Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Анықтыру режимін таңдау және тағайындау. Қанықтырудан кейінгі термиялық өңдеу



Белгілі бір құралды жасау үшін болатты тандау біріншіден осы құралдың жұмыс істеу түріне, оған түсірілетін қысымға,құрал өлшемдеріне және т.б. шарттарына байланысты анықталады.

Болатты тандау төменде келтірілген қажеттіліктен туындайды.

1.Эксплуатациялық қажеттілік. Болат машина жұмысының шарттарын қанағаттандыру керек және конструктивтік беріктікті қамтамасыз етуі тиіс. Бұл шарттардың барлығы алғашында берілген есептеулер арқылы анықталады. Бірақ есептеулер дұрыс шықса да олар арқылы құралдың дұрыс жұмыс жасайтындығына толығымен сенуге болмайды. Құралдар арнайы стендтерде сыналуы немесе эксплуатациялық тәжірибеден өтуі керек. Құралдың шыдамдылығы туралы ақпарат алғаннан кейін оның беріктігі мен басқа да параметрлерін орнатуға болады.

2. Технологиялық қажеттілік. Болат – құрал жасағанда аз еңбек сіңіруді қамтамасыз етуі тиіс. Көпшілік жағдайда болат кесілуге, қысымға және температураға жақсы өңделуі керек.

3.Экономикалық қажеттілік. Материал оған жұмсалған барлық шығындарды(болаттың құны, құрал дайындау құны, эксплуатациялық төзімділігі) есептегенде арзан бағаға шығуы керек. Біріншіден көміртекті немесе төменгі легірленген болатты тандау керек. Бұл болаттардың құны 1 тоннаға 100-200р.

Цементтендіруден кейінгі термиялық өңдеу. Цементтендірудің нәтижесінде кескін жерінде көміртек тиімді үйлестіріледі. Цементтендірілген бұйымның құрамын келесі термиялық өңдеуден кейін толығымен түзіледі.Барлық бұйымдар төмен жұмсартумен шынықтыруға ұшырайды. Шынықтырылғаннан кейін цементтерілген бұйым жоғары қаттылыққа, тозуға төзімді болады, және контакты шыдамдылықтың шегі өседі және тұтқырлығын сақтап иілу кезіндегі шегі жоғарлайды.Термиялық өңдеудің комплексі материалдың және бұйымның қолдануынан тәуелді болады.Әртүрлі термиялық өңдеудің комплексті графиктері 15.2-суретте келтірілген.

Егер болат үсақ дәнді немесе бұйым жауапсыз қолданылатын болса, бір ретте шынықтыру 820-8500 С t арасында жүргізіледі.

Сонымен қатар,цементтендірілген қабатта жоғары көміртекті мартенсит алынады және де бөлшектеп қайта кристалдандыруын және дәннің өзегінің ұсақталуын қамтамасыз етеді.

Газбен цементтендірілген кезде мына процесс біткенде осы температураға дейін суытады, кейін шынықтыру жүргізіледі.

Цементтендірілген бұйымдардың жоғары механикалық қасиеттеріне жеткізу үшін 2-рет шынықтыру қолданады:

-Бірінші шынықтыру 880-9000 С температура аралығында құрылым өзегін түзеу үшін жүргізіледі.

-Екінші рет шынықтыру 760-7800 С температура аралығында беткі қабатта ұсақ ине тәрізді мартенситті алу үшін жүргізіледі.

Термиялық өндеудің соңғы операциясы ретінде 150-1800C аралығында жүргізілетін төменгі жұмсарту болып саналады.

Жұмсарту соңында беткі қабатта жасытылған мартенситті құрылым алынады және аз ғана мөлшерде кернеуді азайтады.Цементтендіруге ұшырайтындар:тісті дөңгелектер, поршеньді сақиналар, червяктар, осьтер, роликтер.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 548 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...