Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ан қысымын анықтау



Қан қысымы – жүректің жиырылып, босаған кезеңіндегі қан тамырлары қабырғасындағы қан қысымы. Оны сау адамның да, ауру адамның да, жүрек қан тамырлары жүйесінің күйін бағалау мақсатында өлшейді. Қан қысымы жүректің қан шығару мөлшеріне, қанның ағуына, жалпы шеткі қан тамырларының қарсылығына, қан тамырлары қабырғаларының созылмалылығына байланысты. Қан қысымы систола (ең көп), диастола (ең аз) және пульсті (тамыр) қысымдар болып бөлінеді.

Систола қысымы – тамырдағы қан толқыны ең көп көтерілген қысым, ол артерия жүйесінде жүректің сол жақ қарыншасы жиырылғаннан кейін- ақ пайда болады.

Диастола қысымы – жүректің босаңсуының соңындағы қысым, тамырдағы қан толқыны түскен кезде болады.

Систола және диастола қысымдарының арасындағы айырма пульстік қысым деп аталады.

Веналық қысым төмен болады, венадағы қан қысымы қан шығаратын әдіспен өлшенеді. Қан капиллярлар кедергісінен өткен соң, оның қысымы төмендейді. Жіңішке венулаларда қан қысымы с.б.б. 6-15мм. Орташа жуандықтағы веналарда ол одан да төменірек, ал қуысты ірі веналарда қысым с.б.б. теріс 2-5 мм болуы мүмкін. Мұнда қан қысымын анықтау үшін оған кең түтікті ине кіргізіп, инені Вальдман флеботонометрімен байланыстырады. Адамның шынтақ ойығындағы венасында қан қысымы су бағанасы бойынша 60-120мм болады.

Қан қысымын өлшеу – жүрек қан тамыры және дем алу жүйелері аурулары кезінде қолданылатын маңызды диагностикалық әдіс. Қан қысымының қалыпты мөлшері бірқатар себептерге, әсіресе жасына, жүйке жүйесінің жағдайына, тәулік уақытына, т.б. байланысты белгілі бір кезде өзгеріп отырады. Систола қысымы 120-дан 140 мм сынап бағанасына, диастола 60-тан 80 мм сынап бағанасына өзгеріп отырады. Қан қысымы таңертең 5-10 мм сынап бағанасына кем болады.

Қан қысымын (АҚ) анықтау іс-әрекеттері:

Әзірлеңіз: тонометрді, фонендоскопты.

Іс- әрекеттер:

1. пациентті ыңғайлы жағдайда отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.

2. пациенттің қолын (алақанын) жоғары қаратып ашыңыз.

3. пациенттің иығына, шынтақ иінінен 2-3 см жоғары арасына бір саусақ сиятындай етіп манжетті байлаңыз.

4. монометрді манжетпен қосыңыз.

5. шынтақ иініне фонендоскопты орналастырып, иық артериясының соғуын тексеріңіз.

6. резеңке баллонның тиегін жауып манжетке біртіндеп тамырдың соғуы естілмегенше ауа жіберіңіз және оның үстіне 30мм с.б. ауаны қосыңыз.

7. ауанын қысымынан шыны түтіктегі сынап көтеріліп (монометр қолданса стрелкасы «0»-ден жоғары көтеріледі). Ол манжеттегі ауа қысымының өскенін көрсетеді.

8. резеңке баллонының тиегін ақырындап ашып, манжеттегі ауаны жайлап шығарыңыз.

9. фонендоскоптағы бірінші естілген дыбысты (тамырдың соғуы) сынап бағанасы бойынша салыстырыңыз – бұл көрсеткіш – систолалық жоғары қысым болып саналады.

10. ауаны одан әрі ақырын шығарыңыз, сол кезде тамырдың соғуы естілмей қалады, бұл кезде көрсеткіші диастолалық – төменгі қысым болып саналады. Алынған мәліметтерді температура (қызу) қағазына жазыңыз.

Естеріңде болсын! Ересек адамның тұрақты қан қысымы 140/90 мм сынап бағанасынан 100/60 мм с.б. дейін болады.Қан қысымының қалыпты көрсеткіштерден жоғары болуы гипертензия, ал төмен болуы гипотензия деп аталады.

7.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қызуды реттеу, қызуды бөлу, қызуды шығару, термометрия туралы түсініктер.

2. Қызба туралы түсінікті, қызбаның жіктелуі.

3. Қолтық ойысынан дене қызуын өлшеу.

4. Қызудың мәліметін сандық түрде қызу журналына және графикалық сызба түрінде қызу парағына тіркеу.

5. Қызба кезіндегі көмек және күтім.

6. Артериальды тамыр соғу туралы түсінік, оның қасиеттері және әртүрлі физиологиялық және патологиялық жағдайлардағы өзгерістері.

7. Дені сау адамның тамыр соғу жиілігі.

8. Тахикардия және брадикардия түсініктері.

9. Тамыр соғуды зерттейтін жерлері.

10. Кәріжілік артериясындағы тамыр соғуды есептеу.

11. Тамыр соғуды зерттеу мәліметін сандық түрде бақылау парағына және графикалық түрін қызу парағына тіркеу.

12. Венозды, артериальды қысым туралы түсініктерді, олардың эмоциялық жағдайда, күш жұмсауда, қарт жастағы адамдарда сыртқы орта жағдайына байланысты өзгерістері.

13. Систолалық және диастолалық қан қысымының қалыпты көрсетілімдері.

14. «Жұмысшы қан қысым» туралы түсінік.

15. Артериалды гипертензия және гипотензия түсініктері.

16. Иық артериясынан артериалды қысымды өлшеу.

17. Науқасты. өздігінен қан қысымын өлшеуге үйрету.

18. Артериальды қысымның алынған нәтижесін сандық түрде бақылау парағына және графикалық түрін қызу парағына тіркеу.

19. Тыныс алу туралы түсінік.

20. Тыныс алу түрлері.

21. Тыныс алудың мүмкін болатын өзгерістері.

22. Тыныс алудың патологиялық түрлері.

23. Ересек адамның тыныс алу қозғалысының жиілігі (әйелде, ер адамда, жатқан қалыпта, тұрған қалыпта).

24. Тыныс алудың өзгеруіне әкелетін факторлар.

25. Тыныс алу қозғалысының жиілігін, тереңдігін, ритмін анықтау.

7.5.Сабақ берудің және үйретудің әдіс-тәсілдері:

- жұппен жұмыс істеу;

- ситуациялық есептер;

-тест алу.

7.6. Әдебиеттер:

7.6.1 Негізгі:

1. Момынов Е.Ә., Тойшиева Г.Т., ЕшоваГ.А. «Мейірбике ісінің негіздері» Шымкент 2006 жыл

2. Муратбекова С.Қ. «Мейірбике ісі негіздері» Көкшетау 2008 жыл

3. Мухина С.А., Тарновская И.И., «Теоретические основы сестринского дела» М,. 2008 год

4. Мухина С.А., Тарновская И.И., Практическое рукаводство к предмету «Основы сестринского дела»: учебник- М., 2000 год

5. Островская И.И., Шикорова Н.В. «Основы сестринского дела» М.,2008 год

7.6.2Қосымша:

1. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела» Практикум. Ростов-на-Дону, «Феникс» 2005 год

2. Т.Морозова Г.И. Ситуационные задачи по дисциплине «Основы сестринского дела»: Практикум. – М., 2008год

3. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2005 год

4. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2009 год

7.7. Білім алушылардың білімі мен дағдысын бағалау әдіс-тәсілдері:

-ауысша сұрау;

-тәжірибе негізінде әрбір манипуляцияларды муляждарда көрсету;

- тест алу.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 3235 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...