағы жарықтануға, жабдықталуына қойылатын гигиеналық талаптар.

51. Балалар мекемелерімен мектептердің жер учаскесін таңдауға қойылатын гигиеналық талаптар.

52. Мектепке дейінгі мекемелердің және жалпы білім беру мектептерін орналастырудың және жоспарлаудың қағидалары.

53. Мектепке дейінгі мекемелердің және жалпы білім беру мектептерінің учаскелерін аумақтарға бөлу.

54. Оқу және көмекші бөлмелерінің орналасуына, жарықтануына және ауа алмасу тәртібіне қойылатын гигиеналық талаптар.

55. Мектеп жихаздарына қойылатын гигиеналық талаптар.

56. Еңбек гигиенасы, міндеттері Кәсіби аурулардың алдын алудағы профилактикалық шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу бойынша санитар дәрігерінің жұмыс тактикасы.

57. Физикалық және ақыл-ой жұмысы кезінде әр түрлі мүшелер мен жүйелердің функционалдық өзгерістері.

58. Еңбек іс-әрекетіндегі динамикалық стереотиптің рөлі.

59. Жұмыс күні мен апта бойына жұмысқа қабілеттілік пен оның динамикасы. Қажу мен зорығу.

60. Жұмысқа қабілеттілікті физиологиялық зерттеу әдістері.

61. Еңбектің ауырлығы мен қауірттілігі туралы түсінік. Еңбектің ауырлығы мен қауірттілігінің әргометриялық және физиологиялық критерийлері. Еңбек ауырлығы мен қауірттілігін бағалау.

62. Өндірістік қажудың алдын алу бойынша шаралар: жүктемені нормалау, өндірістік ортаны қолайлы ету, еңбек үрдістерін автоматизациялау мен механизациялау, жұмыс орындарын, жұмыс тұрыстары мен қимылдарын, жабдықтарды, еңбек пен демалыстың ұтымды тәртібін, шеберлігін және дағдыларын жетілдіру, өндірістік дене шынықтыру, психофизиологиялық жүктемені жеңілдетуді ұйымдастыру.

63. Еңбек үрдісінің факторларының әсерінен пайда болған аурулар: бұлшық еттің статикалық және динамикалық зорлану жүктемелері, жүйке-психикаға шамадан артық жүктеме түсу, жекелеген мүшелер мен жүйелердің және анализаторлардың шамадан тыс зорлануы, гиподинамия және еңбектің бір салымдығы. Алдын алу.

64. Өндірістік жарақат алу, негізгі себептері. Ескерту шаралары.

65. Өндірістік шаң туралы түсінік.

66. Әртүрлі өндіріс салаларында шаңның пайда болуының негізгі көздері.

67. Шығу тегі бойынша түзілу әдісі және дисперстік құрамы бойынша өндірістік шаңның жіктелуі.

68. Шаңның физикалық-химиялық қасиеттері және олардың гигиеналық маңызы.

69. Шаңмен байланысты кәсіби аурулар. Пневмоканиоздардың жіктелуі.

70. Шаңның ағзаға әсері.

71. Жұмыс аймағындағы шаңды және оның дисперстілігін анықтау әдістері.

72. Шаң ауруларының алдын алу шаралары:заңдылық, технологиялық, техникалық, санитарлық-техникалық (сонымен қатар, жеке басты қорғау заттары)емдік-алдын алу.

73. Шу өндірістік орта факторы ретінде.

74. Шудың негізгі өндірістік көздері. Жіктелуі.

75. Ағзаға шудың әсері. «Шу ауруының» спецификалық және спецификалық емес көрінісі.

76. Шудың қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі шаралар жүйесі:заңдылық, технологиялық, техникалық, жоспарлы, жеке қорғаныс заттары, емдеу – алдын алу.

77. Жұмыс орнындағы шуды өлшеу әдістемесі және қазіргі заманғы шу өлшегіш аспаптардың жұмыс істеу принципі.

78. Жергілікті және жалпы өндірістік дірілге түсініктеме. Гигиеналық маңызы. Өндірістік көздері.

79. Жалпы діріл әсер етуінен пайда болатын діріл ауруы.

80. Жұмысшыларға дірілдің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі шаралар кешені.

81. Кәсіптік улар, жіктелуі.

82. Удың ағзада айналымы және шығуы,түсу жолдары

83. Жедел және созылмалы кәсіптік уланулар.

84. Ағзаға улардың бұрынғы өтіп кеткен әсерінен кейінгі әсерлері.

85. Өнеркәсіптік улармен шақырылатын кәсіптік уланулар және олардың алдын алу.

86. Өндірістік улардың қолайсыз әсерін алдын алу жөнінде шаралар жүйесі.

87. ИС табиғи және жасанды (техногендік және медициналық) көздері, олардың потенциалды қауіптілігі.

88. ИС әртүрлі көздерінің сипаттамасы.

89. ИС көздерінің адам ағзасына әсер етуінің факторлары.

90. ИС көздерінің адам ағзасына әсері.

91..ИС ашық және жабық көщдерімен жұмыс жасауда қорғану қағидалары.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 2950 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.025 с)...