Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жылытқыш қою



Қолданылатын жағдайлар:

Тоңы кезінде, иньекциядан кейінгі инфильтрат, спазм түріндегі ауырсыну, қызбаның 1-3-ші кезеңінде.

Қолданылмайтын жағдайлар:

Қан кету, іріңді жарақаттану, қатерлі ісік, терінің зақымдануы, құрсақ қуысы қабыну процестерінде, зақымданудың алғашқы тәулігінде.

Әзірле:

Іс - әрекет алгоритмі:

Кезеңдері Негізі
Процедураға дайындық
1. Пациентке жүрігілетін процедураны түсіндіру және келісімін алу. 2. Қолды жуу, кептіру және қолғап кию. 3. Жылытқыштың 2/3 көлемінде 60-700С сумен толтыру. 4. Ауасын шығару, тығынын тығыздап жабу. 5. Жылытқыштың тығынын төмен қаратып, су ақпайтындығын тексеру. Процедураға пациентті саналы түрде қатыстыру. Мейірбикенің жеке бас кауіпсіздігі.     Процедура шартына сәйкес.
Орындалуы
1. Жылытқышты орамалмен немесе сүлгімен орау. 2. Дене бөлігіне салу. 3. Жылытқыштың суы салқындағанша қою. Пациенттке ыңғайлы жағдай туғызу.   Процедура шартына сәйкес.
Нәтижесі
· Жылытқышты алу, ашу, суын төгу. · Пациенттің терісін тексеру, ыңғайлы етіп жатқызу, жылы жабу.   Тері күйігін болдырмау.
Залалсыздандыру
· Қолды жуу, кептіру және қолғап кию. · Резеңке жылытқышты залалсыздандыру ертіндісімен арасына 15 минут салып 2 рет тазалау. · Таза сумен жуу, кептіру, лотокқа жинастырып қою. · Қолғапты шешу, жуу, кептіру. Мейірбикенің қауіпсіздігін сақтау.   Жұқпалы аурулардың алдын – алу.   Мейірбикенің жеке бас гигиенасы сақтау.
Ескерту:
  • Дәрігердің нұсқауына сәйкес жылытқыш ұзақ уақытқа тағайындалса, әр 15-20 минут сайын ішіндегі суы ауыстырылып тұрады.




Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 4588 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...