Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Судьяға қарсылық бiлдiру



Егер ол:

1) осы Кодекске сәйкес қылмыстық iстi соттай алуға жатқызылған судья болып табылмаса;

2) прокурордың, тергеу және анықтау органдарының шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымды қараған не осы қылмыстық іс бойынша іс жүргізу шешіміне санкция беруге қатысқан болса;

3) аталған iс бойынша жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер болып табылса, куә ретiнде шақырылса не шақырылуы мүмкiн болса;

4) осы қылмыстық iс бойынша сарапшы, маман, аудармашы, куәгер, сот отырысының хатшысы, анықтаушы, тергеушi, прокурор, қорғаушы, айыпталушының заңды өкiлi, жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң немесе азаматтық жауапкердiң өкiлi ретiнде iс жүргiзуге қатысса;

5) жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң туысы, айыпталушының немесе оның заңды өкiлiнiң туысы, прокурордың, қорғаушының, тергеушiнiң немесе анықтаушының туысы болса;

6) егер судья жеке, тiкелей немесе жанама осы iске мүдделi деп санауға негiз беретiн өзге де мән-жайлар болса, ол iстi қарауға қатыса алмайды.

Қылмыстық iстi қарайтын соттың құрамына туыстық немесе жеке байланыстың басқа да қатынастарымен байланысқан өзара тәуелдi адамдар кiре алмайды.

Бiрiншi сатыдағы сотта қылмыстық iстi қарауға қатысқан судья бұл iстi апелляциялық, кассациялық сатыдағы сотта немесе қадағалау тәртiбiмен қарауға қатыса алмайды, сол сияқты өзінің қатысуымен шығарылған істі тоқтату туралы үкімнің немесе қаулының күшін жою жағдайында, бірінші сатыдағы сотта істі жаңадан, оның ішінде алқабилердің қатысуымен қарауға қатыса алмайды.

Апелляциялық сатыдағы сотта iстi қарауға қатысқан судья өзінің қатысуымен қабылданған апелляциялық үкімнің, қаулының күші жойылғаннан кейін оны осы сатыда жаңадан қарау кезінде, сондай-ақ істі кассациялық сатыда қарау кезінде қарауға қатыса алмайды.

Кассациялық сатыдағы сотта iстi қарауға қатысқан судья өзінің қатысуымен қабылданған қаулы күшін жойғаннан кейін бұл iстi бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы сотта қайта қарау кезінде қатыса алмайды.

Iстi алдыңғы сот сатыларында қарауға қатысқан судья сол iсті қадағалау сатысында қарауға қатыса алмайды.
Қарсылық бiлдiру - сот тергеуi басталғанға дейiн, ал iстi алқабилердiң қатысуымен қараған жағдайда алқабилер алқасы құрылғанға дейiн мәлiмделуге тиiс. Одан кейiнгi мәлiмдемеге тек ол үшiн негiз қарсылық бiлдiрудi мәлiмдеген тарапқа сот тергеуi басталғаннан кейiн белгiлi болған жағдайда ғана жол берiледi.
Судьяға қарсылық бiлдiру, сондай-ақ қарсылық бiлдiрiлуге жататын сот талқылауына қатысушылар туралы мәселенi қаулы шығару арқылы кеңесу бөлмесiнде сот шешедi.

Судьяға мәлiмделген қарсылық бiлдiрудi, қалған судьялар қарсылық бiлдiрiлген судьяның қатысуынсыз шешедi, ол, алайда, судьялар кеңесу бөлмесiне кеткенге дейiн өзiне мәлiмделген қарсылық бiлдiру жөнiнде өзiнiң түсiнiктемесiн көпшiлiк алдында айтуға құқылы. Бiрнеше судьяға немесе соттың бүкiл құрамына мәлiмделген қарсылық бiлдiрудi толық құрамда көпшiлiк дауыспен сот шешедi. Дауыстар тең болған кезде судьяға қарсылық бiлдiрiлген болып саналады.

Бұлтартпау шараларын қолдану немесе тергеу әрекеттерiн жүргiзу туралы өтiнiштi шешетiн судьяға мәлiмделген қарсылық бiлдiрудi осы судья қаулы шығара отырып жеке өзi шешедi. Iстi осы Кодекстiң 58-бабының бiрiншi бөлiгiне сәйкес қарайтын судьяға мәлiмделген жеке-дара қарсылық бiлдiрудi сол соттың төрағасы немесе осы соттың басқа судьясы, ал олар болмаған жағдайда жоғары тұрған соттың судьясы шешедi. Қарсылық бiлдiру туралы мәлiмдеме қанағаттандырылған жағдайда қылмыстық iс, шағым не өтiнiш белгiленген тәртiппен басқа судьяның iс жүргiзуiне берiледi.

Қарсылық бiлдiрудi қабылдамай тастау немесе қанағаттандыру туралы қаулы шағымдалуға (наразылық келтірілуге) жатпайды. Қаулымен келiспеушiлiк туралы уәждер апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау шағымына енгiзiлуi мүмкiн.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 750 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...