Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Гигиеналық заттар: кремдер және ласьондар



Сагралинт “П” - теріні күту және дезинфекциялау (сұйық крем).

Қолдану әдісі - сүрту

Ағартқаш және дезинфекциялық зат “ACE”. Белсенді зат АСЕ – натрий гипохлориді бактерияларға, спораларына, саңырауқұлақтарға және вирустарға неғұрлым жылдам әсер ететін және тиімді заттардың бірі болып саналады. АCE түбіркүлез, салмонеллез, тырысқақ, гепатит А және басқ. аурулардың қоздырғыштарына қарсы әсер ететіні дәлелденген.

Comet – беткейлерді, және санитарлық – техникалық құралдарды дезинфекциялайтын және тазартатын ұнтақ,оны тұрғын үйлерде және мекемелерде кеңінен қолданады.

Comet - тің құрамында айрықша патенттік зат бар – хлоринол, ол сумен қатынасқа түскенде әсер етеді және беткейдің тереңдігіне енетін қасиетке ие болады. Хлоринол қиын кететін дақтарды кетіреді, майларды ерітеді, дезинфекциялайды. Comet бактериялық (түбіркүлезді қосқанда), саңырауқұлақтық, вирустық инфекцияларда тиімді әсер көрсетеді.

Лизоформин – 3000 ЕПМ, санитарлық – эпидемиологиялық, коммуналды, балалар мекемелерінде және сүт, тағам өндірісінде, тамақ өнеркәсібінде, бактериялық (түбіркүлезді қосқанда) және вирустық инфекциялардың (АИВ, гепатитВ, тұмау, парагрипп) ошақтарында алдын алу, күнделікті, қортынды дезинфекциялау жүргізуге ұсынылған. Бактериялық аса қауіпті инфекциялардың (оба, тырысқақ, туляремия, сарып, күйдіргі) қоздырғыштарына әсерлі.

Күнделікті дезинфекция сапасын бақылау:

1. Санитарлық – эпидемиологиялық станция (дезстанция) әдістемелік басқаруды қамтамасыз етеді және әр ошақтан 5 –тен кем емес шайынды алу арқылы зертханалық әдістерді қолдана отырып күнделікті дезинфекцияның сапасын бақылайды.

2. Ошақтардағы күнделікті дезинфекциялаудың бақылануы міндетті түрде іш сүзегі, парасүзектің, бактериялық дизентерия, түбіркүлез, күл, саңырауқұлақтық аурулар, салмонеллез кезінде атқарылады. Басқа инфекциялар кезінде бақылау эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жасалады.

Егер алынған оң нәтижелі шайындылардың саны 3% - тен төмен болса, дезинфекциялық препараттың қалдық мөлшерін тексергенде теріс жедел сынамалардың саны 3% - тен аспаса, ал дезинфекциялық ерітінділердің қанағаттанарлықсыз нәтижелерінің саны 5% - тен жоғары болмаса, дезинфекцияның сапасы қанағаттанарлық деп саналады. Егер ауруды тапқаннан кейін 3 сағаттан кеш емес уақыттың ішінде талаптарды тұрғындар орындай бастаса, күнделікті дезинфекция өз уақытында жасалған деп саналады.

Қортынды дезинфекция сапасын бақылау:

1. Қортынды дезинфекцияның сапасын бақылау (визуальді, зертханалық - бірге), ұйымдасқан ұжымдарда дезинфекция аяқталғаннан кейін 1 – 3 – сағатқа дейінгі уақыттың ішінде жасау керек.Қортынды дезинфекцияның сапасын бақылау үшін ошақтан 10 – нан кем емес шайынды, дезинфекциялық заттардың және ерітінділердің 2 дезинфекциялық сынамасын, дезинфекциялық заттардың қалдық мөлшерлеріне 10 экспресс сынама алу керек. Дез. камераларды бактериологиялық бақылау кварталына 1 реттен аз емес жүргізіліп отырады. Микрофлора 0,5% - дан көп емес шайынды алып сепкенде, экспресс сынамаларда қалдық дезинфекциялық заттардың болуы 0,5% - дан көп болмаса, қортынды дезинфекция қанағаттанарлақ деп саналады.

Визуальді бақылау – объектінің санитарлық жағдайын, дезинфекциялық шаралардың уақытылы жүргізілуі, дезинфекциялауға беткейлерді, мекемелерді, жеке заттарды, олардың сапаларының дұрыс таңдалуын анықтайды.

2.Химиялық бақылау – залалсыздандыруға пайдаланған дезинфектанттардың құрамындағы белсенді әсер ететін химиялық элементтердің концентрациясының нормативтерге сәйкестігін тексеруге негізделген.

3.Йод – крахмалды әдіс. Әдіс йодтың крахмалмен түсті реакцияға түсуіне негізделген. Йод ерітіндісі хлормен байланысқан кезде ерітіндіден йодты ығыстырып, оның орнын басады. Дараланған йод крахмалды көгілдір – қошқыл түске бояйды. Әдісті жасау үшін сіріңкенің басына мақта орап, 3% калий йодидының ерітіндісіне, 2% - ті крахмалды клейстерінің қоспасына батырады. Егер сол тампонды хлорлы ерітіндімен өңделген беткейге тигізсе, бақылау объектісінде спецификалық боялу болады. Түсті бояу 3% натрий тиосульфатының ерітіндісіне батырылған тампонмен сүрткен жағдайда ғана кетеді. Осылайша ыдыстардың, ойыншықтардың, едендердің, қабырғалардың, жихаздардың т.б. заттардың дез. ерітіндімен дұрыс өңдегенін байқауға болады.

4. Ішек инфекциясының ошағында бактериологиялық бақылауды шайынды немесе қырынды алу әдісімен санитарлық – көрсеткіш ішек таяқшасын табу жолымен жүргізеді. Шайындыны физиологиялық ерітіндіге немеса байыту ортасына, ЕПС батырылған тампонмен алады, термостатқа 24 сағатқа қояды. Уақыт болған кезде Эндо ортасына себінді жасайды. Термостатқа қояды. 24 сағаттан кейін жалпы қолданылатын зерттеу әдісі бойынша ішек таяқшасын анықтайтын жұмысты жалғастырады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1835 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...