Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ылмыстық iстердi бiрiктiру



Бiр iс жүргiзуде бiр немесе бiрнеше қылмыстарды жасағандығына, қатысқандығына бiрнеше адамдарды айыптау жөнiндегi iстер, адамның бiрнеше қылмыс жасағандығын айыптау жөнiндегi iстер, сондай-ақ бұл қылмыстарды күнi бұрын уәде берiлмей жасырғандығын немесе олар туралы айтпағандығын айыптау жөнiндегi iстер бiрiктiруi мүмкiн.

Бiр iс жүргiзуде:

1) әртүрлi адамдарға қатысты бiрдей айыптау;

2) жеке айыптау iсi қаралатын жағдайларды қоспағанда, бiр-бiрiне қатысты қылмыс жасағандығы таңылатын адамдарға қатысты айыптау;

3) бiреуi бойынша қылмыстық iзге түсу жеке түрде, ал екiншiсi бойынша - жария түрде жүзеге асырылатын iстер;

4) бiрiктiрiп қарау iстi объективтi қарауға бөгет жасайтын барлық басқа да айыптаулар бiрiктiрiлмеуi тиiс.
Iстердi бiрiктiру қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысы негiзiнде жүзеге асырылады. Қылмыстық iзге түсу органы шығарған қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жолданады.

Бiрнеше iс бiрiктiрiлген iс бойынша iс жүргiзу мерзiмi уақыты бойынша соңғы iс қозғалған күннен бастап есептеледi. Егер бiрiктiрiлген iстердiң бiреуi бойынша жолын кесу шарасы ретiнде қамауға алу не үйiнде қамауда ұстау қолданылса, тергеу мерзiмi аталған жолын кесу шаралары қолданылған iс қозғалған күннен бастап есептеледi.

Бiрнеше қылмыстық iс бiр iске бiрiктiрiлген жағдайда олар бойынша алдын ала тыңдауды өткiзу мерзiмi сотқа соңғы iс түскен күннен бастап есептеледi.

Адамдарға процеске қатысушылар құқығы оларға қатысты бiрiктiрiлген iстер бойынша ғана тиесiлi болады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 577 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...