Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кәсіптік этика мен деонтология



Этика – мораль, адамгершілік пен оның таптық мәні туралы ғылым. Этика - кәсіптік тәртіптің дұрыс-бұрысын, жақсылық пен жамандықтың анықтайтын философияның бір саласы деуге болады.

Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің өз жұмысында әдептіліктің ролін зерттейтін ілім. Этика мен мораль – қоғамдағы адамдардың мінез – құлқын, олардың бір-біріне және қоғамдық құндылыққа деген қарым – қатынасын реттейтін ережелерге қажеттіліктен туған қоғамдық сананың формасы болып табылады. Медициналық этика біздің дәуірге дейінгі 1500 жыл бұрын қолданылып келеді. Көптеген медициналық анттардың негізінде бүгінгі күні дүниежүзіндегі барлық елдерде қабылдайтын анттардың бірі «Гиппократ анты», ол 2400 жыл бойы әйгілі.

«Гиппократ анты» - негізгі медициналық этиканың ережелер кешені, мұнда уақыт айырмашылығына қарамастан, қазіргі кезге дейін сөздері өзекті болып тұр:

1. «Қауіп келтірме». Әрбір ем барлық іс-әрекеттер, дәрігердің нұсқаулары аурудың жағдайын жеңілдетуге бағытталып, оған пайда әкелу керек – бұл басты этикалық принцип.

2. Ең жоғарғы байлық – адам өмірі.

3. Дәрігер әрбір науқастың жеке өмірін сыйлау керек, моральға жатпайтын қылықтардан аулақ болу керек.

4. Дәрігер кәсіби этикасын, өзінің мамандығын сыйлауға тиіс.

Медициналық этиканың ең негізгі мәселелері: моральдық принцип бойынша іс әрекет жасау, ауруға қамқорлықпен қарау, әрқашан және қандай жағдай болмасын медициналық көмек көрсетуге дайын, жоғары адамгершілікті кәсіптің салт-дәстүрлерін сақтау қажет.

Адамдар бір-біріне деген кішіпейілділікті, қарапайымдылықты, шындық пен адалдықты принциптілік пен табандылықты, еңбекті сүюді, ата-аналармен, жолдастарымен, достарымен өзара қамқорлықпен сыйластық қарым - қатынасты сақтау қажет. Медициналық этикаға медицина қызметкерлерінің жұмысына тән ерекшеліктері мен қоғамдағы орнына қарай мінез-құлық нормаларын реттейтін принциптер жиынтығы жатады.

Науқасқа толық сеніммен қарау арқылы Сіз оның жағдайын түсінесіз, араларыңызда шынайы қарым – қатынас туындайды. Бұл дұрыс емдік нәтижеге жету үшін өте қажет.

Мейірбике алынған ақпаратты құпия түрде сақтауы керек және оны айтпауы қажет. Мейірбике қызығушылық танытқан таныстарының сұрауы бойынша диагнозды немесе анализдердің нәтижесін айтуға тиісті емес.

Медициналық этикада келесі принциптер қолданылады:

1. Жеке адамды құрметтеу.

2. Автономия.

3. Жақсылық жасау.

4. Зиян келтірмеу.

5. Шындықты айту.

6. Құпияны сақтау.

7. Әділдік.

Медициналық этиканың бір бөлігі – деонтология. Деонтология грек тілінен аударғанда - «тиісті» деген мағынаны білдіреді. Деонтология – басқа салаларға қарағанда, медицина мен тәжірибелік денсаулық сақтау саласына өте тән қажетті ғылым.

Медициналық қызметкерлердің күш-жігері тек науқасты емдеуге ғана емес, аурудың алдын алуға, адамның денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталған.

Деонтологияның тараулары:

• Мейірбикемен науқастың қарым-қатынасы.

• Мейірбикемен қоғам арасындағы қарым-қатынас.

• Мейірбикемен науқастың туысқандарының ортасындағы қарым қатынасы.

• Мейірбикемен әріптестер арасындағы қарым- қатынас.

Деонтология мен этиканың принциптерін қолайлы іске асыру үшін мынандай жағдайлар қажет: парыз сезімі, өз мамандығына бейімділігі мен білімін үнемі жетілдіру, медициналық қызметкер сырқат сеніміне кіріп, ауруынан жазылатындығына иландыру.

Гиппократ: «Не істеу керек болса да бәрін байсалды және шебер істей біл... Реті келгенде сырқатты көңіл аулағыш орынды сөздермен, достық пейілмен мақұлдау керек. Қажетті жағдайда оның орынсыз талабын қатал да, орнықты түрде ысырып, ал кей кезде оған сүйіспеншілік білдіріп, басу айту керек» деген.

Науқасты емдеуде сөздің ролі әрдайым жоғары, кей кезде сырқат көзінше медициналық қызметкерлер көбірек сөйлеп қояды. Ол ятрогенияға әкеліп соқтырады. Науқасқа әр түрлі психикалық сөз әсерлерінен болатын жағдай эгротогения деп аталады.

Ятрогенді ауру – медицина қызметкерінің сөзінен, ісінен пайда болатын ауру. Ол медициналық қызметкерлердің теріс түсіндірген сөзінен немесе мінез - құлқынан шығады. Кіші мейіркеш немесе техникалық қызметкерлердің сырқатқа зерттеу нәтижесін қате болжап, айтып берген жағдайда да кездеседі. Сөз науқасты емдеп қана қоймайды, оны жаралауы да мүмкін екендігін мейірбике жанында ұстап, науқас көзінше түсініксіз терминдерді айтпауға тырысу керек.

Ятрогенді аурулардың себептеріне: жалпы және медициналық мәдениетінің жетіспейтіндігі, асығысты, науқастың ыңғайсыз диагнозын болжау, зерттеу нәтижесін дұрыс түсіндірмеу жатады. Кез келген ауру жағдайында мейірбике науқастың психикасын бұзбауға тиіс.

Науқастар ауруханаға түсіп, өздерінің қасына адамдар жинайды, «дәрігерден» артықпыз деп ойлайды, басқа науқастарға агрессивті түрде өздерінше оңды-солды кеңестер, нұсқаулар береді, өздерінің тыңдаушыларын депрессияға, толқуға ұшыратады. Мейірбике мен дәрігер осы сырқаттарға ерекше көңіл аударып, түсіндіру жүмысын ж.ргізгенде терең білім мен ақылды қолдану қажет. Науқасқа дәрі-дәрмектерден гөрі, Сіздің түсінушілігіңіз, моральдық қолдауыңыз керек.

Ал науқастың өзіне әсері /жақсы, жаман ойлауы / эгогения деп аталады.

Эго дегеніміз:

- ішкі мәдениеттің ережелерін сақтау, тәртіпті сақтау, қоғамдық жағдайларға үнемділікпен қарау, татулық, әріптестік сезім;

- сыртқы мәдениет ережелерін, тәртіпті сақтау, сыпайлық, әдептілік, жақсы сөз, сәйкес келетін киім /сыртқы жинақылық, денесінің, киімінің, аяқ киімінің тазалығын сақтау т.б./

Субординация –қызметіне қарай бір-біріне бағыну.

Мейірбике дәрігердің бірінші көмекшісі. Дәрігерге қарағанда мейірбикелер жұмыс кезінде көп уақытын науқастармен өткізеді. Мейірбикелер науқастың көңіл –күйін, қорқыныш-уайымын, жасалып жатқан емнің түрлерін жақсы біледі. Емнің ең басты мақсаты – дәрігердің, мейірбикенің, науқастардың сеніміне кіруі мен олардың талабына сай келуі.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 29100 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...