Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кіріспе. Мікb 2215 Микробиология пәні бойынша



Ф КГМУ 4/3-03/03

ПП КГМУ 4/03

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

МИКРОБИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

СИЛЛАБУС

Мікb 2215 Микробиология пәні бойынша

5В130100 - «Жалпы медицина» мамандығы үшін

Оқу сағатының көлемі 225 сағат (5 кредит)

II курс

3, 4 семестр

Қарағанды 2014 ж.


Силлабус 5В130100 - «Жалпы медицина» мамандығы үшін «Микробиология» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде құрастырылған «30» 05.2014 ж. №11Хаттама.

Кафедраның отырысында силлабус қарастырылды және бекітілді

«29» 08 2014 ж. № 1 Хаттама

Кафедра меңгерушісі, доцент ___________ С.Б.Ахметова


Оқытушылар жөнінде мәлімет:

Кафедра меңгерушісі: Ахметова Сауле Балтабаевна – м.ғ.к., доцент, микробиология және иммунология кафедрасының меңгерушісі, педагогикалық жұмыс өтілімі – 15 жыл. Телефон: 51 34 79 (124).

Ғылыми қызығушылығы: экспериментальді, клиникалық микробиология.

Ғылыми мектебі:Қорғаған кандидаттық диссертация тақырыбы: «Қарағай шырынынан алынған фитопрепараттардың іріңді жарақаттар мен трофикалық жараларды емдеу кезіндегі қоздырғыштардың биологиялық қасиеттеріне әсері», мамандығы 03.00.07 - «микробиология», Қазақ мемлекеттік медицина академиясы Астана қ-сы. Ғылыми жетекшілері: м.ғ.д., проф. С.В. Лохвицкий, м.ғ.д., проф В.А. Снопкова. Орыс және қазақ тілдерінде дәріс оқиды.

Оқытушылар:

1. Абдулина Ғалия Амирбековна, медицина ғылымының кандидатты, доцент, педагогикалық жұмыс өтілі - 34 жыл. Телефон: 517711 (124)

Ғылыми қызығушылығы: эксперименттік, клиникалық иммунология және микробиология.

Ғылыми мектебі: Қорғаған кандитаттық диссертация тақырыбы: «Қорғасын өндірісіндегі жұмысшының микрофлорасы бұзылуында және екіншілік иммунды тапшылық үшін төменгі молекулярлы РНҚ көмегімен коррекция жүргізу», мамандығы 14.00.36 - «Аллергология және иммунология», 03.00.07 - «Микробиология», Дәрігерлер біліктілігін арттыратын институт (Челябинск, 1986 ж.). Ғылыми жетекшілері: м.ғ.д., проф В.А. Снопкова, м.ғ.д., проф В.М. Земсков.

Дәрістерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқиды.

2. Филатова Людмила Григорьевна, медицина ғылымының кандидатты, доцент, педагогикалық жұмыс өтілі – 35 жыл. 51 34 79 (124)

Ғылыми қызығушылығы: клиникалық микробиология, қолданбалы иммунология, онекі елі ішек ойық жара хирургиясы.

Ғылыми мектебі: Қорғаған кандитаттық диссертация тақырыбы: «Ойық жара ауруын хирургиялық емдеу кезіндегі болатын бұзылысты коррекциялау және иммунологиялық статус», мамандығы 14.00.36 – «Аллергология және иммунология», 14.00.27 – «Хирургия», микробиология және эпидемиологиялық казақ институты (Алматы, 1988 г.). Ғылыми жетекшілері: м.ғ.д., проф. В.А. Снопкова, м.ғ.д., проф. С. В. Лохвицкий. Дәрістер мен сабақты орыс тілінде жүргізеді.

3. Шамбилова Наталья Александровна- аға оқытушы, жұмыс өтілі – 18 жыл. Телефон: 51 34 79 (124)

Ғылыми қызығушылығы:экспериментальді және клиникалық микробиология.

Сабақты орыс тілінде жүргізеді.

4.Николаева Антонина Борисовна – аға оқытушы, педагогикалық жұмыс өтілі – 10 жыл. Телефон: 51 34 79 (124).

Ғылыми қызығушылығы: микробиология, биохимия.

Ғылыми мектебі: «Staphylococcus туысы өкілдерінің антиоксиданттық белсенділігі» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация жұмысы орындалуда, мамандығы 03.00.07 – «Микробиология». Сабақты ағылшын және орыс тілдерінде жүргізеді.

5. Котенева Елена Николаевна – аға оқытушы, педагогикалық жұмыс өтілі – 9 жыл. Телефон: 51 34 79 (124).

Ғылыми қызығушылығы: микробиология, биохимия

Сабақты орыс тілінде жүргізеді.

6. Қабдуова Әлия Қуантаевна – аға оқытушы, педагогикалық жұмыс өтілі – 10 жыл.

Телефон: 51 34 79 (124).

Ғылыми қызығушылығы: санитарлы микробиология.

Сабақты қазақ тілінде жүргізеді.

7. Сайлау Жанболат – аға оқытушы, педагогикалық жұмыс өтілі – 7 жыл. Телефон: 51 34 79 (124).

Ғылыми қызығушылығы: клиникалық микробиология.

Сабақты қазақ тілінде жүргізеді.

8.Назаренко Галина Александровна – оқытушы, педагогикалық жұмыс өтілімі-3 жыл.

Ғылыми қызығушылығы: клиникалық және санитарлы микробиология.

Сабақты орыс тілінде жүргізеді.

9. Жашкенова Айман Наримановна – оқытушы, педагогикалық жұмыс өтілі – 15 жыл. Телефон: 51 34 79 (124).

Ғылыми қызығушылығы: санитарлы және клиникалық микробиология.

Сабақты орыс қазақ тілінде жүргізеді.

10. Карилхан Исламбек – м.ғ.к., оқытушы.

Ғылыми қызығушылығы: микробиология, фармакология

Сабақты қазақ тілінде жүргізеді.

11. Сраулканова Баян Мухамеджановна – оқытушы, жоғарғы категориядағы дәрігер-бактериолог.

Ғылыми қызығушылығы: клиникалық және санитарлық микробиология

Сабақты қазақ тілінде жүргізеді.

Байланыс ақпараты: микробиология және иммунология кафедрасы. Мекен-жайы ҚММУ бас корпусы, Гоголь к-сі, 40, аудиториялар - 433, 435, 437, 440, 441, 443, 444, 445, 446, 447, 448, 451, «Боулинг» аялдамасына дейін №7, № 53, №34, №05, №30, №06 автобустар маршруттары жүреді, телефоны 51 34 79 (124).

Пәннің саясаты: микробиология кафедрасының «Жалпы медицина» мамандығы бойынша студенттерге қоятын басты талаптарына теориялық материалдар мен тәжірибелік дағдыларды оқудағы жалпы және жеке микробиология сұрақтарының маңызды бөліктерін өз деңгейінде меңгеру, пәннің басты түсініктерін анықтай білу, сондай-ақ инфекциялық аурулар қоздырғыштарының биологиялық қасиеті мен рөлі, қалыпты, патогенді және шартты-патогенді микрофлора туралы мәліметтер мен қазіргі заманғы лабораториялық диагностика, алдын-алуы, емін, жете меңгеру.

Кафедра студенттердін сыртқы бет-әлпетіне де қатал талап қояды: міндетті тұрде халат, колпак және ауыстырып киетін аяқ киім киюлері тиіс. Лабораториялық жұмыты орындау барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет: қолданған заттық шыны, түтіктер залалсыздандырылып, бактериологиялық ілмек зарарсыздандырылады.

Тірі микроб дақылдарымен жұмыс жасағандағы басты міндет студенттер қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны патогенді микроорганизмен зақымдалудан сақтауды қамтамасыз ету, яғни басты екі «техникалық» (қуралдар жабдықтар т.б.) және «адамдық» (кәсіби дағдылар мен білім) элементтерден тұрады. ҚР Үкіметінің Қаулысы бойынша №13 10.01.2012ж. Санитарлы ережесі бойынша «Зертханаларға санитарлы-эпидемиологиялық талаптар».

Кафедра студенттердің өзіндік дайындалу мүмкіндіктерін ұйымдастыру мақсатында келесі жағдайларды ұсынады, студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар мен «Микрообиология» пәні бойынша басты және қосымша әдебиеттердің болуы, дәрігер-бактериолог көмегімен кафедраның бактериологиялық лабороториясында жеке жұмыс жүргізу. Кафедрада студенттердің ғылыми үйірмесі бар, оның жетекшісі кафедра доценті Абдулина Г.А., кураторы оқытушы Г.А. Назаренко болып тағайындалған.

«Микробиология» пәнінен біріктірілген бағаны қою саясаты:

«Микробиология» пәнінен біріктірілген баға бір кредитке бір баға қойылады.

Біріктірілген бағаның ішіне кіреді:

1) Дәріске міндетті түрде қатысып дәріске конспект жүргізу қажет;

2) Кафедрадағы оқу аудиторияларында және оқу микробиологиялық зертханаларда, зертханалық жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау;

3)Зертханалық жұмыстарды орындау барысында тәжірибелік машықтану және игеру;

4) Альбом жүргізу, орындалған зертханалық жұмыстарға хаттама толтыру.

5) Тәжірибелік сабақтарда ауызша жауап беру, жағдайлық есептерді және тест тапсырмаларын орындау, шешу.

6) СОӨЖ тапсырмаларын орындау (тест тапсырмаларын, жағдайлық есептерді, логикалық тапсырмаларды шешу, орындау);

7) СӨЖ бойынша презентация дайындау, жағдайлық есептерді және тест тапсырмаларын орындау, шешу.

Кіріспе

Микробиология микроорганизмдердің морфологиясын, систематикасын және физиологиялық ерекшеліктерін, олардың өмір сүруі, табиғаттағы және адамның қалыпты және патологиялық процессі кезіндегі маңызын зерттейді.

Микробиология - интегральді пән, бактериология, вирусология, микология, протозоология және иммунологиямен ерекше және өте тығыз байланыста, сондықтан пәнді біртұтас жүйеде кешенді түрде оқытылады.

Пәннің мақсаты адамдағы инфекциялық патологиядағы микроорганизмдердің маңызын, соматикалық науқастарда микробтық аурулардың дамуын, адам ағзасының қалыпты микрофлорасының бұзылысын, инфекциялық ауруларды жою және азайтудағы микробиологияның маңыздылығы туралы студенттерде білімін қалыптастыру.

Оқу тапсырмалары:

• патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдердің биологиялық қасиеттері және жіктелуі жөнінде мағлұмат беру;

• зерттеу материалынан таза дақыл алу әдістерін, жіктеу принциптерін, микроорганизмдердің микробқа қарсы препараттарға сезімталдығын анықтауды үйрету;

• макро- және микроорганизмнің молекулярлық әрекеттесу механизмдері туралы түсінік, микроорганизм тудырған аурудың патогенезі негізін қалыптастыру;

• инфекциялық агенттерден макроорганизмнің негізгі қорғаныш механизмдеріне және иммунологиялық реакция түріне сипаттама беру;

• микробтар тудырған аурулардың патогенезі, инфекциялық иммунитет қалыптасу негізі, арнайы профилактика және ауруды емдеу принциптерін жайында түсінік беру;

• жүқпалы жә не жұқпалы емес микробтық этиологиялы аурулардың таралуында қазіргі кездегі микробиологиялық әдістерімен таныстыру;

• микробиологиялық зерттеуге арналған биологиялық материалды алу ережесі жайында түсінік беру.

Оқудың қорытынды нәтижесі:

Дескрипторлар Оқытудың соңғы нәтижесі Құзыреттілік
А Оқып зерттеліп жатқан пәнді түсіну және білімін көрсету, сонымен бірге осы пәндегі озық білім элементтерін қоса білу.   Адамға патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдерді атау, тану және ажырата білу, оларды анықтау әдістері және идентификациялау, арнайы емі және алдын-алуы.. 1, 2, 3, 4, 5
В Алған білімдерін және түсініктерін іскерлік деңгейде қолдану. Адамда негізгі жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жіктеу, ағзаның антимикробты қорғаныш факторларын сипаттау, асептика және антисептика, залалсыздандыру және зарарсыздандырудың микробиологиялық негіздерін ажырату, микроорганизмдерді салыстыру, бактериологиялық, бактериоскопиялық, вирусологиялық және иммунологиялық диагностикалау әдістерінің нәтижелерін интерпретациялау. 1, 2, 3, 4, 5
С Оқып-зерттеліп жатқан пәндегі түйінді мәселелерді шешу және айғақ, дәлелдерді қалыптастыру. Алынған нәтижелерді бактериологиялық, вирусологиялық және иммунологиялық диагностикалау әдістері және антибиотикограмма бойынша сараптау, антибиотиктерді және иммунобиологиялық препараттарды қолдануда өзіндік нұсқауларға сүйену. 1, 2, 3, 4, 5
D Ғылыми, этикалық, әлеуметтік ой пікірлерін қалыптастыру үшін мәліметтерді түсіндіру (интерпритациялау) және жинақтау. Жалпы және жеке микробиологияның қарауындағы адамға жұқпалы ауруларының қоздырғыштарының биологиялық қасиеті жөнінде ақпарат алу, оларды алдағы клиникалық пәндерді оқудағы қажеттілігін презентация ретінде талдау. 1, 2, 3, 4, 5, 6
Мамандарға және маман еместерге мәліметтерді, идеяларды, мәселелерді және шешімдерді хабарлау. Студенттерге/оқытушыларға/емтихан қабылдаушыларға алынған білімі негізінде өзінің жеке түсінігін жеткізе алады,зерттелу аймағындағы ақпаратты өңдейді және сараптайды, оны көпшілік алдында жариялауға. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7
Е Одан әрі өздігінше оқуды жалғастыру қабілеттілігі.   Алынған білімін саралап, бағалап және келешекте өзі бетімен жұмыс жасауға және алдағы физиология-2, хирургиялық аурулар,ішкі аурулар, эпидемиология, жалпы иммунология, жалпы гигиена, балалар аурулары дейінгі пәндерді оқудағы қажеттілігі 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8

Құзыреттілік тізімі: 1. Жалпы білімділігі. 2. Биомедициналық ғылымды білу 3. Коммуникативті дағдылар 4. Өзін үнемі тәжірибелік дағдыларын жетілдіру 5. Ғылыми зерттеу дағдылары 6. Топпен жұмыс істей алуы 7. Профессионализм 8. Клиникалық дағдылар.

Алғы реквизиттер молекулярлық биология және медициналық генетика, экология және тұрақты даму, химия, гистология-1, медициналық биофизика, биохимия.

Кейінгі реквизиттер физиология-2, хирургиялық аурулар, ішкі аурулар, эпидемиология, жалпы гигиена, жалпы иммунология, балалар аурулары.

Тақырыптық жоспар(дәріс,тәжірибелік, зертханалық, оқытушы жетекшілігімен өзіндік жұмысы)

Дәріс тақырыбының жоспары:

Тақырып атаулары Өту формасы ұзақтығы
  № 1 кредит    
1. Микробиологияның мақсаты мен тапсырмалары. Дәрігердің тәжірибелік еңбегінде микробиологияның маңызы. Бактериальді жасуша морфологиясы, ультрақұрылымы, қызметтері және химиялық құрамы. Бактерияларды жүйелеу принциптері. шолу  
2. Бактериялардың физиологиясы ақпараттық- дәріс  
3. Бактериялардың биохимиясы ақпараттық- дәріс  
4. Жалпы вирусология. Вирустарды жүйелеу негіздері. Вириондардың құрылымы және химиялық құрамы. Бактериофагтар. ақпараттық- дәріс  
  Барлығы 4 сағ.    
  № 2 кредит    
5. Микроорганизмдер экологиясы. Адам ағзасының микрофлорасы. Дисбактериоз. Химиотерапияның микробиологиялық және молекулярлы-биологиялық негіздері. Антибиотиктер. Бактериялардың дәрі-дәрмекке тұрақтылық механизмдері. мәселелік  
6. Инфекция туралы ілім. Инфекциялық үрдістің процестің сипаттамасы. Бактериялардың патогендігі және токсигендігі. Микроорганизмнің персистенциясы. мәселелік  
7. Иммунитет. Иммунитеттің формалары және түрлері. Қорғаныштың арнайы емес факторлары. Антигендер. Антиденелер. Иммуноглобулиндер класстары. Антиген-антидене реакциясы. Серологиялық зерттеу әдістері. ақпараттық- дәріс  
8. Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы және иммунотерапияның негізі. мәселелік  
  Барлығы 4 сағ.    
  № 3 кредит    
9. Жеке медициналық микробиологияның тапсырмасы мен мақсаттары. Грам оң кокктар (стафилококктар, стрептококктар). шолу  
10. Патогенді және шартты-патогенді коринобактериялар. Бордетеллалар. мәселелік  
11. Ішек таяқшасы инфекцияларының тұқымдастығын жалпы сипаттама. Эшерихиялар. Іш сүзегі, парасүзек А, В, С және басқа да сальмонеллездің, бактериялық дизентерияның микробиологиялық диагностикасы. мәселелік  
12. Тырысқақтың микробиологиялық диагностикасы. Тырысқақ вибрионы. Кампилобактерия. Геликобактериялар. мәселелік  
  Барлығы 4 сағ.    
  № 4 кредит    
13. Зоонозды инфекция қоздырғыштары мәселелік  
14. Патогенді және шартты-патогенді микобактериялар. Туберкулез және микобактериоздың микробиологиялық диагностикасы. Алапес. мәселелік  
15. Патогенді анаэробтар (клостридиалды және клостридиалды емес). мәселелік  
16. Венерологиялық аурулар қоздырғыштары мәселелік  
  Барлығы 4 сағ.    
  № 5 кредит    
17. Вирустар - респираторлық аурулар қоздырғыштары. Ортомиксовирустар. Парамиксовирустар. Қызамық вирусы. мәселелік  
18. Вирустық гепатит қоздырғыштары. мәселелік  
19. Герпесвирустар. мәселелік  
20. Адам иммунитет тапшылығы вирусы. Онковирустар. мәселелік  
  Барлығы: 4 сағ.    
  Барлығы: 20 сағ.    

Тәжірибелік сабақтар тақырыбының жоспары:





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1167 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.012 с)...