Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Салыстырмалы диагностикасы. Басқа да жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, симптоматикалық артериялық гипертензия



Басқа да жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, симптоматикалық артериялық гипертензия, екіншілік дислипидемиялармен жүргізу.

Емі

· Артериялық қан қысымын бақылау. ҚД кезінде систолалық ҚҚ 130 ммHg, ал диастолалық ҚҚ 80 ммHg (кесте 7.3) болуы тиіс. Бұған қол жеткізу мақсатында науқастардың көбіне бірнеше гипотензивті дәрілерді тағайындайды. ҚД кезінде гипотензивті терапияның таңдау дәрілері ААФ ингибиторлары және ангиотензин рецепторларының блокаторлары болып табылады, сонымен қатар қажет болғанда тиазидті диуретиктер тағайындалады. ҚД сырқаттанған, миокард инфарктін басынан өткізген науқастарға таңдау дәрісі β-адреноблокаторлар болып табылады.

· Дислипидемия коррекциясы. Липидті спектр көрсеткіштері 7.3 кестеде көрсетілген. Гиполипидемиялық терапияның таңдау дәрілеріне 3-гидрокси-3-метилглутарил-КоА-редуктаза ингибиторлары (статиндер) жатады.

· Антиагрегантты терапия. Аспиринмен терапия (75–100 мг/сут) 40 жастан асқан ҚД-мен сырқаттанған науқастарға жүрек-қантамыр жүйесі патологиясының даму қаупі жоғары болғанда (асқынған отбасылық анамнез, артериялық гипертензия, темекі тарту, дислипидемия, микроальбуминурия), атеросклероздың клиникалық көрінісі анықталған барлық науқастарға екіншілік профилактика мақсатында тағайындалады.

· ЖИА скринингтеу және емдеу. ЖИА-ны анықтауға арналған жүктемелік тесттер жүрек-қантамыр жүйесі аурулары симптомдары көрініс берген, ЭКГ-де патология анықталған науқастарға тағайындалады.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 308 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...