Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып: Генетикалық код



Мақсаты: Генетикалық кодтың қасиеттерін және олардың құрылысын оқу.

Оқыту мақсаты:

ДНҚ химиялық ұйымын және генетикалық ақпараттарды жазу амалдарын оқу.

Генетикалық кодтың қасиеттерімен танысу

ДНҚ малекуласының уникальдылығын және қайталанатын бірізділігін оқу.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.ДНҚ малекуласының құрылысы. Комплементарлық ережесі.

2. Кодтың триплеттігі туралы түсінік.

3. Генетикалық кодтың негізгі қасиеттері.

4. Нонсенс-кодон және старт-кодондардың ролі

5. РНҚ дан ДНҚ құрылысының айырмашылығы.

6. ДНҚ малекуласының уникальдылығы және қайталанатын бірізділігі

Ақпараттық блок:

Тіршіліктің барлық әралуандығын, клеткадағы әртүрлі биологиялық қызметтерді атқаратын түрлі ақуыз молекулалары қамтамасыз етеді.Ақуыздардың құрылысы пептидтік тізбектегі аминқышқылдарының жиынтығы және бір ізділікті орналасуымен анықталынады.Нақ осы аминқышқылдар бір ізділігі биологиялық немесе генетикалық кодтың көмегімен ДНҚ молекуласының тізбегінде шифрланған.

1954 жылы Г.Гамов, яғни ДНҚ молекуласындағы ақпараттың кодталуын бірнеше нуклеотидтер үйлесіп қамтамасыз етеді деп болжау айтты.

Өйткені, табиғатта әртүрлі 20 аминқышқылы бар, әралуандылықты ақуыздардан тұрады және оларды шифрлау үшін үш нуклеотид, немесе триплетті код қажет. Бұл жағдайда төрт нуклеотидтерден 43 = 64 триплет пайда болады. (Егер код екі нуклеотидтен тұратын болса, онда тек 16 аминқышқылын шифлаған болар еді, 42 = 16).

Генетикалық кодты толық шифрлау 20 ғасырдың 1960 жылдары іске асырылды. ДНҚ-ның 64 триплеті бар. Оның ішінде 61 триплет әртүрлі аминқыщқылдарын кодтайды, ал қалған үш триплет – мәнсіз немесе «нонсенс-триплеттер» деп аталады. Үшеуі аминқышқылдарын шифрламайды, олар ешбір аминқышқылына сәйкес келмейді (АТТ, АЦТ, АТЦ).





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1619 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...