Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кәсіпкерлік құқыққа кіріспе



  1. Кәсіпкерлік құқық ғылымының, құқықтың және оқу пәнінің саласы ретінде.
  2. «Кәсіпкерлік құқық» оқулық пән, оның белгілері, құқықтық реттеу әдістері.
  3. Кәсіпкерлік қызмет түсінігі, оның басқа құқық салаларынын айырмашылығы.

1. Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың қәзіргі заманғы тұжырымдамасы дамыған социализм жағдайында болғандай, бүтін және біртұтас болып табылмайды. Бұрынғы КСРО-ның ыдырауы және тәуелсіз және егеменді мемлекеттердің құрылуы қоғамдық және экономикалық өмірдетүбегейлі өзгерістер тууына жеткізді, сол себепті жабық тұрпатты экономикадан нарықтық экономикаға көшу және құқықтық мемлекет орнатуға бағыттылған демократиялық түрлену орын алды. Кәсіпкерлік құқық – құқықтың әртүрлі салалары нормаларын біріктіретін жан – жақты саласы. Құқықтың жан-жақты саласы – бұл, жекелеген ғалымдардың пайымдауынша, жартылай сала емес, бұл – құқықтың негізгі (белгілі бір қалыпқа келтіретін) саласынан ерекшеленетін сала, алайда құқықтық институттан және құқықтың қосымша саласынан айтарлықтай дәрежеде өзгеше. Құқықтың жан-жақты саласы, бәрінен бұрын, өзіне тән салалық әдісі жоқ, бірақ арнайы, дегенмен көрнекті заңдық режим алатын құқықтық реттеудің біртұтас тақырыбы болып табылады.

2. Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқыққа қатысты оның мәні және құқықтық табиғатын түсіну үшін, негізгі үш көзқарасты бөліп айтуға болады:

3.М.К. Сүлейменов кәсіпкерлік құқықты екіжақты түсіну керек деген пікір айтады: тар мағынасында кәсіпкерлік құқық – азаматтық құқықтың бір бөлігі; сол бір мезгілде кәсіпкерлік құқықты кең мағынасында құқықтың әртүрлі салалары (азаматтық, әкімшілік, қаржы, кеден, еңбек және басқалары) нормаларын біріктіретін жан-жақты білім деп түсінуге болады.

Батыстық құқықтануда құқық жүйесіндегі кәсіпкерлік құқықтың алатын орны туралы мәселені шешудің екі негізгі бағыты қалыптасқан.

Бірінші бағытқа сәйкес (А. Жакомэн, Г. Шранц), шаруашылық құқығы құқық саласы немесе заң саласы емес, себебі ол экономикалық қатынастарды реттейтін құқық нормаларын әзірлейтін немесе қолданатын жаңа тәсіл болып табылады.

Шаруашылық құқығының екінші бағыты оны құқықтың дербес саласы деп танудан көрінеді. Сонымен бірге бұл тұжырымның аясында ғылымдардың пікірлері бөлінді де, шаруашылық құқығын тар және кең фймағыналарында түсінуді жақтайтындар пайда болды.

Тар түсінікті жақтаушылар шаруашылық құқыққа қатынастарды экономиканың мемлекеттік реттелуі бойынша реттейтін нормаларды енгізеді (оның ішінде ұлттандыруды, баға белгілеуді реттеу, салықтық, кедендік және валюталық реттеу және т.с.с.). Демек, шаруашылық құқығы жария (көпшілік) құқық салаларына жатады. Мұндай көзқарас континенталдық құқық елдерінің бірқатар елдеріне (Германия және Нидерланды) басым болып отыр.

Шаруашылық құқығының кең түсінігі жан-жақты, яғни кәсіпкерлік құқықтың көпшілік-құқықтық және жеке-құқықтық табиғатын тануға саяды.

Сонымен, мынандай қорытынды жасауға болады: шетелдік заң әдебиетіне шаруашылық құқығын кең мағынасында түсінуді жақтайтындар оған шаруашылық қызметін іске асыру барысында пайда болатын қатынастарды реттейтін құқықтың әртүрлі салалары (азаматтық, әкімшілік, қаржы еңбеқ, халықаралық, қылмыстық және т.б.) нормаларды сыйғызады.

Тақырып: Кәсіпкерлік құқықтық қатынастар.

1. Кәсіпкерлік құқықтық қатынастар ұғымы, мазмұны және түрлері.

2. Кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың құрылымдық ерекшеліктері және элементтері.

Кәсіпкерлік құқықтың тұжырымдамасы ХХ ғ. басында пайда болған еді. Сол кездегі тұжырымдама совет одағының заңгер-ғылымдарының ойын талқылаған болатын. Мысалы, А.Гойбарх айтқандай, азаматтық құқық - әрқашанда құқықтың бөлігі, ол халық құқығын ұстанған. Егерде жеке құқық пен жұрттын құқығы арасындағы шекра жоғалып, яғни үзіліп кетсе, онда азаматтық құқық жоғалып кететін еді, сондықтан оның орнына шаруашылық құқық ие болатын еді.
П.И. Стучканың түсінігі бойынша, азаматтық құқық - өндіріс пен айырбас арасындағы қатынас деп түсінеді.Әрі ол ХХ ғ. 20 жылдағы «Екісекторлық құқық теориясын» шығарған болатын; онда әлеуметтік ұйымдарға әкімшілік – шаруашылық құқығын, жеке тұлғаларға азаматтық құқығын ескерілген. Бірақ көпшілік өркениет – ғылымдарының тұжырымынша, ол теория қате болып саналды.
ХХ ғ –ң 30 ж. басында бірыңғай шаруашылық құқық пен азаматтық құқық тұжырымдамасы ғылыми тәртіп негізінде қарастырылды.Шаруашылық қ-қықтың пайда болуы совет экономикасының аралас мінезімен байланысты. Шаруашылық құқық арасындағы мәселелерді зерттеген құқықтанушылар жаңа экономикалық жағдайларда туған көпшілік және жеке құқық арасындағы ымыраны талдауды көздейді.
ХХ ғ –ң 50 жылдарында шаруашылық құқық тұжырымдамасы туралы пікір – сайыста қайта қарады. Шаруашылық құқықтануда әр түрлі саладағы әлеуметтік құқықтарын реттеуді қарастырады.Әр түрлі отырыстарда совет құқықтанушылары шаруашылық кодексті қабылдау ұсынысты қарастырды.
ХХ ғ-ң 90 жылдарында Ресейде жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға, басқа экономикадан тағы басқаға қөшу жүйесі басталды. Сондықтан бұрын тұжырымдамаға өзгеріс еңгізу керек болды.
Бүгінгі уақытта әрбір саланың құқықтарыңың нормасы бар, ол мемлекеттің саяси- экономикасымен тығыз байланысты. Соның ішінде саясатты анықтайтын норма Ресей құқығының екі саласымен байланысты, ол - әкімшілік және азаматтық.
Әкімшілік құқық, қызмет ету мен қатынасты басқаруды реттейді.Сондықтан мұндай қатынас «тігінен» тұрғызылады. Ал азаматтық құқық мүліктік қатынасты реттейді, сондықтан оларды «көлденен» тұрғызады. Осы салалардың әрқайсысы шаруашылық құқықты реттейді.
Кәсіпкерлік құқық пәніне құқықтық қатынастың екі тобын қарастырамыз: Біріншісі – кәсіпкерлік ұйымдастырушылық сала мен байланысты, бұнда азаматтардың кәсіпкерлік сала мен айналысу құқығы қарастырылған. Сонымен қатар, заңды тұлға болып тіркелу өз меншігінде РФ 23,51 бабында жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға болу, мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Екінші топқа – кәсіпкерлік саланың өзіне байланысты қатынас жатады. Кәсіпкерлердің негізгі мақсаты – тауарды сату арқылы, мүлікті пайдалану арқылы, қызмет көрсету арқылы көп пайда табу.Мұнда негізгі рөлді атқаратын кәсіпкерлік құқықты азаматтық құқықты реттеу. Кәсіпкер мен тауа...

р өндіруші арасындағы өзара қатынас нарықтық экономикада тауар – ақша қатынасымен реттеледі.
Азаматтық құқықтың бір бөлігін көпшілік – құқықтық әдісімен реттейді. Оған орай құнды қағаздар эмиссиясын реттеу құқығы орын алады, тауарларды сатып алу, жұмыс, қызмет көрсету, осының бәрі мемлекеттік келісім-шарт арқылы жасалады. Бүгінгі таңда құқық ғалымдарын таныстыру, кәсіпкерлік саланы реттеуде екі негізгі тұжырымдаманы қарастырады.
Манистикалық тұжырымдаманы ұстанушылар профессор Б.С. Мартемьянов, И.В.Дойников, академиг В.В. Ловтев-ң көз қарасынша, яғни кәсіпкерлік және шаруашылық құқық- өз бетінше құқықтық саланың бірыңғайлық пәні деген.Осы салалар өз күшіне мынадай норманы ығыстырады, яғни кәсіпкерлік қатынас коммерциялық емес қатынаспен және эконмиканы мемлекеттік реттеу қатынасын бір- бірімен тығыз байланыстырады.Заманға сай жағдайларда мемлекет пен нарық арасындағы байланысты кәсіпкерлік саланың әдісімен реттеу мүмкін емес.Профессор Е.А. Суханов кәсіпкерлік саланы реттеудің «Дуалистік тұжырымдамасын» шығарды. «Дуализм» сөзі, жеке құқықтық қатынас пен тауар өңдірушілер арасындағы азаматтық құқықты реттеу. Есептеу кезінде қолданбалы мақсаттарды белгілеу әрқашан рұқсат.
ХХ ғ басында атақты орыс өркениетшісі Р.Ф. Шерменевич “тауар құқығы” пәнінен сабақ бергенде, оны өзіндік сала құқығы деп санады, ол тауар құқығына мынандай жауап берді: ол жеке құқықтың нормасы,яғни коммерциялық айналымды реттеу, бірлікті кәсіпкерлердің қарым-қатынасын реттеу деп таңыды. Осыған байланысты ол көпшілік және жеке тауар құқығын бөліп қарастырды.
Көпшілік тауарлық құқық – ол мемлекеттік және тұлғалар арасындағы тауарлық қатынасты реттейді. Жеке кәсіпкерлердің, банктердің, қозғалыстардың құқықтық жағдайларын анықтайды.
Жеке тауарлық құқық – тауар мен жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттейді. Қазіргі кәсіпкерлік құқықты көпшілік тауарлық құқық ретінде қараймыз. Кең мағынада, сауда кәсіпкерлік саланың бір түрі болып анықталады. Егер біз шетел ғалымдарына құлақ салсақ, кәсіпкерлік құқыққа қызығушылық таңытатын кәсіптік экономикалық жатады. Бұндай кәсіпкерлік құқықтың кең мағынасы басқа құқықөтық саланың пәнін шектей қоймайды. Сондықтан кәсіпкерлік құқыққа басқада дәстүрлі салаларды да жатқызуға болады; олар: экологиялық, жергілікті және еңбек құқығы. Оларға санитарлық –эпидемиялық зерттеулер керек етілмейді. Кәсіпкерлік құқықтың пәні болып, қолданбалы мінез танылады, оны білім алу мақсатында пайдаланады. Олар бөлек бөлімшелерден тұрады. Олар: қаржылық құқық, бәсекелік құқық және т.б.
Кәсіпкерлік құқық кең мағынада әр түрлі құқықтық нормаларды қосады, ол бизнеспен тығыз байланысты. Бизнес, ол өз ішінде бір сала болып табылады. Ол бір компаниядан екінші компанияға әр сала түрін қарастырады.Оған көрсітілген қызмет қаржылық қорытынды шығару.
Кәсіпкерлік құқық ойдағыдай ғылыми – методологиялық жүйелер қолданылады. Азаматтық құқыққа қарағанда РФ – ғы кәсіпкерлік құқық бірыңғай, шоғырландырылған құқықтық акт болып танылады. Кәсіпкерлік құқықтың ғылыми тұжырымдамасы ақталуына қарай келеселерімен бөлінеді.
Нарықтық шаруашылық жүйесі.
Осы жүйені объективті түрде реттеу.
Кәсіпкерлік құқық ғылымын кіріспенің методологиялық және ғылыми – теориялық жүйесін анықтау арқылы жүзеге асырылады. Біздің көз қарасымыз бойынша кәсіпкерлік құқықты келесі себебтер бойынша бөліп қарастырамыз.
Құқықтық кодекс – бұл құқықтық салаларды реттеу, мысалы, совет одағындағы көптеген саюз республикалары әкімшілік кодексін иеленді.
Ресейлік құқық жүйесі - әр саланың бөлінуін білдіретін құрылым. Кәсіпкерлік құқық кәсіпкерлік саланың заңдарын қарастырады. Бұл заңдар біздің елде әртүрлі сұрақтарды қарастырады. Ол сұрақтар мәдениетпен, ғылыммен, экономикамен, кәсіптік саламен тығыз байланысты. Құқықтық сала, өзінің анық пәнімен реттеледі. Заңдық білім алу жүйесінде мынандай тәртіптер қарастырылады. Мысалы, қылмыстық іс қозғалысы, заңдық психология.Осыларды зерттеу үшін әр түрлі құқықтық салаларды қарастырады.Мысалы, көптеген ВУЗ –да осындай тәртіптерді көлік құқығы сақтандыру құқығы секілді ұғымдар мен байланыстырады.
Әдет – ескі заманнан келе жатқан құқықтың бір түрі. Әдетпен істің айналымын жүргізу кең мағынада кәсіптік саланың құқығын қолдануын көздейді. Осы әдеттерді қолдану арқылы нормативтік актілер жүргізіміз.
Қазіргі уақытта істі жүргізу кезінде әдетті қолдану соттың рұқсатымен жүзеге асырылады.

Соттың шешімімен осы пікір – сайысты қарастыру үшін көптеген себебтер бар:

Жоғарғы сот оргындарының қойған ұстанымдары.

Анық көрсетілмеген мінез – қылықтары;

Қандай да бір болған оқиғаларды сот шешімдерінің ұстанған актілерімен жүзеге асыру.
Кәсіпкерлік ұғымы 1-ші рет ғылыми айналымға ағылшын Ричард Каньтелон енгізді(1680-1734).Ғалым кәсіпкерлікті ерекше экономикалық функция ретінде қарастырды.Француз эко-ті Жан-Батисг Сейн(1767-1832) айтуынша кәсіпкерлер пайда табу мақсатында өзіндік есебімен риск үшін қызмет атқарды деп түсіндірді.Бұның негізінде әрбір кәсіпкер өз білімі мен тәжіребиесіне жүгінуі тиіс болды.

Тақырып: Кәсіпкерлік құқықтың субъектілері.

1. Азаматтар кәсіпкерлік құқықтық субъектілер ретінде.

2. Заңды тұлғалар кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде.

3. Заңды тұлғалардың қайта құрылуы және таратылуы.

4. ҚР мемлекеті және жергілікті өзін- өзі басқару органдары кәсіпкерлік құқықтың субъктілері ретінде.

Кез келген азамат, тіптен кәмелетке толмаған, тіптен әрекет қабілеттілігі жоқ адам меншік құқығы субъектісі бола алады. Ұлттық құқықтық режим, заңнамада көзделген шектеулермен, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға тарайды. Бұл ортақ принцип. Бірақ, меншіктің пайда болу көзі өзінің кәсіпкерлік қызметі болған жағдайларда бірқатар қосымша талаптар туындайды. Бірінші кезекте олар азаматты кәсіпкер ретінде тіркеу қажеттігімен байланысты.

Кез келген адам кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын меншік иесі бола алады. Бұл шарт орынды, егер оның меншігі сыйға тарту нәтижесінде пайда болса. Басқа мәмілеге қатысу үшін азаматтық әрекет қабілеттілік болуы керек. Меншікті өзінің жалданбалы еңбегін сату нәтижесінде иемденген жағдайда қызметкерге қойылатын талап еңбек заңнамасында анықталады. Кейбір мәмілелер, мысалы жылжымайтын мүлікпен мәміле, тіркелуге тиіс. Бұл оның заңды болуының міндетті шарты. Басқа жағдайларда мүлік арнаулы тіркеуге алынады. Бұл автомобиль, катер, т.б. көлік құралдарын иемденгенде болады. Бұл тіркеудің азаматты кәсіпкер ретінде тіркеумен ешқандай қатысы жоқ.

Азаматты жеке дара кәсіпкер ретінде тіркеу жеке дара кәсіпкер туралы Заңда белгіленген. Тіркелуге өзі бару керек және жеке дара кәсіпкер ретінде есепке алу азаматтың тұрғылықты жеріндегі аумақтық салық органында жүзеге асырылады. Жоғарыда аталмаған жеке дара кәсіпкерлер жеке дара кәсіпкер ретінде өз қалауы бойынша тіркелуге құқылы. Сол себепті, оларда мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болмауы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі бола алмайды.

Жеке дара кәсіпкерліктің түрлеріне жеке кәсіпкерлік және бірлескен кәсіпкерлік жатады. Жеке кәсіпкерлікті бір азамат өзіне меншік құқығы бойынша тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін басқа құқық арқылы дербес жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлікті азаматтар тобы (жеке дара кәсіпкерлер) өздеріне ортақ меншік құқығында тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және оған бірлесіп билік етуге жол беретін басқа құқық арқылы жүзеге асырады.

Өз кезегінде бірлескен кәсіпкерлік ортақ бірлескен меншік (ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі, шаруа (фермер) қожалығының ортақ меншігі, жекешеленген тұрғын жайға ортақ меншік) немесе ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Мемлекет меншік құқығының ерекше субъектісі болып табылады. Бұл оның жоғарғы абстрактілігімен және формальділігімен анықталады. Көптеген әртүрлі сипаттағы функцияларды жүзеге асырудың қажеттігі және бірдей бағынышты мемлекеттік органдардың тармақталған жүйесі мемлекеттік меншік құқығын іске асыратын субъектілердің көп болуын алдын ала анықтады. Сондықтан оларды екі деңгейге бөлген дұрыс: кімді білдіреді, соның деңгейі және кім білдіреді, соның деңгейі. Қазақстан Республикасының заңнамасының заңнамасы өз атынан әрекет ететіндей құқығы бар мемлекеттік меншіктің екі субъектісін қарастырады: бүтіндей Қазақстан Республикасы және әкімшілік - аумақтық бөліністер. Яғни, азаматтық айналымда бұл субъектілер мемлекеттік меншік құқығын көтеретіндер болып саналады. Атқарылатын міндетке қарай мемлекет аталған субъектілердің біреуінің атынан меншік иесінің құқық өкілеттігін жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы және әкімшілік – аумақтық бөлініс заңды тұлғалар емес. Бірақ, мемлекетке және әкімшілік - аумақтық бөліністерге заңды тұлғалардың азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға қатысуын анықтайтын нормалар, егер заң құжаттарынан өзгеше норма туындамайтын болса, қолданылады. (АК – ның 114 — бабы). Қазақстан Республикасы және әкімшілік - аумақтық бөлініс азаматтық құқық субъектілері ретінде АК-ның және басқа азаматтық заң құжаттарының заңды тұлғалардың азаматтық айналымға қатысуын анықтайтын нормаларының шеңберінде әрекет етеді. Бұлар, бәрінен бұрын, шарт жасасу тәртібі, келтірген зиян үшін жауаптылық, меншік құқығы жайындағы АК-ның жалпы сипаттағы баптары. Бұл жалпы ережеге жатпайтындар да бар. Біріншіден, Қазақстан Республикасының және әкімшілік-аумақтық бөліністердің мәртебелерінің ерекшеліктерін және құқық өкілеттіктерінің ауқымын ескеру қажет. Мысалы, мемлекетке және әкімшілік-аумақтық бөлініске заңды тұлғаларды тіркеу туралы нормалар таралмайды. Бұл субъектілер қандайда бір есепке тіркелусіз, Конституциямен конституциялық заңдар негізінде әрекет етеді. Екіншіден, АК – ның өзіндегі бірқатар баптар Қазақстан Республикасы қатысатын құқықтық қатынастарға жатады немесе оған қандай да бір азаматтық – құқықтық міндеттемелер жүктейді (АК-ның 9-бабының 5-т, 104-бабының 6-т, 266-бабы).

Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс, ерекше субъектілер ретінде, азаматтық құқық қатынастары субъектісінің барлық құқытарына ие және құқықсубъектілікте тек күшіндегі заңдармен ғана шектеледі. Заңнамада анықталған жағдайларда, әкімшілік – аумақтық бөлініс азаматтық құқық қатынастарында мемлекет мүддесін білдіре алады. Қазақстан Республикасының смемлекеттік өкімет билігі мен басқару органдары өздерінің осы органдардың мәртебесін айқындайтын заң актілерінде, ережелерде және өзге де құжаттарда белгіленген құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының атынан өз әрекеттері арқылы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттер алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкілдік ете алады(АК-ның 111-бабының 2-тармағы).

Үкімет бұл контексте алғы шепте тұр. Оның құқықтық мәртебесі 18.12.1995 жылғы №2688 “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы”Конституциялық заңда белгіленген. Осы Заңның 9 – бабының 8-тармақшасына сәйкес Үкімет “ммелекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөнінде шаралар қарастырып оларды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік меншік құқығының қорғалуын қамтамассыз етеді”. Яғни Үкімет мемлекеттік меншік субъектісі ретінде мемлекет атынан өкілдік ала алады. Сонымен қатар ол мемлекеттік мүлікті иемденуге, пайдалануға және оған билік етуге қатысты кез келген әрекетті жасай алады, мәмілелер жасайды, мемлекеттік мүлікті бөліп таратады және қайта бөледі.

Үкімет жүйесінде Қаржы министрлігінің орны ерекше. Мемлекеттік меншік субъектісінің көптеген функцияларын:Үкімет Қаржы министрлігіне берген. Мысалы, республикалық қазынаның қаражаты ҚР Қаржы министрлігінің қарамағында болады, ол оған мемлекет атынан билік жасайды. Бұл функцияларды тікелей Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті орындайды. Ол Үкіметтің 1999 жылғы 24 мамырдағы N626 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы Ережесінің негізінде әрекет етеді. Қазынашылық комитет республикалық бюджетті орындау және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен қаражаттарға есептік – кассалық қызмет көрсету, мемлекеттік бюджет – қаражат пен мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен қаражаттың мақсатты пайдалануына қаржылық бақылау жөніндегі арнайы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Меншік иесінің құқық өкілеттігін жүзеге асыратын орталық атқару органдары жүйесіндегі маңызды орынды мемлекеттік мүлікті басқару және оны жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік орган алады, оның аты да, ведомстволық бағыныштылығы да ауық – ауық өзгеріп тұрады.Меншік иесі функциясын өзге де орталық атқарушы билік органдары орындайды. Мысалы, республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік меншік иесі субъектісінің функциялары министрліктерге, мемлекеттік комитеттерге, ведомстволарға және министрліктердің кейбір департаменттеріне және Үкімет өкілеттік берген өзге органдарға жүктелген.

Заңнамада көзделген реттер мен тәртіпте Қазақстан Республикасының арнайы тапсырмасымен оның атынан өзге де мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар өкілдік ете алады (АК – ның 111 – бабының 2 — тармағы). Мысалы, мемлекет қатысқан акционерлік қоғамға мемлекет атынан акционер – мемлекет функциясын орындауға уәкілеттік берілген тұлға тағайындалады,

Жергілікті өкілдік және атқарушы органдар заң құжаттарында, ережелерде немесе сол органдардың мәртебесін анықтайтын өзге құжаттарда белгіленген өз құзіреті шегінде әкімшілік- аумақтық бөлініс атынан әрекет етіп мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттер иемдене алады, сотта оның мүддесін қорғай алады. Заңнамада көздеглген ретте және тәртәпте, арнаулы тапсырма бойынша жергілікті мемлекеттік орргандар, заңды тұлғалар (мемлекеттік еместерді қоса) мен азаматтар да әкімшілік – аумақтық бөліністің мүддесін білдіре алады. Мысалы, әкімшілік – аумақьық бөлініс қатысқан акционерлік қоғамға әкімшілік – аумақтық бөлініс атынан акционер — әкімшілік – аумақтық бөліністің мүддесін қорғауға құқық берілген тұлға тағайындалады. Заңнама тікелей сондай құқық берген мемелекеттік органдармен заңды тұлғалар ғана әкімшілік – аумақтық бөлініс атынан азаматтық құқық қатынастарына кіре алады. Азаматтық айналымда әкімшілік – аумақтық бөлініс атынан әрекет жасай алатын билік және басқару органдарына, бірінші кезекте, маслихаттар, әкімат, атқарушы биліктің аумақтық органдары (облыстық әділет басқармасы, облыстық қаржы басқармасы, мемлекеттік мүлікті басқары жөніндегі аумақтық комитет) жатады.

Тақырып: Мемлекеттік меншікті жекешелендіру

1. Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу ұғымдары.

2. Жекешелендіруді жүзеге асыратын органдар жүйесі.

3. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.

4. Жекешелендірудің мақсаты мен кезеңдері.

Тақырып: Кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың объектілері.

1. Азаматтар кәсіпкерлік құқықтық қатынастар ұғымы және түрлері.

2. Меншік шаруашылық негізі ретінде.

3. Ақша және ақшалай міндеттеме.

4. Бағалы қағаздар ұғымы, оның түрлері.

Заңгерлер меншікті ие болу, пайдалану және заттардың, объектінің белгілі бір жиынтығын билеу тұрғысынан қарастырады. Заң түсінігі меншік құқығын объективті және субъективті мәнде қарастырады. Сонымен бірге заң актілері арқылы түрлі меншік субъектілеріне тиісті, иеболуға, пайдалануға және мүлікті билеуге байланысты адамдар арасындағы қатнастарды реттейтін құқықтық нысандар белгіленеді.

Субъекті –объекті

Меншік экономикалық мағынадағы техникалық, технологиялық ғылыми және зияткерлік әлеуеттің, шығарылған материалдық және рухани игіліктердің өндірістік қатнастарын көрсетеді. Бұл қатнастар шаруашылық, табыстарды бөлу нысандарында, адамдардың экономикалық және әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыру дәрежесі мен сипаттарында қалыптасады. Экономикалық қатнастардың қатысушылары бір-біріннің тең ерекшеленген меншік иелерін мойындайды.

Материалдық игіліктер кімге тиісті немесе табиғат өнімдерін кім иемденуде?

Иемдену қоғамдық өндірістің мәнін білдіреді. Иеліктен айыру – сол немесе басқа экономикалық ресурсты, қоғамдық қатынастардағы субъектінің өзінің өмірлік қызметінің игіліктерін иемдену үрдісі және мүмкіндігі.

Меншік – бұл игіліктерді иеліктен айыру – иемденудің белгілі бір нысанын көрсететін, адамдар арасындағы қатнастар, қоғамдық қатнастардың барлық жүйесінің негізгі. Бөлу, айырбастау және тұтыну нысаны меншік нысанының сипатына (қоғамдық немесе жеке) байланысты.

Қоғамдағы топтар мен әр түрлі таптардың жағдайы және олардың өндірістің барлық факторларын пайдалануға қолы жету мүмкіндігі меншікке тәуелді.

Меншік – тарихи дамудың нәтижесі. Ол әлеуметтік-экономикалық жүйенің және оған тән өндіріс тәсілінің өзгеруіне орай нысанын өзгертеде.

Мемлекеттік меншік құқығының объектілері

Мемлекет өз меншігіне кез келген объектіні ала алады. Мемлекеттік меншік объектілері республикалық немесе коммуналдық меншікке кіреді. Республикалық мемлекеттік меншік субъектісі Қазақстан Республикасы болып табылады. Ал, коммуналдық мемлекеттік меншік субъектісі — әкімшілік-аумақтық бөлініс. Мемлекеттік меншікті республикалық және коммуналдық деп бөлуді Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады. Тиісінше, мемлекеттік мүлікті меншіктің бір түрінен екінші түріне аудару мәселесін Үкімет немесе ол өкілеттік берген орган шешеді.

АК-ның 192-бабының 2-тармағына сәйкес қазынаға алтын-валюта қоры мен алмаз қоры кірді. 1995 жылғы 30 наурыздағы №2155 «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкы туралы» Заң (ары қарай – Ұлттық Банк туралы Заң) бұл қорды «алтын-валюта активтері» деп атайды (10,15,41, 56, 58 және 60-баптар). Қазақстан Ұлттық Банкының алтын-валют қоры қазақстан теңгесінің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жасалады және пайдаланылады, ол: тазартылған алтыннан; Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегі Қазақстан Ұлттық Банкы есебіндегі банкнот түріндегі шетел валюталарынан, мәнеттерден және қаражат қалдықтарынан; шет елдердің үкіметтері немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және кепілдік берген бағалы қағаздардан; өтімпаздығы және сақталуы қамтамасыз етілген, шетел валютасында ірілендірілген басқа сыртқы активтерден тұрады.

Ұлттық Банк алтын-валюта активтерінің құрылымы мен оларды орналастыру төртібін анықтайды. Алтын-валюта активтерін Қазақстан Республикасы резиденттері мен резидент еместерінің несие (қарыз) беру және кепілдіктер беру немесе басқа міндеттемелер формасыңда пайдалануына, Ұлттық Банк туралы Заңда көзделген жағдайлардан басқа реттерде, жол берілмейді. Алтын-валют активтерінің құрылымын ұлғайтуды және өзгертуді Ұлттық Банк жүргізеді (Ұлттық Банк туралы Заңның 58-бабы).

Қазақстан Республикасының коммуналдық меншігі жергілікті қазынадан және заң актілеріне сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп берілген мүліктен тұрады. Жергілікті бюджеттің қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлікжергілікті қазынаны құрайды (АК-ның 192-бабының 3-тармағы).

Мемлекет қатысқан мәміленің объектісі – қазына мүлкі, тек ғана мемлекет меншігінде болатын объектілер және оның мүліктік құқықтармен байланысты мүліктік емес құқықтары, сондай-ақ жекешелендіру туралы заңнамада көзделген арнаулы объектілер бола алады. Жекешелендіру кезінде мемлекет өзі немесе құқық берілген мемлекеттік орган арқылы кәсіпорынды түгелдей, акциялардың мемлекеттік пакетін немесе таратылған кәсіпорын мүлкін сатушы болады.

Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігінде тауарлық ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу, ағаш отырғызу үшін берілген (берілетін) жерлер, сондай-ақ құрылыс салу үшін берілген (берілетін) немесе өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлер, олардың кешендері тұрғызылып қойған жерлер, ғимараттарға (құрылыстарға) қызмет көрсету үшін қажетті жерлер болуы мүмкін.

Мынадай жер учаскелерінің жеке меншікте болуы мүмкін емес (олар тек мемлекет меншігінде болады):

1) қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік, қорғаныс өнеркәсібі үшін қажетті; Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау үшін инженерлік-техникалық құрылыстар, коммуникациялар тұрғызылған; кеден орналасқан;

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;

3) орман және су қорлары;

4) магистралдық темір жол тараптары мен ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары орналасқан;

5) елді мекендердегі ортақ пайдаланылатын аумақтар (Жер кодексінің 26-бабының 2-тармағы).

Акция өз кезегінде, оның иесіне тиісті акция сомасына сәйкес салынған капиталына белгілі бір дивидент алуға құқық береді. Акцияны иеленуші акционер деп аталады. Оның тұрақты табыс әкелетін бағалы қағаз иесінен айыр-машылығы, ол акцияны сатып алу барысында қоғам капита-лына қатынасады, ал өнеркәсіптік облигацияны сатып алу-шысы болса, онда белгілі бір тұрақты пайыз төлеуге келісім-шарт жасайтын кредитор болып табылады. Акционер АҚ-ның несие берушісі болып саналмайды және сондықтан да ол қоғамнан өз акциясына тұрақты дивидент төлеуді және акция бағамы түскен жағдайда оны сатып алуды талап етуге құқысы болмайды. Акционерлердің жылдық табысының (дивиденттері) шамасы баланста көрсетілетін пайдаға тәуелді. Акционерлердің жалпы жиналысында бұл пайданы пайдалану, сондай-ақ дивидент нысанында пайданың үлесін анықтау және төлеу сұрақтары шешіледі.
Егер акционерлік қоғам тиімді жұмыс істеп отырса, онда акционерлерлік капиталды ұлғайту үшін мүмкіндік жасалады. Бірақ акция иелері акционерлер санын ұлғайтуға ұмтылмайды, себебі әр акционердің жаңадан шығарылатын акцияларды сатып алуға құқықтары бар. Кез келген акционер өзінде бар «ескі» акциялар шамасына тең мөлшерде жаңа акциялар сатып ала алады.
Бағалы қағаздар нарығында, бірінші кезекте қор бир-жасында бір кәсіпорынның акциялары бір уақыт ішінде компанияның нақты қорларында ешқандай да өзгеріссіз қалуына қарамай-ақ әр түрлі бағаға (бағамға) ие болуы мүмкін. АҚ пайдасы келесідей түрде бөлінеді: оның бір бөлігі акционерлер арасында бөлінеді, екіншісі – акционерлік компанияның резервіне бағытталып және оның капиталын ұлғайту үшін немесе өндіріс құлдырауға не дағадарысқа ұшыраған кезде дивидент төлеуге қызмет етеді.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 6093 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.02 с)...