Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Киім төсек ауыстыру



Әрбір емдеу мекемесінде өзінің ішкі ауруханалық режимі болады.

Емдеу – сақтау режимінің маңызды шарттарының бірі:

1. Сырқат психикасын сыйлау, науқасқа толық дене және психикалық тыныштығын қамтамасыз ететін қолайлы жағдайлар жасау.Емдеу-сақтау режимін ұйымдастыруда сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерін (дауыстап сөйлеу,есікті сілкіп,ашып жабу),терапевтік-емдік тиімділігін төмендететін жағдайларды болғызбау.

2. Қызметкерлер ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтау және науқастарға бөлімшеге келіп түскен барлық сырқаттарды таныстыру қажет.Өздерінің ауруларын ойлауды азайту үшін сырқаттың бос уақытын жақсылап ұйымдастырудың маңызы зор.Арнайы бөлме жабдықтау немесе дәлізді пайдалануға болады.Кітаптар,журналдармен қамтамасыз ету жасау,телевизор қояды.Сырқаттың қолайсыз эмоцияларын болдырмауға бағытталған шаралар ауруханаға түскеннен бастап шыққанға дейін жүргізіледі.

3. Емдеу мекемелерінде қозғалыс белсенділігнің 4 дәрежесі қолданылады.

1. Қатаң төсектік тәртіп (инфаркт миокарда,стенокардия,қан қысымы жоғары,инсульт).Сырқатқа төсек үстінде сол,оң қырына қозғалуға болмайды,гимнастикалық тжаттығуларды жасауға болмайды.Барлық санитарлық жуып-шаю,медициналық манипуляциялар төсек үстінде жасалынады.Сырқаттың тамақтануы мейіркеш көмегімен орындалады.

2. Төсектік тәртіп- сырқаттың жалпы жағдайы жақсарғанда және дәрігердің белгілеуімен орындалады.Сырқатқа төсек үстінде гимнастикалық жаттығулар,сол және оң қырына алмасуға болады және керуеттің үстінде аяғын төмен түсіріп отыруға болады.

3. Жартылай төсектік тәртіп (палаталық)

- сырқатқа палатада жүруге болады,бірақ сыртқа шығуға,жуыну шараларына рұқсат беріледі.Барлық санитарлық жуып-шаю,медициналық манипуляциялар палат ішінде жүргізіледі.

4. Жалпы тәртіп сырқатқа жүруге процедура кабинетке баруға,өзі тамақтануға,дәретханаға баруға,душ,ванна қабылдауға болады.

- Егерде осы тәртіпті сырқат орындамаса асқынулар болуы мүмкін.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 2569 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...