Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ан қақыру кезіндегі көмек



Мақсаты: Өкпеден қан кетудің алдын – алу.

1. Дәрігерді шақырту. Міндетті түрде квалификацияланған дәрігерлік көмек көрсету керек.

2. Пациентті төсегіне жатқызып, физикалық және психикалық тыныштық орнату.

3. Қалталы қақырық жинайтын ыдысын қолдануды және залалсыздандыруды үйрету.

4. Дәрігер келгенше ыстық тағамды ішкізбеукерек, себебі жоғары температураның әсері өкпеден қан кетуге әкелуі мүмкін.

5. Науқасты ылғалдап сүртеді. Ыстық ванна, душ қабылдауға болмайды.

6. Өкпеден қан кетудің алдын – алу үшін, дәрігер келгенше сөйлесуге, көп қозғалуға болмайды.

7. Пневмонияның және ойылудың алдын – алу үшін, науқас қалпын күніне 3-4 рет өзгерту керек.

8. Қатаң төсектік жағдайда салқындатылған тағам беру. Сұйық немесе ұсақталған, жоғары калориялы және жеңіл сіңетін тағамдар тағайындалады.

9. Дәрігер тағайындауын орындау.

Дренаж қалпы. (Квинке қалпы).

Мақсаты: Қақырықтың бөлінуін қамтамасыз ету.

І. Процедураға дайындық.

1. Пациентке дренаж қалпының мақсатын түсіндіру.

2. Пациенттің келісімін алу.

3. Қақырық жинағышты дайындау. Егер қақырық зерттеуге алынбаса, онда қақырық жинағышқа залалсыздандыру ерітіндісін құяды.

ІІ. Процедураны орындау.

  1. Керуерттің аяқ жағын еденнен 20 – 30 см жоғары көтереді.
  2. Пациенттің төсектегі жағдайын бақылайды. Жөтелгенде қақырықтың қанша мөлшерде шыққанын қадағалау керек.
  3. Арасына 10-15 минут үзіліс жасап процедураны қайталайды.




Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 3825 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...