Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Салыстырмалы диагностикасы. · Транзиторлы (әдетте 4-аптадан аспайды) гипопаратиреоз қалқанша



· Транзиторлы (әдетте 4-аптадан аспайды) гипопаратиреоз қалқанша

безге жасалған операциядан кейін ҚМБ қанайналымының қайтымды бұзылысы нәтижесінде дамиды. Егер операциядан кейін гипокальциемия мен паратгормонның төмен деңгейі 12 аптадан аса созылса, операциядан кейінгі тұрақты гипопаратиреоздың дамуы жөнінде ой түюге болады. Осы кезде науқасқа кальций дәрілері, қажет болғанда D дәруменімен ұштастырып тағайындауға болады.

· Тырысулық ұстамалармен өтетін басқа сырқаттар: эпилепсия,

истерия, гипервентиляциялы синдром, спазмофилия, гипогликемия және т.б.

· Гипокальциемиямен өтетін басқа да сырқаттар: ауыр соматикалық

патология, жедел панкреатит, D дәруменінің ауыр тапшылығы, бүйрек жеткіліксіздігі, бірқатар дәрілерді қабылдау (цисплатин, кальцитонин, фосфаттар), бірнеше рет гемотрансфузия жасау (кальцийдің артық цитраттармен байланысуы).

Емі

1. Гипокальциемиялық криз. 20 мл 10 % кальций глюконат ерітіндісін

100–200 мл физиологиялық ерітіндіге немесе 5% глюкоза ерітіндісіне араластырып көктамырға 10 минут бойы құямыз. Симптоматика сақталып немесе қайталанса кальций глюконаты ерітіндісін қайта енгіземіз.

2. Сүйемелдеуші терапия: тәулігіне 1,0–1,5 г мөлшерде қарапайым

кальцийді тағайындау (кальций карбонат түрінде). Науқастардың басым көпшілігінде кальций дәрілерімен монотерапия ГПТ компенсациясына әкелмейді (қандағы қалыпты кальций деңгейін ұстап тұрмайды). Осыған орай D дәрумендері қоса тағайындалады: дигидротахистерол (0,5–2 мг тәулігіне; 12–40 тамшы), холекальциферол (25000–75000 БР); 1.-OH-D3 (2–4 мкг тәулігіне), 1,25(ОН)2D3 (1–3 мкг тәулігіне).





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 383 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...