Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ішек жолының микрофлорасының көрсеткіші



Микроорганизмдер Қалыпты жағдайдағы мөлшері
1. Патогенді (энтеробактериялар тұқымдастығындағы)бактериялар жоқ
2. Ішек таяқшасының бір грам нәжістегі жалпы саны 300-400млн
3. Ферменттік қасиеті шамалы ішек таяқшасы % 10ға дейін
4. Гемолитикалық қасиеті бар ішек таяқшасы % жоқ
5. Лактозанегативті және лактозанегативсіз энтеробактериялар% 5ке дейін
6. Коккты түрлері (шар тәрізділер%) 25ке дейін
7. Гемолитикалық стафилококк жоқ
8. Бифидумбактериялар% 10 және көп
9. Протеи таяқшалары% Жоқ
10. Кандида саңырауқұлақтары Жоқ

II. Ауыз қуысының микрофлорасы.

Нәресте туылған кезде стерильді. 4-12 сағаттан кейін көкшіл стрептококк, сонан кейін стафилококктар, нейссериялар, лактобактериялар, бранхамеллалар, дифтероидтар, лептотрикс, кандидалар пайда бола бастайды. Тісі шыққаннан кейін спирохетталар, актиномицеттер, фузобактериялар, вейлонеллалар,т.б. кездесе бастайды. Тісі бұзылған қарттардың аузында қарапайымдыларды, ішек таяқшасын, псевдоманаларды табуға болады.

III.Жоғарғы тыныс жолдарының микрофлорасы. Кеңірдек пен трахеяда альфа гемолитикалық, пневмококк, нейссериялар, гемофильді таяқшалар, бранхамелла, маракселла т.б болады. Бронхада микробтар (стрептококк, нейссериялар) аз болады, ол майда бронхатар мен альвеолаларда микроб болмауы керек. Мұрын қуысында стафилококктар, дифтероидтар т.б. болады.

IV.Тері микрофлорасы. Күтіміне, қай жерде екеніне, денсаулығына түрі және саны әртүрлі болады. Қалыпты жағдайда теріде мынадай микробтар кездеседі: St. epidermicis, str veridans, str fekalis, corinobakterium, kleibsiella, pseudomanos және т.б. Патологиялық жағдайларда: микоплазмалар, шешек және ұшық вирустары.

V. Қынап микрофлорасы. Нәресте дүниеге келген кезде стерильді болады. Сонан соң Додерлеин таяқшалары лактобактериялар пайда болады. Бірнеше аптадан кейін қынап ортасы бейтарапты болып аралас флоралы болады.

Кәмелетке жеткеннен кейін орта қайтадан қышқылданып Додерлеин таяқшасының саны көбейе бастайды. Етеккірі тоқтаған әйелде қынап микрофлорасы қайтадан аралас болып әртүрлі микробтар кездесе бастайды.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 2154 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...