Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Болжамы. Инсулиндік терапияны қабылдамаған ҚД-1-мен сырқаттанған науқас кетоацидоздық комадан қайтыс болады



Инсулиндік терапияны қабылдамаған ҚД-1-мен сырқаттанған науқас кетоацидоздық комадан қайтыс болады. Адекватты емес инсулиндік терапия нәтижесінде, ҚД компенсациясы критерийлеріне қол жетпесе, науқас үнемі созылмалы гипергликемия жағдайында жүріп (7.3 кесте), диабеттің кеш асқынулары дамып, үдей бастайды (7.8 бөлім). ҚД-1 кезінде диабеттік микроангиопатиямен (нефропатия, ретинопатия) және нейропатия (диабеттік табан синдромы) аса клиникалық маңыздылыққа ие. Макроангиопатия ҚД-1 барысында маңыздылығы бойынша бірінші орынға сирек жағдайларда ғана шығады.

7.6. ҚАНТТЫ ДИАБЕТТІҢ 2 ТИПІ

Қантты диабеттің 2 типі — инсулинрезистенттілік және β-жасушалардың секреторлы дисфункциясы әсерінен гипергликемияның дамуымен, липидті алмасудың бұзылуы нәтижесінде атеросклероздың дамуымен сипатталатын көмірсу алмасуының бұзылуымен көрінетін созылмалы ауру. Науқастардың өлімі мен мүгедектігіне әкелетін басты себептердің бірі жүйелік атеросклероздың асқынулары болып табылады. Кейде ҚД-2-ні жүрек-қантамыр жүйесінің ауруы деп те атайды.

7.8 кесте. Қантты диабеттің 2 типі





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 333 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...