Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Диеталар сипаттамасы



Медицина Ғылым Академиясының Тамақтандыру институттының клиникасында емдеу мекемелеріне диеталарды белгілейді.

Әрбір диетаға сипаттама берілген, онда мыналар көрсетілген 1) белгілеу түсініктері; 2) белгілеудің мақсаты; 3) жалпы сипаттамасы; 4) химиялық құрамы мен калориясы; 5) тамақтану режимі; 6) емдік тағамның белогы, майы, көмер сутегі, ішуге рұқсат етілетін және рұқсат етілмейтін тамақтар мен тағамдардың тізімі.

Хәлі ауыр науқастарды қасықпен және поильникпен тамақтандыру

Мақсаты: тамақты өзі іше алмайтын науқастарды тамақтандыру.

Керек жабдықтар: тамақтандыру үшін үстел немесе тумбочка, салфетка, тамақпен асханалық прибор, стакан сумен, сусын ішу үшін трубка, поильник, «Б» тобындағы қалдықтар мен пайдаланылған заттар мен қолғаптарды дезинфекциялауға арналған ерітінді.

Міндетті шарттар: тамақтың температуралық режимін сақтау. Тамақтандыру уақытында тамақ жылы және дәмді көрінуі керек.

Кезеңдері Негізі
Процедураға дайындау
Қолды жуып, кептіру.  
Науқастан қандай тамақтар жақсы көретіндігін анықтап алып, емдеуші дәрігер немесе диетолог тағайындауымен салыстыру. Үйлесімді және диеталық тамақтануды қамтамасыз ету.
Науқасты 10-15 мин бұрын тамақ ішетіндігін ескертіп айту, оның келісімін алу. Керек мөлшердегі тамақ пен сұйықтықты науқас қабылдау мүмкіншілігін арттыру.
Бөлмені желдеттіріп алу, тумбочканың үстін босату немесе кроваттың үстелін қою. Науқасты тамақтану шарттарын қамтамасыз ету психологиялық дайындау
Науқасты жоғарғы Фаулер жатысына отырғызу. Асфексияның алдын алу;
Науқастың қолын жууына көмектесу, кеудесінің алдына салфетка қою. Жеке гигиена мен инфекциялық қауіпсіздікті қаматамасыз ету.
Қолды қайта жуып, кептіру. Инфекциялық қауіпсіздікті қаматамасыз ету.
Тамақ пен сусынын алып келу: ыстық тамақтар ыстық күйде (60°), суық тамақтар бөлме температурасында болуы керек. Дәмді сезімді(аппетит) қамтамасыз ету.
Науқастан қандай ретпен ішкісі келетіндігін сұрау. Өзінің ар-ұяты сезімін қолдауды қамтамасыз ету.
Процедураны жасау
Тамақтың температурасын бақылау, қолдың сыртқы бетіне бірнеше тамшы тамызу. Науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Бірнеше рет сұйықтық ішуін ұсыну (трубочкамен ішкені ыңғайлы). Ескерту: науқасты поильникпен кәшкентай порциямен тамақтандыру керек. Ауызда құрғақтықты болдырмау, қатты тамақты шайнауды жеңілдету.
Асықпай тамақтандыру керек. Науқасқа ұсынылған әрбір тамақтың атын атап отыру. Қасықтың 2/3 сұйық (қатты) тамақпен толтыру. Аузын ашу үшін қасықпен ернінің астыңғы бөлігіне тигізу. Қасықпен тіліне тигізіп, бос қасықты алып шығып, шайнау жұтуына уақыт беру. Бірнеше рет қасықпен қатты тамақ бергеннен соң сусын ішуін ұсыну. Науқасты ұалыпты түрде тамақтандыруды қамтамасыз ету.
Жеке салфеткамен науқастың еріндерін сүрту. Өзінің ар-ұяты сезімін қолдауды қамтамасыз ету.
Науқасты поильникпен кішкентай порциялармен тамақтандыру. Шашалып қалуды болдырмау.
Науқасқа тамақтан кейін аузын сумен шаюын ұсыну. Ауызда бактериялардың өсуін төмендету.
Процедураны аяқтау
Тамақтанып болғаннан соң ыдыстар мен тамақ қалдықтарн инфекциялық қауіпсіздік талаптарына сай жинап алу. Инфекциялық қауіпсіздікті қаматамасыз ету.
Қолды жуып, кептіру. Инфекциялық қауіпсіздікті қаматамасыз ету.
Медициналық құжатқа процедураның жүргізілгені туралы тіркеу. Сменді ауыстырған уақытта ақпаратты беруді қамтамасыз ету.

6.4. Тарқатылатын материал: тест,сөзжұмбақ,билет





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 1458 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...