Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тапсырма Берілген кестені толтыру - Экология даму тарихының кезеңдері(тәжірибелік дағды)



Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік өңдеу құрылымы

Құрастырған: Бегимбетова Г.А.

Алматы, 2015 ж.

Кафедра мәжілісінде бекітілді

Хаттама № _____ __________2015 ж.

Кафедра меңгерушісі, профессор Кенесариев У.И.

Тақырыбы: Экология пәнінің зерттеу міндеттері мен нысандары. Экологияның даму тарихы. Ағза біртұтас тірі жүйе ретінде. Ағза мен ортаның бір бірімен байланысы.

Мақсаты: табиғи орта мен тірі ағзалардың бір бірімен байланысының негізгі ұстанымдары туралы түсінік беру. өмір сүру ортасы туралы, экологиялық факторлар және тірі ағзалардың ұйымдастыру деңгейлері туралы түсінік беру. Ағза мен ортаның өзара әсерлері жөнінде білімін қалыптастыру

3. Оқыту мақсаты:

- Пәннің мақсаты, міндеттері, экологиядағы зерттеу әдістері және басқа ғылымдармен байланысы туралы білімдерін қалыптастыру;

- Экологиядағы табиғатты қорғау және ұтымды пайдаланудың теориялық негіздері туралы білімдерін қалыптастыру;

- Б.Коммонердің негізгі заңдары мен олардың принциптері туралы білімдерін қалыптастыру;

- Шектеуші экологиялық факторларды, «эмердженттілік» принципін және В. Шелфордтың толеранттық заңын анықтай білуін дағдыландыру.

- Экология және табиғи ресурстарды пайдалану бойынша ҚР кодексы мен заңдарын қолдану дағдылары жөнінді білімін қалыптастыру;

- Популяцияның түсініктері мен критерийлері туралы білімдерін қалыптастыру.

- Популяцияның статистикасы (саны, тығыздығы, жыныстық және жастық құрамы) туралы білімдерін қалыптастыру.

4. Өткізу түрі: ( кеңселік) кеңес беру

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

Тапсырма.Қазіргі экология құрылымы, Б.Коммонердің негізгі заңдары, олардың принциптері, экология және табиғатты тиімді пайдалану бойынша ҚР кодекстері және заңдарымен танысу (білім құзіреттілігі).

№2 тапсырма. Шектеуші экологиялық факторлар, «эмердженттілік» принципі және В. Шелфордтың толеранттық заңымен танысу (білім құзіреттілігі)

Тапсырма.Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша сөзжұмбақ құрастыру, қазіргі экология құрылымын сұлба түрінде сызып көрсету(тәжірибелік дағды).

тапсырма Берілген кестені толтыру - Экология даму тарихының кезеңдері(тәжірибелік дағды).

№5 тапсырма Ситуациялық есептер (дағды құзіреттілігі) специальностей ОМ и

6. Таратылатын материал: Б.Коммонердің заңы бойынша кесте, экология және табиғатты рационалды пайдалану бойынша ҚР заңдар мен кодекстер.

7. Әдебиет:

1. Кенесариев Ү.И., Жақашов Н.Ж. Экология және халық денсаулығы, 2003 – 200 б., 25-30 беттер.

2. Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау, 2007 – 497 б., 15-18 беттер.

3. Қуатбаев А. Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы – 2011. – 350 б., 20-28 беттер.

4. Колумбаева С., Білдебаева Р., Шәріпова М. Экология және тұрақты даму: оқу құралы – 2012. – 153 б., 21-29 беттер.

5. Экология: оқу құралы/ C.А. Сергейчик. - Минск: Современная школа, 2010. -400 с., стр. 18-21.

6. Учение об окружающей среде: оқу құралы / Г.К. Ерубаева: Алматы, казак универс 2011.-153б., 5-10 беттер.

7. Экология и устойчивое развитие. учеб. пособие/ Колумбаева С.Ж., Бильдебаева Р.М., Шарипова М.А. Алматы, Қазақ университеті, 2012 -133 б., 5-7 беттер.

8. Экология: оқу құралы / В.И. Коробкин, Л.В.Предельский: Феникс, 2008.-315б, 5-14 беттер.

8. Бақылау (ауызша сұрау – білім құзіреттілігі):

1. Экология ғылымы нені зерттейді және оның негізгі міндеттері?

2. Ғылым ретіндегі қазіргі экологияның құрылымы?

3. Ғылым ретінде экологияның даму тарихы?

4. Б.Коммонердің заңдарына түсінік беру.

5. Экологиялық фактор және тіршілік ортасы дегеніміз не?





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 844 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...